Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 10 Маусым 2020

Биылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледж түлектері дипломды электронды форматта алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари онлайн брифингте айтты.

– Биылдан бастап барлық ЖОО-лар мен колледж түлектері дипломды қағаз түрімен ғана емес, электрондық түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Бұл не үшін қажет? Жұмыс беруші мен азаматтарда дипломның жасанды емес екеніне, сапасына қатысты сұрақтар туындап тұратыны жасырын емес. Дипломын растау үшін жұмыс беруші мен жас маманның көп уақыты кетеді. БҒМ-ға жыл сайын дипломның заңды екенін растау үшін 500 мыңға жуық өтінім келеді. Оны растау үшін көп уақыт қажет, – деді Рүстем Биғари. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 1992 жылдан бергі 2,5 миллион диплом мәліметтер базасына енгізілген. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнын 1992 жылға дейін бітіргендердің тарихи мәліметтері жиналып жатыр. – Биыл біз барлық дипломды цифрландырдық. Білім және ғылым министрлігі сайтынан базаға енгізілген дипломды онлайн режимде тексеруге болады. Жұмыс берушінің де, жұмысқа тұратын азаматтың да уақыты мен ақшасы үнемделеді. Енді дипломның заңды екенін растау үшін нотариусқа барып, ақша төлеудің қажеті жоқ. Жыл соңына дейін бұл жұмысты толық аяқтаймыз, – дейді ол.

Дереккөз: qamshy.kz

Published in Санаты жоқ

Қазақ топырағында, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фараби – тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген ұлы бабамыздың биыл 1150 жылдық мерейтойы.

Білімін бүкіл әлем мойындаған Әбу Насыр әл-Фараби жайында тарих парақтарында қандай пікірлер қалған? Топтастырып, ұсынып отырмыз.

 

Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналысқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам  грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа емес, тек соның есімі аталуы керек.

А.Мюлер,

немістің шығысзерттеушісі

 ***

Әл-Фараби Аристотельдің "Физикасын" қырық рет, "Риторикасын"

екі жүз рет, "Жан туралы" кітабын жүз рет оқыған екен.

Неткен таңғаларлық еңбек!

Г.Гегель,

немістің ұлы философы

 ***

Исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ. Оның ілімін қастерлегендер «Екінші ұстаз» деп дәріптеді. Дүниеде төрт ғажап адам болған. Олар: Аристотель мен Александр Афродезейский және Әбу Насыр мен Әли ибн Сина.

Захир ад-Дин әл Байһақи,

араб тарихшысы

 ***

...Ал Әбу ше?

Кеңге жайды ол қанатын.

Әбуіміз – әрі ғалым, әрі ақын,

Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз

Әбу Насыр әл-Фараби болатын.

Мұхтар Шаханов,

Қазақстанның Халық жазушысы

 ***

Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби – «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алар болсақ, әл-Фараби бір өзі ғана – бас король. Басқаша айтқанда, музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған.

Г.Фармер,

араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым

Published in Мақалалар

Сәбидің  бұл өмірдегі ең жақын адамы – ана. Тоғыз ай тоғыз күн жүрегінің астында ұрық болып жаралғаннан жарық дүниеге  келгенге дейін, ана сүтінен нәр алып, апыл-тапыл аяғын басқаннан кәмелетке келгенге дейін де ана жүрегі бала деп соғады. Көзі тірісінде ана  ешуақыт  баласын назардан тыс қалдырмаған.

Бірақ, бұл өмірде не болмай жатыр. Ойнап жүріп от басқан бойжеткендермен қатар әлі ана сүті аузында кеппеген жасөспірімдер жүкті болып, өмірге жасырын әкелген шақалағын қоқыс контейнерге, жол жиегіне лақтырған сұмдықтар да болып жатқаны  бүгінгі өмір шындығы.

Бірақ бүгінгі мақалада айтпағымыз сәбиге деген екі түрлі көзқарас, екі түрлі тағдыр талқысы туралы. Карантин кезіндегі шектеулерге қарамастан аудан әкімінің  бірінші орынбасары Айбек Бидаев басқарып, өткізілген «Кәмелетке толмағандар  ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияның  екі-үш  отырысында  қатарынан қаралған  ауданымыздың бір ауылының тұрғыны Е. ныспылы азаматшаның кезінде анасы уақытша қалдырып кеткен А. есімді баланы қорғаншылыққа  алу туралы өтінішін қарау мәселесі талқыланған болатын.

Жазылып отырған мақалада өмірде болып жатқан оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлерді, мекен-жайы мен аты-жөндерін тікелей атамай тек басқы әріптерімен  ғана көрсетуімнің  себебін оқырман түсінер деп сенемін.  Өйткені А. есімді баланы бағып-қағып өсірген Е. ныспылы анада еш кінә жоқ. Өз балаларымен қатар  кемшілік көрсетпей бағып-қағып, өсіріп отырған  екен. Тек  ол баланы  құжаттандыру бүгінгі күннің талабы:  денсаулық сақтау, білім беру салаларын ғана атап өтсек болғаны –  құжатсыз ешқандай  қызмет көрсетілмейтіні  белгілі.

Заң талабы бойынша  баланы қорғаншылыққа алу үшін оның анасының, иә әкесінің әрі кетсе атасы иә әжесінің, яғни сәбидің ең  жақын туысқанының келісімі керек.

Сәбидің туған анасы  әртүрлі себептермен оның ішінде отбасын құруға  талпыныс та болу керек, баламен де, оны бағып отырған отбасымен де байланыс-ты үзіп алған екен.

Мемлекетіміздің кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау заңына сүйене отырып аудандық комиссия төрағасы А.Бидаев білім бөлімі мен оның жауапты қызметкерлері, ювеналдық полиция баланың анасын да, анасының  анасын да тауып комиссияның  кезекті  отырысында үш жақтың да уәждерін тыңдап,  баланы  анасына қайтару керек деген шешім қабылдады. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған  қазақпыз деп, мемлекеттің, яғни жасөспірімдер құқығын қорғау  комиссиясының құзырындағы егер бала қараусыз қалатын болса мемлекет баланы өз қарауына Заң негізінде алуға құқылы деген комиссия төрағасы Айбек Бидаевтың сөзімен аяқтауға болар  еді. Бірақ  мақаланың басында аталған  Е. ныспылы азаматшаның, оның жұбайының  адамгершілік қасиеттерін ерекше айтып өту керек.

Анасы баға тұруға қалдырып кеткен баланы жатсынбай, өгейсінбей өз балаларынан кем қылмай  өсіру үлкен жүректі, адамгершілікті талап етеді. Баланы туған анасына  қайтаруға келісім бере тұрып (Заң талабымен) Е. қылмастық көз жасын да жасыра алмады.

Әлбетте жас сәбиге де бауыр басқан отбасын, тай-құлындай  тебісіп өскен балалардан бөлініп, туған да болса өз анасына, жаңа ортаға бейімделіп кету оңай емес.

Тек сол сәбиді бағып-қаққан отбасы мен туған анасының  арасындағы, адами қатынас үзілмесе екен деп тілейік.

 

Х.Қасымұлы

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 10 Маусым 2020 11:54

АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ

Егер де, Сізде артериалдық гипертензия анықталатын болса, онда міндетті түрде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) емханаға диспансерлік тіркеуге тұруыңыз қажет. Осы көмектің аясында тұрақты түрде дистанциондық бақылау жүргізіледі.
Кімнің және қандай кезеңділікпен тексеруден өту жиілігін, тапсыратын анализдер түрлерін төменде ұсынылған инфографикадан көруге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

***

АРТЕРИАЛЬНАЯ ГИПЕРТЕНЗИЯ
Если Вам диагностировали артериальную гипертензию, Вас обязательно должны поставить на диспансерный учет в поликлинике и в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) проводить регулярное дистанционное наблюдение за вашим состоянием.
Кто и с какой периодичностью проводит осмотр, какие анализы необходимо сдавать при этом заболевании, вы можете узнать из инфографики. см. ниже.
Филиал по Алматинской области
НАО «Фонд обязательного социального медицинского страхования»

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет