Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 08 Шілде 2020

Ел аумағында індет әлі де өршіп тұр. Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес, республикада 5 шілдеден бастап 14 күндік карантиндік шектеулер енгізген болатын.

Соңғы аптада Алматы облысында инфекцияның өсу қарқыны 4 пайызды құрады.

«Бүгінгі күнге облыс бойынша коронавируспен ауырғандар саны 2749 Оның ішінде 1290 адам жазылып шықты. Соңғы тәулікте 8 адам коронавирустық инфекция белгілерімен стационарға жатқызылды»,-деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Жалпы, медицина қызметкерлерінің бақылауында 5581 адам бар, оның ішінде стационарлық емдеуде – 2583, сипмтомсыз үй бақылауында 895 адам, үй карантинінде – 2103 адам жатыр. Инфекциялық бөлімнің реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда 41 пациент бар. 15 науқас өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына қосылған. Бүгінде облыста стационарда пневмониямен 2517 пациент ем-дом алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 жарым есеге жоғары. Ал, 86 науқас ауыр хәлде.

Өткен жылы пневмониядан 98 адам қайтыс болса, биыл өкінішке орай 190 адам көз жұмған.

Облыста соңғы аптада провизор бөлімінен 618 адам емделіп шықты. Жалпы алғанда күнделікті 150-ден астам адам емделіп шықса, 200-ге жуық науқас емханаға түседі екен. Ауруы асқынған пациенттер санының өсуіне байланысты инфекциялық стационарда соңғы екі аптада төсек санын 3 есе яғни, 17 стационарлық мекемеде 150-ден 500-ге дейін арттырылды. Пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 31 стационарда төсек саны мыңнан үш мыңға дейін көбейтілді.

"Стационарда ем алып жатқан адамдардың басым көпшілігі - 50 жастан асқан егде азаматтар, оның ішінде 90 пайызы қан қысымы, жүрек тамыр, қант диабеті, обыр ауруларымен ауырғандар. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдарды, созылмалы аурулары бар науқастарды денсаулықтарына аса жауапты болуға, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды мамандар талап етуде", - деп түйіндеді Батыржан Құлаймергенұлы.

Published in Санаты жоқ

 

2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесіні хабарлайды:

1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

2. Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды.

3. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде сағат 18-де басталады және 2020 жылғы 11 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

тел. 75-21-03, 75-23-69 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. https://t.me/electionelection

 

***

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ для республиканских и региональных средств массовой информации

В связи с назначением на 12 августа 2020 года очередных выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан сообщает следующее:

1. В соответствии с требованиями пункта 3 статьи 28 Конституционного закона «О выборах в Республике Казахстан» сведения о размере оплаты, условиях и порядке предоставления эфира и печатной площади должны быть объявлены и опубликованы соответствующим средством массовой информации не позднее пяти дней до начала проведения предвыборной агитации (не позднее 18 июля 2020 года), а также представлены в Центризбирком по адресу: г. Нур-Султан, ул. Бейбитшилик 4, электронный адрес: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

2. Средства массовой информации не могут предоставлять эфирное время, печатную площадь для размещения, распространения агитационных материалов кандидатов до опубликования сведений о размере оплаты, условиях и порядке предоставления эфира и печатной площади.

3. Предвыборная агитация начинается с момента окончания срока регистрации кандидатов – 18 часов 23 июля 2020 года, и заканчивается в ноль часов по местному времени 11 августа 2020 года.

 

 

Пресс-служба

Центральной избирательной

комиссии Республики Казахстан

тел. 75-21-03, 75-23-69 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  https://t.me/electionelection 

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 08 Шілде 2020 14:10

Ауылымыздың мақтанышы

Тарих деген ұлы жазбаның әр бетінде бедерленер тұлғалар болады. Олардың бірі көмейінен сөз нілін тамызған көсем, бірі кәрі еменнің тамырындай шатысқан дүниені бірауыз лепеспен шешер шешен, енді бірі аттың жалын жастанып, қара жұрттың қамы деп қара адырларда шашақты найзасына сүйеніп қалғыған батыр болуы бек мүмкін. Ал солардың қатарында ерен еңбектің көрігін қыздырған атан жілікті, қара нардай қажырлы тұлғалардың есімі қосарлана айтылып, қапталдаса таңбаланып жататыны бар! Міне, сондай тұлғамыздың  бірі профессор, «Фармация» компаниясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлының туғанына 80 жыл толды.

К.Үшбайұлы Алматы облысы, бұрынғы Шелек ауданы, Асы-Саға ауылында 1940 жылдың 2 шілдесінде ата жолын қуған шопан отбасында дүниеге келген. 1947 жылы 1 май ауылына /қазіргі Ащысай ауылы/ қоныс аударып, осы Ащысай ауылындағы сегізжылдық қазақ мектебінің бірінші сыныбына барып, 1958 жылы аудан орталығы Шелекте  онжылдықты медальмен бітіріп шығады. 1960 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетіне өз күшімен оқуға түсіп, оны 1965 жылы ойдағыдай бітірген. Атамыз білім жолында да, ғылым жолында да биік белестерге жеткенін бүкіл әлем біледі десек артық айтпаған болар едік. Ауылымыздың мақтанышы, келешек ұрпаққа үлгі тұтар тұлғамыз Кеңесбай Үшбайұлы тек қана еңбектегі табыстарымен ғана емес, ол өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен де елге танымал азамат. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші 2019 жылы өзі оқыған Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебімізде мектеп директоры Нүркен Ыдырысұлы және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен болған арнайы кездесу өтті. Кездесуде мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, сұрақта-рын қойып, мәні зор жауаптарын алды. Кездесуге мектебіміздің бұрынғы директорлары Нұрманбетова Баян Қаппасқызы мен Төргеев  Айдос мырза да келіп лебіздерін білдірді, атамыздың сыныптастары Асылбүбі апа мен Қайныш апа да кейіпкеріміздің балалық шағына саяхат жасады. Өмір жолын дәріптеуде «Ауыл мақтанышы» атты ғылыми жобасымен өлкетану бағыты бойынша аудандық білім бөлімі ұйымдастырған КҒА-на 2018-2019 оқу жылында қатысып мектебіміздің мәртебесін көтеріп аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде 1-орындарды иеленген Арай Абдрахман қызымыз атамызға өзінің шығарған өлең жолдарын оқып берді. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Ұлтуар Ерғали жоба жұмысы барысында Кеңесбай атамызбен арнайы кездесудегі бейнежазбаларымен бөлісті. Атамыз оқушылардың бойына сенімділік ұялатып, алдыларына үлкен мақсат қоя білулеріне үлкен үлесін қосып ақ батасын берді. Осы кездесудің соңына қарай атамыз өз ауылының түлектеріне сәттілік тілеп ҰБТ-да 100 балдан жоғары жинаған оқушыларға 100 мың теңгеден сыйақы беретінін және өте жақсы оқитын оқушыларға ай сайын 1 жыл бойы шәкіртақы тағайындап, ақшалай көмек көрсететінін айтқан болатын. Аталған оқу жылында 4 оқушы Бек Керімбек, Әсем Әліппек, Гаухар Кайымбек, Мирас Асқар 100 балдан жоғары жинап, атамыз өз сыйақысын табыс-тап және үздік 10 оқушыға шәкіртақы тағайындады. 2019-2020 оқу жылында 10 оқушыдан ауыспалы түрде шәкіртақысын ай сайын алып отырды. Бұл қайырымдылық бір ұшы ғана, айтылмағаны қаншама. Атамыздың еңбегі ауылымыз үшін де, мектебіміз үшін де өте зор.

Міне осындай аты дүние-жүзіне белгілі Кеңесбай Үшбайұлының еңбек жолын келер ұрпаққа мақтанышпен жеткізе аламыз. Кеңесбай Үшбайұлы достың, туыстың қадіріне жете білген тұлға, өз замандастарымызға үлгі ретінде мақтанышпен көрсете аламыз. Дара тұлғаның туған ауылымыз Ащысай үшін еңбегі айтып жүрерліктей. Ауылымыздан осындай үлкен, кереметтей жетістіктерге жеткен, өмірдің зор белестерін  бағындыра білген ел мақтанышы деп атауға лайықты тұлғаны сұраса біз осы Кеңесбай Үшбайұлын айтар едік. Әрқашанда жадырап, жарқырай беріңіз! Аман болыңыз Кеңесбай ата!

 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұжымы

 

Published in Мақалалар

Дәстүрлі ұйымдастырылатын түрлі іс-шаралар биылғы пандемияға байланысты бір-қатар өзгеріске ұшырағаны белгілі. Алайда, ұлтаралық татулықты насихаттауда шектеу жоқ.

Осы ретте аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!», «Біргеміз, берік іргеміз!» акциялары аясында арнайы видео-ролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге кеңінен таратылды. Бұл өз кезегінде ынтымақты – ырысымыз, бірлікті – табан тірер тұғырымыз деп түсінген тұрғындарымыздың ыстық ықыласын тудыруда.

Айталық, enbekshikazak_audan_akimdigi, mezet.kz желілік басылымы, enb_shelek_akimat, enbekshikazakh_zhastar инстаграм аккаунттарына салынып, аз уақыт ішінде аудандағы 54 ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығын насихаттайтын роликті 2000-ға жуық адам көріп үлгерген.

Сол секілді ауданымыздың қасиетті өлкелерін кеңінен насихаттау мақсатында да аталмыш қоғамдық қордың ұйытқы болуымен «Тарихыңды таны, жас өркен!» атты ауданның көрікті, тарихи жерілерін бейнелеген тағылымдамалық видеоролик түсірілді.

Рас, Еңбекшіқазақ – қойнауы кенге, жайлауы малға толған қасиетті мекен. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демей ме көнекөздер. Ауданның киелі, көрікті жерлеріне саяхаттау нәтижесінде түсірілген роликті жоғарыда бейнеленген сайттар, желілік басылым арқылы 3000-ның үстінде адам көрген. 

Ал биылғы Конституцияның 25 жылдығына орай түсірілген «Ата заңым – айбыным!» видеоролигі тарих пен шежіреге толы. Оны көру арқылы Конституцияның шығу тарихы мен осы күнге дейінгі орын алған өзгерістерді айқын барлай аласыз. Әлеуметтік желілер арқылы таратылған роликті қазірдің өзінде 2000-ның үстінде тұрғындар көріп үлгерген.

– Әр мәселенің екі ұшы бар. Шынын  айту керек, биылғы елімізде орын алып жатқан пандемия қалыпты өмірімізге айтарлықтай өзгеріс енгізді. Алайда, осы уақыт аралығында жаңалыққа жақын болу арқылы біз өзімізді дамытуға жол аштық. Мойындауымыз қажет, онлайн іс-шаралардың артықшылығы өте көп. Біріншіден, аудиторияны қамтуда ауқым кең. Айталық, осы уақытқа дейін арнайы тақырыптарда өткен семинарларда ауылдық жерлерде асып кетсе 50-70 адамның басын қосса, қазір 1000-2000 адам көруде. Екіншіден, қазақта сөз бар, «Он рет естігеннен, бір рет көр» деген. Міне, қазір арнайы тақырыптық видеороликтер арқылы тұрғындар эмоциясын ашық көре аласыз. Түрлі көңілге қонымды жазбалар да қалдырып жатыр. «Заманың түлкі болса,тазы боп шал» демей ме көнекөздер. Ендеше, біз де өзгерістерге тез бейімделуіміз тиіс. Бұл заман талабы, қоғам талабы» – дейді «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы Қайнар Жұмағожа.

 

С.НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет