Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 09 Маусым 2020
Сейсенбі, 09 Маусым 2020 11:17

Тарихыңды таны, жас өркен

Еңбекшіқазақ – қойнауы кенге, жайлауы малға толған қасиетті мекен. Шыбық ексең тал болған, алма, жүзім,  өрігі – ашыққанға нәр болған өлке. Осынау киелі өлкенің топырағында туып, тауында өскен әрбір азамат Ер болмаса, Өр болмаса өзіне сын. "Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары" демей ме көнекөздер. Ауданымыздың қасиетті өлкелеріне сәл сапарлайық! Қаперіңізге: видеороликтің шығуына қолдау білдірген - Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі. Ұйытқы болған – "Мәңгілік Ел тұғыры" ҚҚ.

Published in Санаты жоқ

?Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында тіркелуі талап етіледі. ?
Бұл базада тіркелу өте оңай. Толығырақ Oqy&Toqy айдарында:
1. Egov.kz порталына кіріңіз
2. Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз
3. Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз
4. Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
5. ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз
6. Сіз тіркелдіңіз!
Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Услугополучатели, зарегистрированные в базе мобильных граждан, могут не только пользоваться всеми услугами и сервисами портала egov.kz, например, получить ЭЦП или справки с помощью мобильных приложений Telegram бот EgovKzBot2.0 и egov mobile, но и воспользоваться проактивными услугами.
❗️Есть два способа онлайн регистрации в базе мобильных граждан:
1) через Виртуальный ассистент Kenes:
- нажать на Виртуальный ассистент Kenes, расположенного в правом нижнем углу страницы egov.kz и выбрать предпочитаемый язык;
- нажать на иконку в нижней панели ассистента и на кнопку «Видеозвонок» под текстом «Регистрация в Базе мобильных граждан»;
- после приема видеозвонка оператором показать свое удостоверение личности, продиктовать ИИН, номер телефона и одноразовый пароль.
2) через «Личный кабинет» портала egov.kz:
- зайти в «Личный кабинет» портала egov.kz, в графе «телефон» указать номер мобильного телефона и подписать запрос ЭЦП.
Будьте #втеме!

Published in Санаты жоқ

 

Демократияның бірден-бір көрінісі саналатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бүгінгі күні елімізде даму жолында. Бұл жүйе Қазақстанға шетелдік тәжірибе арқылы келсе де, халқымыз үшін таңсық нәрсе емес. Ерте заманнан-ақ қазақ халқы ауылдарда өздерінің көшбасшыларын сайлап, ақсақалдар, белсенді азаматтар билік ісіне араласып отырған. Жерглікті мәселелерді ортаға салып, өз арасында шешімін тапқан. Бүгінгі жергілікті өзін-өзі басқару ертеден келе жатқан басқару жүйесінің жалғасы іспеттес. Ауыл азаматтарын билік ісіне араластыру мақсатында қабылданған заң қазіргі уақытта өз жемісін беруде. Әсіресе, ауылдық округтерде құрылған жергілікті қауымдастықтың жұмысы жандануда. Оны күнделікті өмірде көріп, біліп жүрміз. Мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Асыл Байтулақов та осы пікірді ұстанады. Десек те, бұл жүйені қарапайым азаматтарға әлі де түсіндіру керек деген ниетті. Оны Асыл Байтулақұлымен жасаған сұхбат барысында айтып өткен болатын.

– Құрметті Асыл Байтулақұлы, осы уақытқа дейін бірнеше округте басшы болып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына өз үлесіңізді қостыңыз. Қарапайым азаматтар үшін бұл жүйе қаншалықты тиімді?

– Аты айтып тұрғандай, жергілікті тұрғындар өзін-өзі басқаруға, яғни, елді мекеннің мәселесін шешуге мүмкіндік алады. Бұл жүйе ертеректе де қазақ даласында жүзеге асқан. Еліміздің тарихында жергілікті өзін-өзі басқарудың дәстүрлері бар. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы орта ғасырдың өзінде түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар өкілеттігінің барлық саласын анық бөле білген. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кезінде өзіміздің тарихымызды, рулық және ауылдық басқару саласында пайдаланылған құндылықтар ескеріле келе, жүйенің заман талабына сай үлгісі жасалған. Бүгінгі таңда аталған жүйе ауыл тұрғындарына ғана емес, мемлекет үшін де тиімді болып отыр. Айталық, жергілікті атқарушы билік ауыл ішінде, тұрғындар арасында қандай проблемалық мәселе бар екендігін жетік білмеуі, елді мекен үшін бірінші кезектегі маңызды мәселенің шешімін қалай табу керектігін ескермеуі мүмкін. Осы тұста округте құрылған жергілікті қауымдастық өкілдері тұрғындардың ұсынысын жеткізіп, талап-тілектерін ортаға салып, ортақ шешім шығарады.

– Басқару жүйесіне ауыл тұрғындары белсене араласады ма?

– Шыны керек, әлі күнге өзін-өзі басқару жүйесінің не екенін білмейтін азаматтар да бар. Кейбір қауымдастық өкілдерінің өзі округтің тыныс-тіршілігіне белсене қатыспайды. Сондықтан болар, жүйенің шикі тұстары әлі күнге түзелмей келеді. Мысалға, ауылда мектеп, балабақша немесе емхана салынса, қаражат жоғарыдан бөлінеді. Тиісінше, құрылысы аяқталған нысанды қабылдап алу жоғарғы жақтан басталады. Ең соңында жергілікті атқарушы орган қол қояды тиісті құжатқа. Содан болар, қазіргі қолданысқа берілген нысандардың сапасына деген тұрғындардың наразылығы көптеп туындауда. Оны болдырмас үшін, жергілікті қауымдастықтың өкілдері белсенді жұмыс жасауы керек секілді. Елді мекенге салынып жатқан ғимараттардың сапасын бақылауға алса және де сол нысанның қабылдау актісіне қол қою қауымдастық пен ауылдағы билік өкілдерінен басталса мәселе оң шешімін табар еді.

– Бүгінде жастардың тәрбиесімен қауымдастық өкілдері айналысып жатыр ма?

– Әрине, тұрғындар арасынан сайланған қауымдастық мүшелері ауылдағы барлық жұмыстарға атсалысады, жастар тәрбиесімен де айналысады. Алайда, тәрбие ісінде ұйымдастырушылық пен бірізділік жоқ. Ежелгі қазақ даласында ауылдың сотқар азаматтарының  мәселесін ақсақалдар мен билер алысқа апармай-ақ, өз арасында шешіп, тезге салған. Мен әкім болып тұрған тұста да бұл жұмыстар атқарылды. Бірақ, тиісті деңгейде емес. Бүгінде учаскелік полиция инспекторы ауылдағы бұзақылықты көптеп анықтап, кінәлілерді жазаласа, жоғарғы жақ сол елді мекенде жұмыс атқарылып жатыр деп есептейді. Ал аталған қылмыстар тіркелмеген жердің учаскелік инспекторы «түк бітірмеген» деп саналады. Сондықтан, өзінің абыройын ойлаған тәртіп сақшысы кінәліні жазалауға асығады. Меніңше, бұл жағдайға керісінше қарау керек. Ауылда қылмыс оқиғасы тіркелмесе, демек, учаскелік инспектор өз жұмысын тиісінше атқарып жүр деген сөз. Сонда ғана, ұсақ қылмыс жасаған азаматтарды учаскелік полиция, әкімдік, қауымдастық өкілдері үш жақтан жөнге салар еді. Өзінің ауылдастарынан, жақындарынан сөз естіген адам ешқашан жаман әрекетке қайта бармайды.

– Жергілікті бюджет мәселесіне тоқталсаңыз. Жиналған қаражатты қауымдастық тиімді жұмсауға қауқарлы ма? 

– Жоғарыда айтқанымдай, ауылдың проблемасын тұрғын-дардан артық ешкім білмейді. Ал сол жұртшылықтың арасынан сайланған қауымдастық мүшелері түскен қаражатты алдымен қайда жарату керектігін жақсы біледі. Мектеп, амбулатория сынды әлеуметтік нысандар қауымдастықтың құзырына кірмейтіндігі белгілі. Десе де, көп қаражатты қажет етпейтін жұмыстар да жеткілікті. Көшені жарықтандыру, балалар алаңы, су құбыры мен жолдардың ағымдағы жұмыстары қауым-дастықпен ақылдаса отырып шешіледі. Сол үшін де мүшелікке түрлі сала өкілдері сайланады.

Осы тұста тағы бір мәселенің ұшы шығады. Ауданымыз ауқымды, 25 округ пен 1 қала бар. Әр округтің экономикалық жағдайы әртүрлі. Тиісінше, салық түсімі де түрлі деңгейде. Бір округте барлық жағдай жасалып, енді бірі қиын жағдайда тұруы мүмкін. Ал есеп-шотқа түсетін қаражат ауылға жағдай жасауға жетпей қалады. Айталық, күре жолдың бойында орналасқан Ават, Бәйтерек ауылдарында кәсіпкерлер санының көптігіне байланысты бюджеттік түсім де жоғары болады. Бірақ, бұл ауылдарды Шелек өңіріндегі кейбір елді мекендермен салыстыруға келмейді. Сондықтан, үнемде-лген қаражат ауданға емес, қиын жағдайдағы округтерге берілсе біраз мәселенің түйіні тарқатылар еді.

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

Әңгімелескен

Сардарбек НҰРАДИН

Published in Мақалалар

МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жекелеген түрлерін тұтыну осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының айтуынша, қабылданған шектеу іс-шаралары салдарынан медициналық көмектің жекелеген түрлерінің төмендегені байқалуда. Осындай жағдай біздің облысымызда да орнығып отыр. Екінші тоқсан бойынша республика кескінінде орта есеппен 40%-ға дейін төменделу болжануда.
Бірінші кезекте жоспарлы медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтердің, консультациялық-диагностикалық қызметтердің, медициналық оңалту мен қалпына келтіру емі, стационарлық және стационарлы емді алмастыратын медициналық көмектің төмендеуі жоспарланып отыр.
Медициналық қызметтерді тұтыну көлемі екінші жартыжылдықта қалпына келетіндігі күтілуде. Бұл инфляцияны өтеу үшін медициналық ұйымдарға қызмет көрсету тарифтерін арттыру арқылы жүзеге асады. Осы таңда, Қордың ауруханалар мен емханаларға көрсетілетін медициналық қызметтері үшін төленетін тарифтері айтылған, ол халыққа теріс әсер етпейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

 

Объемы плановой медпомощи сокращаются в Казахстане

Потребление отдельных видов медицинской помощи в системе ОСМС сократится во втором квартале этого года в среднем до 40%.

Директор филиала НАО «ФСМС» по Алматинской области отметил, что из-за предпринятых ограничительных мер, в целом по республике происходит снижение отдельных видов медпомощи. Аналогичная ситуация наблюдается и в нашей области. Предположительное снижение по стране на второй квартал – в среднем до 40%.

В первую очередь прогнозируется снижение плановой медицинской помощи – стационарной и стационарозамещающей, включая высокотехнологичные медуслуги, консультативно-диагностические услуги, медицинскую реабилитацию и восстановительное лечение.

По прогнозам, ожидается, что объемы потребления медуслуг восстановятся во втором полугодии за счет повышения тарифов на оплату услуг медицинским организациям для компенсации инфляции. В данном контексте, имеются в виду тарифы, по которым Фонд платит за оказанные медицинские услуги больницам и поликлиникам, на населении эти тарифы никак не отразятся.

 

Филиал по Алматинской области

НАО «Фонд обязательного социального медицинского страхования»

Published in Санаты жоқ
Сейсенбі, 09 Маусым 2020 09:29

Табиғат – тал бесігің, бағалай біл!

Түрген сайы. Бүгінгі күнде Алматы жұртшылығы ғана емес, Республикамыздың түпкір-түпкірінен бұл ғажапты көруге асығатындар саны артып келеді. Арынды сарқырамалары, оларға барар жолдың жан-жағындағы қыз қарағайлар  мен дәл қазіргі мамыр айында гүлдеп тұрған өсімдіктер табиғаттың тылсым да тұнық, сұлу да сымбатты әлемінің нәзік тепе-теңдіктен тұратындығын айғақтаса керек. Бұл нәзік тепе-теңдіктің бұзылмауын қадағалауда орманшы және қорықшы мамандардың орны ерекше.

«Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген филиалына қарасты аймақ – қорықтың інжу-маржаны. Филиал басшысы Иманәлі Сәрсенбаевтың айтуынша, Қайрақ және Аюлы сарқымалары – бүгінгі таңда ең танымал туристік бағыттардың бірі. Алайда, келушілердің көптігі әрі жеке бас мәдениеттерінің төмендігі салдарынан орманшылар мен қорықшылар қоқыс тазалаумен әлек. Ерте көктемде қорықты қоқыстан тазалау жұмыстарына мектеп оқушылары тартылатын. Әлемді әурелеген коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай мектеп оқушыларын тартуға мүмкіндік бермесе де, қорықшылар мен орманшылар өз күштерімен тазалауға кіріскен. Сондай-ақ,  Түрген орман шаруашылығы төтенше жағдайға байланысты эко-пост арқылы демалуышарды Түрген шатқалына өткізуді тоқтатқан. Бұл қоқысты түгелдей тазалауға себепші болған. Иманәлі Сәрсенбаевтың айтуынша, жылда мамыр айында демалушылар келе бастайтын да, қоқысты тазалау жұмыстары таңғы бестен тоғызға дейін, кешкісін бестен сегізге дейін жүргізілетін. Ал биыл тазалау жұмыстарын демалушылардың тоқтауына байланысты алаңсыз күні бойы жүргізуге мүмкіндік алған. Сондай-ақ, карантин кезеңі табиғи ортаға оң әсерін – Адамдар аяқтарымен таптамағаннан кейін бәйшешек гүлдері қаулай өсті. Әрі аңдар мен құстар да тау басынан етекке түсіп, жол жиегіне дейін жайылымға шықты – дейді И.Сәрсенбаев. Тіпті, жәй кезде көзге түспейтін аңдар да байқалған.

Сонымен қатар демалушылардың отырып демалуына қажетті орындықтар және қоқыс тастайтын арнайы жәшіктер мен дәретханалар орнату жұмыстары ойдағыдай жүргізілген. Биыл, коронавирус індетін жұқтырғандар әсіресе, туризм саласы дамыған елдерде мол болып отыр. Сол себепті, ел азаматтары ендігі жыл құсындай демалуға  шет елдерге шықпас бұрын ойланатыны аян. Демек, отандық туризмнің дамуына тың серпін беріледі деген сөз бұл. Сондай-ақ, карантин кезеңінде жүріс-тұрыстан шектелген қала халқы да Түргенге қарай ағылатыны аян.  Ендеше, былтыр 55 000 көлік Түрген орман шаруашлығына қарасты  эко-посттан өтсе, биыл бұл сандар едәуір ұлғаяды деген сөз. Сондай-ақ, эко-посттан өту үшін адам басына ақшалай төлем жасау қажет. Былтырғы түсім 19 млн теңгені құраған. Оның 200 теңгесі түрген орман шаруашылығына берілетін болса, қалғаны «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бюджетіне жөнелтіледі.

«Аталған қаржы қорықтарды қоқыстан арылту, қажетті инфрақұрылым құру және өзге де қажеттіліктерге жұмсалады» – дейді И.Сәрсенбаев.

Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі Түрген, Есік, Бәйдібек би филиалдарының эколог және орманшы, қорықшы мамандары адамдар мен табиғат арасындағы нәзік тепе-теңдіктің сақталуына жауапты жандар.

Айталық, аңдарды заңсыз атып алуға құмар жандар баршылық. Бұл тұрғыдан алғанда Түрген орман шаруашылығының аңдарды қорғауға арналған жедел тобы жаңа технологияларды қолдануда. Заңсыз аң ату мақсатында орман кезген аңшыларды  және аңдарды қадағалушы жедел топ фотоқақпандарды қолдануда дейді филиал басшысы. – Оның орман шаруашылығында 8 данасы бар. Сай-салалар мен аңдардың соқпақтарына қойылған фотоқақпандар түсірген суреттер мен бейнероликтерді ай сайын саралап, қай аймақта қай аң түрі жүргендігін әрі өсу динамикасын анықтап, орталыққа жібереміз. Онда филиалдардан жиналған ақпараттарға сәйкес ортақ көрсеткіш шығарылады. Сондай-ақ, бүгінгі алманың атасы болып есептелетін сиверс алмасының тұқымын табиғи қорықтың Бәйдібек би филиалына қарасты орман шаруашлығындағы арнайы резерватта 31,9 гектар жерде өсіріп отырмыз. Аталған аймақ ерекше қорғау аймағы болып есептеледі. Сиверс алмасының тұқымдары Жоңғар Алатауында және Іле Алатауы табиғи қорығының Бәйдібек би филиалында сақталып қалған дейді филиал басшысы. Былтыр тағы да 0,73 гектар жерге отырғызылған тұқым биыл көгеріп көз қуантқан. Тағы да егу мақсатында екі гектар жер дайындалды. Келешекте сиверс тұқымын ұрпақ үшін сақтап қалу мақсатында қолға алынған игі бастама эколог мамандардың ерен еңбегінің айғағы болса керек.

Қоршаған ортаны қорғауда омартаның да орны ерекше дейді Иманәлі Сәрсенбаев. Сондай-ақ, Түргеннің тәтті балы әркімге де аян. Түрлі табиғи емдік шөптерден жиналған саф, таза бал – өте құнды  өнімдердің бірі. Сонымен қатар, ара да табиғи шөптердің тозаңдануында атқарар қызметі теңдессіз жәндіктің бірі. Бір күнде бір бал арасы 1500 гүлді тозаңдандыруға қауқарлы десек, мыңдаған ара табиғи ортаның қалпын бұзбай сақталуына себепші болмақ. Жылда омарташы мамандар араларын алып Түрген шатқалына келуге асығады.  Қосалқы шаруашлықтар болып есептелетін омарташылар – орман билетін алып арнайы қорықшылар белгілеген жерде балдарын да демалушыларға саудалауға мүмкіндік алған. Емдік шөптің 1500 түрі бар Түрген шатқалында кеңестер одағы кезінде арнайы дәріханалар үшін емдік шөптер Түрген, Таутүрген жоталарынан дайындалғанын ескерсек, екпе шөптерден өндірілген бал мен табиғи емдік шөптерден өндірілген балдың емдік қасиетін бағамдай беріңіз.

Сондай-ақ, туристік бағыттарды кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқрылып, 12 туристік бағыт белгіленген. Бізге белгілі Есік көлі, Қайрақ және Аюлы сарқырамаларынан бөлек тағы да табиғаттың ғажап жерлеріне жол және инфрақұрылымдар жүргізілген. Әрі жарнама да жасалған. Сонымен қатар өрттің алдын-алу мақсатында және қорықтарды қоқыстан арылту мақсатында келушілер үшін арнайы ақпараттық парақшалар дайын.

Бүгнінгі таңда орманшы мамандардың әлеуметтік жағдайы да жақсарған. Мысалға: Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген филиалында 64 қызметкер бар.  Тау басындағы кардондарда орналасқан үйлерде тұратын орманшы инспекторларға жылда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдар беріледі және олар түгелдей атпен қамтылған, –  дейді Иманәлі Сәрсенбаев. Сондай-ақ, оларды сол үйлерге тұрақты тіркеуге тұрғызу үшін арнайы заң жобасы белгіленіп, талқыланып жатқандығын жеткізді.

Демалушыларға қызмет көрсетіп кәсіп ететін кәсіпкерлер жерді тендер арқылы алады. Әрі оларға қойылатын талаптар да қатаң. Бастысы, тазалық және сапалы қызмет пен барынша ұлттық дәстүрлерді ұстану. Дәстүр қазақ халқының болмыс-бітімін танытса, туристер де еліміздің ерекшелігін көру мақсатында келетіндігі аян. Ал, тазалықсыз сапалы қызметті ұсыну мүмкін емес.

Сондай-ақ, демалушыларды атпен серуендету мақсатында ауыл тұрғындары да кішігірім кәсіппен айналысса, ағыны қатты тау суын бағындыру мақсатында экстремалды спорт түрі рафтинг те даму жолында екенін атады филиал басшысы. Осыдан келіп Есік, Түрген, Бәйдібек би орманшылықтарының келешекте кереметтей туризмнің тұтқасын ұстаған аймақтарға айналатынын көретіндейміз. Әрі орманшы және қорықшы мамандардың жарнамасыз жасаған еңбектерінің қаншалықты қиын екендігін де аңғарғандаймыз.

 

Әділет САРЫБАЙ

Published in Мақалалар

2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 338,6 млрд.теңгені құрады.
Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 19 млрд.теңгені құрады.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 638,4 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 363,4 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

 

Поступления в Фонд медицинского страхования в мае 2020 года составили 19 млрд тенге
Общая сумма отчислений и взносов работодателей и индивидуальных предпринимателей за обязательное социальное медицинское страхование по стране, поступившая в период с 1 июля 2017 года по 31 мая 2020 года, составила 338,6 млрд. тенге.
Сумма поступлений за месяц по республике (с 01 по 31 мая 2020 года) составила 19 млрд. тенге.
Как отмечает директор филиала НАО «ФСМС» по Алматинской области Нурлан Отаргалиев, в мае месяце по Алматинской области 638,4 млн. тенге приходятся на отчисления работодателей и 363,4 млн. тенге на взносы индивидуальных предпринимателей и лиц, работающих по договорам гражданско-правового характера.
Все поступившие за ОСМС средства хранятся в Национальном банке, с которым заключен договор доверительного управления, и в последующем будут направлены на оплату услуг, оказываемых в рамках ОСМС.

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет