Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2020 09:32

Асық атудан жарыс өтті

Жақында Тескенсу ауылдық округіне қарасты Толқын орта мектебінің спорт залында аудандық жастар ресурстық орталығы мен Толқын орта мектебінің дене шынықтыру пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен ұлттық ойындарымызды насихаттау мақсатында «Асық – қазақтың ұлттық ойыны» атты аудандық асық ату жарысы өтті. Талап бойынша жарыс екі кезеңнен тұрды. Мерген балалар сақаны иіріп жіберіп асқан бір құмарлықпен ойынның сәнін кіргізді. Сақа сарт етіп тиген асық, шыр көбелек айлана шеңбер ішінен шыға берді. Ненедей мықты мерген жігіттер ұлттық дәстүріміздің әлі де өміршең боларын меңзегендей сыңай танытты. Сайыс қазылар алқасы тарапынан әділ бағаланды. Нәтижесінде, 1-орынды Асы ауылдық округінен Айбар Алмухамбет алса, 2-орынды Толқын ауылынан Мақсат Жетпісбай еншіледі.…
Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:26

Ат тұяғын тай басар

Алматы қаласы ішкі істер басқармасының құрамындағы Алмалы аудандық полиция бөлімінің қылмыстық істер іздестіру қызметінің басшысы Қанат Жақыпбаев жыл сайын халықаралық, әлемдік жекпе-жек спорт жарыстарына қатысып жүргенін және бірінші орынды үздіксіз алып жүргенін газетіміз жариялап тұрады. Міне, енді Қанаттың туған інісі Сұлтан Қанет Евразиялық комбат джиу-джитсу федерациясының ұйымдастыруымен Алматыда өткізген халықаралық жарысында 70 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Қазақ жастары жекпе-жек спорт түрлерінен, әсіресе бокс, ережесіз жекпе-жек, шығыс жекпе-жектерінен басқа елдер спортшыларынан оқ бойы озық тұр десек артық айтқандық емес. Соның бір дәлелі – көптеген әлемдік жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген Қанат ағасынан қалыспай, өкшелей қуып келе жатқан Қанет…
Жұма, 13 Желтоқсан 2019 10:27

Каратэ – чемпионат Азии

В День Первого Президента, 1 декабря 2019 года, в Казахской академии туризма и спорта г.Алматы состоялся первый чемпионат Азии по восточным единоборствам «Всестилевое каратэ». Соперниками казахстанцев были каратисты из Японии, Южной Кореи, Монголии, Кыргызстана, Российской Федерации, Таджикистана, КНР, Азербайджана, Украины. Чемпионат проходил по правилам стиля каратэ Кекусинкай, в котором наши бойцы традиционно сильны, что они и доказали в ходе поединков. В составе сборной Казахстана были каратисты, занимающиеся у преподавателя Каракемерского профтехколледжа, обладателя черного пояса Кекусинкай, мастера спорта по каратэ-до и рукопашному бою Бекмурата Максутова. Десять из пятнадцати его воспитанников, принявших участие в чемпионате, показали отличные результаты. Титул чемпиона Азии в…
Жұма, 13 Желтоқсан 2019 09:11

Мергендер сайысы

Ұлы Отан соғысының ардагері Ә.Молдағұлованы еске алуға арналған қыздар арасында аудандық «Жас мерген» сайысы өтті. Әскери сайысқа аудандық дене шынықтыру және әскери дайындық пәнінің әдіскері Қайрат Аукенов, «Жас қыран» патриоттық спорттық клубының жетекшісі Тұрсын Рысбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен Еркінбек Алтынбеков қатысты. Мектеп басшысы С.Темірбекова Ә.Молдағұлова өмірінен ой қозғап, кейінгі ұрпақтарға үлгі тұтуды насихаттады. Жас мергендер өз дәрежесінде сайыс өнерін көрсетті. Нәтижесінде, І орынды Аймен орта мектебі, ІІ орынды Көктөбе орта мектебі, ІІІ орынды А.Бертаева атындағы орта мектеп еншіледі. Х.Абдуллин атындағы орта мектебі алғыс хатқа ие болды. Аймен орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ақбота Сүйеніш «Мерген қыз» номинациясына лайық деп…
Сейсенбі, 12 Қараша 2019 16:11

Айбынды жастар алға шықты

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұйым-дастыруымен колледждің спорттық алаңында «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойыны өткізілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Мәди Бердібаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс АК-74 бөлшектеу және жинау жаттығулары, белтемірге тартылу, кір тасын көтеру(16 кг), алыс қашықтыққа жүгіру, арқан тартыс сынды 5 кезеңнен құралып, оған аудан бойынша 8 команда қатысты. Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша 3 орын Қаракемер ауылдық округінің жастарына бұйырса, жүлделі екінші орынды Масақ ауылдық округінің жастары иеленді. Жалпы кезеңдер бойынша үздік көрінген Есік гуманитарлық-экономикалық колледж жастары бірінші орынды қанжығаларына байлады. Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. Арайлым…
Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 11:09

Чемпионат по унибою

Недавно в физкультурно-оздоровительном комплексе г. Есика состоялся чемпионат Алматинской области по универсальному бою, в котором за чемпионские титулы сражались 200 юных поклонников восточных единоборств. Целью чемпионата был отбор спортсменов на чемпионаты республиканского и мирового уровня, а также подготовка молодёжи к службе в Вооружённых Силах и учебных заведениях силовых структур РК, поднятие патриотического духа молодёжи. Соревнования прошли на должном уровне благодаря чёткой организации и опыту президента федерации универсального боя Алматинской области, подполковника МВД в отставке Ялкунжана Садыкова, который еще в 1999 году на базе РУВД Енбекшиказахского района создал клуб единоборств для подростков «Юный полицейский». За время работы клуба мастер спорта, чемпион…
Англияның Мэн аралында Grand Swiss Халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі – 11 турға созылатын ұзын қашықтықты жарыс болып табылады. Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты.Турнирдің деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқа шахматшылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады. Турнирде қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті. – Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды! – дейді Динара. – Күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым – дегенмензор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат…
Дүйсенбі, 28 Қазан 2019 15:55

Ауданның қос жұлдызы

Осы аптада аудан әкімі Бинәлі Ысқақ Азия чемпионатында жүлдегер атанған ауданымыздың қос жұлдызын қабылдады. Осы айда Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында 3 орын алған Аружан Арман 44 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Бапкері Абай Сырғабаев. Ал Мақпал Ерболатқызы 80 кг салмақ дәрежесінде Біріккен Араб Әмірлігінің Аль-Фуджера қаласындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында бокстан Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралған. Былғары қолғап шеберінің бапкері бокстан халықаралық дәрежедегі АІВА төрешісі Тілек Манап. Қос спортшыны бапкерлерімен қабылдап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстаған аудан басшысы спортшыларға жағдай жасау керектігін алға тартты. Көпбалалы отбасынан шыққан қыздарға еш нәрсеге алаңдамай, тек спортпен айналысуды тапсырды. Ал…
Дүйсенбі, 21 Қазан 2019 16:47

«Спорт – бейбітшілік елшісі»

Жаңашар ауылдық округінде, жастар жылы аясында Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Мәңгілік Ел тұғыры» ҚҚ қолдауымен «Спорт – бейбітшілік елшісі» атты жастар арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Тартысты жарыста 9 команда жүлдеге таласты. Бірінші орын «Космос» командасына бұйырды. 2-ші орынды «Бәйтерек» командасы иеленсе, үшінші орын «ЕГЭК» командасына берілді. Сондай-ақ, «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік шабуылшы» аталымдары бойынша жүлде тапсырылды. Г.Лавьяева, Жаңашар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» атты жобасы аясында Тескенсу ауылының 90 жылдық мерейтойына орай футболдан аудандық турнир өткізілді. Жарысқа 8 команда қатысып, ойын тартысқа толы болды. Нәтижесінде, жеңімпаз командалар анықталып, І-орынды Ашысай командасы, ІІ-орынды Тескенсу командасы, ІІІ-орынды Қазақстан командасы иеленді. Командалар кубок, диплом, сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның мақсаты – аудан жастарын саламатты өмір-салтын ұстануға шақыру. Жастар арасында достық қарым-қатынас орната отырып, белсенділіктерін арттыру. Жәнібек Болғамбай, Тескенсу ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.
Page 1 of 8
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет