Сейсенбі, 28 Шілде 2020 20:29

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат СЕРҒАЛИ: «Міндет – туризм индустриясын дамыту»

 Қарт Алатаудың етегінен орын тепкен ауданымыз талайды тамсандырған тұмса табиғатымен адамды еріксіз баурайды. Сылдырлап аққан мөлдір бұлақ, тау жағалай тасыған өзен, қойнауы малға толған көк жайлау. Барлығы – Тәңірдің бізге берген сыйы. Осы байлықты қызықтап, тамашалауға келген жұртқа жағдай жасап, туристік саланы дамытуға ауданымыз баса назар аударуда. Оған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғалимен жасаған сұхбат барысында көз жеткіздік.

– Нұрболат Серғалиұлы, көркіне көз тоймас ауданымыздың табиғаты бір көрген жанды баурап алары хақ. Осы байлығымыз туризм саласын дамытуға мол мүмкіндіктер ашады емес пе?

– Оныңыз рас, Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Мемлекетіміздің ірі мегаполисіне жақын орналасқан табиғаты керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы мүмкіндігі жоғары.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген. Аудан әкімінің сайтында аудандағы туризм нысандары мен олардың бағыттары туралы мәлімет орналастырылған. Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған.

– Атқарылған және жоспардағы жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.

– Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп-тұруы үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған. Мәселен, Құлжа тас жолы ретке келтіріліп, туристік бағыттағы бірталай жолдар жөндеуден өткізілді. Шетелдік және отандық туристерге түсінікті болуы үшін үш тілде жол көрсеткіштер орналастырылды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің құрылысы жүргізілді. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалған.

Тағы бір ауқымды жоба – Үлкен Алматы арнасының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған  жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды көрсету мақсатында велосипедпен серуендеуге мүмкіндік береді.

Оған қоса, ауданымызда орналасқан Шарын шатқалына апаратын 10 шақырым автожолыға 2018 жылы облыс орталығынан 500 млн теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған. Есік көліне шамдар орналастырылып, автокөлік жолы да күрделі жөндеуден өтті.

– Табиғат аясынан бөлек, қызмет көрсететін туристік нысандар бар ма ауданымызда?

– Әрине, табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар жұмыс істеуде. Туристердің арасында аса танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы. Мұнда демалушылардың қарасы үзіл-мейді. Әсіресе, түйеқұсты (страус) қызықтап келетіндердің саны күннен-күнге артуда. Ұлттық өнерімізді насихаттап, әлемнің түпкір-түпкірінде ел намысын қорғап жүрген «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетуде.

– Қандай инвестициялық жобалар қолға алынуда?

– Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамыту қолға алынды. Түрген ауылдық округінде «Камзолдаева» жеке кәсіпкерлігі қымыз және шұбат сусындарымен, табиғи өніммен тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдардан салынған 8 үйдің  құрылысын аяқтап, 2017 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосты.

Таулы аймақтарымыз мүмкіндіктерге толы болғандықтан, экстремалды туризм бағыты да дамытылуда. Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-інде салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерінің құрылыс жұмыстарын жүргізді. Жалпы жобалық құны 20 млн теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылды.

Саймасай ауылдық округінде «Assorti Rancho» жеке кәсіпкерлігі тарапынан 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 30 млн теңге болатын жаңа 12 жұмыс орнымен қамтылған демалыс аймағы іске қосылды.

«Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда.  Аумақтық үйлестіру кеңестің 2018 жылдың 6 ақпанындағы №1 хаттамасымен жоба ретінде өткізілді. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн теңге.

«Ескене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алды. Бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. Жоба құны 600 млн теңге, болашақта жаңа 15 жұмыс орны ашылмақ.

– Әлемді коронавирус жайлаған қиын сәтте туристік сала тұралап қалған жоқ па? Оларға мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылуда?

– Қазіргі уақытта ауданда 7 қонақ үй, 1 қонақ жай үйі, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар ағымдағы жылдың І жарты жылдығында 10 496 адамға қызмет көрсетіп,  туристік сауықтыру қызметінің көлемі 23,9 млн теңгені құрады.

Бүгінде елімізде коронавирус індетінің өршуі туризм саласында жұмыс жүргізетін кәсіпкерлерімізге бірқатар қиындықтар туғызды. Себебі, биылғы жылы індетке байланыс-ты карантиндік шаралардың енгізілуінен туризм науқаны өз уақытынан жұмыстарын кеш бастады. Сондай-ақ, мемлекеттер арасында шекаралардың уақытша жабылуы шетелдік туристердің санын едәуір азайтты.

Алайда, бұл бағытқа көңіл бөлініп бүгінгі таңда ішкі туристерді дамыту шаралары да қолға алына бастады. Төтенше жағдай режимін жариялаған күннен бастап пандемияның бизнеске, оның ішінде туризм саласындағы бизнеске де кері әсерін азайту үшін мемлекетімізде кәсіпкерлерге қолдау көрсетіле бастады. Мемлекеттен салық төлемдерінен жеңілдіктер берілді, төтенше жағдай кезінде несиенің төлем уақыты шегерілді.

Бүгінгі таңда туризм саласындағы мекемелер облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ұсы-нымдарды ескеріп, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмыстарын жалғастыруда. 

Негізгі біздің міндетіміз – бұл әлеуметтік-экономикалық өсімді одан әрі тұрақты түрде қамтамасыз ете отырып, туризм индустриясын дамытып, жұмыс орындарын сақтап, салық  түсімдерінің  көздерін арттыру, өндірісті,  кәсіпкерлікті  дамыту басты назарда  ұстау болмақ.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан С.Нұрадин

Оқылды 2902 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет