Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 24 Маусым 2020

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы.

Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді.

Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті.

«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», - деді Алик Шпекбаев.

Ұлттық пошта операторының басшысы Сакен Сарсенов: «Марка шығару - Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті.

Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.

Published in Санаты жоқ

Мектеп бітіруші түлектің кезекті рет білімін сынайтын сынақ басталды. 21 маусымнан бастап өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде.

Биылғы жылы Алматы облысында 15 526 адам мектепті аяқтаса, соның ішінде 11 589 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген. Облыста 16 ҰБТ өткізу пункттері жұмыс істейді. Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық сынақтан өтушілер залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді.

«Білім сынағына тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамында арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым өкілдері кіреді», - дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

ҰБТ өткізілген үш күнде 4093 оқушы өтініш берген, оның 98-і тестен өтуден бас тартса, 15- сырқаттанып қалған екен. Үш күннің ішінде сынақ тапсырушылардың 47-і ереже бұзған. Осылайша тестен шеттетілген. Соңғы үш күннің ішінде 3933 оқушы білім сынағынан өткен.

Маусым айында тестілеуге кіргізілмеген, немесе ҰБТ нәтижелері жойылған болса түлек қаңтар айында екінші мәрте сынақтан өте алады. Шекіт балл жинаған жағдайда түлек ЖОО-на ақылы негізде оқуға түсе алады

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет