Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 30 Шілде 2020

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалып, ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.

1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.

1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.

2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.

2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.

2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.

2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2019 жылдың 5 сәуірден 2020 жылдың шілдесіне дейін Президентінің кеңесшісі болған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 25 жыл», Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.

Published in Санаты жоқ

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ереже бойынша қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көше мен көлікте де маска тағып жүруге міндеттелді.

Қаулыда көрсетілгендай, халық үшін мына жағдайда маска тағуға міндеттеледі:

- жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), сонымен бірге көлікте және көшеде жүргенде;

- COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтар;

- коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру);

Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуы қажет. Талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Published in Санаты жоқ

Постановление № 24 Главного государственного санитарного врача Енбекшиказахского района М.Азербаева "О введении строгих ограничительных мер на территории Енбекшиказахского района Алматинской области" 

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет