Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 18 Маусым 2020

Бүгінде мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында азаматтардың Egov.kz порталы арқылы онлайн режимінде ХҚКО-ға бармай-ақ Шелек ауылдық округінің әкімшілігінде, округке қарасты орта мектептерде, балабақшаларда орналасқан электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар. ХҚКО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді. Ол үшін:

  1. Egov.kz электронды порталына кіріп, оң жақ бұрышта орналасқан «ХҚКО-ға» кезекті брондау» тетігін басыңыз;

- өзіңізге ыңғайлы жақын орналасқан ХҚКО бөлімін таңдаңыз; ЖСН нөмірін енгізіңіз;

- «келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;

- кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келеді.

  1. Ал, телеграм-бот қызметін пайдалану үшін міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу керек;

- ұялы телефоныңыздағы телеграм қосымшасынан egovkzbot 2.0-ды тауып, ондағы «старт» тетігін басасыз;

- мәзір арқылы телефон нөмірін жіберіп, қызметтер тізімінен «ХҚКО-ға электронды кезекті брондау» тетігін таңдау керек;

- халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Ескертпе: кезекке тапсырыс берген азаматтар белгіленген уақыт аралығында келуі керек. Себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек.

Тоқтар БЕКТҰРСЫН,

Шелек ауылдық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы

Published in Санаты жоқ

Үкімет Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирусқа байланысты демалыста жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 20-21 маусым күндері, яғни осы снбі-жексенбі қосымша шектеу шараларын енгізеді. 

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төмендегідей шешім шығарды:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;

- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметтік қашықты сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі;

- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.

2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

3) өңірлердің бас санитардәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде мәселені шешуді тапсырды:

- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;

- ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;

- жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл және шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- үйде отырған пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;

- халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Published in Санаты жоқ
Бейсенбі, 18 Маусым 2020 14:49

Елбасы оқшауланды

"Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты Елбасы оқшауланды.

Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра береді" деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ресми сайты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тілеп, өзінің twitter парақшасында төмендегідей жазба қалдырды.

«Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін».

Published in Санаты жоқ
Бейсенбі, 18 Маусым 2020 10:22

Адам қалай жаратылды?

 Дін мен ғылым айқасы

 «Алдымен өзіңді өзің таны» дейді атақты Сократ дана. Рим саясаткері және әйгілі шешені Цицеронның «Сократ тұңғыш рет филсофияны аспаннан жерге түсірді» деп баға беретіні де осы сөзі үшін екені даусыз. Иә, адам Тәңірдің ерекше жаратылысы. Адамзат өзінің кемел ақыл-парасатымен барлық әлемді меңгерсе де, өзінің адам ретіндегі сыры мен құпияларына тереңдей алған жоқ. Демек, адамтану ғылымы ешқашан аяқталмайды деген сөз. Десе де адам өзін-өзі тануға барынша әрекеттеніп, ол талпынысынан бір сәт бас тартқан емес. Өйткені, Абайша айтқанда, адам баласы әрқашан «білсем екен демекілікпен» өмір сүріп келеді. Әрі соның жолында «не көрсе соған талпынумен» тіршілік кешуде. Бұл да адам баласына тән хикмет.

Адам өзінің өткенінен сабақ алып, болашағын жоспарлай алуымен ғана адам болып тұрған жоқ па?! Тіршілік иелері ішінде адам ғана өзінің бастауын танып, болмысын білуге құштарлық таныта алады. Сол себепті адам өзінің қашан, қалай әрі неден жаралғанын білгісі келеді. Бірақ бұл жағынан әртүрлі жорамал айтылып, пікір алуандығы туатыны заңды. Сондықтан адам баласының жаратылысы туралы толғанып, соны зерттеуге өмірін сарп еткен ғұламалардың қатары көп. Бүгінде адамның жаратылуы туралы пікірлер мен көзқарастар баршылық. Барлық жорамалдар мен зерттеулерді саралай келе нақты үш түрлі болжамның аясына топтастыруға болады.

 

Адамды Құдай жаратты ма?

Ең әуелгі көзқарас – жоқтан бар қыла­тын Құдайдың құдіреті арқасында пайда болдық әрі еш өзгерместен осы қалпымызда жаратылдық деп санайтын Жаратушылық теориясы. Ғылыми тілде креационизм деп аталады. Бұл көзқарас өте ескіден келе жатқанымен, ғылым мен білімі дамыған қазіргі заманда да өз өзектілігін жойған жоқ. Ғасырлар бойы адамның жүрегінде орнығып, сеніміне айналған бұл көзқарасты мансұқ ету қиынның қиыны. Әрине, адамды Жаратқанның қалай жасағаны турасында да бірізді пікір жоқ. Оның басты себебі адамдардың діни сенімдерінің әртүрлі болуында жатыр. Тіптен өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстыратын халықтар да бар. Мәселен, қытайлар айдаһарды өздерінің арғы ата-бабалары деп есептесе, Африкада өмір сүретін тайпалардың бірі түпкі тегін пілден таратады. Біздің бабаларымыз түркілерде де өзінің шығу тегін қасқырмен байланыстыратын аңыз болған. Бір айырмашылығы тікелей жануардан емес, адам мен қасқырдың некесі арқылы өмірге келген баладан тарағандарына сенген. Қазіргі біздер үшін бұл сенімдердің күлкілі болып көрінетіні рас. Бірақ бұл сол кездегі адамдар үшін талассыз ақиқат болып есептелген. Кейін келе адамдар арасында жаңа әрі жүйеленген діндердің пайда болуына байланысты өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстыратын тотемдік сенімдер ығысып, оның орнын біршама жүйелі әрі күрделенген жаңа сенімдер алмастырды. Енді адамдарды Құдайдың қалай жаратқаны турасында киелі кітаптарға сілтеме жасай отырып дәлелдеуге мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де жер бетіндегі діндердің қатары аз емес. Әрбір дін адамның жаратылуын өзінше пайымдап, дінге сенушілерге өз тәсілдері арқылы түсіндіреді. Біз де олардың бәріне тоқталып жатпай, өзіміздің сенімімізге айналған ибраһимдік діндердің пайымдары бойынша талдау жасағанды жөн көрдік.

Ислам, христиан, иудей діндерінің барлығы дерлік адамзаттың топырақтан жаратылғанын бірауыздан қолдайды. Бұл турасында тәураттың «Жаратылыстың басталуы» атты бірінші тарауында: «Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», – деді.

Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты. Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» – деді», – десе, қасиетті құранның «Мүминун» сүресінің 12-14 аяттарында: «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға – (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдыр­дық, ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық», – деп адамның пайда болуын жан-жақты түсіндіріп береді.

Ал діни аңыз бойынша Құдай жер бе­тінде өзінен кейінгі қожасы ретінде тағы бір тіршілік иесін жаратпақшы болады. Осылайша ол тіршілік иесін жасайтын затты іздей бастайды. Өздерінен жаңа тіршілік иесі әрі жай тіршілік иесі емес, Құдайдан кейінгі әлем қожасының жасалуын көздеген алтын, күміс, лағыл секілді асыл тастар мен басқа да жақсы қасиеттерге ие үміткерлер өздерінің керемет жерлерін айтып таласқа түседі. Тек топырақ қана мендей сұрықсыз, аяққа тапталып жататын нәрсені көзге іле қоймас деп таласқа түспей, сабырлылық таны­тады. Топырақтың осын­дай кішіпейілдігіне риза бол­ған Жаратушы Ие Адам Атаны басқадан емес, то­пы­рақтан жасапты деседі. Кейін­нен Адамның жалғыз­сыра­мауы үшін оған серік ретінде ұйықтап жатқанда қабырғасынан Хауа Ананы жаратыпты. Осылайша олардан жер бетіндегі барша халықтар тараған екен дейді.

Әрине, діни көзқарас идеалистік жолмен түсінді­рілетіндіктен, ғылыми-мате­р­иалистік жолмен пайым­дауға қиын тиетіні рас. Кейде түсініксіз тұйыққа қамалып, дәлелсіз догмаға тіреліп те жата­ды. Оның соңы күмән мен күдік­ке жетелейтіні даусыз. Бірақ дін өз ұстанымдарына күмәндануға жол бермейді. Ал аналитикалық ойлайтын, қарсы шығатын пенделерді Құдайдан безген күнәһар ретінде жазалайтыны тағы шындық. Тарихтағы Бруноның отқа жағылып, Галилейдің сотқа тартылуына да, Ұлықбектің атақты обсерваториясының шаңырағы ортасына түсіп, өзінің түбіне жеткенде осы діни догматиктердің таяз түсінігі себеп болғанын жақсы білеміз.

Дегенмен дінді ғылыммен қабыспай­тын логикадан жұрдай әлем ретінде қабыл­дасаңыз, үлкен қателікке ұрынасыз. Дін ғұламаларының тастай логикасының алдында кейде ғылымның өзі тізе бүгіп жатады. Олар әлемді, оның ішінде адамның бір жаратушының құдіретімен жаратылғанын жоққа шығару, табиғаттың заңдылығын жоққа шығарумен бірдей екенін алға тартады. Мәселен сия өз-өзінен қағаз бетіне ша­шылып, одан керемет бір роман пайда болды дегенге сенбейтініңіз рас. Демек алғашқы адамды да бір күш жаратқан. Ол күш – құдіретті Құдай ғана. Ал топырақтан жаратылғанын дәлелдеуде дін ғылымның өзіне жүгінуде. Адам денесі мен топырақтың құрамы өте ұқсас. Топырақта кездесетін әрбір элементтер мен минералдар адам денесінде де бір мөлшерде кездеседі. Шындығында, бұл аналитик діндарлардың пікірі. Бірақ соқыр сенімді қару еткен догматик­тер де жоқ емес. Әйткенмен бұл дәлелдер де мате­риалистердің көңілін көншіте қойған жоқ.

Дін өзіне деген күмән тудыруымен де құнды. Өйткені күмән туған жерде ғылым пайда болады. Ең қызығы, ғылымда төңкеріс жасаған ғұламалардың көбі діни білім алғандар. Олардың қатарында Ч.Дарвин де бар. Атақты Эйнштейннің «Дінсіз ғылым соқыр, ғылымсыз дін ақсақ» дегені осыны меңзесе керек.

 

Шумер аңыздары не дейді?

Бүгінде адамзаттың пайда болуы туралы ғылыми дәлелденбеген пікір болса да, талай зерттеушілерді өзіне магниттей тартып, тіптен осыған шексіз иланатын әрі қолдайтын көптеген топтары бар ағым бар. Бұл адам баласы жерге басқа планетадан келді деп санайтын, яғни «сыртқы себептердің ықпалы туралы» теория. Бұл көзқарас ғылыми түрде дәлелденбеді десек те, оған көңіл аудартуға жетелейтін өзіндік фактілері бар. Соның бірі шумерден жеткен сына жазумен жазылған қыш кітап. Осы жазба туралы Қ.Жамаловтың «Әлемдік өркениет іздері: Ежелгі Шығыс» атты кітабында көрсетілген. Онда адамның жаратылуы туралы жан-жақты сөз болады.

Шумер мәтіндерінде ғаламның пайда болуы, күн жүйесінің құрылымы мен дамуы, соның ішінде планеталар тізімі мен сипаттамасы туралы да мәліметтер берілген. Соның бірі күн жүйесін бейне­лейтін сурет. Онда күн бүгінгі ғылымға белгілі барлық он екі планетаның ортасына орналасқан. Дегенмен суретте, Күн жүйесінің бүгінгі түсінігінен басқа мәліметтер де кездеседі. Олардың екеуі өзіне көңіл аудартпай қоймайды. Онда шумерлер плутонды сатурнның жанына орналастырып, оны үлкен планетаның дербестікке кейін ие болған серігі ретінде сипаттаған. Плутонның айналым жолының ұзарғанын, орбитасының созылғанын, қозғалыс кезінде кейде нептунмен салыстырғанда күнге жақын келетінін де байқаған. Екінші айырмашылығы – белгісіз үлкен планетаны марс пен юпитер ортасына орналастыруы. Осы құпия планетаны шумерлер Нибиру деп атаған. Аудармасы «айқыш-ұйқыш қиылысатын» дегенді білдіреді.

Күнді айналып жүретін орбитасы қатты созылған Нибиру 3600 жылда бір рет марс пен юпитер арасына қайта оралып келеді. Аңыз бойынша, адамды жасаған және оған аса маңызды білім негіздерін беретін жұмбақ тіршілік иелері осы планетадан келеді. Шумерлердің айтуынша, адамға барлық білімді берген осы – аннунактар деп аталатын тіршілік иелері. Шумерлердің «ан-нун-на-ки» сөзі «аспаннан жерге түскен, сол елу» дегенді білдіреді. Аннунактар жерге шамамен 445 мың жыл бұрын келген. Олар Парсы шығанағы жағалауын таңдап, Тигр мен Евфрат өзендерінің атырауына түскен. Осыдан кейін аннунактар әрбір 3600 жыл сайын келіп тұрған.

Нибирудегі аннунактардың түп атасы – Аспан Иесі Ан (немесе Ану) және оның жұбайы Анту, яғни Аспан Ханшасы. Анудың бұйрығымен, оның үлкен баласы Эа (Энки) басшылығымен 50 аннунак күн жүйесін аралауға шығады.

Шумер мәтіндері Нибирудың эколо­гиялық түйткілді мәселелерге кезіккенін де мәлімдейді. Өз планетасының жұқарып бара жатқан ауа қабатын сақтау үшін аннунактар алтын бөлшектерден ерекше қорған жасаған. Ең қызығы, бүгінде радиациядан қорғану үшін ғарыш кемелері мен ғарышкерлердің ғарышта киетін киімдеріне де осындай әдіс қолданылады. Осы себептен аннунактарға алтын керек болады. Шумер дерегінше, ол жетінші планетадан, яғни жерден табылған.

Ғарыштан келгендер Оңтүстік Шығыс Африкада шахталық тәсілмен алтын өндіруге кіріскен. Шамамен, осыдан 300 мың жыл бұрын алтын өндіретін аннунактар көтеріліс жасаған. Сонда өзге планета оқымыстылары гендік инженерия көмегі және будандастыру (клондау) арқылы «адамах» немесе «жұмысшы адамдарды» өмірге әкелген. «Адамах» – «жер» және «қан» деп аударылады. Бұлар шумерлер мен барлық адамзаттың түпатасы болған. Аңызда гендік ота сипаты, адамды жасау егжей-тегжейлі баяндалады. Ол бүгінгі ген инженерлігінің мамандарын да қатты таңырқатқан. Ғалым, генетик Уэсли Браунның барлық адамның бір ата мен бір анадан тарайтынын дәлелдеген жаңалығы да шумер аңызын айғақтай түскені анық.

Археологиялық зерттеулер ежелгі дәуірде Оңтүстік Африкада тау-кен жұмыстарының жүргізілгенін дәлелдейді. 1970 жылы археологтар Свазиленнен тереңдігі 20 метр болатын, алтын өндірілген үлкен шахта тапты. 1988 жылы физиктердің халықаралық тобы шахтаның осыдан 80 не 100 мың жыл бұрын жұмыс істегенін анықтады. Зулу тайпасының аңыздарында осы шахталарда «алғашқы адамдардың» жан мен тәннен тұратын жасанды құлдары жұмыс істегені айтылады. Жойылып кеткен Нибиру планетасының өмір сүргенін, оның жарықшақтарының 3600 жылда бір рет Жерге жақын келетінін америкалық астрономдар да дәлелдеген.

Әрі қарай аңызда Энки жердегі алғашқы басқарушы болғаны айтылады. Ол Жердегі өмірді реттеумен айналысқан. Сонымен даналық пен білімді аннунактар адамдарға сыйға береді. Осы мәліметтерді тарату және кейінгіге беру үшін абыздар таңдалып, арнайы дайындалған. Абыздарды «тазалар», немесе «нұр түскендер» деп те атаған. «Құдайдың нұры түскен» деген тіркес осыдан қалса керек. Шумерлердің салтында Құдайлармен сұхбаттаса алатын Абыз дәрежесі ұрпақтарына мұраға қалып отырған.

Аңыз Энкидің күнтізбе, математика мен жазу өнері туралы білімін өзінің кіші ұлы Нингишзидке, ал үлкені Мардукке медицина және өлгендерді тірілту білімін бергенін жеткізеді. Энкидің жерліктерге берген білімі құтқару, Нибиру планетасының Күн жүйесіне әкелуі мүмкін апаттарға қарсы тұру, құтылу мүмкіндігін де бағамдайды. Майя күнтізбесі оның Жерге кезекті жақындауын 2012 жылдың 21 желтоқсаны деп белгілесе, қазіргі заман оқымыстылары 2060-2158 жылдар аралығында күту керектігін болжайды. Нибирудың келесі қайтып оралуы жер­ге қатер әкеле ме, әлде қуаныш әкеле ме, ол жағы белгісіз. Дегенмен Энки­дің жерліктерге берген білімі, құдай­лармен тең дәрежеде сөйлесу мүм­кіндігін тұспалдаған.

Тағы бір таң қаларлығы, шумерлердің Месопотамия жеріне қайдан, қалай келгені белгісіз. Сонымен қатар ғылым мен білімді, мәдениет пен өнерді кімнен, қалай үйренгені де түсініксіз. Өйткені Қос­өзенде шумерлерден бұрын өмір сүрген убайдтар әлі тас ғасырына тән мә­де­ниет­пен тіршілік еткен. Яғни, шумерлердің кенеттен пайда болып, үлкен өркениет қалыптастыруының өзі құпия­ларға толы.

 

Эволюция ақиқат па, әлде адасу ма?

Идеалистер тұрғысынан діни көз­қарас бойынша Жаратушының әлемді жоқтан бар жасауының еш сөкеттігі жоқ. Алайда материалистер үшін болмыстың төркінін материядан іздеу аса маңызды. Сондықтан екі ағым өкілдерінің басы бір қазанға сыйған емес. Бұл жөнінде грек ойшылы Парменидтің «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» деп кесіп айтқаны діни түсінікке томпақ келетіні тағы бар. Ал А.Лавуазье болса бұл ұстанымды «еш нәрсе бардан жоққа айналмайды немесе жоқтан бар пайда болмайды» деп тіптен арыға кетті. Нақты материалдық дәлел болмаса, киелі кітаптардың дегеніне илана қоймайтындар үшін, әсіресе, адамның неден жаратылғанын түсіну тіптен күрделі мәселе. Олар үшін ғылыми болжамсыз, нақты тәжірибесіз діни мәтіндер арқылы теория жасауға тағы болмайды. Осылай тынымсыз ғылыми ізденістерден соң үшінші көзқарас – эволюциялық теория өмірге келді.

Бұл теория бойынша адам баласы жер бетіндегі басқа тіршілік иелері секілді ұзақ және біртіндеп дамудың арқасында, сатылап өзгере отырып қалыптасқан. Аталған көзқарас Ч.Дарвиннің ілімі негізінде қалыптасса да, одан бұрын негізі қаланып қойған ағым болатын. Бүгінгі барша ғылыми оқулықтар да осы теория негізінде жасалған. Алғаш Дарвин ғылыми ортаға аталмыш ілімін жария еткенде қарсы болғандар да, қолдағандар да көп болыпты. Әрине, шіркеу ең бірінші болып қарсы шықты. Себебі бұл ілім діни түсінік бойынша адам топырақтан жаратылды әрі түрлер өзгермейді деген қос бірдей сеніміне қарсы келген күпір ой еді.

Шіркеу қаншалықты қарсы болғаны­мен, ғылыми ортада қызу қолдауға ие болды. Қолдағандардың қатарында әйгілі философ Маркс та бар. «Адамды адам еткен – еңбек» деп жар салған Маркстың идеясымен жаңа теория қабыса кеткен соң қолдамай қайтсын. Ал Ф.Гальтон «Чарльз Дарвинның 1859 жылы жарық көрген «Түрлердің сұрыпталуы мен шығу тегі» кітабы – менің ғана емес, бүкіл адамзат ақыл-ойы дамуының аса зор белесі болды», – деп жоғары баға берген.

Дарвин ілімі бойынша адам баласының арғы тегі маймылдардан, маймыл болғанда да қазіргі маймылдардан мүлдем бөлек гоминид деген өзгеше тектен бастау алады. Біртіндеп дами келе 14-9 миллион жылдар арасында рамапитек деген жаңа сатыға көтеріліппіз. Десе де олардың аталары секілді қолына ілінгенін талғажау етіп күн көретін кәдімгі маймылдан соншалықты айырмашылығы болмапты. Сосын Шығыс Африкадан 5-2 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйегі табылады. Ғалымдар зерттей келе оның алғаш еңбек құралдарын пайдаланған адамдар екенін біліп, оған хомо хабилис (шебер адам) деген баға беріп, автралопитек деп ат қояды. Одан кейін 1 миллион жыл бұрын питекантроп, ал 500-200 мың жыл бұрын синантроп деген жаңа сатыға көтеріліппіз. Бұл адамдардың басты ерекшелігі тік жүретіндігі. Сондықтан ғалымдар бұл адамдарды хомо эректус (тік жүретін адам) деп атаған. Енді даму белесіміз 200-35 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамында көрініс тауыпты. Осылайша 40-35 мың жылдар арасында дамудың соңғы сатысы краманьон адамы болыппыз. Бұл дегеніңіз қазіргі хомо сапиенстің (саналы адам) тікелей аталары. Мінеки адамзат дамуының қысқаша хронологиясы осылай.

Қызығы, сырттай қарағанда адамдардың үзіліссіз көрінетін даму сатылары мінсіз емес. Тіптен бір-бірінен алшақтата түсетін тұстары көп әрі байланыстыратын жерлері аз. Ч.Дарвинның өзі бар екеніне зор сенім білдіріп кеткен аралық түрлер де әлі күнге табыла қойған жоқ. «Таптық» деп сенсация жасағандардың алаяқтық жасағаны кейіннен белгілі болды. Осы себептерден кейін Ч.Дарвинның әйгілі теориясына күдікпен қарайтындардың қатары көбейді әрі күннен күнге артып келеді. Тіптен бұл теорияны оқытудан бас тартқан елдер де бар.

Соңғы кездерде мүйізі қарағайдай ғалымдар арасында да эволюция теория­сына қарсы сын пікірлер жиі айтылуда. Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері Э.Чейн: «Тіршіліктің бастауы туралы ойлаудың соңы тығырыққа тірейтінін айтып келемін. Ең қарапайым деген тірі ағзаның өзі қарабайыр химиямен үлкен зерттеуді қажет еткенде, ғалымдар миллиард жыл бұрынғы оқиғаны анықтағысы келеді. Құдайдың құ­діретінің шексіздігін ғылыммен тү­сіну мүмкін емес», – десе, биология ғылымдарының докторы, профессор Л.Бунур: «Эволюция – үлкендердің ертегісі. Бұл теория ғылымның дамуына ештеңеде қосқан жоқ. Ол түкке тұрмайды», – деп оны мүлдем жоққа шығарады.

Әрине, эволюция теориясының ғылым үшін маңызы зор. Өйткені, жалған болсын не ақиқат болсын, осының жолында қан­шама ғалымның ақыл-зердесі мен өлшеусіз еңбегі жатыр. Қанша жерден бұл теорияның жалған екеніне көз жеткізсек те, Дарвинның бұл болжамы оның ашқан басқа ғылыми жаңалықтарына көлеңке түсіре алмайтыны анық. Дегенмен адамзат қоғамы мен ғылымда жаңа сұрақтардың туындайтыны заңды.

Адам қалай жаратылды екен?! Бұл мәңгілік сұрақ…

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Published in Мақалалар

В Казахстане с 2011 года действует Государственная программа  «Развитие регионов». Постановлением Правительства РК от 28 июня 2014 года № 728 была утверждена вступившая в действие с 1 января 2015 года  комплексная «Программа развития регионов до 2020 года». Основанием для ее разработки послужила «Прогнозная схема территориально-пространственного развития страны до 2020 года», Стратегия «Казахстан-2050», Послание Первого Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее». Программа направлена на развитие инфраструктуры жизнеобеспечения сел и малых городов, включающей энерго- и теплоисточники, системы газо-, тепло-, электроснабжения, водоснабжения и водоотведения, а также на ремонт дорог областного и районного значения, на улучшение экономического потенциала регионов. За счет текущих целевых трансфертов из республиканского бюджета финансируются: ремонт транспортной инфраструктуры;  коммунальное хозяйство;  мероприятия по благоустройству.

Акцент делается на развитии сельских территорий, включая сельские населенные пункты с высоким и средним потенциалом, на финансовой поддержке мероприятий местного самоуправления.

В соответствии с Программой развития регионов в Енбекшиказахском районе с 2012 года целевые бюджетные трансферты направляются на ремонт дорог, строительство инженерных коммуникаций, обустройство полигонов твердых бытовых отходов и скотомогильников, благоустройство населенных пунктов, строительство стадионов и спортивных площадок, дамб и мостов в сельских округах.

Приоритетом Программы  является  «Финансовая поддержка местного самоуправления», с учетом предложений, сделанных в ходе отчета акима района перед населением. За 2012-2017 годы был реализован 151 проект благоустройства и развития систем жизнеобеспечения сельских округов  на сумму свыше 1 млрд тенге.

С начала января 2015 года в РК начала работать «Программа развития регионов», рассчитанная до 2020 года (ПРР-2020). В 2015 году из бюджета было выделено 213,3 млн тенге на реализацию 21  проекта, в 2016 году 219,3 млн тенге на 27 проектов, в 2017 году –    220 млн тенге на 17 проектов. В том числе: 26 проектов по обустройству скотомогильников; 15  –  по ликвидации несанкционированных свалок; 8 –  по обустройству спортивных площадок;  8 –  по обустройству полигонов ТБО; 16 – по текущему ремонту водопроводных сетей;  82 – по текущему ремонту дорог.

В 2018 году государством на инфраструктурные проекты текущего ремонта дорог Енбекшиказахского района было выделено 220 млн 119 тысяч тенге.

В 2019 году бюджетные целевые трансферты в сумме 219 млн 388 тыс. тенге  были направлены на текущий ремонт дорог, систем водоснабжения, благоустройство спортивных площадок и стадионов.

В 2020 году по данным районного отдела экономики и бюджетного планирования  на 21 инфраструктурный проект в 14 сельских округах из бюджета выделено 217 млн 834 тыс. тенге. Текущий ремонт дорог охватит  Асинский, Байтерекский, Саймасайский, Бартогайский, Ташкенсазский, Каракемерский, Каратурыкский, Рахатский, Балтабайский, Тургенский, Кырбалтабайский округа. Ремонт водоснабжения  предстоит  в Байтерекском (с.Койшыбек),  Бартогайском (с.Бижанова), Казахстанском (с.Ащыбулак) округах.  Обустройство стадионов пройдет в с.Тескенсу Тескенсуского округа, и с.Балтабай Балтабайского округа; обустройство спортивных площадок  в с.Каражота и Сарыбулак  Каражотинского округа, а также в  с.Каипова Казахстанского округа.   Ремонт линии электропередач запланирован в с.Тескенсу Тескенсуского округа. 

«Программа развития регионов - 2020» в целом направлена на повышение качества жизни населения, а также на повышение  потенциала  сел и малых городов.

 

И.ВИКТОРОВ

Published in Мақалалар

На сегодняшний день во исполнение Послания Главы государства во всех регионах страны реализуется проект «Адалдық алаңы», нацеленный на искоренение бытовой коррупции.

Концептуальной основой проекта определено создание комфортных условий для граждан при получении государственных услуг и обеспечение действенной реализации общественного контроля в контексте продвижения культуры добропорядочности.

Следует отметить, что руководство региональными проектами осуществляется представителями общественности в тесном взаимодействии с акиматами и территориальными департаментами Агентства.

Для продвижения ценностей проектного офиса и оперативного решения вопросов населения руководители региональных проектных офисов назначены внештатными советниками акимов областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент по вопросам противодействия коррупции.

Аналогичная работа по усилению вопросов противодействия коррупции путем закрепления ответственных лиц ведется и на районном уровне.

Данный механизм позволит уделить особое внимание вопросам противодействия коррупции со стороны госорганов, формированию добропорядочности в обществе, а также решать вопросы социального характера, что соответствует принципам проектного управления.

Если граждане встречаются с административными барьерами при получении услуг в госучреждениях, либо необходимостью получения соответствующей консультации просим напрямую обращаться по нижеуказанным контактам:

 

№ Ф.И.О. Должность Контакты

1. Туртаев Жанболат Бакиевич Руководитель ПО «Aqtóbe – adaldyq alańy»

Актюбинская область +7 701 800 7979

2. Салиева Алия Утемисовна Руководитель ПО «Aqjaıyq – adaldyq alańy»

Западно-Казахстанская область +7 701 533 4384

3. Усипбаев Дайрабай Мамашевич Руководитель ПО «Mańǵystaý – adaldyq alańy»

Мангистауская область +7 771 221 2222

4. Алдаберген Асыл Берикулы Руководитель ПО «Túrkistan – adaldyq alańy»

Туркистанская область +7 778 905 7777

5. Альжанова Анжела Муратовна Руководитель ПО «Qostanaı – adaldyq alańy»

Костанайская область +7 747 745 6514

6. Адиева Альфия Даулеткалиевна Руководитель ПО «Atyraý – adaldyq alańy»

Атырауская область +7 775 582 3282

7. Кусенбаева Малика Манатовна Руководитель ПО «Saryarqa – adaldyq alańy»

Карагандинская область +7 702 444 9713

8. Жазыкбаев Аманжол Токтарович Руководитель ПО «Jetisý – adaldyq alańy»

Алматинская область +7 701 994 0707

9. Шекенов Мирас Ергалиевич Руководитель ПО «Astana – adaldyq alańy»

г. Нур-Султан +7 701 588 3365

10. Исабеков Ризабек Руководитель ПО «Ertis – adaldyq alańy»

Павлодарской области +7 707 599 9305

11. Сатанов Амангельды Есмагзиевич Руководитель ПО «Qyzyljar – adaldyq alańy»

Северо-Казахстанской области +7 705 831 9670

12. Жувандикова Назима Норманбековна Руководитель ПО «Jambyl – adaldyq alańy»

Жамбылской области +7 705 624 8846

13. Камбар Жани Сайдуллаевич Руководитель ПО «Shymkent – adaldyq alańy» г.

Шымкент +7 775 306 7850

14. Бахыт Маржан Руководитель ПО «Shyǵys – adaldyq alańy»

Восточно-Казахстанской области +7 707 604 6611

15. Тусмагамбетов Жандос Бектаевич Руководитель ПО «Aqmeshit – adaldyq alańy»

Кызылординской области +7 777 340 8734

16. Тайтенова Самира Омирбаевна Руководитель ПО «Aqmola – adaldyq alańy»

Акмолинской области +7 705 585 9432

17. Братеньков Александр Иванович  Руководитель ПО «Almaty – adaldyq alańy» 

г. Алматы+7 707 283 1959

 

Управление превенции и добропорядочности ДАПК

по Алматинской области

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет