Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 15 Маусым 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі бойынша пациенттерге арналған жадынама

Үй карантинінде жатқан адамға нұсқаулық:

- Үйден шықпау керек.

- Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Медициналық масканы нығыз жабыстыра тағып, екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет.

- Тамақ ішер алдында, сонымен бірге дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүртуді ұмытпау керек. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдалану керек.

- Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек.

- Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.

 

Үй карантинінде болған жағдайда қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

- Үй карантиніндегі адам смартфонына Smart Astana мобильдік қосымшасын орнатып, қосымшаға барлық рұқсатты (GPS, WIFI, Bluetooth) беру керек.

- «Мен карантиндемін» режимін қосып, үй карантині біткенше оны өшірмеуі керек.

- Телефон әрдайым өшпей, интернетке қосылып тұруы керек.

- Мобильдік қосымша әрдайым белсенді түрде немесе ұялы телефон бетіндегі режимде тұруы тиіс (қосымшаның істеп тұрғанын хабарландырулар немесе мәртебе виджетінен көріп отыруға болады).

- Үй карантині қызметін пайдалану кезінде қолданушы GPS, Bluetooth немесе WIFI режимін өшірмеуі тиіс.

 

Үй карантині қамтамасыз етілген отбасындағы адамдарға нұсқаулық:

- Бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек.

- Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдыңғы бөлігін ұстамау керек.

- Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн.

- Бөлмені күніне екі рет желдеткен дұрыс.

- Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек

- Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

- Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек

- Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

- Отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс.

- Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек.

- Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Published in Санаты жоқ
Дүйсенбі, 15 Маусым 2020 09:28

Туған жердің өткені мен бүгіні

«Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі...» – деген еді Елбасы Н.Назарбаев. Расында, әркімнің туған жері өзіне ыстық. Қаншама ғасырлық тарихы бар Рахат ауылы да талай түлек түлеткен қасиетті мекен. Рахат ауылдық округі – ауданымыздың шекарасында орналасқан ірі елді мекен. Қойнауы жасыл баққа, көрсең көз тоймайтын сұлу табиғатқа толы мекеніміздің тамыры тереңде жатыр, сонау сақ дәуірінен бастау алады.

«Есік» қорық-музейінің берген мәліметтеріне сүйенсек, жалпы аумағы 5,2 гектар болатын Рахат қалашығы 1999 жылы ашылған. Рахат қала жұрты  Есік қорымынан оңтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта тау бөктерінде, Есік – Талғар жолының бойындағы Рахат ауылына жанаса орналасқан. Қалашық тауды бөктерлей шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Мұнаралы қамал қабырғалары, орлар анық көрінеді. Қоныстың орталық бөлігінде тау жағынан 10 метр, солтүстік жағынан жазық даламен шектесетін тұста 50 метр болып келетін трапециялық үлгідегі төбе бар. Орталық бөлікті айнала жасалған орлар маңайында өте ыңғайлы фортификациялық құрылысқа айналған, жасанды баурайлар мен дуалдар орын тепкен. Рахат қалашығы сақ патшаларының қонысы болған және осы жерден «Алтын адамның» сүйегін шығарған деген болжам бар.

– 2004 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты қызметкерлері Рахат қалашығына алғашқы барлау жұмыстарын жүргізіп, Есік қорымдарымен сәйкес келетін мәдени қабатты тапқан болатын. 2017 жылдың мамыр айында  «Есік» қорық-музейінің кешенді археологиялық экспедициясы қалашық орнына барлау жұмыстарын бастады. Экспедиция құрамына қорық-музей қызметкерлері мен ҚХР-ң мамандары кірді. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Шәнси аймақтық археология институтымен (ҚХР) арадағы әріптестік туралы келісім-шарт бойынша бірлескен барлау жұмыстары алдағы 5 жыл бойы жүргізілетін болады. Осыдан кейін ғана ескерткішті фундаментальды археологиялық зерттеу жұмыстарының жоспары жасалатын болады – дейді музейдің бөлім жетекшісі  Досым Зікірия. Сөзіне сүйенсек, 2017 жылдың 7 шілдесінен бастап «Есік» қорық-музейі қызметкерлері мен қытай мамандарының Рахат қалашығындағы бірлескен жұмыстары басталған. Археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде ерте темір дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықтағы бірнеше бұйымдар табылған. Барлау жұмыстарының көмегімен қалашық орнының аумағы шамалап белгіленген.   Осындай барлау жұмыстарының бірінде табылған қыш күйдіруге арналған пеш сол маңдағы төбелердің қолдан тұрғызылғандығы туралы ойды одан әрі бекіте түскен.

Бұл Рахат ауылының әрідегі тарихы. Одан кейінгі кезеңдерде ауыл талай оқиғаларды бастан өткеріп, Кеңес үкіметі тұсында өзгелерге үлгі боларлық ұжымшар еді. 1930 жылдары Шарықбаев Жамаш Рахат ұжымшарының бірінші төрағасы болған. Сол кездегі ауылдың тұрмыс-тіршілігін білу мақсатында Рахатқа ат басын бұрып, ауыл ақсақалы Нұрәлі Жарылқасымовпен тілдескен едік. 1941 жылы осы ауылда дүние есігін ашқан ақсақал әлі күнге дейін Рахатта тұрады. Бар өмірі өзінің туылған ауылында өткен. Ұл-қыз өсіріп, немере тәрбиелеп отырған Нұрәлі ата ауылдың тарихын ұжымшарларды біріктіру кезеңінен бастады:

– Мен 1941 жылы Рахат ауылында дүниеге келдім. Ол кездері округке қарасты Азат, Қайназар, Рахат, Өрікті ауылдары өз алдына жеке төрт ұжымшар болған. 50 жылдары Рахатты Өріктімен, сол кездегі Красный востокпен қосып, Ильич атындағы ұжымшар құрылды. Ал Қайназар мен Азатты қосып, партияның 20 съезі атындағы ұжымшар атанды. Кейіннен осы екі ұжымшар, төрт ауыл Ильич атындағы ұжымшарға біріктіріліп, төрағасы Жолдан Иманқұлов болды – деп еске алады ақсақал. Айтуынша, Жолдан Иманқұлов білікті басшы, тәжірибелі ұйымдастырушы бола білген. Жолдан Иманқұлов Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланған, ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген азамат болған. Жолдан Иманқұлұлының тұсында ұжымшар әлеуметтік жағдайы көтерілген. Сол кезеңде әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған шарап зауыты салынған. Адамдардың еңбегіне ақшалай ақы төлене бастаған. Оның алдында, төрт ауыл жеке ұжымшар болып тұрған тұста, әр адамның еңбек еткен күні есептеліп, жыл соңында астық берілетін.

Ұжымшар негізінен егін шаруашы-лығымен, астық өсірумен айналысқан. Рахатта 1500 бас сауын сиыр ұстайтын сүт тауарлы фермасы жұмыс істеген. Сонымен қатар, әр бөлімшеде алма бақтары өсірілетін. Ұжымшарда 38 мыңға жуық қой болған. Төрт түлік 2 айға жуық жайлауда болып, Сарытауқұмнан Қараойға көшіп келгеннен кейін, сол жерде жүнін қырқады. Қыркүйек айында ауыл төңірегінде біраз болып, Қараойға қарай жөнелтіледі. Қараша айында Сарытауқұмға апарылып, сонда қыстайтын.

60 жылдары Қараойда 2-2,5 мың гектарға дейін арпа егілетін. Сол жылы жауын-шашын көп түсіп, су мол болса егін бітік шығатын. Құрғақшылық болса сепкен дәнді де қайтарып ала алмайтын кездерді де рахаттықтар басынан өткерген. Кейбір жылдары өнім мол болып, орылған арпа ауылға жеткізілетін.

Тарихқа көз салсақ ашаршылық пен қуғын-сүргін кезінде көптеген рахаттықтар құрбан болған. Ол кездерді көзімен көрмеген Нұрәлі ақсақал бұл жайында айта алмайтындығын жеткізді. Алайда, Рахат  ауылында  2008 жылы  1930   жылдардағы  ашаршылық  құрбандарына арналған  ескерткіш бой көтерген. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, сол  аймақтан әрдайым адам сүйектері табылып тұрған екен. Ашаршылық  кезінде  көптеген адамдар  осында жерленген деген жорамал бар.

Ауылдың тыныс-тіршілігін еске алған Нұрәлі ата ұжымшарды басқарған төрағаларды да тізіп өтті. Жолдан Иманқұловтан кейін Балтабайда бас инженер болып жүрген жерінен ауысып келген Нүсіп Мэлсбаев ұжымшарға төраға болған. Аудандағы басшылармен келісе алмай, аз уақыттан соң орнына Кеген жақтан келген Ақан Нұрғожаев төрағалық етті. Рашид Қамбарұлы, ауданды басқарған Смади Абдиев те ұжымшарды басқарған. Ильич ұжымшарының соңғы төрағасы Бағжан Сабаншиев болған.

– Қытайдан қазақтар мен ұйғырлар 1955 жылдан бастап келе бастады. Оған дейін аз ғана ұйғыр мен шешен, түрік ағайындармен тату-тәтті өмір кештік. Іргетасы тастан тұрғызылып, қабырғасы балшықтан қаланған «тоқал тамда» тұратынбыз. Үйдің төбесіне бөрене тастап, қамыспен жауып, үстін балшықпен 50 сантиметрге дейін сылап қоятын. Екі ауыз үйдің кіре-берісінде қазан-ошақ болатын. Ол бөлмеде ас дайындалады. Түпкі жатын бөлмеде қыстыңгүні темір пеш қойылады. Қыста мал туса, төлі ауызғы бөлмеге кіргізілетін. Түрік ағайындар қыстай таудан алма, өрік ағаштарын тасып от жағатын. Қазақтар үйін малдың тезегімен жылытатын. Ұйғырлардың «каң» деп аталатын пешін де сол кезде көргенбіз. Ауызғы үйден от жаққанда түтіні қара кірпішпен жасалған құбыр арқылы екінші бөлмені айналып шығатын. Сол құбырдың үстінде балалар ұйықтайтын – деп еске алады Нұрәлі ақсақал. Айтуынша, ол кезде барлығы бірдей өмір сүрген. Жұртшылықтың тіршілігі бір сарында болатын.

– Аллаға шүкір, қазір не ішеміз, не киеміз деп қиналмаймыз. Кеңес үкіметі тұсында мен анамның аяқ киімімен мектепке барып келетінмін. Жалғыз мен ғана емес, ауыл балаларының барлығы бір киімді кезектесіп киетін. Мұндай тапшылық барлық ауылдарда болды. Ашаршылық көрмесек те, жетіспеушілік болатын – деп таршылық көрген күндерін еске алған ата бүгінгі күн – қазақтың маңдайға біткен бағы екендігін айтты.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Дүйсенбі, 15 Маусым 2020 09:08

Услышьте и задумайтесь

У каждого человека есть свой любимый город. Чаще всего тот, где промчалось его детство, с которым связаны самые дорогие сердцу воспоминания.

Города как люди – у каждого своя судьба,  лицо,  история и характер. Мой любимый город Есик расположен у подножия хребта Заилийского Алатау. Это так красиво – маленький городок, а вокруг горы.  Вспоминаю, как детьми мы катались с горки недалеко от курганов, и соседская девочка  мне крикнула: «Нашли Золотого Человека, идем смотреть!» И мы, наравне со взрослыми, побежали через поле к месту раскопок. Я видела, как археологи бережно очищали останки загадочного сакского вождя и собирали бесценные артефакты. С обретением независимости  на курганах открылся музей-заповедник «Есiк», в который приезжают  гости со всего Казахстана и из других стран. Они восхищаются нашими живописными местами, знакомятся с достопримечательностями, говорят, что хотели бы тут жить. В сравнении с прошлым мой город «дышит» уже в другом ритме. Он стал намного краше, его не узнать. Открываются деловые и торговые центры, разбиваются  парки и скверы, строятся новые жилые дома. Растет население, стало шумно и людно. Меня удручает одно – я не всегда вижу Есик чистым и ухоженным. Люди стали  мусорить на улицах, даже там, где установлены урны. Много курящих, которые бросают окурки на землю. Сейчас активно идет благоустройство улиц.  В обновление дорог, прокладку тротуаров  вкладывается масса средств и труда. И тут же, в двух шагах, видишь стихийные свалки.   Какое-то безразличие к своим поступкам… При взгляде на все это невольно рождаются стихи:

Жестокий век, жестокие сердца,

живем мы в мире только для себя.

Добра лишь для себя хотим,

а зла всегда другим желаем,

и словно яму им  копаем.

Кто мы? Зачем мы рождены?

Что в жизни сделать мы должны?

Каждый должен задать себе вопрос: «Что я могу сделать для тебя, любимый город, чтобы ты процветал ради будущего?»  Хочется крикнуть: «Ау, люди, услышьте меня! Давайте будем бережно относиться к  Родине, к месту, в котором родились и живем, к городу, аулу нашего детства…»

 

Гульбану ЖАКУПОВА

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет