Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 05 Маусым 2020

Порядок важен во всем, особенно в финансовых вопросах. Поэтому не стоит пренебрегать таким инструментом как финансовое планирование.

О плюсах ведения бюджета Fingramota.kz упоминает постоянно. Преимущества ведения учета неоспоримы. Главное – вовремя провести«диагностику» своего финансового состояния.

Сколько вы зарабатываете, куда и на что тратите, сколько денег уходит на погашение кредитов, копите ли, инвестируете ли и т.д. –нужно проанализировать ответы на эти вопросы и понять, чем вы располагаете на текущий момент.

Условно людей можно разделить на четыре типа с определенной финансовой программой:

 

  1. Зарабатывает больше, чем тратит, а оставшиеся деньги откладывает.
  2. Тратит больше, чем получает. Жить взаймы – это про него.
  3. Тратит ровно столько, сколько зарабатывает. Живет от зарплаты до зарплаты.
  4. Зарабатывает больше, чем тратит, пытается копить, но часто совершает импульсивные покупки и все тратит.

 

К какому типу относитесь вы?

Большинство людей выбирает последние три варианта. Если вы выбрали пункт№2,то в ваших финансах явно царитхаос.Если же вы выбрали пункт №1, можно вас поздравить - вы смогли сформировать полезную финансовую привычку. Однако даже вам не будет лишним провести ревизию своих трат, чтобы увидеть свои финансовые потоки более наглядно.

 

Рисуем свой бюджет

Если вы решили всерьез навести порядок в своих финансах, то нужно завести привычку – записывать свои доходы и расходы. Можно на бумаге или в компьютере в виде таблички, или скачать специальное мобильное приложение.

В этой табличке представлен примерный расчет ежемесячных доходов и расходов.

Итак, в графе «Доходы» – определите среднее значение. Сюда входит заработная плата, различные подработки, стипендия, пособия и др.

Другая графа – это «Обязательные расходы». Это все ваши траты, без которых не обойтись: продовольствие, аптечка, квартплата, кредиты, налоги, образовательные курсы…

К примеру, все ваши ежемесячные доходы составляют 150 тыс. тенге. Все ваши обязательные ежемесячные траты составляют 70 тыс. тенге. Не спешите на следующий месяц ставить эту сумму в графе расходов, ведь есть еще и ежеквартальные, ежегодные траты, такие как оформление техосмотра и страховки на авто, налоги на имущество и землю, комуслуги (за тепло в зимние периоды). Для того чтобы увидеть полную картину своих расходов, советуем все траты считать в годовом выражении, а затем разделить суммы помесячно. Это удобно, ведь в нужный момент у вас будут средства на эти цели, поскольку вы ежемесячно откладывали на них деньги. Допустим, после расчетов ежемесячные траты составили 90 тыс. тенге. Эту сумму и впишем в графу «Обязательные расходы».

Главные целифинансового планирования  – навести порядок в финансах, найти  баланс в жизни и жить в гармонии с собой и окружающим миром. Поэтому без графы «Отдых и развлечения» никак не обойтись. Если у вас свободных денег будет больше, то можете увеличить эту статью расходов. Как говорится, хорошо отдыхает тот, кто хорошо зарабатывает.

Исключение – если вы попали в долговую яму. Кредиты и другие обязательства, к сожалению, омрачают наше восприятие жизни и мешают личностному и финансовому развитию. Поэтому целесообразно большую часть денег выделять на погашение кредитов,временно отказавшись от развлечений. Кредиты входят в графу «Обязательные расходы».

Оставшуюся сумму желательно разбить, так сказать, «по конвертам» - к примеру, положить на депозит, чтобы деньги приумножались, и на банковский счет или карту, чтобы была возможность их снять в любой момент.

Что касается пропорций, все индивидуально и зависит от размера как доходов, так и расходов.

Как должен выглядеть бюджет?

На основе полученных на первом этапе данныхможно приступать к составлению бюджета. Существует множество способов организации личных финансов на основе планирования. Это распределение средств строго по таблицам, или по кувшинам, конвертам и т.п. Хочется сказать, что подходить к этому можно творчески и с позиции пользователя. Никто вас не заставляет превращать личный или семейный бюджет в сложный бухгалтерский баланс, отталкивающий заглядывать туда каждый раз при походах в магазины.

Для удобства можно скачать специальные мобильные приложения, которые помогаютвестибюджет в смартфоне.

Мало составить бюджет, нужно ему следовать. Избавьтесь от спонтанных покупок, ставьте долгосрочные и краткосрочные финансовые цели. Давно хотите расширить жилплощадь, купить автомобиль, поехать на отдых зарубеж? Впишите это в свою таблицу, откройте новый депозит с названием, отражающим вашу конечную цель. К примеру, «Квартира», или «Отдых на Майами».  И откладывайте деньги.

Читайте больше литературы на тему благосостояния и личностного роста, саморазвития. Достичь финансовой свободы невозможно без личностного развития и финансовой самодисциплины. Даже маленький, но положительный результат ваших усилий будет мотивировать вас еще больше, и у вас не будет сомнений в правильности осознанного выбора, а в финансах будет царить полный порядок!

Published in Санаты жоқ

Тәртіп барлық жерде, әсіресе қаржы мәселесінде маңызды. Сондықтан қаржылық жоспарлау сияқты құралды елемеуге болмайды.

Бюджет жүргізудің артықшылықтары туралы Fingramota.kz үнемі еске салып отырады. Есеп жүргізудің артықшылықтары даусыз нәрсе. Ең бастысы – өзіңнің қаржылық жағдайыңа уақытылы «диагностика» жүргізу.

Сіз қанша табыс табасыз, қайда және неге жұмсайсыз, кредитті өтеуге қанша ақша жұмсайсыз, жинайсыз ба, инвестициялайсыз ба және т.б. – осы сұрақтарға берілетін жауаптарды талдау және сіз қазіргі уақытта немен айналысатыныңызды түсіну керек.

Шартты түрде адамдарды белгілі бір қаржылық бағдарламамен төрт түрге бөлуге болады:

  1. Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ал қалған ақшаны кейінге қалдырады.
  2. Тапқан табысынан артық ақша жұмсайды. Қарызбен өмір сүру – бұл дәл осы кісі жайлы.
  3. Қаншалықты табыс тапса, оны соншалықты жұмсайды. Айлықтан айлыққа дейін күн көреді.
  4. Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ақшаны жинауға тырысады, алайда көбіне саудаға артық шығындалып, бәрін жұмсап қояды.

 

Сіз қандай түрге жатасыз?

Көптеген адамдар соңғы үш нұсқаны таңдайды. Егер сіз №2 тармақты таңдасаңыз, онда сіздің қаржыңызда бейберекеттік айқын болады. Егер сіз №1 тармақты таңдасаңыз, сізді құттықтауға болады – сіз пайдалы қаржылық әдетті қалыптастыра алдыңыз. Алайда, өзіңіздің қаржылық ақша ағыныңызды барынша көрнекті түрде көру үшін өз шығындарыңызға тексеру жүргізу артық болмайды.

 

Өз бюджетіміздің суретін салайық

Егер сіз өз қаражатыңызды шындап тәртіпке келтіру жөнінде шешім қабылдасаңыз, онда оны әдетке айналдыру керек. Яғни, өз табысыңыз бен  шығыныңызды жазып отырыңыз. Қағазда немесе компьютерде кесте түрінде түсіруіңізге немесе арнайы мобильдік қосымшаны көшіріп алуыңызға болады.

Бұл кестеде ай сайынғы кірістер мен шығыстардың болжамды есебі ұсынылған.

Сонымен, «Кірістер» бағанында – орташа мәнді анықтаңыз. Бұған еңбекақы, әртүрлі қосымша жұмыстар, стипендия, жәрдемақы және т.б. кіреді.

Тағы бір баған – «Міндетті шығыстар». Азық-түлік, дәріхана, пәтерақы, кредиттер, салықтар, білім беру курстары – осының бәрі сіздің  қажеттілігіңізге жұмсалатын шығындар…

Мысалы, сіздің ай сайынғы кірісіңіз 150 мың теңгені құрайды. Сіздің барлық міндетті ай сайынғы шығындарыңыз 70 мың теңгені құрайды. Бұл соманы келесі айда шығыстар бағанында көрсетуге асықпаңыз, себебі тоқсандық, жылдық шығындар да бар емес пе, мысалы, көлік құралдарын техникалық тексеру және автокөлік құралдарын сақтандыруды ресімдеу, мүлік және жер салығы, коммуналдық қызметтер (қыс мезгілінде берілетін жылу үшін). Өз шығыстарыңыздың толық көрінісін көру үшін барлық бір жыл ішінде жұмсалатын шығындарды есептеп, содан кейін соманы айға бөлуді ұсынамыз. Бұл өте ыңғайлы, себебі арнайы бір мақсатқа арнап, ай сайын жинаған ақшаңызды қажет болған жағдайда пайдалана аласыз. Есептесулерден кейін ай сайынғы шығындар 90 мың теңгені құрады делік. Біз бұл соманы «Міндетті шығыстар» бағанына енгізетін боламыз.

Қаржылық жоспарлаудың басты мақсаттары – қаржыдағы тәртіпті қалпына келтіру, өмірдегі тепе-теңдікті табу және өзіңіз бен айналаңыздағы әлеммен үйлесімді өмір сүру. Сондықтан «Демалыс және ойын-сауық» бағаны қажет. Егер сізде бос ақша көбірек болса, онда шығындардың осы бөлігіне көбірек ақша қалдыруға болады. Кімнің табысы мол болса, сол соншалықты жақсы демалады.

 

Егер сіз борыштық құрдымға кетсеңіз, ерекше жағдайға жол беріледі.   Кредиттер және басқа да міндеттемелер, өкінішке қарай, біздің өмірді қабылдауымызға көлеңке түсіреді және жеке әрі қаржылық дамуымызға кедергі келтіреді. Сондықтан ойын-сауықтан уақытша бас тарта отырып, ақшаның көп бөлігін кредитті өтеуге бөлген орынды. Кредиттер «Міндетті шығыстар» бағанына кіреді.

Қалған соманы «конверттер бойынша» бөлген дұрыс, мәселен, ақшаның көбеюі үшін депозитке және банктік шотқа немесе оларды кез келген сәтте алуға мүмкін болатындай картаға салу.

Бөлуге қатысты барлығы дара болады және кірістердің, сол сияқты шығыстардың мөлшеріне де байланысты. 

Бюджет қалай болуы тиіс?

Бірінші кезеңде алынған деректер негізінде бюджетті жасауға кірісуге болады. Жоспарлау негізінде жеке қаржыны ұйымдастырудың көптеген тәсілдері бар. Бұл қаражатты қатаң түрде кестелер бойынша немесе «ыдыстар бойынша», конверттер бойынша және т.б. бойынша бөлу. Бұны шығармашылық тұрғысынан әрі пайдаланушының ұстанымына қарай қолдануға болатындығын айтқымыз келеді. Жеке немесе отбасылық бюджетті дүкенге әр кіргеніңізде қиналып қарайтындай күрделі бухгалтерлік балансқа айналдыруды ешкім мәжбүрлемейді.

Қолайлы болу үшін арнайы мобильдік қосымшалар көшіріп алуға болады, олар бюджетті смартфонда жүргізуге көмектеседі.

Бюджетті жасау аздық етеді, оны сақтап, сонымен жүру қажет. Аяқ асты сатып алулардан арылыңыз, алға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық мақсаттар қоя біліңіз. Бұрыннан баспанаңызды кеңейтуді, автомобиль сатып алуды, шетелге демалысқа баруды ойлаған болсаңыз?Мұны кестеңізге жазыңыз, сіздің түпкілікті мақсатыңызды көрсететін атпен депозит ашыңыз. Мәселен, «Пәтер», немесе «Майамидегі демалыс».  Ақша жинаңыз.

Әл-ауқат және жеке өсу, өзін-өзі дамыту тақырыбындағы әдебиеттерді  көп оқыңыз. Жеке дамымай және қаржылық тұрғыдан өз-өзіңізді тәртіпке салмай қаржылық еркіндікке қол жеткізу мүмкін емес. Аз да болса, алайда  тырысуыңыздың оң нәтижесі сізді одан әрі ынталандыратын болады және дұрыс таңдау жасағандығыңызға күмән келтірмейтін боласыз, ал қаржылық тұрғысынан толық тәртіптілікке жетесіз!

Published in Санаты жоқ

«Білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен ҚазҰУ жаңа білім беру технологиялары институты арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге аспақ»,- деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».
Жыл басында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры әл-Фараби Ғалымқайыр Мұтановпен іскерлік кездесу өткізіп, білім беру және қазіргі заманғы ғылыми технологиялардың өзара әрекеттестігі мәселелерін қарастырған.
Ал осы күнгі келісім Қазақстандағы белді ЖОО жетекшілігімен қолға алынып отыр.
«Бұл келісімшарт екі тараптың да мамандарына алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ, адами капиталға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Әсел Мусинова.
ҚазҰУ келісімде айтылған бағдарламалардың бірі – «Coursera» ауқымды онлайн білім беру платформасы.
«Coursera – бағдарламасы онлайн білім беруде соңғы жылдары жоғары рейтингке ие болған. Негізін Стэнфорд университетінің компьютерлік ғылымдар саласының профессорлары Эндрю Ын және Дафной Келлер қалаған. Бұл бағдарламаның аясында білім беру материалдарын тегін онлайн-курс түрінде интернетте жариялауға болады» - дейді ҚазҰУ ахуалдық басқару орталығы директорының орынбасары Ернар Оңалбеков.
Осылайша, әкімдік ішкі саясат басқармасы мен оның ведомство-аралық ұйымдарының қызметкерлерін қолда бар дағдылармен кемелдендіруге ниет білдірді.
Екі жақ та Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік, жетекші ЖОО стратегиялық әріптестікті дамыту туралы айтқан мемлекеттік саясатын ұстанып отырғанын атап өткен жөн. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алидың айтуынша, екі жақта білімнің сапасы мен оның нәтижесіне үлкен көңіл бөлуде.
«Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұзақ жолдың негізі – ғылым мен білім. Өйткені, халықтың жоғары білім деңгейі кез келген елдің бәсекеге қабілетті артықшылығы болып табылады»,– деді басқарма басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, «Coursera» жобасы әртүрлі білім салалары бойынша курстар жариялап, жүйеге кіргізетін университеттермен серіктестік жүргізеді. Онлайн білім аясында, тыңдаушылар курстан өтіп, «Coursera» сайтында тесттер мен емтихандарды тапсырады. Айта кету керек, 2017 жылдың ақпан айында «Coursera» сайтына 24 миллион пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде, 160 мамандандыру, 149 білім беру мекемелері де бар. Бұл бағдарлама қызметтің барлық қажетті салалары бойынша халықаралық сертификаттар алуға мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті арттыруға көмектеседі.

Published in Санаты жоқ
Жұма, 05 Маусым 2020 09:28

Көк қаламның иесі

Сөздің киесі бар, киесінің иесі бар. Иесі – ақындар болса керек. Ақын деген – қоғамның қыңыр-қисық тұстарын түзетуші, жыртығын жамаушы жанашыр жан. Жұмекен Нәжімеденовтың сөзінше айтсақ: «көп тікеннің ішіндегі қайың, көп қуаныш ішіндегі уайым» арқалаған тұлға. Ақындар қай қоғамға да керек. Қазақ қоғамы үшін оны тіпті айтып жатудың өзі артық. Өйткені ақыны жоқ халық – рухы сөнген халық.

Сөз ауданымыздың құрметті азаматы, халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Шаяхмет Құсайынов туралы болмақ. Бүгінде аудан тұрғындары шығармашылығымен етене таныс Шаяхмет ақын маусым айының жетісінде 70 жасқа толмақ.  Өз өлеңінде:

Мен 7 маусымда дүниеге келіппін,

Алпысымда талай жерді көріппін.

Қоғам үшін күресіппін, алысып,

Жас жігіттей жаяулаппын, желіппін.

Жеті рет жерден таяқ жедім мен,

Жетімде де жетімдікті көрдім мен.

Үлкендердің ұстап тілген қайысын,

Жеті өрім қамшы етіп өрдім мен.

Ол 1950 жылы дүниеге келген.  Ақынның айтуынша өз кіндігінен бала болмағандықтан Шаяхмет ақынды Құсайын атты туысы асырап алып, Талас ауданы Аққұм ауылына алып кеткен. Туыс-тардан алыс, өз ұлындай өсірген Құсайын ата молда болған екен. Ат құлағында ойнап, Талас өзенінің тереңінде балықтай жүзген бала Шаяхмет қазақша күрестен де түйе палуан атанған. Сондай-ақ, бала жасынан жазуға құмартқан. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлын іздене жүріп оқып, жігерлі жас жазушылыққа бет бұрған.  «Жолбарыс жүрек», «Із кесу», «Қалам және ғалам», «Ерекше тапсырма» және т.б өлеңдер кітабы мен  прозаға еркін қалам тербеген оқырманға етене таныс шығармалардың авторы.

Негізінде, Шаяхмет Құсайынұлы 1951 жылы туылған. Өз туылған жылын өзгерту себебі, ата-анасынан айырылған ақын 1966 жылы Алматы қаласына келген. № 142-ші училищеге оқуға тапсырған ақын сөзсіз қабылданып, онда көркемөнерпаздар арасында өткізілетін түрлі байқауларда бақ сынап жүлделі орындарды иеленген. Соның алғашқысы, 1968 жылы көркемөнерпаздар арасында өткен облыстық байқауда Шона Смаханұлының фельетондарын нақышына келтіре оқығаны үшін арнайы мақтау қағазымен марапатталған. Бұл мақтау қағаздарын ақын әлі күнге дейін көзінің қарашығындай сақтауда. Бұл ғана емес, 1967 жылдан бері газет беттерінде жарық көрген мақалалары арнайы альбомдарда сақталса, қолжазбалар жазылған қойын дәптерлері қол созым жерде тұр. Сондай-ақ, мақала тақырыбын көк қаламның иесі деп қою себебіміз – ақын алғашқы мақалаларын жазған көк қаламын да көрсетті.

Оқуын бітірген жылы өз туған жылын   өзгерту арқылы он жеті жастағы ақын  он сегіз жасар жастармен әскерге аттанып кеткен. Әскери теңіз күштері қатарында сүңгуір қайық ішінде үш жыл қатарынан борышын өтеген ақын ұлтын сүйер ұл екендігін дәлелдеген. Бір ауыз орысша білмейтін қазақ жігіті әскерге аттанарда өзімен бірге Абайдың өлеңдер жинағы кітабын және орысша-қазақша сөздікті ала кетеді. Ресейдің Владивосток атты қаласында Абайдың өлеңдері еліне деген сағынышын басса, сөздік ортаға сіңу құралына айналды. Бара-бара сөздік арқылы орыстың тілінде сөйлей бастаған ақын ерлік те жасаған. Шекара жер бетінде ғана емес, теңізде де болатындығын айтты. Шекара шебін сүңгуір қайықта жүріп қас-қақпай күзеткен матрос Шаяхмет қасындағы орыс досымен бірге шекара шебін бұзған жапонның екі бірдей тыңшысын ұстаған. Оқиға былай болған еді. Жартасқа жасырынған тыңшылар арнайы құрал арқылы өз әскерлеріне белгі беріп жүрген. Күнделікті рейд жасайтын жасақ мүшелері Шаяхмет пен орыс досы екі тыңшының дәл осы әрекетенің үстінен түскен. Қолдарына «кортик» деп аталатын әскери пышақты алып тұра ұмтылған жапон тыңшылары Шаяхметтің саусағына жарақат салады. Бала күнінен балуан атанған Шаяхмет әлгі тыңшының сүңгісін тартып алып, оң аяғындағы сіңірлерін орып жібереді. Сіңірсіз аяқ салбырап қалады. Аққан қанға ұмтылған теңіздің түрлі жыртқыш балықтары әлгі жапон тыңшысын қолға түсірмей жеп тынады. Екінші тыңшыны тірідей қолға түсірген Шаяхмет пен досы осы ерліктері үшін 18 жас-тарында партия қатарына қабылданған екен.  Онымен қоса, Шаяхмет сүңгуір қайық командирінен кейінгі әскери дәреже «мичман» яғни бас көмекші мәртебесін иеленді. Алайда, Абайға жасалған қастандық оның бұл дәрежелерден айырылуына себепші де болған. Әлгіндей шекара шебін күзету үшін сапарға кеткен Шаяхметтің каютасына баса-көктеп кірген орыс офицері басына жастанып жүрген Абайдың кітабын көріп дереу өртеп жіберуге бұйрық береді. Бұл бұйрықты орындауға Шаяхметтен қорыққан матростарды сыбап алған офицер өз қолымен Абайдың кітабын алып лаулаған отқа тастай салған. Мұны кезекті сапардан келген Шаяхмет біліп әлгі офицерді саптың алдында жақтан салып жіберген екен. Офицер ес-түссіз құлайды. Мұны көрген өзге офицерлер дереу батырдың қолын қайырып соттатпақ болған. Тағы бір айта кететін жәйт, Шаяхмет Құсайынов осы оқиғаға дейін теңіз әскери флотының намысын  спорттың бокс және самбо түрлерінен түрлі жарыстарда абыройлы қорғаған екен. Бірде Хабаровск қаласында бокстан өткен үлкен турнирде Шаяхмет ақын қарсыласын жеңіп, артынан олар жабылып қастандық жасап, басынан таспен ұрып та кеткен екен. Өлтірмек болған олардың арам пиғылдары жүзеге аспай Шаяхмет ақын жазылып шыққан. Айта кететіні, әскери теңіз күштеріндегі сүңгуір қайыққа қабылдану үшін түрлі қиын сынақтар тапсыру қажет. Шаяхмет Талас өзенінде жүзе жүріп өзін-өзі дәл осы сынақтарға дайындағандай. Су астында үш минутқа дейін жүзе беретін өкпесінің кеңдігі сынақтардан сүріндірмей алып өткен. Сондай-ақ, алда-жалда сүңгуір қайық апатқа ұшырап жатса ажал құшқан экипаж мүшелерін іздейтін ағайын-туыс та болмауы қажет. Тұл жетімдер және асқан спортшылар іріктеліп алынатын бұл мәртебеге Шаяхмет лайық еді. Құсайын әкесінен кейін анасы дүние салып, Алматыға келу себебін жоғарыда айттық.

Сөйтіп, ашық сот жасап жаза берудің орнына Шаяхмет ақынды Уссурискіде Тайга аталатын қалың орман ортасында орналасқан әскери қылмыс жасағандарға арналған түрмеге тоғытады. Камераға кірген бетте әлдекім ақынның кеудесінен теуіп жібереді. Қазақша күрестен түйе палуан атанған ақын әлгінің аяғын ұстап жерге көтеріп бір соғады. Түрменің түсінігі бойынша ешкім жабылмауы тиіс. Тек тепкен адам өз әрекеті үшін жауап беруі керек. Әлгіні илегеннен кейін күзетшілер екеуін де карцер деп аталатын арнайы бұзықтық жасағандар үшін салынған тек тізерлеп қана отыратын тар камераның ішіне тоғытады. Іші тастай суық әрі қараңғы камерада жарты сағатқа жетпей денесінің аяздан қата бастағанын сезеді. Әлгі ақынның кеудесінен тепкен тентек орыс жігіті шыдамастан шыңғыра беріпті. Ал Шаяхмет ақын тістеніп алып үн шығармаған. Өліп қалды ма деп күдіктенген күзет қызметкері басшысын шақыртып алып қазақтың үнсіз отырғанын айтқан. Күзет басшысы қазақ халқының қайсар екендігін, Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтармен бірге жау қайырғанын айтып босатуын талап етеді. Сөйтіп Шаяхмет ақын түрме қабырғасында да абыройлы болған. Ақынның айтуынша жолбарыс жүрек атауы дәл сол түрме қабырғасында болған оқиғадан кейін лақап ат ретінде берілген екен. Екі ай уақыт түрмеде болған Шаяхметті әлгі жапон тыңшысын ұстағаны үшін партия қатарына ұсынған контр-адмирал Ковшар деген кісі алып шыққан. Ол кезде партия мүшесінің сотталып жатуы саяси бөлім басшысы контр-адмирал Ковшарға да жақсы атақ болмаса керек, дереу істің мән-жайын анықтап тергеу амалдары жүргізілген. Соңынан, әлгі соққыға жығылған офицер мен Шаяхмет ақынды жиналысқа салған сот мүшелері офицердің өзге ұлт өкілінің ар-намысына тиіп балағаттағаны үшін және кітабын әдейі өртегені үшін сол жерде иығындағы шен-шекпендерін шешкен екен. Әділ төрелік орнап Шаяхметті Ленинград қаласында орналасқан жоғарғы теңіз әскери училищесіне түсуге көндірген. Алайда, бір кеткенде 8-9 ай теңіз астымен іс-сапарға кету кім-кімді де ойландыратыны аян. Кейіннен бас тартқан Шаяхмет әскерден жолбарыс жүрек лақап атын арқалап туған жер қайдасың деп тартып отырған. Әскери орта тек қақ-соғымен есте қалмағандығын айтты ақын. Басында сөздік арқылы ғана орыс тілін түсініп жүрген ақын бара-бара Толстой, Лермонтов, Пушкин сынды орыстың классик ақын-жазушыларының туындыларын парақтаған.

Елге келісімен 30 жыл Ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарған ақын жазушылықтың детектив жанрына қалам тартқан. Жоғарыда келтірген «Ерекше тапсырма», «Із кесу» сынды кітаптар дәл осы жылдарда жарық көрген.

Шаяхмет Құсайыновтың жазба ақыны ғана емес, айтыскер ақын екенін де біреу білсе, біреу білмес. Марқұм жары Күлпара Құсайынова да аудан, тіпті облысқа белгілі айтыскер ақындардың бірі болған. Айтыскер ақындар көңіліндегі көрікті  ойды суырып салып көмейімен айғайлап  жеткізетіні аян. Осы себепті ақын демікпе ауруымен ауырып, кейін оны жүгіріп жүріп өз күшімен емдеп те алған.

Бір өкініштісі, Күлпара Құсайынова 1991 жылы ауыр науқастан дүние салған. Төрт баланы өз күшімен аяқтандырған Шаяхмет Құсайынов тағы да ерен ерліктің үлгісін көрсеткен.

Бұл жайында ақын Шаяхмет:

«1991 жылдың шілде айы,

Әйел өлді, тасқа тиді маңдайым.

Төрт жетімектің тынып қалды жырлары,

Өртенгендей болды түгел орманым, – дейді.

«Жетісу», «Қазақстан заман» газеттерінің тілшісі және жазушылар одағында лауазымды қызметтер атқарған Шаяхмет Құсайыновтың бар-жоғы он-ақ жылдық білімі бар. Мұндай ерлік жоғарғы оқу орнын бітірген кісілердің қолынан келмей жатады. Тіпті, заттарының қайда қалғанын білмей жататын кездері де аз емес. Ал ақын Шаяхмет Құсайыновтың алғашқы шығармаларын жазған көк қаламы, 1967 жылдан одан да бұрын жазылған мақалалары, кітаптары ақын жайлы сыр ақтарған мұражай іспетті сақтаулы тұр. Бұл ақынның ыждаһатталығының айғағы болса керек. Ерік-жігерінің көрінісі болса керек.

Жетпіске келген жақсы аға

Белгісіз қашан өлерім,

Отаным, елім сенерім.

Егемендігім болса аман,

Қалғанын тағы көремін, – дейді.

Бүгінде жары Нұрғайша Құсайыновамен бірге 9 баладан 19 немере, 4 шөбере сүйген жайы бар. Сондай-ақ, өз туындылары 30-ға жуық өлеңдер, поэмалар, дастандар жинағы мен романдар мен әңгімелерді, осып түсер сыни мақалаларды қамтыған кітаптардың авторы Шаяхмет Құсайынов Ішкі істер органдарының құрметті ардагері. Алған мақтау қағаздары мен медальдарын көрсеткенде еріксіз таңқалдық. Ақынның шығармашылығына табыс тілеп, келер туылған күнімен құттықтап батыр ақынға өмір тіледік. Өйткені Шаяхмет Құсайыновтай ақындар әсіресе біздің жас қоғамға қажет-ақ.

Атады талай таңдар ақ,

Құрады халқым салтанат.

Қадірле, сыйла, елімді,

Ұрпағым саған аманат, – деп ағынан жарылады ақынның жырлары, істері ұрпаққа үлгі, аманат.

 

Әділет САРЫБАЙ

Published in Әдебиет

Бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы аясында ауданымызда тұрғындарды осынау қиын-қыстау кезеңде жұмыспен қамту үшін аудан аумағында 106 нысан бағдарламаға қосылып, жол жөндеу, әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы, ағымдағы және күрделі жөндеу, су құбырларын, электр желілерін жаңғырту мен жарықтандыру сияқты бағыттарға 11,5 млрд теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде, 2000-нан астам жұмыс орны ашылып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арнайы бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 1000-нан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің ағымдағы жылдың 11 мамырдағы шешімімен «2020 жылға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру барысын қоғамдық бақылау бойынша Алматы облысының комиссиясы бекітілген еді. Оның негізінде Еңбекшіқазақ ауданының мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен тұратын 7 жұмыс тобы  жақында 106 нысанның жұмысымен танысып, талдау жасады.

Есік қаласы бойынша мәдениет үйінің күрделі жөндеу, 1500 орындық жаңа мектеп құрылысы, Абай, М.Мәметова, Р.Тоқатаев және 15-тен астам көшелер күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстармен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев бастаған топ танысып қайтты.

Сапар барысында Бекет Төлегенұлы анықталған кемшіліктерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған азаматтарға бақылау жасалынбаған. Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне жалпы жос-пар бойынша кезең-кезеңімен 85 адам жұмыспен қамтылу керек. Бірінші кезеңге мердігердің айтуынша, 14 адам алу қажет болған, бірақ бүгінгі таңда орталық арқылы тек 6 адам жолданған болса, оның 4-еуі жұмысқа шықпаған. Осыған ұқсас  жағдайлар барлық нысандарда орын алып отыр. Жолданған азаматтардың бір бөлігі төленетін жалақының аздығынан жұмыстан бас тартса, кейбіреулері мүлдем жолдама алған күннен бастап жұмысқа келмеген. Бұл өз кезегінде жұмыс берушілердің бекітілген кесте    бойынша жұмыс істеуіне кері әсер етуде.

Сонымен қатар, Есік қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығына қарамастан көлік қозғалысы көбейген. Әсіресе, ХҚКО ашылғалы бері Абай көшесінің бойында кептеліс қайта басталған. Ол жөндеу жұмыстарына кері әсер етіп отыр. Осыған орай орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді жабу туралы ұсыныс енгізілді.

Алдағы уақытта Р.Тоқатаев көшесінде, Алтын адам аллеясында (жаяу жүргіншелер жолағы) басталатын орташа жөндеу жұмыстарының барлық техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуын,  жұмысы аяқталып қалған М.Мәметова көшесінде барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы да бірқатар ескертулер жасалынды.

Жаңадан жасалған көшелерде бей-берекет қазу, өз бетінше кедергі жолақтарын (лежачие полицейские) салудың алдын алудың да маңыздылығын атап өтті. Аталаған көшелерді қазу жұмыстарын жүргізу, су құбырын өткізу немесе өзге де жол жабындысын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерді тек заң талаптарын сақтай отырып, тиісті әкім аппараты мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің хабардар ете отырып, олардың рұқсатымен іске асыру керектігі, осы бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды.

Рейд соңында топ мүшелері Есік қаласында салынып жатқан 1500 балаға арналған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. Туындап отырған мәселелер бойынша Бекет Ахметов пен құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер «BI Group»  компаниясының аталған аумаққа жауапты өкілі тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар-дың сауалдарына жауап берді. Тұрғындар негізінен көпжылдық ағаштардың кесілуі, жолдың қалыпқа келтірілуі, мектеп ғимарат мен көпқабатты үйлердің арасында сақталатын ара-қашықтықтың сақталуына байланысты шағымданды. Жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары аяқталысымен мектеп ғимаратының аумағы абаттандырылып, жаңа көпжылдық ағаштар отырғызылатын болады. Көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамсыз ету мақсатында жаңадан асфальт төселеді. 

 

Сардарбек НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет