Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 28 Шілде 2020
Сейсенбі, 28 Шілде 2020 15:21

Сары аурудан сақтаныңыз!

Бүгін, яғни 28 шілде – сары аурумен бүкіләлемдік күрес күні. Осыған орай сары ауру жайында Медкеңес сайтында жарық көрген толыққанды материалды назарларыңызға ұсынамыз. 

Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары.

Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді, немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді.

Симптомдары:

Аурудың сипмтомдары оның даму кезеңіне қарай әртүрлі келеді.

І кезең (7-50 күн)

Гепатиттің І кезеңі 7 тәулікке созылатын инкубациялық кезең болып саналады. Бұл сатыда инфекция бүкіл ағзаға тарайды. Бұл кезең симптомсыз өтеді немесе білінер-білінбес сезіледі.

ІІ кезең (50-62 күн)

Екінші кезеңнің алғашқы белгілері:

  • Әлсіздік
  • Бұлшық ет, буындардың сырқырап ауруы
  • Тез шарщау

Науқас өзін жабырқау, солғын сезінеді, тәбеті жоғалады. Науқастың іші, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Ауырсыну оң жақ жауырынға және иыққа берілуі мүмкін. Дене қызуы 37-38°С көтеріледі. Бас ауру мазалайды. Кей жағдайларда науқас қышынуы мүмкін.

ІІІ кезең немесе асқынуы (62-98 күн)

Гепатиттің асқынуының белгісі – сары ауру немесе Госпела ауруы. Бұл бауырдың әлсіреуінен болады. Бауыр билирубинді қорыта алмайтындықтан, ол қанға түсіп, бүкіл ағзаға жайылады. Бұл адамның терісіне, кейде көздеріне де сары түс береді.

Сонымен қатар, үшінші кезеңде несеп қоңыр түсті , ал нәжіс түссіз болады.

Себептері:

  • Гепатит вирустары, инфекциялар
  • Ластанған тағамдар мен су пайдалану
  • Антисанитарлық жағдайда өмір сүру
  • Вирус жұққан қанды құю немесе басқада медициналық процедураларда (ине салу, стоматологиялық процедуралар), стерилденбеген аспаптарды пайдалану
  • Босану кезінде жұқтыру
  • Тұқымқуалаушылық
  • Жыныстық қатынас
  • Ауыз арқылы жұғу
  • Ағзаға улы заттардың түсуі (алколголь, есірткі, кейбір дәрі-дәрмектер)
  • Аутоиммунды аурулар
  • Жеке гигиенаны сақтамау
  • Ортақ гигиена заттарын пайдалану
  • Жарақат кезінде косметикалық процедуралар
  • Жарақаттардан
  • Кейбір жәндіктердің шағып алуы

Классификациясы

Түріне қарай өткір және созылмалы деп бөледі.

Өткір гепатит белсенді өтеді. Көп жағдайда асқыну болады. Тез пайда болып, тез қайтады.

Созылмалы гепатит симптомсыз өтеді. Асқынуы бауырдың созылмады бұзылуына әкеледі.

Этиологиясына қарай инфекциялық, уланған және т.б. жіктейді.

Диагностика

Диагностиканы дәрігер-инфекциолог жасайды.

Гепатитті анықтау үшін науқас келесі медициналық тексерулерден өтеді:

  • Толық анамнез жасау
  • Қан талдауы
  • Қанның биохимилық талдауы
  • Полимерлі тізбекті реакция
  • Құрсақ қусын УДЗ арқылы тексеру
  • Эластометрия
  • Бауырдың биопсиясы

Емдеу

Аурудың симптомдары байқалған бойда дәрігерге қаралу керек. Ауру асқынғанда төмендегі емдеу шаралары қолданылады:

  1. Төсек режимін ұстау
  2. Ағзаны улы заттардан тазалау
  3. Диета
  4. Гепапротекторлар мен дәрумендер қабылдау
  5. Симптомдарды басатын ем

Гепатит кезінде тамақтануға үлкен мән беру керек. Қуырылған, кептірілген, қақталған, ащы, консервіленген, тұзды, қышқыл тағамдарды жемейді және газдалған сусынды ішуге болмайды.

Профилактика

  • Әр 6-10 жылда екпе салдыру
  • Тамақтану алдында қолды жуу
  • Жеке гигиенаны сақтау
  • Өзгенің жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау
  • Пайдалар алдында азық-түліктерді жуу
  • Лас суқоймаларында шомылмау (әсіресе, денеде кесілген, тырналған жаралар болса)
  • Сәбилердің жалаяқтарын таза жерде ауыстыру
  • Тұрғын мекемесін аптасына кемі 2 рет тазалау
  • Бауыр ауруларында теңіз өнімдерінен бас тарту
  • Әдепсіз жыныстық қатынасқа түспеу
  • Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану
  • Зиянды әдеттерден арылу
  • Өзге елге саяхаттар алдын ол жақтың эпидемиялық жағдайын біліп алу.
Published in Санаты жоқ
Сейсенбі, 28 Шілде 2020 14:57

Тарихтың таңбасы – ою-өрнек

Қазақ халқының ою-өрнек өнері – байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған түрі. Қазақтың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен астасып, этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекшелене түскен. Демек, ою-өрнек – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы – рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы. Жаныңа ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор бұл өнердің адам баласына берері мол.

Сұлулыққа, әсемдікке, сабыр мен төзімге баулитын ою-өрнек сыры тереңде жатыр. Оның мөлдір де, таза түбіне жеткен жанның қоршаған орта мен жан-дүниеден алары көп болары сөзсіз. Ою-өрнектің көне атаулары – халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады дегенмен, оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады. Ою-өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының өзіндік мазмұны бар. Бұған нақты мысал ретінде ел ауызында сақталған аңыз-ертегі «Ою хан мен Жою ханды» айта кетуге болады. Оюды сөйлеткен Ою хан Жою ханның баласының өлімін сырмақтағы оюмен жеткізген. Осыдан-ақ әр оюдың терең мағына мен мазмұнға бай екенін, әрқайсысының өзінше сөйлей алатынын аңғаруға әбден болады.

Оюдың әрқайсысы белгілі бір ұғымға немесе қандай да бір жағдайға байланысты өрнектелетіні түсінікті. Соны ескерсек, ою-өрнектердің айтар ойы мен берер тәрбиесі де мол. Осы орайда айта кетерлігі, қазақ халқы әр оюға ерекше мән беріп, оның қайда, қандай бұйымда немесе қандай киім үлгісінде қалай қолданылуы керектігіне көп көңіл бөліп, ешқандай қателіктің кетпеуін жіті қадағалаған. Өйткені оюлар атауларына, көлеміне, пішініне, түр-түсіне қарай өзіндік мағынаға ие. Соған қарай, бас киімдерге қолданылатын ою-өрнек түрлерін киімнің етегіне немесе шалбардың балағына қолдануға, сондай-ақ керісінше етікке, балаққа ойылатын ою түрлерін жағаға жапсыруға мүлде болмайды. Мысалы, «ит құйрық» аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген. Ал мұндай қателікті жіберу – оюшы мен қолөнер шеберіне үлкен сын болары сөзсіз. Сонымен қатар ою оятын адам оюлардың тарихына, мән-мағынасына терең үңіле отырып, ер адамдар мен әйел адамдардың киімдеріне ойылатын оюларды өзара ажырата білгені абзал. Қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған. Осылайша әр ою-өрнектің астарына терең мағынаны қапсыра білген. Мысалы, «аққу қанаты» өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелсе, «қошқар мүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны, «ағаш» оюы  ынтымақ-бірлікті білдірсе, «ирек» оюы – адамның өмір жолы, судың белгісі,  «шеңбер» оюы – жарық өмір жолы дегеннен сыр шертеді. Сондай-ақ ою-өрнектің әр заттың өзіне лайықталып, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып, қабысып, шынайы көркемдік беруі қолданылған түстерге де байланысты. Ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек. Сондықтан да өрнектердің композициялық құрылымына, бояу  түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасымын дұрыс таба білуіне көп көңіл бөлген жөн. Мысалы: көк  түс – аспан, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді, қызыл түс – оттың, күннің белгісі, қара түс – жердің түсі, берекенің белгісі, сары түс – ақыл, парасат, байлықтың  белгісі, ақ  түс – қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі, жасыл түс – жастықтың, көктемнің белгісі. Осыларға мән бере отырып, композициялық құрылымның дұрыс болуын да қадағалай білу керек.

Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі: 1. Зооморфты (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері); 2. Өсімдік пішіндес (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, ағаш); 3. Геометриялық (бұрыш, балдақ, шынжара); 4. Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, торкөз). Осындай түрлеріне бөле отырып, ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде, тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты – осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау.

Халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс, салт-дәстүрін бейнелегендей. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектей құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.

Жалпы қазақ ою-өрнек мәселелерін зерделеу нәтижиелері ұрпақ тәрбиесінде, әсіресе, олардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттыру процестеріндегі өзіндік маңызы мен орнының ерекше екенін көрсетіп отыр. Ұлттық ою-өрнек, терең тарих және философиялық, көркемдік эстетика тұрғысында ұрпақтың санасын ашып, оның айналаға деген көзқарасын анықтап, ой-өрісінің дамуына шынайы да ұтымды әсері бар өзіндік сыры мол әлемге еліктіретіні анық.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Published in Тарих

Друзья! Сегодня мы расскажем, как зарегистрироваться онлайн на бирже труда в качестве безработного.
Итак, если в сложный момент вы остались без работы, то вы можете подать заявление в Центр занятости онлайн, следуя инструкции:
Авторизуйтесь на портале egov.kz;

  • Выберите услугу «Регистрация лиц, ищущих работу» в разделе «Трудоустройство и занятость»;
  • Закажите услугу онлайн и заполните все сведения о себе в первом шаге;
  • Далее заполните данные о своем опыте и навыках;
  • Подпишите услугу ЭЦП или одноразовым паролем.

Статус обработки вашей заявки вы можете отслеживать в личном кабинете. Информация о поиске работы также будет размещена на Электронной бирже труда - enbek.kz.
Будьте Vteme, получайте госуслуги онлайн!

 

Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу
Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн. Ал біз сізге тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында айтып береміз.
 – Egov.kz порталына кіріңіз
 – Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз
 – Қызметті онлайн сұратыңыз
 – Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз
 – Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз
 – Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз
 – Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз
 – Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз. Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз.
 – Өтініш
 – Жеке басыңызды куәландыратын құжат
 – Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса
 – Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.

Published in Санаты жоқ

Карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚО-лардағы жеңілдік терезесі арқылы 101,8 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілді.
Мамыр айының ортасынан бастап вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылыққа байланысты еліміздегі ХҚО-лардың жұмыс тәртібі өзгерген болатын. Енді ХҚО-да онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Алайда азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚО-да электронды қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Олар «қағаз» қызметтерді де, түрлі анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді де сонда ала алады. Жеңілдік терезесіне міндетті түрде онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау қажет.
Жеңілдік терезелері арқылы қызметтердің көп бөлігі мегаполистердегі ХҚО, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (9941), Алматы (9719) және Шымкент (7753) қалаларында ұсынылды. Тізімнің ең соңында Маңғыстау облысы, онда 1862 азамат жеңілдік терезесінің қызметіне жүгінген.
Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, жеңілдік терезелері аталған санаттардағы азаматтарға қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға көмектеседі. «Біз осы үш санатқа кіретін қазақстандықтар үшін электронды қызметтерді өздігінен алу оңай емес екенін түсінеміз, сондықтан олар үшін электронды қызметтерді де ХҚО-дан алу мүмкіндігін жасадық» – деді ол.
Айта кетейік, төтенше жағдай режимі тоқтатылып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс істей бастағаннан бері қазақстандықтарға 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Азаматтар egov.kz порталы, телеграмдағы egovkzbot2.0 немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдын ала брондауы тиіс. Бүгінде брондау сервисінің қызметі жетілдірілген, енді азаматтар брондау барысында бос уақыт аралығын көре алады және уақытын қайта рәсімдей алады.
Бүгінгі таңда egov.kz порталында барлық мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамы қолжетімді. Компьютері жоқ азаматтар әкімдіктерде, жұмыспен қамту орталықтарында, білім беру, медицина ұйымдарында және т.б. жерлерде ұйымдастырылған egov бұрыштарының қызметін пайдалана алады.

Published in Санаты жоқ

 Қарт Алатаудың етегінен орын тепкен ауданымыз талайды тамсандырған тұмса табиғатымен адамды еріксіз баурайды. Сылдырлап аққан мөлдір бұлақ, тау жағалай тасыған өзен, қойнауы малға толған көк жайлау. Барлығы – Тәңірдің бізге берген сыйы. Осы байлықты қызықтап, тамашалауға келген жұртқа жағдай жасап, туристік саланы дамытуға ауданымыз баса назар аударуда. Оған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғалимен жасаған сұхбат барысында көз жеткіздік.

– Нұрболат Серғалиұлы, көркіне көз тоймас ауданымыздың табиғаты бір көрген жанды баурап алары хақ. Осы байлығымыз туризм саласын дамытуға мол мүмкіндіктер ашады емес пе?

– Оныңыз рас, Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Мемлекетіміздің ірі мегаполисіне жақын орналасқан табиғаты керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы мүмкіндігі жоғары.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген. Аудан әкімінің сайтында аудандағы туризм нысандары мен олардың бағыттары туралы мәлімет орналастырылған. Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған.

– Атқарылған және жоспардағы жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.

– Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп-тұруы үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған. Мәселен, Құлжа тас жолы ретке келтіріліп, туристік бағыттағы бірталай жолдар жөндеуден өткізілді. Шетелдік және отандық туристерге түсінікті болуы үшін үш тілде жол көрсеткіштер орналастырылды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің құрылысы жүргізілді. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалған.

Тағы бір ауқымды жоба – Үлкен Алматы арнасының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған  жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды көрсету мақсатында велосипедпен серуендеуге мүмкіндік береді.

Оған қоса, ауданымызда орналасқан Шарын шатқалына апаратын 10 шақырым автожолыға 2018 жылы облыс орталығынан 500 млн теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған. Есік көліне шамдар орналастырылып, автокөлік жолы да күрделі жөндеуден өтті.

– Табиғат аясынан бөлек, қызмет көрсететін туристік нысандар бар ма ауданымызда?

– Әрине, табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар жұмыс істеуде. Туристердің арасында аса танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы. Мұнда демалушылардың қарасы үзіл-мейді. Әсіресе, түйеқұсты (страус) қызықтап келетіндердің саны күннен-күнге артуда. Ұлттық өнерімізді насихаттап, әлемнің түпкір-түпкірінде ел намысын қорғап жүрген «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетуде.

– Қандай инвестициялық жобалар қолға алынуда?

– Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамыту қолға алынды. Түрген ауылдық округінде «Камзолдаева» жеке кәсіпкерлігі қымыз және шұбат сусындарымен, табиғи өніммен тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдардан салынған 8 үйдің  құрылысын аяқтап, 2017 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосты.

Таулы аймақтарымыз мүмкіндіктерге толы болғандықтан, экстремалды туризм бағыты да дамытылуда. Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-інде салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерінің құрылыс жұмыстарын жүргізді. Жалпы жобалық құны 20 млн теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылды.

Саймасай ауылдық округінде «Assorti Rancho» жеке кәсіпкерлігі тарапынан 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 30 млн теңге болатын жаңа 12 жұмыс орнымен қамтылған демалыс аймағы іске қосылды.

«Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда.  Аумақтық үйлестіру кеңестің 2018 жылдың 6 ақпанындағы №1 хаттамасымен жоба ретінде өткізілді. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн теңге.

«Ескене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алды. Бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. Жоба құны 600 млн теңге, болашақта жаңа 15 жұмыс орны ашылмақ.

– Әлемді коронавирус жайлаған қиын сәтте туристік сала тұралап қалған жоқ па? Оларға мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылуда?

– Қазіргі уақытта ауданда 7 қонақ үй, 1 қонақ жай үйі, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар ағымдағы жылдың І жарты жылдығында 10 496 адамға қызмет көрсетіп,  туристік сауықтыру қызметінің көлемі 23,9 млн теңгені құрады.

Бүгінде елімізде коронавирус індетінің өршуі туризм саласында жұмыс жүргізетін кәсіпкерлерімізге бірқатар қиындықтар туғызды. Себебі, биылғы жылы індетке байланыс-ты карантиндік шаралардың енгізілуінен туризм науқаны өз уақытынан жұмыстарын кеш бастады. Сондай-ақ, мемлекеттер арасында шекаралардың уақытша жабылуы шетелдік туристердің санын едәуір азайтты.

Алайда, бұл бағытқа көңіл бөлініп бүгінгі таңда ішкі туристерді дамыту шаралары да қолға алына бастады. Төтенше жағдай режимін жариялаған күннен бастап пандемияның бизнеске, оның ішінде туризм саласындағы бизнеске де кері әсерін азайту үшін мемлекетімізде кәсіпкерлерге қолдау көрсетіле бастады. Мемлекеттен салық төлемдерінен жеңілдіктер берілді, төтенше жағдай кезінде несиенің төлем уақыты шегерілді.

Бүгінгі таңда туризм саласындағы мекемелер облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ұсы-нымдарды ескеріп, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмыстарын жалғастыруда. 

Негізгі біздің міндетіміз – бұл әлеуметтік-экономикалық өсімді одан әрі тұрақты түрде қамтамасыз ете отырып, туризм индустриясын дамытып, жұмыс орындарын сақтап, салық  түсімдерінің  көздерін арттыру, өндірісті,  кәсіпкерлікті  дамыту басты назарда  ұстау болмақ.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан С.Нұрадин

Published in Мақалалар

 

– Әл-Фарабиді қазақ елімен қауыштыруға көп еңбек сіңірген Ақжан Машани Дамаскідегі әл-Фараби зиратына қашан және қалай барған?

– Ақжан Машани – әл-Фараби зиратына елімізден тұңғыш барған адам. Ол 1968 жылы Сирия мен Ливанға шыққан туристік топ құрамында болады. «Елшілік қызметкерлерінің бір көмегі тиер» деген оймен Сирияда сол кездегі елшіміз Нуридтин Мухитдиновке Қазақстан ғылым академиясының атынан хат жаздырып алады. Ол кісімен тілдесе алмағанымен елшіліктен әл-Фараби зиратына апаратын машина жіберілетіні туралы хабар алады. Ақаң өзінің «Әл-Фараби және Абай» деген кітабында ол көліктің әбден кешқұрым келгенін және онда үш адам болғанын – «Известия» газетінің тілшісі Н.В.Кобров, қалған екеуі елшіліктен екенін жазған. Сондай-ақ бұл сапарды кітабында былай суреттеген: «Қаланың солтүстік-шығыс жақ бетіндегі бір биік қақпаның алдына келіп тоқтадық. Іздеген Баб-ас-Сағир – Кіші қақпа осы. Алдында кішірек әдемі мешіт, оның бір жағына мрамор тастан жасалған жуынатын орындар. Мешіт ішінде кітапхана сияқты қаланған папкалар, кітаптар... Күзетшісі бізге әл-Фараби қабірін көрсетті. Айналасы сәл ашықтау жерде жатқан жұпыны сұпы, сыртын цементпен сылаған. Басқа ешнәрсе жоқ. «Мұның әл-Фарабидікі екенін сіз қайдан білесіз? Ешбір белгі жазу жоқ қой?» – деп сұрадым күзетшіден. Оның айтуынша белгі басында бұрын болған. Жер сілкінген кезде құлап қалыпты. Одан кейін оны түзеткен кісі жоқ. «Айналасында тұрған мынау қабірлердің бәрінің де белгілері құлаған, бірақ сіз мұның әл-Фарабидікі екеніне шүбә келтірмеңіз. Өйткені бұл зиратта жатқан адамдардың бәрі дәптерде тіркеулі, кімнің қай жерде жатқаны белгілі», – деді күзетші.

Бб-ас-Сағир зираты белгілі адамдарға арналған династиялық жай көрінеді. Онда тек патшалар, пайғамбар нәсілдері, әмірлер немесе солардың ұстазы болған ғұламалар ғана қойылады екен. Сирия әмірі Сайф ад-Дәула әл-Фарабиді өзіне ұстаз тұтқан. Сол себепті ол кісі оны өз қолымен осы жерге қойдырған. Олай болмаған күнде мың жылдан бұрынғы жалпы зираттар жермен-жексен болап кеткен, онан табу мүмкін де емес. Баб-ас-Сағир бір кезде қаланың шетінде қоршау қақпада болған. Кейін қала өскен соң ол ортада қалып қойыпты. Содан кейін  оның айналасын темін шарбақпен қоршап, бұрынғы қалпында сақтаған. Әл-Фараби қабірін, зиратты дереу суретке түсірдік. Өйткені сол кезде күн батуға жақын еді». Бұл 1968 жылдың 23 қыркүйегі болатын.

– Естуімізше, сол тұста әл-Фараби зиратына белгі орнатылуына себепкер болған да Ақжан Машани көрінеді...

– Сапар соңында Дамаск қаласында қоштасу қонақасы беріледі. Ақаң сөз сөйлеп тұрып, дүниежүзіне әйгілі ұлы дананың басында ешбір белгінің жоқ екенін сөз етеді. Сонда арабтар жағынан Дадуш есімді бір азамат алдағы уақытта әл-Фарабидің басына ескерткіш орнатуға уәдесін береді. Кейін өзін Ақаңның шәкіртімін деп санайтын Әмір-Бек Есенбайұлы Бүкіл ислам қауымы жиналысына Дамаск, Иерусалим. Бағдад қалаларына баратын болады. Ұстазы ретінде батасын алуға келгенде Ақаң одан әл-Фарабидің зиратына барып, арабтардың айтқан сөзінде тұрған-тұрмағанын біле келуін өтінеді. Әмір-Бек Есенбайұлы уәденің орындалғанын айтып, жақсы хабар жеткізеді.

– Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, әл-Фарабидің кез келген ғылым саласына сіңірген еңбегі мол...

– Әл-Фараби – шын мәнісінде, төрт «тағаны» тең тұрған ғалым. «Бүкіл ғылым тарихында арифметика, геометрия, астрономия, музыка саласынан бірдей жаңалық ашқан әл-Фарабиден басқа ғалым жоқ. Птоломей, Аристотель, Платондар өзінің музыканы білмейтіндерін жазып кеткен», – дейді Ақаң. Аристотелдер астрономия, арифметикадан еңбек қалдырғанымен, музыканы білмеді. Ал әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» – музыканың энциклопедиясы. Өкінішке орай, әлі күнге дейін Құрманғазы атындағы консерваторияда әл-Фарабидің музыкалық теориясы оқытылмайды. Тағы бір өкініштісі, әл-Фарабидің жасап кеткен көптеген дүниесі қазіргі күнге дейін басқаның «еншісінде» жүр. Мысалға айтар болсақ, әл-Фараби: «Күннен адам бетіндегі қалдай бір дақ көрдім. Ол Шолпан еді», – дейді. Кейін астрономдар есептегенде әл-Фараби тұсында, расында да, Шолпанның Күнді кезекті рет айналып өткенін біліп отырмыз. Ғалым телескопқа келетін ойыс айнаны сол кезде жасап кеткен. Ал бұл – әл-Фарабиден 600-700 жыл кейін Галилей жасаған телескоптың негізі. Ойыс айнаны жасауда әл-Фараби «мухарак» деген термин енгізді. Мұны Кеплер «фокус» деп аударып алған. Кеплер де, Коперник те – Еуропа әл-Фарабиді өте жақсы білген. Оның еңбектерімен өскен. Бірақ біз әлі күнге дейін әл-Фарабиді өз деңгейіне көтере алмай отырмыз. Әл-Фараби – ұлы коментатор, түсіндіруші. Ол Птоломей мен Аристотель еңбектеріндегі жоқты толықтырып, ғалымдар екіге бөліп отырған Аристотель мен Платонның арасын жалғап, біріктіреді. Әл-Фараби –Еуропа елдеріне ренессанс тудырған үлкен ғалым. Гректер Аристотельді әл-Фараби еңбектерінен кейін түсінді. Ақжан Машани: «Жұрт әл-Фарабиді философ дейді, бірақ әл-Фараби – музыкант. Жұрт Абайды ақын дейді, бірақ Абай – философ» деген аксиомалық анықтама беріп кетті.

– Ақжан Машанидің әл-Фараби мұраларын зерттеу, зерделеу тұрғысында еңбегі қаншалықты?

– Ақжан Машани 1973 жылы «Аль-Фараби и современная наука» деген монография жазған. Бірақ онда Құдайдың бар екені және оны әл-Фарабидің қолдағаны туралы жазғандықтан қолжазба жарыққа шықпай қалды. 2004 жылы оны қазақшаға аударып, «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым» деген атпен жарияладық. Алдыңғысы – Кеңес одағы кезіндегі жағдай. Ал одан бері қанша уақыт өтті?! Қазір өз билігіміз өз қолымызда, бірақ әлі де болса, әл-Фарабиді өз биігіне көтере алмай отырмыз. Оны іздеп жатқан ешкім жоқ. іздесе, «Әл-Фарабиді зерттеген Ақжанда не бар?» деп сұрау салмай ма? ондай да жоқ. мысалы, Машанидің фарабитану бойынша 10 томдық еңбегі қолжазба күйінде қалған. Жазғандарын «Машинкаға бастыршы» деп маған беретін. Мен төрт дана қылып бастырсам, біреуін өзіме алып қалатынмын. Осылай Ақаңның бір зжазбасы менде сақтаулы тұр. Ақжан аға әл-Фараби туралы мәліметтер қарастырып, зерттеуін бастап жүргенде «Әй, Ақжан, мына сәлде киген кім? Қай молдаң? Жаратылыстану ғылымының адамысың ғой, дәл айтшы осыны, руы кім екен өзінің?» деген сияқты келемеж пікірлерді тіпті академия жиналысының өзінде де талай адамның аузынан естідім. Солардың қайсыбірі қазір әл-Фарабиді өздері ашқандай болып жүр...

Сұхбаттасқан Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

«АҢЫЗ АДАМ» журналы

№ 17 (29) қыркүйек 2011 жыл

 

Published in Тарих

Бүгінгі танда Алматы облысы бойынша респираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмониямен ауыратын немесе күдікті пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді.

Жедел медициналық қызметке түсетін үлкен жүктемеге байланысты COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу, стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшін шілде айында 391 мобильді бригада (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылды. Бұдан басқа да, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді.

Мобильді бригадалардың жұмысын Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жергілікті аймақтарда ұйымдастырды. Қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Бригадалардың саны - бес мың адамға бір мобильді бригада есебінен анықталады. Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі.

Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және медбике, қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді.

Мобильді бригадалар халыққа төмендегідей қызметтер көрсетеді:

пациентті алғашқы тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау;

COVID-19 күдікті пациенттерді жедел және ПТР-тестілеу;

көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру;

қандағы оттегінің сатурациясы 93% төмендеген кезде консультациялық топ мүшесімен аудио-видеоконференция ұйымдастыра отырып, пульсоксиметрия жүргізу;

«COVID-19 Коронавирустық инфекция» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындау;

үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу (бұл жағдайда мобильді бригада жедел жәрдем бригадасын шақырады).

Медициналық сақтандыру Қоры төлем жургізетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін пациенттер шағымдар мен ұсыныстарын Qoldau24/7 мобильді қосымшасында қалдыруға болатындығын хабарлайды және осы мобильді қосымшасында әрбір азамат өзінің медициналық сақтандыру мәртебесін тексеріп, анықтай алады немесе сақтандыру мәртебесін растау үшін қажетті құжаттарды қосып тіркей алады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Published in Санаты жоқ

В Послании Президента РК Касым-Жомарта Токаева поставлен ряд структурных задач в рамках предложенной Елбасы долгосрочной стратегии развития до 2050 года и Плана нации «100 конкретных шагов». В их числе отказ от ресурсного менталитета и диверсификация экономики, эффективный малый и средний бизнес, развитый агропромышленный комплекс,  организация надлежащих условий для качественной жизни на селе в рамках проекта  «Ауыл – Ел Бесігі». В разделе «Сильные регионы – сильная страна» планируется  внедрение региональных стандартов в опорных и спутниковых населенных пунктах, решение вопросов их инфраструктуры.

Районным отделом экономики и бюджетного планирования в рамках госпрограмм «Агробизнес-2020», «Дорожная карта бизнеса-2020», «Дорожная карта занятости» разработана масштабная Программа развития Енбекшиказахского района на 2016-2020 годы.   Ее приоритетами являются  экономика,  социальная сфера,  инфраструктура. В сфере экономики первенство отдано промышленности, индустриально-инновационным проектам АПК, малому и среднему бизнесу, центрам экономического роста.

Промышленность района формируют крупные и  средние    предприятия, на долю которых приходится до 70 процентов от общего объема производимой промышленной продукции. В структуре промышленного производства 86,7% приходится на обрабатывающую промышленность, 7,3% – производство и распределение электроэнергии, водоснабжение; 5,1% –горнодобывающую промышленность.

Имеется значительный потенциал ветровой энергии, особенно в районе Шелекского коридора.       Природно-рекреационные ресурсы создают благоприятные условия для развития туризма. В границы района входят ущелья Заилийского Алатау: Тургенское ущелье со знаменитым Асы жайлау и форелевым хозяйством, Есикское ущелье с одноименным высокогорным озером. Объекты туризма – Сакские курганы, петроглифы (святилище) плато Асы, Тургенское ущелье, Есикское озеро, РГКП «Государственный историко-культурный заповедник-музей «Есик», центр детско-юношеского туризма и экскурсий Енбекшиказахского района, ремесленный музей Уста Даркембая.

Агробизнес. Енбекшиказахский район относится к регионам аграрной направленности, его сельскохозяйственный потенциал составляет 14 процентов от АПК Алматинской области, что способствует формированию плодоовощного и молочного кластеров и позволяет обеспечить продовольственную безопасность продуктового пояса г.Алматы и выход на внешние рынки. В последние годы пришли инвесторы и в отрасль производства мясной продукции на экспорт.

Переработка сельскохозяйственной продукции в общем объеме промышленного производства превышает 90 процентов,  действуют свыше 70 производств по переработке сельскохозяйственного сырья, район занимает одно из ведущих мест в области по производству и переработке молока, виноградных вин и натуральных соков. Переработкой сельскохозяйственной продукции заняты крупные предприятия АО «Голд Продукт», АО «АПК Адал», АО «Компания Фудмастер» и  ТОО «Иссыкский плодоконсервный завод». 

Львиная доля, до 70 процентов производства продуктов питания,  приходится на молочные. В районе действуют 3 молокозавода мощностью 42500  тонн.Наращивание потенциала молочного животноводства позволит значительно улучшить экономические показатели АПК. На 16 крупных фермах содержится  свыше 3 тысяч дойных коров. В ближайшие годы  дополнительно запланировано создание 10 крупных МТФ с поголовьем 6220 голов дойного стада. Израильская компания «VP Group» в Каражотинском округе ведет строительство мега-фермы на 5000 голов КРС. КХ «Айдарбаев» ввело МТФ на 250 дойных коров. Из областного бюджета и АО «Аграрная кредитная корпорация финансируются проекты создания семейных МТФ на 50 голов скота.

В отрасли мясного животноводства  активно создаются откормплощадки, началось производство мяса на экспорт. К примеру, в Кырбалтабайском округе ТОО «БестМит» совместно с ТОО «КазМясо» реализует проект  по созданию  откромкомплекса КРС абердино-ангусской породы, цехов по забою скота и переработке мясной продукции на экспорт. В 2019 году открыты две МТФ,  откормплощадка на 1000 голов КРС  ТОО «БестМит» в Кырбалтабайском округе. Племрепродуктор КРС породы ангус-абердин построило ТОО «Lake Farm» в с.Акши. Реализуется крупный проект: завод ТОО «Ақтай сауда» в Шелекском округе  по переработке мяса мощностью 30 тонн в месяц. ТОО «Темирлан АКЖ Trading»  в Каражотинском округе введет в эксплуатацию откормочную площадку  на 3300 голов КРС. «VP Group» в 2021-2022 г.г. в Тескенсуском и Каражотинском округах планирует ввести откормочную площадку на   10 000 голов.  Крупными инвесторами к 2027 году  планируется строительство 3 новых  ОП на  14,3 тыс. голов КРС стоимостью  10  млрд. 350 млн. тенге. КХ «Ынтымак» в Асинском округе и ТОО «АгроМеркур» в Болекском округе планируют расширение действующих мощностей соответственно на 1500 и 3000 голов КРС.

Птицеводством занимаются компании «Аллель агро» и «Нұрлы құс». В 2019-2020 годах идет реализация запуска птицефабрик ТОО «Нұрлы құс» в Масакском округе по переработке кур  мощностью 3800 тонн в год; ТОО «Ассорти Ранчо» мощностью 450 тонн птичьего мяса  в Саймасайском округе и ТОО «Байсерке агро» мощностью 560 тонн птичьего мяса и 3,5 млн яиц в год в Кырбалтабайском округе.

Расширяется и отрасль переработки. До недавнего времени время переработкой занимались  три крупные компании АО «ФудМастер», АО «Голд продукт», АО «АПК «Адал», составляя 57% агропромышленной отрасли района. К 2020 году В Шелекском округе построен  мясной цех ТОО  «Ақтай сауда», в   Масакском округе завод по переработке мяса кур ТОО “Нұрлы құс ” мощностью 3800 тонн в год.

Растет и экспортное содержание продукции переработки. У завода по производству вин ТОО «Arba Wine» в Каракемерском округе доля экспорта в объеме производства: 4,8%; ТОО «Иссыкский плодоконсервный завод» на экспорт производит 80% всего объема продукции. Бизнесом реализованы такие  проекты как  открытие швейного цеха ТОО «Шелек-Болашак» в Аватском округе,  завод гранулированной люцерны ТОО «Агро Экспорт Импорт». Введено в эксплуатацию   ТОО  «ASSORTI Rancho» в   селе Саймасай по производству  мяса птицы. ТОО «Энерго Әлем» сдана ЕГЭС-1 мощностью 4,5 мегаватт на р. Есик. Ведется строительство ветровой электростанции мощностью 50 МВт ТОО  «Энергия Семиречья».

Инновационно-инвестиционные проекты. Крупнейшим инвестпроектом 2020 года является  проект по добыче и переработке  вольфрамовой руды на месторождении Богуты в Шелекском регионе Енбекшиказахского района. Месторождение находится на восточном хребте Заилийского Алатау,  в  50 км от с.Шелек. Общая стоимость инвестпроекта – 95 млрд тенге.

Право недропользования по контракту передано ТОО «Жетісу Вольфрамы». В четвертом квартале 2020 г.  начнется строительство горно-добывающего комплекса и горно-обогатительного комбината с проектной мощностью  по добыче  3,3  млн тонн вольфрамовой руды в год. Выход на проектную мощность планируется в 2023 году.

Запланирована реализация инвестпроектов: ТОО «Frosco» в с.Акши по строительству завода  шоковой заморозки плодов и ягод, стоимость проекта 2 млрд тенге. Объем продукции составит до 10 тысяч тонн в год, в том числе 6 тыс. тонн будет отправляться на экспорт.

В с.Балтабай ТОО «Степной холм» заложит 100 га интенсивных садов, введет в строй два инновационных фруктохранилища на 4200 тонн, где плоды будут оставаться свежими в течение двух лет. 

ТОО «Жетысу соя» в Кырбалтабайском округе введет в эксплуатацию завод по переработке сои мощностью 25 тысяч тонн в год;   ТОО «Феникс фрутс» в Асинском округе – завод по переработке и хранению фруктов мощностью 7900 тонн (стоимость проекта 29 млрд тенге).

Малый и средний бизнес. Количество зарегистрированных субъектов малого и среднего предпринимательства  по району в 2017 году насчитывало  22376 единиц. В 2019 году число субъектов  малого и среднего бизнеса в 2019 году  составляло 18610 единиц, в том числе 854 малых предприятий, 7262 ИП, 10494 крестьянских хозяйства.

На начало  2020 года в районе действуют  1988 предприятий МСБ, в том числе 1101 малых, 7619 индивидуальных, 10468 крестьянско-фермерских хозяйств.  Функционируют 1012 объектов торговли, 13 рынков, 175 объектов общественного питания, 362 объекта сферы услуг. В текущем году доля  малого и среднего бизнеса в ВВП района  должна составить 23,5%.

Центром экономического роста района определена Алматинская агломерация  (Есикский регион) и г.Есик. В соответствии с генеральным планом определены границы города и поданы документы на их утверждение в областной маслихат. Территория  Есика увеличится с 2989 га до 4188 га. В его границы войдут  8 дачных массивов. Есик в перспективе станет устойчиво развивающимся городом, обладающим мощной перерабатывающей промышленностью, развитым туристическим сектором. Развитие обрабатывающей промышленности даст импульс для развития сельскохозяйственной отрасли, малого и среднего предпринимательства, сферы торговли и услуг, а также рынка труда.  В 2019 году предприятиями Есика было произведено промышленной продукции на 13 млрд. 447 млн.  тенге, что на 898 млн. тенге больше, чем в 2018 году (рост 107 процентов). Было завершено строительство ГЭС-1 на реке Есик мощностью 4,5 МВт. Субъекты  малого и среднего бизнеса по итогам 2019 года  в Есике составили  6339 единиц. Открылись 26 предприятий в сфере услуг и торговли. За счет близлежащих сельских округов, ориентирующихся на выращивание плодов и овощей, в городе Есике есть возможность построить завод по переработке плодов и овощей с мощностью до 200 тонн в сутки.

Общее количество предприятий по   Алматинской агломерации около 600, в том числе: крупные – 3, средние – 135, малые – 452. Крупные: АО «ФудМастер»,  АО АПК «Адал», АО «ГолдПродукт», средние: ТОО «Электрокабель», ТОО «АДСК», ТОО «Есикский плодоконсервный завод» и др.

Региональное развитие. Основной упор в Программе развития района делается на развитие бизнеса в сельских регионах по реализации Единой программы поддержки и развития бизнеса «ДКБ 2020». Дополнительные возможности предоставляют использование мер государственной поддержки розничной торговли в рамках Программы по развитию сферы услуг в РК до 2020 года (Дорожная карта бизнеса – 2020); использование мер государственной поддержки розничной торговли в рамках Программы по развитию сферы услуг в РК до 2020 года (Дорожная карта бизнеса – 2020); создание благоприятных условий для роста численности населения, наличие международной трассы Алматы-Хоргос «Западная Европа – Западный Китай».

Вместе с тем негативные факторы сдерживают развитие экономики района.

Основными проблемами являются низкое оснащение технологическим оборудованием, значительный износ производственных фондов большинства предприятий; демпинг со стороны китайских и российских товаропроизводителей; неполная загруженность имеющихся производственных мощностей; снижение спроса и сужение рынков сбыта на выпускаемую продукцию; многолетнее доминирование на казахстанском рынке продукции китайских, российских и других зарубежных производителей, что сдерживает  выпуск отечественной конкурентоспособной продукции.

В сельском хозяйстве мелкотоварность хозяйств и малые размеры наделов земли не позволяют проводить крупномасштабную селекционно-племенную работу и соблюдать научно-обоснованный севооборот, широко использовать современные технологии, механизацию и автоматизацию процессов производства.

В районе более 85% населения проживают в сельской местности, что предопределяет невысокий уровень жизни населения,  ведет к росту миграции из   села в город, тормозит развитие сельских территорий.

Инфраструктура. С начала января 2015 года в РК начала работать «Программа развития регионов», предусмотренная для улучшения качества жизни на селе. В Енбекшиказахском районе в 2015 году из бюджета было выделено 213,3 млн тенге на реализацию 21  проекта, в 2016 году 219,3 млн тенге на 27 проектов, в 2017 году – 220 млн тенге на 17 проектов. В 2018 году государством на инфраструктурные проекты текущего ремонта дорог для Енбекшиказахского района было выделено 220 млн 119 тысяч тенге. В 2019 году бюджетные целевые трансферты в сумме 219 млн 388 тыс. тенге  были направлены на текущий ремонт дорог, систем водоснабжения, благоустройство спортивных площадок и стадионов. В 2020 году  на 21 инфраструктурные проекты в 14 сельских округах из бюджета выделено 217 млн 834 тыс. тенге.

 

Подготовил И.ТУРАНИН

Published in Мақалалар

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмыс бастауына рұқсат берілетінін айтты.

«Жалпы COVID-19 ауруын жұқтыру мен одан келетін өлім-жітім жағдайының ары қарай тұрақталуы – экономиканың барлық секторын тартып, үйлесе жұмыс жүргізуге байланысты болмақ. Атап айтқанда тұрақтандыру бағытындағы қабылданған шаралардың нәтижесінің 30 пайызы ғана – медициналық көмек пен эпидемиологиялық шараларға байланысты. Ал қалған 70 пайызы жаппай маска кию режимі мен гигиенаға (30 пайызы), сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтауға (40 пайызы) байланысты», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Ал карантин аяқталғаннан кейін, яғни 3 тамыздан бастап төмендегідей нысандардың жұмысын қайта жалғастыруына мүмкіндік беріледі. Ол үшін алдымен санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, маска кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптары орындалуы керек. Бұл нысандар жұмысын бастау үшін апта ішінде инфекцияның таралу деңгейі тұрақталып, төсек орындар 70 пайызға босауы тиіс.

«Атап айтқанда осындай шарттар орындалған жағдайда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады. Сондай-ақ, балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек) жұмыс бастайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат. Сән салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар (алдын ала жазылу бойынша) да ашылады», - деді ол.

Алексей Цойдың айтуынша, мемлекеттік қызметшілер мен кеңсе қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібі сақталуы тиіс.

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет