Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 24 Шілде 2020

Жапон әншісі Ранка «Көзімнің қарасы» әнін жапон тілінде орындап, қазақстандықтарды қазақ ақыны Абайдың 175 жылдығымен құттықтады.

Сонымен қатар Қазақстан халқын қазіргі коронавирус пандемиясы секілді сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тезірек оралуын тілейтінін жеткізді.

Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы «кото» ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен «Zerosta» продюсерлік компаниясымен жасалды.

Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки Сакаи аударған.

Жалпы, ол – қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітаптың авторы, оның ішінде Абайдың «Қара сөздерін» жапон тіліне аудармасын жасаған.

«Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің достар тобы ізгі ниет жобасының мақсаты – Абай шығармашылығының көркемдік және эстетикалық мазмұнын жапон тілінде жеткізу арқылы қазақ мәдениетін дәріптеу» деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, Ранка – композитор, жапондық халық және заманауи музыканың орындаушысы, сондай-ақ «Japan Record Awards» музыкалық сыйлығының Гран-при иегері.

Published in Санаты жоқ

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылы 12 тамызға тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауындағы 58 кандидаттың тізімін жариялады.

Айта кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу кезеңінің қорытындылары қаралды.

2020 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша елімізде Сенат депутаттығына сайлау комиссиялары 58 кандидатты тіркеді. Орташа алғанда бір орынға үш үміткер бар.

Ақмола облысынан 5 кандидат:

Бекенов Нурлан Жексембайұлы 1961 жылы туған, «Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ төрағасы, Көкшетау қалалық мәслихаты, Зеренді аудандық мәслихаты сессияларында ұсынылды;

Жаров Нұрлан Қайырұлы 1975 жылы туған, «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК директоры, өзін-өзі ұсынды;

Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы 1972 жылы туған, «IT мектеп-лицейі» КММ директоры, өзін-өзі ұсынды;

Жұманалин Сәкен Кәрімбекұлы 1965 жылы туған, «Намыс» құрылыс фирмасы» директоры, өзін-өзі ұсынды;

5. Елубаев Мәди Сағынтайұлы 1982 жылы туған, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ректоры, өзін-өзі ұсынды.

Ақтөбе облысынан 3 кандидат:

Бекенов Құдайберген Елтекұлы 1959 жылы туған, «Желдорформация» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынды;

Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы 1967 жылы туған, «Ақтөбе облысының кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі төрағасы, өзін-өзі ұсынды;

Қаниев Бауыржан Нұралыұлы 1958 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі, Шалқар, Хромтау аудандық мәслихат сессияларында ұсынылды.

Алматы облысынан үш кандидат:

Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы 1981 жылы туған, «Алматы облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестік төрағасы, өзін-өзі ұсынды;

Сақмолдин Саят Сарқытбайұлы 1974 жылы туған, ҚР АӨК МИК Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшы, өзін-өзі ұсынды;

Дюсембинов Сұлтан Мырзабекұлы 1959жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, өзін-өзі ұсынды.

Атырау облысынан үш кандидат:

Смағұлов Серік Мұраденұлы 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ Басқарма басшысының орынбасары, өзін-өзі ұсынды;

Сейілханов Сағын Темірханұлы 1962 жылы туған, «ҚТЖ» ҰК» - «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» бас инженері, өзін-өзі ұсынды;

Луқпанов Сағындық Есенғалиұлы 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарушы директоры – басқарма мүшесі, Атырау облыстық мәслихаты сессиясында ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысынан 4 кандидат:

Булавкина Ольга Александровна 1972 жылы туған, Бородулиха ауданы әкімі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты,

Өскемен қалалық мәслихаты, Бородулиха, Ұлан, Шемонаиха аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды;

Панченко Игорь Иванович 1961 жылы туған, «Риддер қаласының мәслихат аппараты» ММ мәслихат хатшысы, өзін-өзі ұсынды;

Старокожев Юрий Александрович 1960 жылы туған, Облыстық мамандандырылған медициналық орталық бас дәрігері, өзін-өзі ұсынды;

Жұмаділов Нұржан Сайлаубекұлы 1969 жылы туған, «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшы, өзін-өзі ұсынды.

Жамбыл облысынан үш кандидат:

Борисюк Оксана Валериевна 1979 жылы туған, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшы, өзін-өзі ұсынды;

Көккөзов Руслан Сүйерқұлұлы 1972 жылы туған, «Шу-Жылу» КМК директоры, өзін-өзі ұсынды;

Орынбеков Бекболат Серікбекұлы 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Жамбыл облыстық мәслихаты, Тараз қалалық мәслихаты,

Талас, Сарысу аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды.

Батыс Қазақстан облысынан үш кандидат:

Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы 1970 жылы туған, «Батыс Су Арнасы» ЖШС директорының орынбасары, өзін-өзі ұсынды;

Бекқалиев Ғалым Ибатоллаұлы 1977 жылы туған, Облыстық балалар-жастар туризмі және экология орталығы директоры, өзін-өзі ұсынды;

Рысбекова Ләззәт Тұякбайқызы 1976 жылы туған, Орал гуманитарлық колледжі қаржы директоры, өзін-өзі ұсынды.

Қарағанды облысынан үш кандидат:

Ляпунов Андрей Васильевич 1969 «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры, өзін-өзі ұсынды;

АхмеевИгорь Валентинович 1961 жылы туған, «Арселор

Миттал Темиртау» АҚ «Шахтинская» шахтасы директоры, өзін-өзі ұсынды;

Ершов Сергей Михайлович 1960 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Жезқазған, Сәтпаев қалалық мәслихаттары,

Абай аудандық мәслихаты сессияларында ұсынылды.

Қостанай облысынан 4 кандидат:

Карплюк Сергей Алексеевич 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Денисов аудандық және Беиімбет Майлин аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды;

Коваль Павел Николаевич 1968 жылы туған, Рудный балалар үйі директоры, өзін-өзі ұсынды;

Коростылев Александр Юрьевич 1985 жылы туған; «Жас –Қанат» ЖШС даму жөніндегі директоры, өзін-өзі ұсынды;

Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы 1979 жылы туған, Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Іргелі зерттеулер институтының директоры,кафедра профессоры, өзін-өзі ұсынды.

Қызылорда облысынан 4 кандидат:

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы 1971жылы туған, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, өзін-өзі ұсынды;

Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ облыстық филиалы директоры, өзін-өзі ұсынды;

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы 1969 жылы туған, «Таң ЛТД» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынды;

Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы 1970 жылы туған, «Абай Дәулет» ЖШС бас директоры, өзін-өзі ұсынды.

Маңғыстау облысынан 3 кандидат:

Алдашев Сүйіндік Тәсеменұлы 1963 жылы туған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті, Қарақия, Мұнайлы аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды;

Байжігіт Ербол Бердібайұлы 1981 жылы туған, Маңғыстау облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры, өзін-өзі ұсынды;

Тлепов Нұрлан Серікұлы 1978 жылы туған, Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығы директоры, өзін-өзі ұсынды.

Павлодар облысынан 3 кандидат:

Нұхұлы Алтынбек 1962 жылы туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры, Павлодар облыстық, Павлодар қалалық, Баянауыл аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды;

Қайдарова Гүлнәр Шамарқызы 1963 жылы туған, «Завод Гофротара» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынды;

Крук Олег Павлович 1967 жылы туған, өз кәсібі бар, өзін-өзі ұсынды.

Солтүстік Қазақстан облысынан 3 кандидат:

Перепечина Ольга Валентиновна 1967 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, өзін-өзі ұсынды;

Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы 1961 жылы туған, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ СҚО филиалы басшысы, өзін-өзі ұсынды;

Могунова Данголе Антонасовна 1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясы төрайымы, өзін-өзі ұсынды.

Түркістан облысынан 3 кандидат:

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы 1962 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, өзін-өзі ұсынды;

Көпеев Өрісбай Бұхарұлы 1959 жылы туған, Қазығұрт аудандық маслихатының хатшысы, өзін-өзі ұсынды;

Сағындыков Сиқымбай Уалиханұлы 1960 жылы туған,жеке кәсіпкер,

өзін-өзі ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласынан 5 кандидат:

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы 1961 жылы туған, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты сессиясында ұсынылды.

Оралов Мейрамбай Әскербайұлы 1956 жылы туған, «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МКҚК директор орынбасары, өзін-өзі ұсынды;

Самамбетов Мәулен Естайұлы 1966 жылы туған, «Астана Орманы» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынды;

Сағындықов Дархан Таңатұлы 1985 жылы туған, «Самұрық Энерго» АҚ басқарушы директоры, өзін-өзі ұсынды;

Әбішев Аблай Ғапурұлы 1963 жылы туған, Ақпарат, коммуникация және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы, өзін-өзі ұсынды.

Алматы қаласынан 3 кандидат:

Захаров Андрей Михайлович 1966 жылы туған, «Еуразия СТ» ЖШС президенті, өзін-өзі ұсынды;

Нұртаев Тимур Таймасұлы 1975 жылы туған, «ТИМУС-construction» ЖШС-да кеңесші, өзін-өзі ұсынды;

Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, өзін-өзі ұсынды.

Шымкент қаласынан 3 кандидат:

Аюбаева Толқын Полатбайқызы 1976 жылы туған, №77 лицей директоры, өзін-өзі ұсынды;

Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы 1975 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты,Шымкент қалалық мәслихаты сессиясында ұсынылды;

Орманов Бектай Нұртайұлы 1984 жылы туған, «Нұр Әлем» ЖШС төрағасы, өзін-өзі ұсынды.

Published in Санаты жоқ

Видеоконференция арқылы байланыста Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы Ресей Федерациясы Шанхай Ынтымақтастық ұйымында төрағалығын жалғастырады. Ресейлік тараптың төрағалығы аясында денсаулық сақтау саласында бірқатар шара жоспарланған болатын. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің соңғы отырысы 2015 жылы өткен еді. Соңғы бес жылда ұйымға мүше мемлекеттердің министрлерінің отырысы өткен емес», - деді жиында РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко.

Оның айтуынша, ШЫҰ жаһандық және аймақтық проблемаларды шешу жолында тиімді алаң болып отыр.

«Бүгін біз індетпен күресте мемлекеттеріміздің басты жетістіктерін талқылауға және осы бағыттағы болашақтағы әрекеттерден күтетін тұжырым жасауға жиналдық. Бүгінгі талқыланған мәселелер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Санкт-Петербургтегі алдағы отырысының шешімдеріне негіз болады деп үміттенеміз», - деді министр.

Кездесу барысында тараптар отырыстың күн тәртібін бекітті.

Отырыста Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан денсаулық сақтау министрлері, сондай-ақ Пәкістан премьер-министрінің арнайы көмекшісі, ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің басшысы ШЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі қазіргі жағдай туралы баяндама жасайды.

Сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы, ДДСҰ өкілі, сондай-ақ ШЫҰ байқаушы мемлекеттердің делегация басшылары сөз сөйлейді.

Published in Санаты жоқ

"Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесі әзірленді.

Бір реттік берілетін әлеуметтік төлем табысынан толық айырылған жандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тек қана ағымдағы жылғы шілде айында, ең төменгі жалақы көлемінде - 42500 теңге беріледі.

Төлем азаматтардың келесі санаттарына қарастырылған:

1)жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

2)жеке кәсіпкерлер;

3) жеке тәжрибемен айналысушы адамдар (қорғаушы, заңгер т.б);

4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар

Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген және әлеуметтік төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары  арқылы өтініш қалдырады. Қалған санаттағы тұлғалар өздері өтініш береді.

Жалдамалы қызметкер болып табылмайтын, төлем тағайындауға жататын азаматтар өтініш бере алады.:

- "электрондық үкіметтің" веб-порталы – egov.kz;

- портал 42500.enbek.kz;

- telegram-bot " Электрондық үкімет;

-Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Сондай-ақ, белсенді түрде де төлем тағайындау қарастырылған (ҚБП төлеушілер үшін).Соңғы рет төлем алған азаматтарға, олардың қызметі шектеулі болуы мүмкін, кіріс жоғалту фактісін растауды сұрайтын SMS-хабарлама келеді. Оң жауап беріп келіскен жағдайда төлемдер өтінішсіз тағайындалады

Қатаң шектеулі карантиндік шараларды қолдану салдарынан кірістерін толық жоғалту фактісі жоқ адамдарға бір реттік  төлем алуға жол берілмейді.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жұмыс берушілердің әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы өтініштерін жедел қарау үшін облыстың 19 аудандары мен қалаларында штаб жұмыс істейді Штаб құрамына Мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасының және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді.

Қаралған өтініштер және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі штабтың қорытындысы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияға жіберіледі, ол істердің электронды үлгісін қалыптастырады және шешім жобасын МҚҚҚ-ның филиалына жолдайды.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесіндегі жағдай бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға аудандық (қалалық) штабқа 28 566 адамнан 24 589 өтініш түсті. Оның ішінде: 16 105 өтініш (18015 адам) штабта қаралуда. 4036 өтініш мақұлданды (5707 адам), 4448 өтініштен бас тартылды (4844 адам).

Келіп түскен 24 589 өтінімнің 34,5% -ы қаралды. Мемлекеттік фискалдық қызмет филиалы 10 845,8 млн.теңгеге 255196 істің үлгісін мақұлдады, оның ішінде 9 956,1 млн.теңгені 234262 алушыға төлеу керек.

 

Published in Санаты жоқ
Жұма, 24 Шілде 2020 12:45

Ауылдар даму жолында

Жыл сайын еліміздің дамуы мен көркею жолдарын таразылап, билік пен халық арасындағы көпір ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдау жасайтыны мәлім. Осы Жолдаулардың негізінде мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, халық игілігі үшін бірталай жұмыстар жасалып жатыр. Жолдаулардың аясында Қаражота ауылдық округінде де біршама жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2019 жылғы 2 қыркүйектегі  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру бойынша Қаражота ауылдық округінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына көңіл бөлінуде. Жұмыс, жалақы, қауіпсіздік, тәртіп, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру және тағы да басқа салалар бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл басынан бері салық төлейтін объектілерді түгендеп, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілді.  2020 жылдың бірінші жартыжылдығында  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 45 адам қоғамдық жұмыстар атқарып жүр.

Округ аумағында шағын және орта бизнес нысандарының саны көбейіп келеді. Барлығы 62 кәсіпкер тіркелді. Жалпы алғанда осы сауда нысандарында 124 адам жұмыспен қамтылған.  Ақтоған, Сарыбұлақ ауылдарындағы көлемі 6840 шаршы метр көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Облыстық маңызы бар Шелек – Қаражота  (4 шақырым),  Шелек – Ақтоған (19 шақырым) автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп Қаражота ауылының жастарына шағын спорт алаңы салынып жатыр. Ауылдардағы көшелерді түнгі мезгілде жарықтандыру бойынша күн сәулесінен қуат алатын Қаражота (18 шам), Сарыбұлақ (10 шам), Ақтоған (10 шам) ауылдарының көше-леріне 38 жарықтандыру шамдары орнатылды. Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының демеушілігімен өрттің алдын алу мақсатында Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарындағы аз қамтылған тұрмысы  төмен 5 отбасының баспанасына газдан уланудан қорғау датчигі (датчик угарного газа) алынып, орнатылды.

2020 жылдың бірінші қаңтарына сәйкес аулдық округте 478 шаруа қожалықтары ауылшаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді дамыту бағытында округ бойынша 9 шаруа қожалығы бар. Ауылшаруашылық саласына тартылатын инвестиция көлемі бойынша округімізде «Оразбеков» ЖК 14 млн. 440 мың теңгеге жаңа трактор «МТЗ – 2121.2» алса, қосымша 850 мың теңгеге жер жыртатын соқа сатып алды. «Ауыл» ШҚ төрағасы С.Құлжабаев бес жылдық мерзімге 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды.         

2020 жылдың 1 шілдесіне округте ірі қара саны – 10 730 бас, қой-ешкі – 30 604 бас, жылқы – 1 804  бас, түйе – 19 басты құрайды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, 2020 жылға арналған қабылдау күнтізбелік кестесі бойынша қаңтар – маусым айларында Қаражота ауылдық округі әкімімен бірге сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарау үшін, аудандық мәслихаттың 6-шақырылым депутаттары Жұлдыз Абдыкадырова, Марупжан Искаков, Айбек Ілебаев азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауларда көтерілген мәселелер Қаражота ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториясының (СВА) салынуына  ықпал жасау, Сарыбұлақ, Ақтоған орта мектептерінің бейімделген ғимараттар санатына жатуына байланысты 180 орындық жаңа мектеп салынуына ықпал жасау. Қойылған мәселенің шешілу кезеңдері бойынша депутат Жұлдыз Абдыкадырова Қаражота ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ескіріп, талапқа сай келмеуіне байланысты жаңа амбулатория салынуына сайлаушылардың атынан тиісті органға депутаттық сауал беретінін айтты. Депутатар Марупжан Искаков, Айбек Ілебаев қойылған мәселенің шешілу кезеңдері бойынша ауданымызда жоспарланып отырған жаңадан салынуы тиіс 17 мектептің қатарында Сарыбұлақ, Ақтоған орта мектептері бар екенін және тиісті құжаттары реттеліп, бюджеттік сұранысқа енгізілгенін ескертті.

Қаражота ауылдық округінде орналасқан елді-мекендерде енгізілген төтенше жағдай кезінде шектеу шаралары қатаң сақталды. Қаражота ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында сабыны бар қол жуғыштар, қол жууға арналған сұйықтықтар орнатылды. Қаражота ауылдық округінің азаматтарына төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер тәртібі бойынша жадынамалар (1000 дана) дайындалып, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде Қаражота ауылдық округінің тұрғындары арасында күнделікті, үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайға байланысты 1 айлық ең төменгі жалақы көлемінде төлемді алу жолдары туралы ауыл тұрғындары әлеуметтік желідегі WhatsApp, Instagram, Facebook парақшалары арқылы ақпарат алуда. Электрондық мемлекеттік қызметтерді «Digital agent», «egov.kz», «Mektep SitCen»,  «e-zhetysu» мобильдік қосымшалары арқылы алу жолдары айтылуда. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қаражота ауылынан – 11 адам, Сарыбұлақ ауылынан – 13 адам, Ақтоған ауылынан – 24 адам барлығы 48 адам 65 жастан асқан жалғыз басты қариялардың тізімі жолданды. Қаражота ауылдық округіндегі мектептерде және ауыл тұрғындары арасында бетперде тігу жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту бойынша Б.Момышұлы атындағы, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдық орта мектептерінің мұғалімдері оқушылармен тығыз байланыста болып, тапсырмаларын әлеуметтік желідегі WhatsApp, «Kundelik kz», теледидардағы «Балапан», «Ел арна» арналары арқылы көрсетіліп жатқан бейнесабақтардан дәріс алды. Байланыстары жоқ отбасыларына мектептерден еріктілер ұйымдастырылып, сабақтар өтті. Б.Момышұлы атындағы орта мектептен 14 адам, Сарыбұлақ мектебінен 2 адамнан құралған еріктілер тобы құрылды. Төтенше жағдай кезінде уақытша жұмыстарынан босап қалған тұрмысы төмен 120 отбасына азық-түлікпен әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 29 отбасына азық-түлікпен әлеуметтік пакеттер таратылды. «Nur Otan» партиясының демеушілігімен берілетін 50 мың теңгенің тізіміне тұрмысы төмен аз қамтылған 102 отбасы енгізілді.

Е.РАХЫМБАЕВ,

Қаражота ауылдық округінің әкімі

Published in Мақалалар
Жұма, 24 Шілде 2020 12:40

Ауыз су сапасы назарда

Жақында «NurOtan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақов және партия филиалының кеңесшісі Бағдат Рахимов Әймен ауылына ауыз су беру мақсатында мердігер «Сапа Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатқан құбырлардың сапаға сай төселу жолдарын бақылап қайтты.

Есік қаласы аумағындағы елді-мекендерді толығымен ауыз сумен қамту мақсатында бюджеттен 4 млрд 476 млн теңге бөлінген. Бас мердігер – «Сапа Құрылыс» ЖШС. Аталған жоба партияның ерекше бақылауында. Осы мақсатта Әймен ауылына қарай ауыз су құбырларының төселу сапасын көрген комиссия мүшелері бірқатар ескертпелер айтты. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының әр сатысында партия қадағалау жүргізетіндігін жеткізді. Атап өтетіні, аталған жоба аясында 8 елді-мекенге ауыз су тарту көзделген. Олар: Бөлек, Әймен, Қызылжар, Қарасай, Қайназар, Көктөбе, Рахат және Өрікті.

 

Ә.МАНАСБЕК

Published in Мақалалар
Жұма, 24 Шілде 2020 12:36

Дәрі іздесеңіз...

Елімізде коронавирус індеті өршіп, «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартып», дәріхана сөрелерінде дәрі тапшылығы байқалды. Пандемия кезінде ең қажетті дәрі-дәрмектер табылмай, жұртшылық әбден әбігерге түсті. Осындай қиын сәтте пайда ойлаған кейбір дәріхана иелері бағаларды негізсіз өсіріп, қымбатшылықты қолдан жасаған.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан әкімі өткен аптада дәріханаларды аралап, ахуалмен танысқан. Мониторинг жұмыстары кезінде аудан орталығындағы екі дәріханада дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екендігі, мүлдем болмағандығы анықталған болатын. Соның бірі – Қ.Орымбетов атындағы көшеде орналасқан «Рауза» ЖШС-нің дәріханалар желісінің Есік қаласындағы филиалы. Осы аптада аталған дәріханаға барып, меңгерушісі Алуа Ашимановамен (суретте) кездесіп, жұмыс барысымен таныстық. 

Ғимарат табалдырығын аттағаннан-ақ, дәріхана белгіленген талапқа сай жұмыс жасайтындықтары көрініп тұр. Екі-үш адамнан артық кіруге болмайды. Медициналық маскасыз да аттап баса алмайсыз. Қызметкерлері де санитарлық нормаларды сақтауда.

Барлық дәріханаларда қара-пайым парацетомол мен аспирин табылмай, бар болған күннің өзінде бірнеше есе жоғары бағамен сатылып жатқанда, мұндағы дәрілер бағасы мүлдем өзгермеген.

– Аспирин 45 теңге, парацетомол 95 теңге, антигриппин 200 теңге. Пандемияға дейін де осы баға болған. Қазіргі уақытта барлық дәрілер жеткілікті деңгейде. Себебі, біз қойманы алдын-ала толтырып, дәрілерді көптеп аламыз. Сондықтан, індет өршіген кезде дәрі тапшылығы болмады. Тек, әр адамға 1 қораптан артық берілмеді. Қажетті дәрілер қоймада болмаған күннің өзінде, басқа қоймалардан жеткізіліп, сол бағамен сатылды, – дейді Алуа Қуандыққызы. Сөзіне сүйенсек, Есік қаласындағы бірнеше дәріхана дәрілерді осы жерден алып сатады екен. 

Шыны керек, дәрілерді таба алмаудан үрейленген жұрт бірнеше қорабын алып, дәрі тапшылығына себеп болуда. Осыны айтқан дәріхана меңгерушісі тұтынушылардың басым көпшілігі 20-30 қорабын бірден алғысы келетіндігін жеткізді. Тіпті, шу шығарып, жалынып тұратындар да табылатын көрінеді. Біреуге жан қайғы болса, енді бірі қысқа сақтауға қияр басу үшін бірнеше қорап аспирин сұрайды екен. Сол себептен де, бір адамға 1 қорап дәрі беріледі.

Алуа Ашиманованың сөзі-ше, қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақталғандай болған. Өткен апталарда дәріхана алдында кезек қаптап тұратын. Бүгінгі таңда қалыпты жұмыс жасап жатыр. Соның өзінде санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Ғимарат едені күніне бірнеше рет хлормен тазартылады. Қызметкерлер бетперде мен қолғапты шешпейді, санитайзерлер орнатылған.

– Ел басына күн туған қиын сәтте халықпен бірге болған «Рауза» ЖШС-нің басшылығына ризашылығымды білдіргім келеді. Кейбір дәріханалар дәрі тапшылығын қолдан жасап, бағаны қымбаттатқан кезде, біздің дәріханалар желісінде ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Дәрілер бұрынғы бағамен саудалана берді. Адамгершілік пен адалдықтың арқасында біз қиын жағдайдан шыға білдік. Осылайша, аты жаман індетті де жеңетінімізге сенімдімін, – дейді Алуа Қуандыққызы.

С.НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет