Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 03 Маусым 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында Еуразиялық Экономикалық Одақ келешегі, Байқоңыр болашағы, «Астық саласындағы ОПЕК» сияқты мәселелерге қатысты пікірін білдірді. ҚазАқпарат Мемлекет басшысының «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатының қазақ тіліндегі аудармасын ұсынады.

− Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, Ресей азаматтары Беларусь пен Қазақстанды ең жақын достас елдер деп санайды. Ал Қазақстандағы мұндай сауалнамалар жайында не айтуға болады?

− Біздің елдің азаматтары үшін Ресей ең жақын мемлекет және солай болып қала береді. Екі халық арасындағы өзара сенім мен түсіністік ғасырлар бойы қалыптасты. Қиын-қыстау кезеңдерде біз әрдайым бірге болдық. Ресей мен Қазақстанның көптеген азаматын туыстық, достық және кәсіби байланыстар біріктіреді.

Ресеймен арадағы қарым-қатынастарымыздың жақсы екенін жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардан да анық көруге болады. Ұзақ жылдар бойы қазақстандықтардың сіздің мемлекетіңізге деген сенім деңгейі 75 пайыздан түспеген екен. Бұл – жоғары, ең маңыздысы – тұрақты көрсеткіш. Біздің қоғам Ресейді стратегиялық серіктес және одақтас деп қабылдайды.

− Қазақстан, мәселен, Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына кіруі мүмкін бе? Мұндай Одақтас мемлекетке бірыңғай валюта, кеден, Бірыңғай парламент қажет бола ма? Әлде біздің бағытымыз Еуразиялық экономикалық одақты қандай да бір «Шығыс Еуроодағына» айналдыру ма? Бұл қаншалықты мүмкін? 10-20 жылдан кейін қандай болады деп ойлайсыз? Біздің ынтымақтастығымыздың, бірлескен жобаларымыздың қайсысының келешегі зор деп санайсыз?

− Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен екіжақты форматта да, интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында да тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу біздің жоспарымызда жоқ. Жоғарыда аталған ұйымдар аясында интеграцияны одан әрі дамыту басым бағытымыз болып қала береді.

Еуразиялық Экономикалық Одақтың әлеуетін тек экономикалық одақ ретінде күшейтуге мүдделіміз. Кооперациялық байланыстарды дамыту, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің ортақ нарығын құру, аталған одаққа мүше мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы ЕАЭО-ны жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра алар едік.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде ілгерілеуде. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарық қалыптасады. Әсіресе, цифрлық ықпалдастық перспективалы бағыт болмақ.

Кейде ЕАЭО-да, тіпті ең жоғары деңгейде, қызу пікірталастар болады, бірақ бұл талқылаулар одақты неғұрлым табысты, беделді, тартымды етуге деген ортақ талпынысты білдіреді. Ал оған немқұрайды қарау – анық деградацияның белгісі.

− Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына Президент болып сайланған сәтіңізден бері бір жылдан астам уақыт өтті. Бірақ ол үлкен саясаттан кеткен жоқ. Кейбір саясаттанушылар Қазақстанда бір қос билік пайда болды деген пікір айтып жүр.

− Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев –қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы, ауқымы кең тарихи тұлға. Жақында (6 шілде күні) біз Елбасының 80 жасқа толған мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның еліміз бен халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі жөнінде айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу маңызды. Бұл Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту үшін аса қажет. Сондықтан, менің сайлауалды бағдарламамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды.

Қазіргі күрделі жағдайда Н.Назарбаев менің дағдарыстан жедел шығу, жаңа экономика құрып, азаматтарға материалдық көмек беру жөніндегі бағытыма нақты қолдау көрсетті. Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтты және қоғамды қазіргі Президенттің айналасына бірігуге шақырды.

− Мемлекет – сонда өмір сүріп жатқан халықтардың отбасы. Қазіргі уақытта Қазақстанда қанша орыс тұрады және олардың құқықтары қаншалықты қорғалған?

− Біздің пікірімізше, этносаралық келісім – ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы. Онсыз елдің орнықты дамуы мүмкін емес. Қазақстан – Ресей тәрізді көпұлтты мемлекет. Мен мұны үлкен стратегиялық артықшылық деп санаймын. Біз «Бірлік – саналуандықта» қағидатын ұстанамыз.

Шын мәнінде, қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамастан, өздерін бірыңғай халық, біртұтас ұлт санайды. Қазақстанда «аз ұлттар» деген түсінік жоқ. Қазақстанда 3,5 миллионнан астам орыс тұрады. Жалпы халық саны бойынша олардың үлесі шамамен 19% құрайды. Елімізде тұратын орыстар біздің халқымыздың ажырамас бөлігі саналады және барлық құқықтарға ие.

Жақында шетелдік аналитикалық материалдардың бірінен «Қазақстандағы орыс диаспорасы» деген сөзді көзім шалып қалды. Шындыққа қайшы келетін мұндай сөздерді мүлдем қолданбау туралы өзіміздің идеологтар мен сарапшыларға ескерттім. Орыстар – біздің халқымыздың бір бөлігі. Олар Қазақстанның қалыптасуына, дамуына зор үлес қосты. Оны ұмытуға болмайды.

Көптеген орыс есімдері біздің тарихымызда алтын әріппен жазылған: Григорий Потанин, Павел Зенков, Евгений Брусиловский, Александр Затаевич, Александр Бараев, Сергей Луганский, Иван Шухов, Иван Панфилов, Иван Павлов, Николай Макиевский. Бұлардан бөлек, басқа да көптеген азаматтар бар. Олар – Қазақстанның мақтанышы. Геннадий Головкин, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова секілді қаншама атақты спортшыларымыз әлемнің спорт ареналарында Қазақстанның намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүр.

− Ресей мен Қазақстан – әлемдегі ірі астық өндіруші әрі экспорттаушы елдер. Бағаны үйлестіру үшін «Астық саласындағы ОПЕК» құру бастамасына қалай қарайсыз?

− Ресей мен Қазақстан әлемдегі бидай экспорттаушы елдердің алғашқы ондығына кіреді. Әлемдік бидай экспортындағы біздің үлесіміз 3% құрайды. ОПЕК-тің шешімдері мұнай бағасының қолайлы болуына қол жеткізу үшін өндіріс көлемін тежеуге бағытталғаны белгілі. «Астық саласындағы ОПЕК» құру астық нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және астықтың бағасына қатысты саясатты үйлестіруге бағытталған қызықты бастама болуы мүмкін.

Дегенмен, астық нарығының өз ерекшелігі бар. Ауа райы мен егін түсімі бағаға елеулі ықпал етеді. Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар елдің теңізге тіке шыға алмауына байланысты нақты сауда-саттық шектеулер болады. Мұндай шекті бағалардың енгізілуінен аталған елдер зардап шегуі мүмкін. Содан кейін мұндай картель құру барысында астық өндірісі шағын мемлекеттердің мүдделерін ескеру керек. Сондай-ақ «Астық саласындағы ОПЕК» құру ісінде оның ДСҰ стандарттарына сәйкес келуін де ойлану қажет. Дегенмен, осы тұжырымдаманың өзі мүдделі мамандардың талқылауына әбден лайық.

− Бір жыл бұрын «Комсомольская правда» газетінің арнаулы тілшісі Дмитрий Стешин Қазақстанды аралап жүріп, Сіздің еліңіздегі орыс азаматтармен сөйлесіпті. Сонда олардың көпшілігі елді мекендердің атауын өзгерту белең алғанын, билік органдарына қызметке тұру барысында славян жұртшылығы өкілдерінің қандай да бір қиындықтарға тап болатыны секілді тенденцияларды атап өтіпті.

– Тұтас елді мекендердің атауын жаппай өзгерту жүріп жатқан жоқ. Бірқатар елді мекендер мен көшелердің байырғы атаулары қайтарылып жатыр. «Тепловозная», «Приканальная» секілді Совет дәуірінен қалған және жергілікті тұрғындар арасында танымал емес, үндеспейтін атаулар, топонимдер тарих қойнауына жіберілді.

Әрбір атауды өзгерту алдында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тарихи негіздеме, сауалнамалар мен жиналыстарда айтылған азаматтардың пікірлері ескеріледі. Билік орысша атаулардың бәрін алып тастауды мақсат етпейді. Жақында ғана Қарағандыда Григорий Потанин мен Александр Затаевич көшелері пайда болды. Мемлекеттік қызметке тұрғысы келетіндерді кемсіту туралы пікірмен де келісе алмаймын. Бүгінде славян және өзге де этникалық топ өкілдері үкіметтік мекемелерде, Парламентте және мәслихаттарда қызмет етіп отыр. Орыстар шағын және орта бизнесті, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосуда. Конституция бойынша орыс тілі мемлекеттік органдарда ресми түрде қолданылады.

− Екінші жағынан алып қарасақ, Қазақстандағы орыстар негізінен солтүстік және шығыс өңірлерде шоғырланған. Кейбір сарапшылар Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийінің қайталануы туралы «болжам жасап жүр».

− Жалған сарапшылардың мұндай болжам жасауына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім, мұның бәрі Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттеріміз арасындағы тату көршілік, одақтастық қатынастарды бұзуға бағытталған болуы мүмкін. Мұндай болжамдарды тек біліксіз, өзгелердің көлеңкесіне жасырынатын адамдар ғана айтуы мүмкін.

− Қазақстанда кириллицадан латын әліпбиіне көшу процесі жүріп жатыр. Біздің көпжылдық ортақ тарихымызды, мәдени-рухани жақындығымызды ескерсек, бұл Ресейде белгілі бір деңгейде алаңдаушылық тудырып отыр...

− Бұл үдерісті біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында көтерді. Ол латын қарпіне көшудің тек қазақ тіліне қатысты екенін, орыс тілінің жағдайына әсер етпейтінін бірнеше рет мәлімдеді.

Жаңа технологиялардың жедел енгізілуіне байланысты жаһандық ақпараттық кеңістік те қарқынды түрде өзгеріп келеді. Негізгі ақпараттар латын графикасына негізделгендіктен, біздің балаларымыз жаңа жағдайға бейімделуі керек.

Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін арттыру ниетінен туындаған.

Сонымен қатар біз Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, латын қарпіне біртіндеп көшеміз. Қолдан жеделдетуге жол берілмейді. Себебі, мұнда кириллицадан латынға жай ғана көшу емес, қазақ тілінің орфографиясын қайта құру жөнінде айтылып отыр. Одан бөлек, қазақ әдебиетінің классиктерінің барлық маңызды еңбектері кириллицада жазылғанын, көптеген қазақ ұрпақтарының кирилл әліпбиінде білім алғанын және қазір де оқып жатқанын естен шығаруға болмайды. Асығыс қадам жасау мұндай үлкен іске зиянын тигізіп, шалыс бастыруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені ақылға салып, парасаттылықпен шешу керек.

− Қазақстан салық саясаты және мемлекеттің бизнеспен қарым-қатынасы саласында алдыңғы қатарлы елдің бірі болып отыр. Кезінде Ресеймен бірге «Совет шинелінен» шыққан өзге де ТМД елдері үлгі аларлықтай Қазақстанның экономикалық жүйесінің мықты тұстары қандай?

− Салық жүктемесін жеңілдету, бұл – Қазақстанның да, Ресейдің де алдына қойып отырған стратегиялық мақсаты. Бұл – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестициялық ахуалдың тартымдылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы.

Қазақстандағы салық мөлшерлемесі ТМД елдерімен салыстырғанда төмен. Бұл жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтарға, қосымша құн салығын, жеке тұлғалардың табыс салығын қамтиды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің салық жүйесі көптеген дамыған елдерге қарағанда біршама оңтайлы, ең алдымен, ол шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.

Кәсіпкерлердің қазынашылық органдарымен байланысының минималды деңгейде болуы – біздегі салық жүйесінің артықшылығы. Салықтық әкімшілендіру рәсімдерін ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асыруға болады және бұл қажетті шара. Қазақстандағы салық органдарына кәсіпкерлік қызметке араласуға заң бойынша тыйым салынған.

Салықтың арнайы режимдерін қоса алғанда, кәсіпкерлерге түрлі салық жеңілдіктері ұсынылған. Біз микро және шағын бизнес субъектілерін үш жылға табыс салығын төлеуден босаттық, салықтық тексеру жүргізуге мораторий де жарияланды.

− Ал Қазақстан Ресейдің қандай тәжірибесін үйренгісі келеді?

− Ресейдің кедендік операцияларды цифрландыру және салықтық әкімшілендіру ісіндегі айқын жетістігін көріп отырмыз. Кеден органдары адамның араласуын мүлдем дерлік болдырмайтын технологияларды – декларацияларды автоматты түрде тіркеуді және шығаруды енгізді. Осы ретте Қазақстан Ресейдің зияткерлік бақылау-өткізу бекеті моделіне қызығушылық танытып отыр. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласында Ресей әлемде жетекші орынға ие. Сіздердің салықтық бақылауды күшейту және үлкен деректер технологияларын қолдану тәжірибелеріңізге де ерекше мән беруге болады.

− Сіздің елде бизнес жүргізу ыңғайлы болғандықтан, ресейлік кәсіпкерлердің өз компанияларын Қазақстанда белсенді тіркеп жатқаны белгілі. Осыған байланысты қазіргі ахуал қандай және ресейлік бизнес Қазақстан экономикасы үшін қаншалықты тиімді?

− Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 15,7 миллиард долларды құрады. 2019 жылы екіжақты тауар айналымы 2018 жылмен салыстырғанда 6,2% артып, 20 миллиард долларға жуықтады.

Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік компания мен екі елдің 3,5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорындары табысты жұмыс істеп жатыр. Экономиканың басым салаларында бірлескен жобалар белсенді іске асырылуда. Мәселен, 2018 жылы Ресейдің ірі «Полиметалл» компаниясы инвестиция көлемі 418 миллион доллар болатын «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнын іске қосты. Жалпы құны 6,6 миллиард долларды құрайтын 53 инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Былтыр сәуір айында біз өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдадық. Ал қазан айында бағдарламаның алғашқы жобасының аясында Қостанайда «Кировец» тракторларын шығару жұмысы басталды. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 тракторға дейін жасап шығаруға жетеді.

Біз Ресеймен мұнай-газ, мұнай-химия және басқа да қайта өңдеу үлесі жоғары өнім шығаратын салаларда ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз. Каспий қайраңында теңіздегі мұнай-газ жобалары бойынша ынтымақтастығымыз нығайды. Қазақстан Ресейге стратегиялық серіктес ретінде сенім артады. «Лукойл» компаниясы да біздің елде табысты жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан ресейлік бизнеске қолдау көрсетеміз. Осындай өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде өндірісті Қытай мен Орталық Азия нарықтарына шығарамыз деп үміттенеміз.

Биылғы күзде Қазақстан-Ресей форумын өткізу жоспарланған. Онда аймақтық экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар шешім қабылданады. Осы мәселеге және екіжақты ынтымақтастықтың тұтас кешеніне ұдайы назар аударып отырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылық білдіремін.

− Қытайдың Орталық Азиямен қарым-қатынастары қаншалықты тығыз? «Қытай экспансиясы», ҚХР тарапынан төнетін қауіп бар ма?

− Орталық Азия, Қытай және Ресей халықтары ғасырлар бойы бір-бірімен белсенді сауда жасасып, рухани ілім-білімдерін алмасып келеді. Сондықтан Ұлы Жібек жолы аймақтың тарихи символына айналды.

Орталық Азияның геостратегиялық орналасуы мен оның ауқымды әлеуеті әлемдік қауымдастықтың және Қытайдың да назарын өзіне аудартып отырғаны сөзсіз.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасы Орталық Азияда тартымды жобаларды қолға алуға мүмкіндік берді. Олардың көпшілігі Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі мен Жібек жолы қорының көмегімен жүзеге асырылды.

Әрине, «Бір белдеу – бір жолдың» құрлықтық құрамын Қытай мен Еуропаны, Таяу Шығысты байланыстырып отырған Қазақстан және аймақтағы басқа да елдерсіз елестету мүмкін емес. Қытайдан тартылған инвестиция мен екіжақты сауда көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. 2018 жылы аймақтың бес еліне жинақталған Қытайдың тікелей инвестициясы 15 миллиард долларға жуықтады. Былтыр Орталық Азияның Қытаймен жалпы тауар айналымы 33 миллиард доллардан асты. Екі тарап та сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сондықтан «Қытай экспансиясы» туралы пікір істің нақты жағдайына сәйкес келеді деп ойламаймын.

− Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі қандай деп ойлайсыз?

− Қытаймен ынтымақтастықты дамытуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жемісті еңбек етті. Қазіргі уақытта екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті.

Жоғары саяси деңгейдегі байланыстардың оң қарқыны қалыптасты. Былтыр қыркүйек айында Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөздер барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Біз халықаралық және аймақтық ұйымдарда (БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК) тығыз жұмыс істейміз.

Қытай – Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі. 2019 жылы екіжақты тауар айналымы 14,5 миллиард долларға жетті.

COVID-2019 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық пен көрсетілген өзара көмекті серіктестік тарихындағы жарқын сәт деп айтуға болады. Қазақстан Уханьға медициналық гуманитарлық көмек жіберді. Телефон арқылы сөйлескенімізде Төраға Си Цзиньпин «Дос басыңа іс түскенде танылады» деген мақалдың дәл осындай сәтте өзекті екенін айтты. Коронавирус толқыны Қазақстанға келгенде Қытай тарапы да дереу гуманитарлық көмек көрсетіп, Қазақстанға білікті мамандар тобын жіберді.

− Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасының пайда болуы мүмкін бе?

− Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу талқыланып жатқан жоқ және бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық энергетика, инвестиция, технология сияқты стратегиялық салаларда табысты дамып келеді. Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша ұдайы байланыстамыз. Оған қоса, біз Алматыдағы бұрынғы обаға қарсы институт базасында биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша да жұмыс істедік. Бірақ қазір келісімшарттың аяқталуына байланысты америкалықтар зертханадан кетіп, онда тек қазақстандық мамандар бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейді. Осы саладағы зерттеулердің өзектілігін ескере отырып, біз ресейлік мамандармен де тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз.

− Байқоңырдың қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Адамзаттың ғарышты бағындырудағы басты әлемдік ғарыш айлағының болашағы қандай болмақ? Онда Ресейге орын бар ма?

− Ғарыш саласындағы бірлескен өзара іс-қимылдар мен Байқоңыр қаласын бірлесіп дамыту ісі – Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығының айқын көрінісі.

Ғарыш айлағының тіршілігі мен оның тиімді даму мәселелерін Үкіметаралық комиссия қарастырады. Әсіресе, байланыс, телевизия және ғылыми зерттеулер саласында қолданылатын азаматтық ғарыш аппараттарын құру мәселесіне басымдық беріледі. «Гагарин старты» жобасы бойынша бірлескен жұмыстар атқарылуда. Ғарышқа жол ашқан осы тарихи алаңды жаңғыртуға Қазақстан, Ресей және БАӘ инвесторлары қаражат салуға ниетті. «Бәйтерек» бірлескен жобасының мақсаты – улы отынмен ұшырылатын «Протон» зымыранының орнына экологиялық қауіпсіз тасымалдаушы аппарат ұшыруға арналған зымыран-ғарыштық кешенін құру.

Екі ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру туралы Қазақстанның бастамасын ерекше атап өткім келеді.

Биыл қазан айында ғарыш айлағының салынғанына 65 жыл толады. Біздің елдеріміз бұл атаулы датаны лайықты дәрежеде атап өтуі керек деп санаймын. Өйткені Байқоңыр – бүкіл адамзаттың игілігі. Оның әлемдік космонавтикадағы тарихи рөлі зор.

− Мазмұнды және қызықты жауаптарыңыз үшін рахмет! Сөз соңында «Комсомольская правда» газетінің ұжымы мен оқырмандарына қандай тілек айтар едіңіз?

− Осы сәтті пайдалана отырып, «Комсомольская правда» ұжымын газеттің 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Мен дамыған социализм дәуірінде де, тоқырау кезеңі мен сәтсіздікке ұшыраған қайта құру заманында да, сондай-ақ, КСРО құлдыраған кезде де «Комсомолканы» қызығып оқитынмын. Қазір де солай. «Комсомолканың» 95 жылдық тарихының кем дегенде 45 жылы менің көз алдымда өтті десем, артық айтқандық емес. Бұл факт көп нәрсені аңғартады деп ойлаймын.

Келешекте газеттеріңіз екі халық арасындағы достықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Сіздерге шығармашылық табыс, оқырмандарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Дереккөз: inform.kz 

Published in Санаты жоқ

Антикоррупционной службой по Алматинской области проведен антикоррупционный мониторинг реализации функций земельных комиссий, передает «JETISÝ MEDIA» со ссылкой на пресс-службу департамента.

В рамках антикоррупционного мониторинга было установлено, что в некоторых районах Алматинской области на заседаниях земельной комиссии рассматривались заявления на продление договора аренды земельных участков на новый срок. Тогда как рассмотрение заявлений на продление договора аренды на новый срок не является прерогативой земельных комиссий.

Так, в Сарканском районе Алматинской области с 2018 года на земельной комиссии было рассмотрено 1 заявление на продление срока договора аренды. А в городе Талдыкорган в период с 1 июля 2018 года по 31 марта 2020 года на заседании земельной комиссии были рассмотрены 256 заявлений о продлении договора аренды, из которых 214 были рассмотрены положительно, 42 - отрицательно. Также и в Енбекшиказахском районе до июля 2019 года имелись подобные факты. Однако после, заседания круглого стола, проведенного с участием представителей прокуратуры были внесены представления о недопущении нарушений норм Земельного Кодекса РК.

Антикоррупционым мониторингом также установлено, что в Алматинской области повсеместно имеется практика, когда после положительного заключения земельной комиссии, решение МИО не выносится. Так, к примеру, в Жамбылском районе Алматинской области на сегодняшний день имеется список 62 граждан, заявления которых были положительно рассмотрены на земельной комиссии, а решение МИО по ним еще не вынесено из-за того, что данные граждане не предоставляют землеустроительный проект.

Как утверждают специалисты местных исполнительных органов, одна из основных причин, того, что граждане не предоставляют землеустроительный проект – это его стоимость. Так, на сегодняшний день в Алматинской области в среднем стоимость разработки землеустроительного проекта составляет от 18 000 тенге и выше, стоимость варьируется в зависимости от площади земельного участка и иных показателей. Для большинства граждан эта сумма является не по карману.

Published in Санаты жоқ

«ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру жарна/төлемдері бойынша шегерілулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы әсер тигізгендігін мәлімдеді.
Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті.
Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді:
I - топ – жан басына шаққандағы қаржыландыруға негізделетін және орындалған қызметтердің көлеміне байланысты емес медициналық ұйымдар. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалар), жедел жәрдем, онкология, психиатрия, тубдиспансерлер және т. б. ұйымдары, сондай-ақ ұсынылатын медициналық көмек көлемін төмендетпеген медициналық ұйымдар. Олар бойынша қаржыландыру толық көлемде сақталады. Сондай-ақ, инфляцияны өтеу үшін екінші жартыжылдықта төлем тарифтерін арттыру жоспарлануда. Бұл топқа медициналық қызметтерді жеткізушілердің 80%-ы кіреді.
IІ - топ – бұл COVID-19 бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылған және тиісінше жеткіліксіз қаржыландырудың ең аз тәуекелдері бар медициналық ұйымдар. Алайда, оларда жоспарланған медициналық көмектің өзге көлемін орындамау қаупі бар.
«Ал үшінші топ — карантинге байланысты көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде жоспарлы емнің төмендеуін болжайтын медициналық ұйымдар. Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар дайындалған: қосымша аванспен қаржыландырылды, аванс алу кестесі өзгертілді, сондай-ақ екінші тоқсанда орындалмайтын қаржыландыру көлемі 2020 жылдың екінші жартысына үлестіріліп бөлінді. Осылайша медициналық ұйымдар өздерінің жылдық көлемін орындай алады. Оған қоса инфляцияны өтеу үшін екінші жартыжылдықта көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерін ұлғайтамыз.», – деді Айбатыр Жұмағұлов.
IV - топқа толықтай қаржыландырыла алмау тәуекелі бар консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсететін медициналық мекемелер жатады. Үшінші топқа қатысты қолдау шаралары екінші және төртінші топтарға да қолданылады.
Естеріңізге сала кетсек, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.

************

Как ФСМС защитит медорганизации от финансовых трудностей

На финансовые показатели больниц и поликлиник повлияли изменение курса валюты, спад деловой активности, отсрочки по платежам за медстрахование для населения и некоторых категорий бизнеса, а также сокращение некоторых видов медпомощи в режиме карантина, отметил в ходе внеочередного заседания Общественного совета председатель правления НАО «ФСМС» Айбатыр Жумагулов.
«Все эти меры несут определенную нагрузку на деятельность Фонда. Несмотря на это, Фонд осуществляет антикризисные меры для обеспечения стабильного финансирования медорганизаций и получения гражданами медуслуг. В целом дополнительная нагрузка на систему ОСМС составит суммарно более 134 млрд тенге», – отметил глава Фонда.
По его словам, Фонд провел анализ финустойчивости медорганизаций, согласно которому всех поставщиков медицинских услуг условно разделили на четыре группы:
I группа – это медорганизации, по которым финансирование медицинских услуг основывается на принципах подушевого финансирования и не зависит от объема выполненных услуг. Это организации первичной медико-санитарной помощи (поликлиники), скорая помощь, онкология, психиатрия, тубдиспансеры и т.д., а также медицинские организации, которые не снизили объем предоставляемой медпомощи. По ним финансирование сохраняется в полном объеме. Также планируется увеличить тарифы оплаты во втором полугодии для компенсации инфляции. В эту группу входят 80% поставщиков медуслуг.
II группа – это медицинские организации, задействованные в проведении противоэпидемических мероприятий по COVID-19, и соответственно, имеющие минимальные риски недостаточного финансирования. Однако у них есть риск не исполнить остальные запланированные объемы медицинской помощи.
«И третья группа, которая имеет наибольший риск недофинансирования, — это медорганизации, которые из-за карантина ощущают снижение объемов оказываемых услуг, в том числе плановой госпитализации. Здесь мы выработали несколько мероприятий: провели дополнительное авансирование, изменили график удержания аванса, а также перераспределяем объемы финансирования, которые не будут исполнены во втором квартале, на второе полугодие 2020 года. Таким образом медицинские организации смогут выполнить свои годовые объемы. Плюс увеличим тарифы для оплаты оказанных медуслуг во втором полугодии для компенсации инфляции», – сказал Айбатыр Жумагулов.
К IV группе относятся соисполнители консультативно-диагностических услуг, имеющие риск недофинансирования. Аналогичные меры поддержки, что и для третьей группы, будут применены также и для второй, и для четвертой групп.
Напомним, 22 мая прошло внеочередное заседание Общественного совета при Фонде социального медицинского страхования. В состав Общественного совета вошли эксперты сферы здравоохранения Максут Кульжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нурлан Батпенов, Серик Акшулаков, а также политологи, экономисты, лидеры общественного мнения и журналисты Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жумалы, Марат Каирбеков, Андрей Чеботарев и другие.

 

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 03 Маусым 2020 09:48

Уақытты ұтымды пайдалан

Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялардың дамуы азаматтардың кез келген керекті құжатты ұзын-сонар кезексіз, жылдам әрі үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік берді. Бүгінде барлығымыздың қолымызда ғаламтор желісіне қосылған смартфондар бар. Арнайы құрылған электронды үкіметті дәл осы смартфонға жүктеп, сұранысыңызды тез арада алу мүмкіндігіне жол ашылды. Осы орайда сұрақ туындауы заңды. "Электронды үкімет деген не? Ондағы оң өзгерістер мен жаңалықтар қандай? Төтенше жағдай кезеңіндегі орталықтың жұмыс тәртібі жайында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Мұрат Талдыбаевтан сұрап білген едік.

Мұрат Құдайбергенұлының айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттік реестрде 694 мемлекеттік қызмет бар. Соның 642 қызметі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі және 608 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді. 26 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында ХҚКО өз жұмысын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Аудан тұрғындарының  мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілерінде онлайн алу мүмкіндігі болған. 

Бүгінгі күні індеттің таралу қаупі мен аудан тұрғындарының өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған.

Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

  – Енді тұрғындар ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады. (Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау,  жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау т.б).

Сондай-ақ, аудан тұрғындары электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын ХҚКО ғимараттарында ғана емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Бұл бұрындары аудан орталығына әлдебір құжаттар үшін алыс ауылдардан ат сабылтып жүрген тұрғындар үшін ыңғайлы. Себебі, бүгінде кез-келген ауылдық округ әкімдігінде электронды үкімет порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар. Олар ғаламтор желісіне қосылған. Сондай-ақ, онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚКО операторлары кеңес беретін болады.

«Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  қызметкерлері төтенше жағдай кезінде тәулігіне 14 сағаттан, кейде демалыссыз қызмет атқарған. Әріптестеріміздің арқасында зейнеткерлеріміз зейнетақы, жәрдемақыларын уақытында алды. Сонымен қатар  42500 теңге әлеуметтік төлемі уақытша табысы тоқтаған азаматтарға төленуін ХҚКО қызметкерлері жіті қадағалады дейді» – Мұрат Талдыбаев.

Сондай-ақ, жаңашылдықтарды сөз еткен басшы бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді дейді. Әрі қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты Vk, Fb мэссенджерлері арқылы, сұранысқа ие анықтамалар алуға болатынын жеткізді.    

Естеріңізде болса, 2019 жылдың аяғында Электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Жетілдірілген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді. Бұл жерде  азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ. Біз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ ізімен немесе Face ID-мен ашуды үйреніп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзіңіздің биометрияңызға тіркеп алып, мемлекеттік қызмет алу барысында сұрауды өзіңіздің Touch ID немесе Face ID-іңізбен растауға болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымшада 58 қызметтер қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қосымшаны AppStore және PlayMarket қосымшаларынан жүктеп алуға болады.

Сонымен қатар әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді. Facebook ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін Сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады. Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфонмен де, ноутбукпен де бірдей пайдалануға болады!

Бір айта кетерлігі, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында автоәуесқойлар үшін көлікті тіркеу және дайын жүргізуші кәлігін беру қызметтері бар болса, жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметі жоқ. Мұнда тек дайын құжат беріледі – дейді Мұрат Талдыбаев. Ал жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға автодром қажет. Бұл да аудандық ХҚКО-да жоқ. Аламын деушілер Қарасай ауданына немесе облыс орталығы Талдықорған қаласына барып арнайы емтихан тапсыруы тиіс. Ал, қалған қызметтердің барлығы бар.

Жалпы, Мұрат Талдыбаев бүгінде электронды үкіметтің халықтың да сұранысын қанағаттандыру әрі ХҚКО жұмысын да ыңғайлы ету мақсатында жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығынан хабардар етті. Бұл бүгінде қағаз жүзінде берілетін құжаттарды электронды форматқа өткізу әрі мамандар біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, қауіпті коронавирус індетінің таралуы түбегейлі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік желілер мен электронды үкімет порталы арқылы алуға меңзегендей.

Ә.МАНАСБЕК

Published in Мақалалар

01.06.2020 ж.    №14 Қаулы
         Талдықорған қаласы   
                                                              
«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 30-шы мамырдағы №38 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының 3,2% өсуімен, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысында карантинді жалғастыру, және Алматы облысының аумағында карантинді шараларды кезең-кезеңімен босаңсыту. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
2. Аудандар мен қалалар, ауылдық округтерінің әкімдері, полиция департаменті және Алматы облысының басқа да іске қосылған қызметтері қамтамасыз етсін:
2.1  Облыстың периметрі бойынша, облыстың аудандары мен қалалары арасында барлық блок-бекеттер мен санитарлық бекеттерді алып тастауды.
2.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 12 және 15 қосымшасына сәйкес алгоритмдерді сақтай отырып, мемлекет ішінде барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалдауларын, қоғамдық көліктің жұмысын шектеусіз жаңдандыруды.
2.3  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 23 қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің жұмысын жандандыруды. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 30% қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер).
2.4  Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.
2.5  Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салуды.
2.6 Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды.
2.7 Қоғамдық тамақтану нысаналарында кальянды пайдалануға тыйым салуды.
2.8 Әкімдік жанындағы мобильды топтардың нысандарға іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізуді.
2.9 Әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруді.
2.10   Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 18-қосымшаға сәйкес әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді.
2.11 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі ұсынымдарды сақтауды.
2.12 Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.
2.13 Банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды.
2.14 Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен белгіленген қосымша талаптарды және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттің басқа аймақтарына/ аймақтарынан авиа ұшуларға, жолаушыларды тасымалдайтын теміржол және автокөліктерге рұқсат беруді.
2.15 Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді.
3.  Алматы облысының тұрғындарына:
3.1 Облыс ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға рұқсат етіледі.
3.2 Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
3.3 Барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз болуға тыйым салынады.
3.4 Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.
3.5 Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
4. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
4.1  Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын мекемелерінің.
4.2  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 50 орыннан асатын қоғамдық тамақтану нысандары.
4.3   Түнгі клубтар, кальян барлар.
4.4  Ойын-сауық объектілері (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т.б.).
5. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
5.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 26-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компанияларының (құрылыс салушалардың).
5.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар).
5.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 27-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан стоматологиялық ұйымдар (орталықтар).
5.4 Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
5.5 Зертханалардың барлық түрлері.
5.6 Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
5.7 Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
5.8 Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
5.9 Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық нысандарға, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда нысандарына қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу), ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелері.
5.10  Бұқаралық ақпарат құралдары.
5.11 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 13-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.
5.12 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.
5.13 Толымдылығы отыратын орындардың санынан аспайтындай, қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдауға арналған қызметтер, таксидің ресми қызметтері. Мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған белгі) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс.
Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау талаптарын күшейту. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.
5.14 Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
5.15 Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.
5.16 Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.
5.17 Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
5.18 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоодүкендер.
5.19 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 6-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар.
5.20 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 7-қосымшасына сәйкес медициналық бетперде киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондарының, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу, ұйым.техникасын жөндеу) жұмысын;
5.21 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, коллекторлық қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б).
5.22 Ашық ауада көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар (спорт алаңдары, ипподромдар).
5.23 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 10-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындары және үй-жайларды жинау, ұзақ, тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де нысандар.
5.24 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 12-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтаумен аэропорттар, теміржол және автокөлік вокзалдары.
5.25 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, толымдылығы отыратын орындар санынан көп емес қоғамдық көліктер.
5.26 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету орталығы.
5.27 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар.
5.28 Жұмыс режимі әдеттегідей айырбастау пункттері, оның ішінде банктік емес пунктері.
5.29 Күзет ұйымдары
5.30 Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.
5.31 Саябақтар, скверлер, олардың ішіндегі ойын және ойын-сауық нысандарының қызметін қоспағанда.
5.32 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 17-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік ара-қашықтықты, отырғызуды және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келушілердің саны 50 адамға дейін шектелген қоғамдық тамақтану нысандары(оның ішінде жазғы павильондар).
5.33 Барлық азық-түлік емес дүкендердің, оның ішінде сауда үйлерінің (орталықтардың) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.
5.34 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес базарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
5.35 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 42-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары, бассейндер.
5.36 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 14-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдардар.
5.37 Қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеумен), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білім беру орталықтары, үйірмелер (жазба бойынша).
5.38 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, күзет жән басқа мамандандаырылған ұйымдарды қайта оқыту үшін мамандандырылған оқу орталықтарын.
5.39    Көрермендерсіз, 50 орынға дейінгі ашық стадиондар.
5.40 Қапшағай қаласының РМҚК «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы».
5.41 Көрермендерсіз спорт нысандары, мәдениет нысандары.
5.42   Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсететін фитнес, спорткешендері.
5.43 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 11-қосымшасына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер) мен туризм нысаналары.
5.44 Балалардың коррекциялық кабинеттері (алдын ала жазу бойынша) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеу), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.
5.45 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 16-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни нысандар.
5.46 Шипажайлық-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына 41-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, жағалаудағы демалыс аймақтарын, жағажайларды қоспағанда, жұмысын 2020 жылғы 13 маусымнан бастап қайта бастауды.
5.47 Елді мекен аумағында қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған жағдайда балалардың ойын алаңдарын, кинотеатрларды және олардағы фуд-корттарды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары.
5.48 Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін нысандарды хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.
6.  Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 аурушандығының өсу қарқынына байланысты өзге де қатаңдату шараларын қабылдауға құқылы.
7.  Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және де басқа да тартылған мемлекеттік органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:
7.1 COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарлардың жұмысын;
7.2 COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупі болған адамдардың карантинін және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды;
7.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 29-қосымшасына сәйкес, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарлардың жұмысын;
7.4 Карантиндік стационарларды медициналық емес мақсаттағы ұйымдарда (қонақүйлер, жатақханалар, шипажайлар және т.б.) орналастыру кезінде оларды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді және эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтауды көздей отырып, тәулік бойы карантин талаптарының сақталуын бақылау бекеттерінің жеткілікті көлемдегі жұмысын;
7.5 COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызу үшін көп бейінді стационарлардың жұмыс істеуін;
7.6 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
7.7 Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, реанимациялық жабдықтардың және шығыс материалдарының қажетті санын сатып алуды;
7.8   Теміржол және автовокзалдардың кіреберісінде температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен;
7.9 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 30-қосымшасына сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді.
8. Меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылған ұйымдарда жұмыс істейтін барлық ұйымдардың басшылары елдің басқа өңірлерінен, аудандарынан, қалаларынан, облыстың елді мекендерінен іссапарға келген барлық тұлғалардың нәтижесін алғанға дейін CОVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін үй карантинінде оқшаулауын қамтамасыз етісін. COVID-19 зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдар жұмысқа қайтарылады, оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.
9. Аэропорттың басшылары қамтамасыз етсін:
9.1 Шетелден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жер үсті жабдығы мен көлігіне қызмет көрсететін жабдықтарды қорытынды дезинфекциялауды.
9.2 Әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.
9.3 Тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.
10. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы бөлімшелердің жұмысын, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.
11. Карантин шаралары кезінде жұмыс істейтін нысандарға мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:
11.1 Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.
11.2 Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.
11.3 Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперде мен қолғаптарды пайдалану.
11.4 Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу.
11.5 Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу.
11.6 Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.
12. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы (Ысқақ Б.) қамтамасыз етсін:
12.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 38-қосымшасына сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды.
12.2 Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда жеке төсектер бөлуді.
12.3 Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке провизорлық төсектер (стационарлар) бөлуді.
12.4 Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді.
12.5 Пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді.
12.6 Босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетуді қамтамасыз етсін. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өз қызметтік міндеттерін одан әрі жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады.
12.7 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді.
12.8 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес күдікті науқастардан материалды қауіпсіз алуды ұйымдастыруды.
12.9   Инфекциялық, карантиндік, провизорлық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды.
12.10   Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды.
12.11  Қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді.
12.12  Жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді қалпына келтіруді.
12.13  Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін.
12.14 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, барлық медициналық ұйымдардың таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін.
12.15  Стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді сақтауды.
12.16  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 32-қосымшасына сәйкес, медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігін.
12.17  Мәйіттерді ашу кезінде патологоанатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда (аутопсия) эпидемияға қарсы шараларды сақтауды – өзін-өзі оқшаулаусыз жұмысқа шығу кезінде дене температурасын өлшеуді қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулық жағдайын одан әрі бақылай отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды.
12.18 Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды.
12.19  Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ға жедел тестілеу жүргізу үшін үй-жайлар бөлуді және жарақтандыруды қамтамасыз етуді.
12.20  COVID-19-ға жедел тестілеуге арналған жедел медициналық жәрдем бригадасын жарақтармен қамтамасыз етуді.
12.21  Көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлуді.
12.22 Жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлерін СОVID бойынша чек – парақ бойынша, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау, СОVID – 19 – ға күдікті науқасты тексеру чек-парағын пайдалану бойынша қашықтықтан триажға үздіксіз оқытуды.
12.23 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес, іс-қимылы COVID-19 күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды.
12.24 Денсаулық сақтау ұйымдары үшін COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді.
12.25  COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамту арқылы жеке қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша нұсқама жүргізуді.
12.26  Клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19 науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (SARSCoV-2 ПТР РНК оң нәтижесі, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде шағымдардың, клиникалық симптомдардың және патологиялық өзгерістердің болмауы) пациент емдеуші дәрігердің шешімі бойынша, бөлім меңгерушісінің келісімімен және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқармаларының эпидемиологының келісімі бойынша шығарылады.
12.27 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 33-қосымшасына сәйкес, COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулауды.
12.28  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 34-қосымшасына сәйкес, клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйде карантинді және медициналық қадағалауды.
12.29 Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды.
12.30   Тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды.
12.31   Үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды.
12.32 Шет елден келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызуды.
12.33 COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шет елден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды.
12.34  Медициналық персоналды карантиндік стационарларға олардың орын ауыстыруын болдырмай (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шет елден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді) бекітуді.
12.35 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес, карантиндік стационарларының медицина персоналының 2-қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын.
12.36 СОVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды СОVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға СОVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді.
12.37  Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдарды зертханалық тексеруді (үй карантині) және медициналық бақылауды.
12.38 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының ІV бөлімінің 26 тармағының 7 тармақшасына сәйкес,   СОVID-19 зерттеулерінің ПТР оң және теріс нәтижелері күмәнді жағдайларда, ретестілеу жүргізу.  
12.39  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 35-қосымшасына сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізуді.
12.40  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31, 33, 34 қосымшаларына сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирустар тасымалдаушыларды медициналық бақылау және зертханалық тексеруді.
13. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы 50 орыннан асатын кәсіпкерлік субъектілеріне (нысандарына):
13.1 Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру.
13.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес Уақытша ережелер талаптарын жұмыста басшылыққа алу.
13.3 Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету, бетперделерді 3 сағат сайын, қолғаптарды 2 сағат сайын ауыстыру есебімен, антисептикткалық құралдарымен және қолды жууға арналған құралдарымен.
13.4 Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.
13.5 Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату.
13.6 Нысананың барлық үй-жайларында, тағайындалуына қарамастан экспозиясы кемінде 30 минут бактерицидті шамдарды пайдалану, әрбір 2 сағат сайын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарды өңдеу. Тек қолғаппен жұмыс істеу.
13.7 Қызметкерлер штатын минимумға дейін қысқарту, күнделікті термометрия күніне 2 реттен кем емес. Кешке барлық арнайы киім жібітіледі және өңделеді, күнделікті арнайы киімді ауыстыру және объект қабырғасында өңдеу. Бір рет қолданылатын арнайы киімді пайдалану ұсынылады.
13.8 Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) санитарлық-эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізуді қамтамасыз ету-қызметкерлер мен келушілерге арналған есіктердің, тұтқалардың, технологиялық жабдықтардың, үстелдердің, санитарлық тораптардың тұтқаларын дезинфекциялық салфеткалармен (немесе дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау, кварцтау.
13.9 Өнімді жеткізу кезінде тұтынушымен байланысты болдырмау, алдын ала клиентті телефон арқылы хабарлай отырып (қақпау, қоңырау шалмау, қоңырау шалу түймелеріне тимеу), есіктің жанында өніммен себетті қалдырып, тұтынушымен байланыс жасамау.
13.10      Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін объектіде жауапты қызметкерді бекіту.
14. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:
14.1 Аумақтағы Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулауды.
14.2  Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды.
14.3 COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан мәліметтер беру бойынша іздеуді.
14.4  Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды және үй карантиніндегі адамдарды күзетуді.
15. Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 20-қосымшасына сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитарлық-дезинфекциялық режим алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етсін.
16. Аудандық, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:
16.1 COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды.
16.2 COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді.
16.3 COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежесін анықтауды.
16.4 COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді.
16.5 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.
16.6 Халықты кепілді сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылау.
16.7 Әкімшілік шаралар қолданусыз, халыққа берілетін су сапасының санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі.
16.8 Карантин режимінің сақталуын бақылау шеңберінде азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарын қадағалау.
17. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:
17.1 Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту.
17.2 Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz ескерту. anti-corona.kz және әкімдіктердің ресми сайттары).
18. Шаруашылық субъектілерінің (объектілердің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы қаулының және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының талаптарын қатаң орындау.
19. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
20. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
21. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 31 мамырдағы «Алматы облысының аумағында карантинді алып тастау және уақытша шектеу шараларын қолдану туралы» № 13 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
22. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 


Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   Қ.Баймухамбетов

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет