Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 29 Шілде 2020
Сәрсенбі, 29 Шілде 2020 14:37

Сән беріп сәукелесі хас сұлуға…

Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Тігілген матасы, ою-өрнегі мен ондағы әшекей тастарының өзі көп нәрседен хабар беріп, киім иесінің кім екенін елге танытып тұрады. Үлкен талғампаздықпен, әрі аса тапқырлықпен тігілген ұлттық киімдеріміздің бірі – сәукеле.

Сәукеле – ұзатылар қыздың бас киімі. Қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін оны қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін арнайы алдын-ала тіктіреді. Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлері очеркінен» «Күйеу қалыңдығына ұрын келіп кеткеннен кейін қалыңдықтың ата-анасы көптеген кілем, шапан, ішік сықылды жасау әзірлей бастайды, зергерлерге сәукеле жасатады» деген жолдарды кездестіруге болады.

Сәукеленің сәні мен сыры неде?

«Жеті жастан жинасаң – жетеді, алты жастан жинасаң – асады» дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе, қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты бай қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған» деген дерегі де бар. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.

Ертеде сәукеленің биіктігі – 50-70 сантиметрге дейін баратын. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, Бөкей Ордасы аймағындағы сәукеленің биіктігі бір кез болатын деген мәліметті кездестіреміз. Демек, бай-бағланның тіктірген сәукелесі 70 сантиметрден де асқан.

Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді.

Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап, жиі етіп сырады. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен, не қара барқытпен көмкереді. Ал маңдай тұсына зер, не жібек шашақ тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шыр айналдыра зер, не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Бұл қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, беташар айтылғанда қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсеткен. Ақ бүркеншек – шәйі жібек капрон алғаш түскен келінді тіл мен көз сұғынан сақтайды, әрі оның ақ болуы – адалдық, тазалықтың белгісі, ибалықтың нышаны. Сондай-ақ жас отаудың арман-үміті. Сәукеленің шағын отау сынды болып келетіні де сол. Жаңа түскен келінге беташар айтылып, үлкендер тілек-батасын берген соң сәукелесінің сыртынан жабылған жамылғысы – бүркемесі қамшының сабымен түріліп, беті салтанатты түрде ашылған соң сәукелені шешіп, оны желекпен алмастырған.

Желек – жас келіншектің басына жамылатын шәлі. Қазақ әйелдерінің баскиімдері практикалық қызметінен өзге, әйелдердің отбасылық жағдайының көрсеткіші болғанын ескерсек, желекті келіншектер тұңғыш баласы, кейде екінші баласын туғанға дейін киген.

Бүгінгі сәукеле – қай сәукеле?

Халқымыздың салт-дәстүрінен сыр шертіп, сән-салтанатымен ерекшеленген сәукеле – шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы екенінде дау жоқ. Алтынмен апталып, күміспен күптелген өне бойындағы әр тастың тарихы тереңде, үлкен мағынаға ие. Жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы сынды әшекейлер мен басқа да құрамдас бөліктерінің сәукелеге тағылу себептері бар, айтар ойы, өзіндік ерекшеліктері бар. Бір қуантарлығы, тұрмыстағы қолданыстан қалып, тарихтың тереңіне кеткен сәукеленің сәні бүгінде ерекше бағаланып, қайта оралуына жағдай жасалып жатыр. Қыз ұзатқанда көптен бері еуропалық үлгідегі көйлек пен фата кигізіп келген халқымыз соңғы кездері сәукеле мен бүрмелі көйлекке қайта бет бұрды. Дегенмен, сәукеленің сәнін ұққан көпшілік, оның сырына қанық емес. Бүкіл бір елдің қадір-қасиеті, бақ-дәулетінен хабар берген сәукеле бүгінде бұл ерекшеліктерінен айырылып, сәні де кеткендей. Әдемі әшекейі азайып, сұңғақ бойы аласарған сәукеленің сараң қолдан шыққандай әсер берері сөзсіз. Бұл – қазіргі қоғам жағдайының жайы ма, әлде «әйтеуір, кию керек екен» деген түсінікпен кие салған білместік пе? Бір кездері қалыңдық жұртының атақ-дәрежесін әйгілеп тұрған сәукеленің бүгінгі сәні солғын. Сондықтан да көрсе, көздің жауын алатын сән-салтанатымен қатар, сәукеленің бойына бүккен сырының да тереңде екенін естен шығармағанымыз жөн.

Сау келеді

«Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл «байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жатқан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан «сәукеле» атауы шыққан деседі.

Қазақта сәукеле кигізу салты бар

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған салт-дәстүр, әдет-ғұрып – асыл қазынамыз. «Халқым  қандай  десең, салтымнан  сұрап  біл» дейтін қазақ салт-дәстүрден кенде емес. Мән-мағынасы тереңде жатқан салтымыздың бірі – сәукеле кигізу.

Сәукеле – тек сәндік үшін киілетін бас киім емес, бұлғақтап өскен оң жақтағы өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің ескерткіші, жаңа өмірге жасалар қадам. Өмірінде бір-ақ рет киілетін сәукеленің әйел заты үшін киімдері ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті екені түсінікті. Сондықтан қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Ол – ерекше бір салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукелелі келіншек ажарлы да, базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды.

Басжақсы – сәукеленің әшекей бұйымдарының жалпы атауы. Сәукеленің әшекей заттары көп, әрі олар қымбатқа түсетіндіктен, күйеу жағы қалыңмалдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем сәукеле әшекейлерінің атауымен «басжақсы» деп айтылған.

Шытақ – сәукеленің қозасы (шар сияқты металл әшекейі);

Бергек – желекті ұстап тұратын әшекейлі қатырғы;

Жырға – сәукеленің моншағы, шұбыртпасы, салпыншағы;

Зере – іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиім. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қазақ қызына Зере деген есім берген.

Бетмоншақ – сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оның екі түрі болады. Бірі – бірыңғай ірілі-ұсақты моншақтардан түзілсе, екіншісі – матадан тігіліп, моншақтар мата бетіне орналастырылады. Екеуінің де арасында күміс қозалар қадалады. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп тұрған. Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр» деудің орнына «бет моншағы үзіліп тұр» деген.

Жақмоншақ – сәукеле, бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қасқа түсіре, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер алтын, күміс қозаларын жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды.

Үкіаяқ – жоғары жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен күптеп, баскиімге, бесікке тағатын әшекей. Ертеде үкі киелі құс саналып, оның аяғын, қауырсынын тұмар орнына қолданған. Үкіаяқ сырға, шаштеңгелермен бірге сәукеленің де құрамдас бөлшегі ретінде пайдаланылған.

 Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Published in Тарих

Алматы облысы Бас мемлекеттік санитарлыық дәргерінің міндетін атқарушы А.Чарапиевтің Алматы облысы аумағында құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы № 22 қаулысы 

 

Published in Санаты жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.

Сонымен қатар Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа дертке шалдығу және адам өлімі, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, халықтан тест сынамасын алу деңгейі, интенсивті терапия және реанимация палаталарының қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі секілді негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердегі ахуалға жүргізілген күнделікті мониторинг жайында мәлімет берді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысына инфрақұрылым нысандарының эпидемиологиялық ахуалға және экономикаға әсерін ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жолдарын баяндады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтті.

Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 29 Шілде 2020 11:18

208 адам көз жұмды

Өткен аптада, яғни 20-26 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 208 адам көз жұмғанын coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Ақмола облысы – 7:

1972, 1942, 1957, 1948 жылғы ер адамдар, 1961, 1950, 1940 жылғы әйел адамдар.

Алматы облысы - 10:

1949, 1949, 1963, 1969, 1966 жылғы ер адамдар, 1966, 1991, 1955, 1966, 1963 жылғы әйел адамдар.

Атырау облысы - 4:

1943, 1958, 1954 жылғы ер адамдар, 1966 жылғы әйел адам.

Батыс Қазақстан облысы - 12:

1949, 1961, 1952 жылғы ер адамдар, 1961, 1947, 1950, 1949, 1963, 1944, 1950, 1947, 1940 жылғы әйел адамдар.

Шығыс Қазақстан облысы - 23:

1951, 1947, 1963, 1941, 1937, 1955, 1954, 1950, 1953, 1943, 1937, 1954, 1942 жылғы ер адамдар, 1968, 1956, 1955, 1955, 1939, 1928, 1961, 1955, 1949, 1962 жылғы әйел адамдар.

Ақтөбе облысы - 1:

1931 жылғы әйел адам.

Жамбыл облысы - 28:

1936, 1965, 1949, 1936, 1939, 1972, 1941, 1959, 1970, 1961, 1936, 1951, 1976, 1942, 1965 жылғы ер адамдар, 1950, 1939, 1949, 1950, 1961, 1951, 1957, 1940, 1954, 1951, 1975, 1939, 1952 жылғы әйел адамдар.

Қарағанды облысы – 56:

1946, 1954, 1962, 1955, 1967, 1936, 1958, 1950, 1941, 1957, 1965, 1969, 1944, 1950, 1939, 1953, 1940, 1950, 1949, 1957, 1961, 1960, 1938, 1955, 1952, 1938, 1955, 1932, 1946, 1937, жылғы ер адамдар, 1957, 1940, 1936, 1931, 1967, 1930, 1947, 1933, 1967, 1949, 1955, 1932, 1961, 1930, 1952, 1938, 1934, 1952, 1935, 1953, 1963, 1953, 1945, 1947, 1940, 1963 жылғы әйел адамдар.

Қостанай облысы - 3:

1969, 1947, 1943 жылғы ер адамдар,

Маңғыстау облысы – 8:

1950, 1959, 1964, 1951, 1950 жылғы ер адамдар, 1951, 1942, 1942 жылғы әйел адамдар.

Солтүстік Қазақстан облысы – 6:

1951, 1945, 1953 жылғы ер адамдар, 1960, 1939, 1970 жылғы әйел адамдар.

Түркістан облысы - 2:

1957 жылғы ер адам және 1994 жылғы әйел адам.

Нұр-Сұлтан қаласы – 10;

1960, 1956, 1957 жылғы ер адамдар,1944, 1956, 1931, 1948, 1946, 1957, 1987 жылғы әйел адамдар.

Алматы қаласы – 38:

1951, 1958, 1961, 1960, 1964, 1959, 1955, 1933, 1937, 1950, 1945, 1943, 1943, 1947, 1961, 1943, 1948, 1950, 1955 жылғы ер адамдар, 1955, 1956, 1959, 1927, 1965, 1991, 1956, 1959, 1969, 1938, 1964, 1950, 1961, 1960, 1957, 1936, 1961, 1951, 1930 жылғы әйел адамдар.

Қазақстанда барлығы 793 адам қайтыс болды.

Published in Санаты жоқ

Бейжің қаласында тұратын қандасымыз, жас режиссер Өркенбек Бейсенбайұлы Қытай елінде кино саласы бойынша жемісті еңбек етіп, талантымен жұртқа танылып жүр. ҚазАқпарат тілшісі Бейжің кинематография академиясының түлегі, талантты жас режиссер Өркенбек Бейсенбайұлмен жеке шығармашылық белестері туралы және биылғы жемісті шығармашылық жұмыстарының бірі, бюджеті 460 миллион юань (65 миллион 800 мың доллар) болған, 60 бөлімді «Нысанаға алу» атты телесериалдың түсірілімі жайында әңгімелескен еді.

- Өркенбек Бейсенбайұлы, бүгінгі шығармашылық белестерге жетелеген бала күнгі арманың қандай болды? Өзің жайлы білгіміз келеді?

- Мен 1993 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі Санжы облысының Манас ауданында туғанмын. Бала күнімнен киноға қызықтым. Бұл киноны жай көру үшін ғана құмарту емес еді. Менде кино жасай алсам, актер болып соның ішінде жүрсем деген тәтті арман болды. Құрбылас балалар далада ойнап жүргенде мен үйде кино көріп отыратынмын. Олар мультфильм қараса да, мен киноны таңдайтынмын. Қысқасы бұл салаға балалық шағымда-ақ әуестігім оянды.

Тіптен шамама қарамай 6-шы сыныптан бастап сценарий жаза бастадым. Ол жазғандарым кереметтей бір сапалы болмаса да, бала қиялымның ұшталуына, қанаттануына жол ашты. Ал орта мектепте жазған сценарийлерім біршама толымды болған сияқты. Өткен жылы мектепте жазған сценариімді Бейжіңдегі бір байқауға жіберсем, жүлдеге ілініпті. Әріптестерім сол сценариймен фильм түсірейік деп ұсыныс та айтты.

Ал осылай басталған бала күнгі арман жетелеп Бейжіңдегі Орталық драма академиясына әкеліп түсірді. Онда мен 2012-2016 жылдары драматургия және режиссерлік мамандығы бойынша білім алдым. Сонымен бірге 2016 жылы Бейжің кинематография академиясында білімімді жетілдірдім.

Жалпы, Қытайда жоғары оқу орына түсу көп талаптануды қажет етеді. Ал Бейжіңдегі таңдаулы оқу орындарының қақпасын қағу тіптен оңайға соқпайды. Сондықтан бір кезең астым деп тоқтап қалмай, үздіксіз үйрендім, талмай іздендім.

Академияда оқып жүрген кезімде бос уақытымды пайдаланып сценарий жаздым, кинофильмдерге шақырту алып, рөлдерді сомдадым. Осылай қаражат жинап, 4 жылдық оқу ақшамды төледім. Менің алғашқы түскен фильмім «Тораңғы уәдесі» атты туындыдан бастау алды.

 

- Ал қазіргі режиссер деген мәртебелі атаққа ие Өркенбек жұртқа қандай туындысымен мойындалып, танылды?

- Университет қабырғасында оқып жүргенде мамандығым бойынша түрлі жобаларға белсенді қатыстым. 2016 жылы Лу Вэньцин деген азаматпен бірге «Бейжің фантастикалық кинофильмдер» компаниясын да құрдық. Мақсатымыз - жоғары сападағы фильмдер шығару және сценарий жазып, дайындау болды. Ал менің тұңғыш режиссерлік қолтаңбам қалған, көпшілік қауымға режиссер Өркенбектің сәтті туындысы аталып, мойындалған шығарма «Құтқару» атты қысқа метражды кинофильм болды. Бұл туынды менің шығармашылық сапарымның құтты қадамын ашты.




Аталған туындым 2017 жылдың желтоқсан айында өткен 8-ші Қытай халықаралық «Жаңа медиа» қысқа метражды фильмдер фестивалінде жүлделі орынға ие болды. 2018 жылы халықаралық Канн кинофестивалінде үздік микрофильмнің бірі атанды.

Сондай-ақ, Қытай мен Корея елдері бірігіп ұйымдастырған жастар кинофестивалінде де менің туындым үздік деп бағаланды. Қысқасы Гонконг, АҚШ, Жапония, Корея елдерінің кинофестивальдерінен құр қайтпадық. Әрине, мен бұл фильмнің сәтті шығуы үшін көп еңбектендім, өзіме сенімді болдым. Дегенмен дәл осындай толағай табысқа жетеді деп ойламаған едім.

Жалпы, режиссер мамандығын оқыған әрбір жастың жұмысқа бірден кірісіп, фильм түсіретін мүмкіндігі аз. Актердің рөл сомдауда үлкен-кішісі болады. Ал режиссер ұзақ уақытын шығындап, тәлейін сынап, қажырлы жұмыс істеп, біртіндеп танылады. Сондықтан мен өзімді жолы болған режиссермін деп айта аламын.




 

- Ендеше осынша көп жүлдені қанжығасына байлаған «желден жүйрік» туындыңның бағы мен бабын қалай таптың?

- Үлкен кино өнеріне қадам жасайтын әрбір режиссер қысқаметражды фильм жасап, бағын сынайды. Мен де сол жолдан өттім. «Құтқару» атты қысқа метражды кинофильм менің қарым-қабілетімді, қажыр-қайратымды, тәуекелімді сынаған туынды болды. «Құтқару» фильмінің сценариін де өзім жазғанмын. Туындыға 96-шы жылғы Босния-Герцеговина соғысы тұсындағы анасы мен ұлының арасындағы әсерлі әңгіме арқау болған.

Жобаға кіріскеннен бастап, шағын фильм болса да барынша сапалы түсіру үшін барлық қажетті шарттардың жақсы жасалуын көздедім. Осындай шығындарды есептей келгенде 700 мың юань (41 миллион теңге) қаражат керек болды. Ол кезде менің қолымда 700 мың тұрмақ 7 мың юань ақша да болған жоқ. Содан фильмге демеуші іздеп, көптеген компаниялар мен жеке адамдардың есігін қақтым. Бірақ қайтарымы жоқ жобаға ешкім ақша бергісі келмеді.

Жалпы, қысқаметражды фильмге демеуші табу қиын. Десе де алға қойған мақсатымнан қайтпадым. Ақырында тілектес, өнерді бағалайтын бір азаматтан қарыз ақша алдым. Осылайша қолды байлаған қаражаттың мәселесі шешілген соң фильмді түсіруге кірістім. Басты рөлдерді сомдауға Босния жерінен мықты актерлерді шақырдым. Олар өз елдері туралы фильм түсіретінімді біліп, менің талпынысымды қолдау үшін ұсынысымды қабыл алды. Сүйте тұра қаржымның қомақты бір бөлгін соларға жұмсадым.

Фильмдегі Боснияның көріністерін шынайы бейнелеу үшін, Бейжің қаласының шет жағынан көне ғимаратты жалға алдым. Дегенмен осы түсірілім алаңы дайын болмай, 6 күнге келісіп келген шетелдік әртістердің 4 күнін ғана пайдаландым. Ал көріністерді кәсіби деңгейде, киноның сапалы аппараттарымен түсірдім.

Шынын айтқанда, бұл жұмыстың маған көтерткен жүгі ауыр болды. Қазіргі күні сол кездегі қиындықтарды еңсеріп, тәуекелге барғаным үшін өз-өзіме рахмет айтамын!




 

- 30 минуттық қысқа метражды фильмнен соң 60 бөлімді телесериалды түсіруге қалай келдің?

- Жоғарда атап өткендей, туындым жүлдеге іліккен сайын кино саласындағы мамандардың назары да маған ауды. Бірге жұмыс істеуге ұсыныстар түсе бастады. Мен шығармасын жақсы көретін, қытайдың белгілі режиссері Ниң Хаудың фильм өндірісімен айналысатын «Хуай Хоузы» компаниясында жұмыс істеуді қаладым. Өйткені режиссер Ниң Хау өзі үміт артқан жас режиссерлерді компаниясына жұмысқа шақыратын. Оның шәкірттерінен Қытайға танылған мықты режиссерлер шыққан. Мен жұмысқа барған тұста олар «72 құбылу» атты жаңа туындыны жасауға кірісіп жатқан. Бұл жоба әлемдік деңгейдегі күрделі туынды болғандықтан, режиссерлердің талантын сынайтын, білімін шыңдайтын шығарма еді.

 

Дегенмен осылай қарбалас жұмыстың бел ортасына енді араласқан тұста маған басқа бір тың ұсыныс келіп түсті. Қытайда көп сериялы телефильм түсірудің ең үздік маманы деп мойындалған Убәй деген режиссер бар. Сол кісі маған 60 бөлімді телесериалға бірге режиссерлік жасауға шақырды. Сонымен тағы да түрлі сынақтардан өтіп, талқы-таразыға түсіп, «Нысанаға алу» атты көп сериялы телефильмге режиссер болып таңдалдым.

- Қытайдағы аса танымал Убәй режиссердің өзіңді миллиардтар арасынан тауып алып, үлкен жобаға атсалысуға шақыруы - саған берілген баға секілді...

- Қытайда мықты режиссерлер үздік туынды жасаумен бірге, артына жақсы шәкірт тәрбиелеп қалдыруды армандайды. Убәй режиссердің де фильм өндірісімен айналысатын жеке компаниясы бар. Одан бөлек, «Жас режиссерлер» ұйымын да құрған. Ол ұйымға кіру үшін де біліктілігің, талантың болуы қажет.

Ал, Убәй режиссер Қытай мен Корея елдері бірігіп ұйымдастырған жастар кинофестиваліне әділқазы болған кезінде менің «Құтқару» фильмімді көрген. Содан бірге жұмыс істеуге шақырды. Ол кісі менімен кезігіп, өзінің «Нысанаға алу» атты телефильм түсіргелі жатқанын айтып, сценарийін оқытып, осы туындыны бірге түсіруді қалайтынын жеткізді. Бірақ оның мені жаңа туындыға режиссер болуға мақұлдауы түпкілікті шешім емес екен. Өйткені фильмді қаржыландырып отырған компанияның да келісімі қажет болды.

Сондықтан Убәй мырза компанияның жауапты адамдарына менің туындымды көрсетті. Олар фильмге өте жақсы баға берді. Әйтсе де, үлкен жобада жас режиссерге сенім арту үшін, тағы да шеберлігімді сынап, көз жеткізуі қажет екен. Сонымен қолыма аппарат беріп, «Нысанаға алу» фильмінің күрделі бірнеше оқиға сюжетін түсіріп көруді тапсырды. Айтқандары бойынша 3 күн уақыт беріліп, түсірген көріністерді ұсындым. Ақыры жасаған жұмысым көңілдерінен шықты. Осылайша фильмге режиссер болуға келісім алдым.




 

- «Нысанаға алу» фильмінде екі режиссердің бірдей жұмыс істеуіне қандай қажеттілік болды? Өз араларыңда белгілі жұмыс бөлінісі немесе бөлек міндет болды ма?

- Әр киноның өз тағдыры болады деген сөз бар. Бұл фильмнің сценариі 2011 жылы жазылған екен. Содан қаржы мәселесі шешіліп, режиссерін тапқанша 7-8 жыл өндіріске алынбай қалған. Бұл фильмнің сценарийі өте сапалы, сәтті жазылған. Сөйтіп шығарма 2018 жылы ғана Убәй режиссердің қолына түскен. Туындыға Қытай жеріндегі 1949 жылғы соғыс кезеңі арқау болған. Ал фильмнің бюджеті - 460 миллион юань. Бұл Қытайдағы осы дәуірді бейнелеген фильмдердің ішіндегі ең көп қаржы жұмсалған туынды болды.

Убәй мырзаның мені осы фильмге шақыруының бір себебі - шығармашылық бағытымыздың және жұмыс істеу тәсілдеріміздің үндестігінде жатса керек. Ол кісінің шығармашылық жұмыстарында атыс-шабыс, соғыс фильмдері көп болды. Мен де осы тақырыптарға көбірек қызықтым. Міне, бұл фильм түсіру кезінде өзі нәтижесін көрсетті. Бір оқиғаны түсірудегі тәсілдеріміз, аппарат қолдануымыз, сезінуіміз, актерлерді таңдауымыз - бәрі де бір арнадан шығып жатты.

Ал фильм түсіру барысындағы менің міндетім - соғыс көріністерін түсіру болды. Бұл фильмде үлкен соғыс майдандары және шағын атыс-шабыс көріністері де көп болатын. Ал, Убәй режиссер фильмдегі кейіпкерлердің үйдегі және сырттағы әңгімелесетін тұстарын түсірді. Фильмнің басында осылай жұмыс бөліскенбіз. Бірақ кейін жасаған жұмыстарым Убәй мырзаның көңілінен шығып, менің қолымнан келетініне сенімді болған соң, өз міндеттерінің көбін маған тапсырды.

«Сен жассың, шамаң жетіп тұр, көп артықшылығың да бар екен, соны пайдаланайық және осы орайда өзіңді де шыңдап, жетілдіріп ал» деп кеңес айтты. Әрине, мені өзім қызыққан жұмыстың көп болуы қуантты. Осылайша маған үлкен сенім артып, туындының көп бөлігін өз қалауыммен, талғамыммен жасауға еркіндік берілді.




 

- Туындыға бөлінген үлкен көлемдегі қаржы фильмнің қандай қажеттіліктеріне көбірек жұмсалды?

- Иә, фильмге мол қаражат шығындалды. Бұл фильм 2018 жылы қыркүйекте басталып, 2019 жылы сәуірде түсірілім жұмыстары аяқталды. Содан кейін 7 ай монтаждап, техникалық өңдеу жұмыстарын жасадық. 60 сериялы фильмнің көлемі үлкен болғандықтан, соған сай кеткен шығыны да қомақты болды. Сонымен бірге фильмде соғыс көріністері көп және тарихи фильм болғандықтан сол дәуірге сай қала көріністері қажет болды.

Шанхай қаласында сол кезеңнің көріністерін бейнелейтін көне құрылыстар бар. Бірақ бұл да біздің қажетімізді толық қанағаттандыра алған жоқ. Сондықтан туындыға арнап көне қалалар салдық. Бұдан басқа Қытайға танымал, гонарары жоғары жұлдыз әртістер фильмге түсті. Және де фильм түсіруге әлемдегі соңғы үлгідегі кино аппараттарын пайдаландық. Тіптен, Қытайда кино өндірісінде бұрын-соңды қолданылмаған аспаптар болды. Ал, түсіру алаңында мыңдаған адамдар жұмыс істеді. Сондай-ақ, сол кезеңнің тарихын зерттеуші мамандардан адамдардың киім-киісі, сөйлеу мәнері, тұрмыс-тіршілігі туралы кеңес алдық.

Міне, осының барлығына қомақты ақша жұмсалды. Режиссерлік жұмысымыз да Қытайдағы фильмдердің ізін қуаламай, әлемдік озық үлгілермен санасып, барынша жаңаша стильмен, ізденіспен жасалды. Жақсы шыққан Американың, Англияның көпсериялы фильмдерінің әр сериясы бір кино секілді әсер қалдырады. Сондықтан біз де сол талғамға сай мақсат қойып, сапалы фильм шығаруға құлшындық.

- Егер құпия болмаса, «Нысанаға алу» фильміндегі өзіңе төленген гонорар көңілден шықты ма? Бұл табыс Өркенбектің жеке өміріне қандай жаңалық қосты?

- Қытайда кино өндірісі үлкен нарыққа әлдеқашан енген. Нақты қанша табыс тапқаным құпия болып қалсын. Әрине, төккен терім ақталды, қарым-қабілетім бағаланып, жасаған жұмысымның ақысын көңіл көншітетіндей төледі. Жобалап айтсам, қалтасы жұқа студенттік өміріммен ақырын ғана қол бұлғап қоштастым (күлді). Осы ақшамен «Құтқару» фильмін түсіргенде алған 700 мың юань берешегімнен құтылдым. Мені өмірдің ыстығы мен суғына төзіп, бағып-қағып өсірген, шығармашылық жетістікке жетуіме қолдау көрсеткен анамның көңілінен шықсам деп ойлаушы едім. Әрине, анам үшін менің жетістікке жетуімнің өзі - зор қуаныш!

Солай болса да, анама сыйлық жасайын деп өзі қалаған, жақсы көрген жерінен жаңа үй сатып алып бердім. Ал Бейжіңде үйдің бағасы тым қымбат болғандықтан бұрын үйім болмаған еді. Қазір Бейжіңде тұрып жатқан соң бұл жақтан да үй алуды жоспарлап отырмын. Айта берсек, көңіл қалауы көп қой! Еңбектеніп тапқан табысты басқа да берекелі тірліктерімізге жұмсай жатармыз. Ал мен үшін қазіргі басты жұмыс - бастаған ісімді ары қарай дамытып, жалғастыру.




 

- Өзіңмен сұхбат алуға келісіп, ыңғайлы күнді белгілегенше де бірде Шанхайда, бірде Бейжіңде жүргеніңді айттың. Қазір де қол қусырып отырмаған сияқтысың...

- Осыған дейін бірігіп жұмыс істеген Убәй мырза менің алдағы шығармашылығыма ақ жол тілеп, өзі басқа жобаларымен айналысып кетті. Сондықтан мен де өз жобаларыммен жұмыс істей бастадым. «Құтқару» фильмімнің сәтті шығуы мені бір кезең асырса, «Нысанаға алу» фильмінің дақпырты да алыс-жуыққа тарап жатыр. Жаңа туындымыз алдымыздағы қазан, қараша айларында көрерменге жол тартады. Сол кезде фильмге көпшілік өз бағасын бере жатар.

Ал осы фильмнің жұмыстары аяқталған соң екі кино сценариін жазып бастағам, оның біреуін аяқтадым. Жоспарым бойынша бұл киноның біреуі Ресей жерінде түсірілуі мүмкін. Бұдан бөлек, дәл қазіргі уақытта бір киноны түсіруді бастап кеттік. Ол туралы мәліметтерді қазірше жариялауға болмайды. Басқа да жобаларға ұсыныстар түсіп жатыр. Сондықтан алдымызда тағы да қауырт шаруалар күтіп тұр.

- Режиссердің сценарий жаза білуі қандай артықшылық береді?

- Мықты режиссердің барлығында сценарий жаза алатын қарым-қабілет болуы керек. Қытай елінде осындай ұстаным бар. Режиссер басқа адамның сценариі бойынша кино түсірген күннің өзінде, оның кемшілігін тауып, олқы тұстарын қалауына қарай түзете алатын біліктілгі болуы керек. Тіптен сөз өнерін меңгермеген адам өзі түсіріп жатқан фильмнің болмысын түсіне алмауы да мүмкін. Ал режиссер өзі жазған сценариін өзі түсіруі керек деген де қағида жоқ. Режиссердің кейбір сәтті жазылған сценариін өзіне қарағанда басқа режиссер жақсы түсіретін болуы да мүмкін.

Сценарийде кейде артық сөз көп болады. Ал шынайы өмірде адамдар осылай көп сөйлей бермейді. Сондықтан мен актердің кем сөзді болғанын қалаймын. Тіптен мықты әртіс сценарийдегі артық сөзді өзі-ақ алып тастап, оны іс-әркетімен, ішкі сезімін көзімен, бейнесімен алып шықса, шын өмірдегідей болады. Сонымен бірге, фильмде актер қарсы жағының жауабын да жаттап алса, фильмді толық түсініп, оқиғаға шын беріліп кіре алады.




 

-Қытайда прокатқа шыққан жаңа фильмдер қалай табыс табады?

- Қытай аудиториясы әлем киносының да белгілі табыс көзі саналады. Сондықтан сапалы шыққан отандық фильмдердің де, кеткен шығынның орын еселеп қайтарып алатын мүмкіндігі мол. Қытайда прокатқа шыққан жаңа фильмдер кинотеатрларда және онлайн ақылы фильмдер көресететін 3 үлкен арнайы интернет-ресурста жұртқа ұсынылады.

Сонымен бірге ұсыныс түсіп жатса 2 телеарнаға сатуға болады. Қазіргі күні кино өндірісіне жеке компаниялар көп қаржы салады. Әрине, үлкен мемлекеттік телеарналардың тапсырысымен де фильмдер түсіріліп жатады. Десе де, бұрынғы үкімет қаржыландыратын киностудиялар азайған.

- Қазақстанның түсірген фильмдерін көресің бе? Қандай баға бересің?

- Шынын айтқанда Қазақстанның фильмдері бұл жақта қолымызға көп түсе бермейді. Осы уақытқа дейін өзімді дамыту үшін шетелдің үздік фильмдеріне көбірек назар аударған секілдімін. Әрине, аз болса да «Рэкетир», «Жаужүрек мың бала» секілді бірнеше фильмді көрдім. Бұл фильмдердің жақсы кадрлары, жекелеген артықшылықтары бар деп айта аламын.

Жалпы, бір туындыны толыққанды зерттеп білмей жатып түбегейлі баға беруге болмайды. Егер туынды жақсы шықпаса, қаржыға, қолданған технологиясына да байланысты болуы мүмкін. Фильм әр халықтың рухани болмысы, менталитеті тұрғысынан түсіріледі. Әр елдің өмір сүру дағдысы ұқсамайды. Сондықтан актердің де рөл сомдауда өз дағдысы болады.




 

- Әлемдік кино өнері қандай мемлекеттерде алға озып тұр? Өзің кинода қандай режиссердің шығармашылығын ұнатасың?

- Әлемде кинематографиясы дамыған Америка, Корея, Жапония және Еуропа елдерін атауға болады. Осы елдерден жақсы, сапалы фильм жарыққа шықты десе, соны іздеп көремін. Ондағы жаңалықты талдап қарап, түсіру техникасын, сценарийін, актерлердің рөл сомдаудағы ерекшеліктерін зерделеп бақылаймын.

Өзіме үлгі тұтатын режиссерлер туралы айтар болсам, қазақтардан Голливудты бағындырған режиссер Тимур Бекмамбетовтың туындыларының өресі биік. Ол кісі түсірген «Өте қатерлі» (Wanted) фильмінде мылтықтан атылған оқты баяу қозғалтып, оқ айналып қазақтың оюын көрсетеді. Жалпы, режиссердің осындай тосын әрі сәтті түсірген детальдары көрерменін тамсантпай қоймайды. Бұдан басқа, америкалық режиссер Квентин Тарантино (Quentin Tarantino), кореялық режиссер На Хон Джин (Na Hong-Jin), гонконгтік режиссер Джонни Тоның (Johnnie To) фильмдерін жоғары бағалаймын.

Туындыларымда осы режиссерлердің шығармашылығындағы үздік жетістіктерінің әсері, көлеңкесі көзге шалынады. Айта кетейін, бұл жақтағы шығармашылық ортада, авторлық туындыларымда менің қысқартылған Бек (bek) деген есімім көбірек қолданылады.

- Әңгімеңізге рақмет!

Дереккөз: inform.kz

Published in Санаты жоқ

Құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере аласыздар. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында Талдықорған өңірі бойынша ҚМДБ бас имамы Ардақ Оразбаев хабарлады.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban2020.kz  арнайы сайтын іске қосты. Ол арқылы әрбір ниет білдіруші құрбандық шалу рәсімін өткізуге өтініш бере алады.

"Енді Алматы облысының тұрғындары да өз борышын үйден шықпай-ақ денсаулығына қауіп төндірмей орындауға мүмкіндігі бар. Ол үшін сайтқа кіріп, "құрбандық шалу қызметіне тапсырыс беру" ұяшығын басу қажет. Әрі қарай өңірді, толық атын, телефон нөмірін көрсету қажет, содан кейін құрбандық шалу үшін мал таңдап, қажетті соманы төлеуге болады", - деп түсіндірд іАрдақ Оразбаев.

Бас Имам сондай-ақ, азаматтардың рәсімге жеке қатыса алмайтынын атап өтті. Өйткені, сойып, етті бөлшектеу үшін арнайы бөлінген орында қасапшылар  адамдардың тапсырыстарын орындайтын болады. Ал тапсырыс беруші фото және бейнеесеп сұрай алады. Ол ет мұқтаждар арасында толығымен таратылатынын атап өтті. Ал қызметке тапсырыс берген азаматтар құрбандыққа шалынған малдың етінің үшінші бөлігін өзіне қалдыра алмайды.

Құрбандық шалу рәсімін өткізу орнында міндетті түрде барлық қажетті санитарлық шаралар сақталатын болады. Бұл туралы Талдықорған қаласының эпидимиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Айдана Тәттімғалиева мәлімдеді.

"Құрбандық шалу қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Ет сақтайтын орындарда қажетті медициналық анықтама және арнайы киім болады. Ал салттың өзі ашық аспан астында өтеді. Сондай-ақ, 4 мобильді топ міндетті санитарлық және карантиндік шаралардың сақталуын қадағалайтын болады", - деді Айдана Тәттімғалиева.

 

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет