Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 27 Шілде 2020

Жетысусцы смогут оформить заявку на проведение обряда жертвоприношения в онлайн режиме. Об этом на информационной площадке «JETISÝ MEDIA» сообщил Главный Имам ДУМК по Талдыкорганскому региону Ардак Оразбаев.

Учитывая эпидемиологическую обстановку в стране, накануне праздника Курбан-байрам Духовное управление Мусульман Казахстана запустил специальный сайт  qurban2020.kz.

Через него каждый желающий может подать заявку на проведение обряда жертвоприношения.

«Теперь и у жителей Алматинской области есть возможность выполнить свой долг не выходя из дома и не рискуя здоровьем. Для этого вам необходимо зайти на сайт нажать на ячейку «заказать услугу  жертвоприношения», а дальше указать регион, полное имя, номер телефона и после чего можно будет выбрать скот для жертвоприношенияи оплатить необходимую сумму»,– пояснил Ардак Оразбаев.

Главный Имам также подчеркнул, что граждане не смогут лично присутствовать на обряде. Так как в специально отведенном месте для забоя и разделки туши, профессиональные мясники  будут выполнять заказы людей. А заказчик может запросить фото- и видео отчёт. Он отметил, что мясо при этом полностью распределяют среди нуждающихся. А граждане, заказавшие услугу, не смогут оставить себе третью часть туши жертвенного животного, как это было принято раньше.

На месте для проведения обряда жертвоприношения на обязательной основе будут соблюдаться все необходимые санитарные меры. Об этом рассказал руководитель отдела эпидимиологического надзора города Талдыкорган Айдана Таттигалиева.

«Жертвоприношение будет проводиться с соблюдением строгих санитарных требований. У мясников будет необходимая медицинская справка, и специальная одежда. А самобряд будет проходить под открытым небом. Также 4 мобильные группы будут следить за соблюдением обязательных санитарных и карантинных мер»,– сказала Айдана Таттигалиева.

Published in Санаты жоқ
Дүйсенбі, 27 Шілде 2020 11:40

Шұбаттың қасиеті қандай?

Шұбат – қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар. Осынау әрі сусын, әрі дәрудің химиялық құрамы, емдік қасиеті қандай екені жайлы биология ғылымдарының кандидаты, доцент К.И.Дүйсембаевтың кеңестерімен бөлісеміз.

Дәрігерлердің байқауына қарағанда үнемі шұбат ішетін, яғни түйе ұстайтын кісілер туберкулезбен аз ауырады екен.

Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмір қышқыл газына, белоктарға, тұздарға, дәрумендерге және антибиотиктік заттарға байланысты. Тамақтың құрамындағы белоктардың әдетте асқазан-ішек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал шұбат құрамындағы белоктардың едәуір бөлігі организмге ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөл шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол сондай-ақ қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады. Ішектегі тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседі.

Шұбатпен емдеудің артықшылығы неде? Ол қанның құрамдас бөліктеріне және қанның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Қанның қызыл және қан түйіршіктері артады. Бауырдағы алмасу процестері қалпына келеді. Оның нерв жүйесіне ықпалы сүт қышқылының және көмір қышқыл газының әсеріне байланысты.

Шұбат ішкеннен кейін кісі аздап қызады. Содан соң ол жағдай басылады да, аздан соң адамды ұйқы басады. Бірақ ол ұйқыдан сергек тұрады.

Шұбат дені сау адамдар асқазанының секрециялық көрсеткіштерін, сондай-ақ науқас адамдардың да осындай көрсеткіштерін бастапқыға қарағанда арттыратындығы белгілі болды.

Бұл сусынды бір рет ішкенде науқас кісілердің қарын сөлінің қышқылдығы қандай болғандығына қарамастан олардың асқазанының эвакуаторлық қызметі шапшаңдаған болса  – баяулайды, ал баяулаған болса  – шапшаңдайды. Мұндай науқастар тамақ ішуге 5 минут қалғанда 200 миллиметрден, тамақтан кейін 10 минуттан соң 300 миллилитрден күніне үш рет шұбат ішу керек.

Қарын сөлінің қышқылдығы қалыпты болса, ондай адамдарға тамақ ішуге 5 немесе 3 минут, ал тамақтан соң 30 минут өткенде жоғарыдағыдай мөлшерде шұбат беріледі. Егер қарын сөлінің қышқылдығы жоғары болса, тамақ ішуге 1 сағат қалғанда немесе тамақ ішкеннен кейін 30 минут өткен соң сол мөлшерде қымыз ішуі тиіс.

Науқастар күніне барлығы 1,5-2 литр шұбат ішеді.

Шұбат созылмалы гастрит ауруына шалдыққан кісілердің осы науқастан айығуына жақсы әсер етеді. Қарын сөлінің қышқылдығы төмен кісілер де 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін құлан-таза айығады.

Шұбат  – созылмалы колитке шалдыққан кісілерге де бірден-бір шипа. Осы аурулардың бәрін шұбатпен аурухана жағдайында да, амбулаториялық жағдайда да емдеуге болады.

Өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде туберкулезбен улану белгілері кетеді. Дене қызуы да қалпына келеді. Функционалды бұзылу реттеледі. Қандағы патологиялық өзгерістер жойылып, науқас салмақ қоса бастайды. Өкпенің ыдыраған тұсы жабылады.

Өкпе туберкулезін шұбатпен емдеумен айналысқан А.А.Ахунд бүкіл емдеушілердің 85,2 процентіне бұл шипалы сусынның қолайлы әсер еткенін айта келіп, шұбатпен өкпе туберкулезінің барлық формасын, әсіресе, белогі, дәрумендері жетіспейтін жағдайда, қаны азайып, жүдегенде емдеуді ұсынады.

Бұл шипалы сусынмен емдеу ерекшелігінің бірі науқастарды дәрімен емдегенде пайда болатын кейбір құбылыстар 2,5 есе азаяды. Авитаминоз сипатындағы құбылыстар жиілігінің бұзылуы да 4 есе азаяды.

Мұның бәрі шұбаттың емдік қасиеттері ғана. Шұбатты түрлі аурулардың алдын-алу үшін де қолдануға болады. Үнемі шұбат ішетін кісі жоғарыдағыдай ауруларға шалдыға қоймайды. Оны ішкен бала организмі қалыпты өседі. Жасы келген кісілердің денсаулығы мықты болып, ұзақ жасайды. Өйткені шұбаттың кейбір маңызды компоненттері, мәселен: белок, май, тағы басқа қоректік заттар сүттен ашытылатын басқа өнімдерге қарағанда мол болады.

Шұбатты тек науқас кісілерге ем үшін ғана бермей, көпшіліктің де ішуіне толық мүмкіндік бар. Өйткені оны ашыту процесі оңай, өзіндік құны арзан.

 

Published in Санаты жоқ
Дүйсенбі, 27 Шілде 2020 10:49

Қарбыздың пайдасы бар ма?

Жазғы ыстықта үлкендер мен балалардың шөлін басатын жолақты жеміс – қарбыз. Оның тәтті жұмсағы шөліңізді басып, ағзаңызға аз пайда әкелмейтіні белгілі. Ал құрамында ағзаға қажетті қандай құнарлы заттар бар?

Қарбыз тек керемет дәмімен ерекшеленбейді. Бұл жемістің адам денсаулығына пайдасын құрамында В, С, РР дәрумендерінің болуымен түсіндіруге болады. Құрамында темірдің болуына байланысты тәтті қарбыз қан аздықпен күресуге мүмкіндік береді. 
Қарбыз ас қорытуға, жүрек жұмысына және қан айналысының реттелуіне жақсы көмектеседі. Қарбыздың жұмсағы мен одан дайындалған шырын ағзадағы шлактарды сыртқа шығарып, иммунитетті жақсартады. Қарбыз несеп жұмыстарын жақсартады.

Тек қарбыз жеумен шектелетін диета да бар. Бірақ оны 5 күнннен артық ұстауға болмайды. Қарбыздың 100 грамм жұмсағында бар болғаны 25 ккал. бар. Дегенмен оны жегеннен кейін ұзақ уақыт тоқ жүресіз.
Қарбызды таңдау кезінде соққы іздерінің болмауын тексеріңіз. Себебі қарбыз жол үстінде немесе басқа жағдайда соғылған кезде аз ғана жарылып, жарылған жерге бактериялар түсуі мүмкін. Ал бактерия түскен қарбызды жеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізбесе, пайда әкелмейді.
Қарбыздың қауіпсіз екендігін білу үшін оның төбесін үшбұрыштап кесіп алып, жұмсағын таза суға салу керек. Егер сұйықтық қызғылт түске боялса, онда қарбыздың нитраттар көмегімен өсірілгендігін көрсетеді.
Қарбыздың қауіпсіз екендігін дәлелдейтін  – тек оның толық піскен уақыты. Егер сіз қарбызды жаздың соңында немесе күздің басында сатып алсаңыз, оған адам денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі химикаттар қосылуы әбден мүмкін. Көктемнің соңында және жаздың басында табиғи түрде өз еркімен піскен қарбызды табу мүмкін емес. Бұл жемістердің ерте өнім беретін сорттары жоқ. Сондықтан да ең дұрысы жаздың шілде айының орта тұсында алғаныңыз жөн.

Published in Санаты жоқ

 

Адам өзінің ата-анасын таңдай алмайтыны секілді отанын да таңдай алмайды. Яғни, өзің өмірге келіп, кіндік қаның тамған отаның, мейлі қандай жер болсын, оны сүюге, құрметтеуге, қорғауға міндеттісің. Ал жас ұрпаққа отанды сүю мен қорғау азаматтық парыз екенін ұғындыруда кез келген жанның қасиетті борышы екені анық. Осындай киелі міндетті мойнына алып, жас ұрпақтың болашағы мен отанымыздың келешегін байланыстырып жүрген ұстаздардың еңбегі бәрінен бағалы. Ал олардың ішінде патриотизм рухын оятып, жас ұрпақты адал да батыр, әділетшіл де турашыл болуға баулып жүрген алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің еңбегі бір төбе. Болашақ отан қорғаушыларды әскери өмірдің әліппесімен таныстырып, елін шексіз сүюге үндейтін бұл азаматтар қашанда биіктен көріне берері даусыз. Осындайда әл-Фарабидің: «Адамға алдымен білім емес, тәрбие берілуі керек. Өйткені тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген әйгілі сөзі ойға оралады. Біздің ауданымызда да әл-Фарабидің ақылиясын ту етіп, ұстаздық деген ұлы міндетті арқалап, шәкірттерін отансүйгіштікке баулып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – Алжанбай Әсет Көшербайұлы.

Запастағы капитан Ә.Алжанбай – бүгінде 70 жасты еңсерген зейнеткер ұстаз. Бірақ зейнетке шықтым екен деп қоғам өмірінен бөлектеніп қалған жан емес. Өзінің сабақ берген алғашқы әскери дайындық пәнінің мәртебесі артып, жастардың отанын сүйетін, адал азамат болып қалыптасуы үшін жар құлағы жастыққа тимей, қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсетіп, өзгелерге үлгі болып келеді. Мәселен ағамыздың ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаев, «Даңқ» орденінің толық иегері Ыбырайым Қалдыбаев, Ұлы Отан соғысы ардагері, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Ү.Нұрғазиев, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Қ.Жауғашев, С.Иванов, Ж.Беркімбаев, М.Құрманқұлов, тыл ардагерлері О.Тәкібаева, И.М.Устьянова, Т.Я.Камальникова, Т.Т.Иванов, С.Бабаева, Д.Хасетов, М.А.Михайлюкова, Ж.Акпию-мов, еңбек ардагерлері Е.Сапаев, І.Құсайынов, А.Қозыбақов, М.Сабазбеков, Е.Сәдуақасов, Ә.Нәдірбеков т.б. секілді өмірі өнегеге толы тұлғалармен кездесулер өткізілді. Мұның бәрі бүгіні ұрпаққа біз өмір сүріп отырған замандағы бейбіт қоғамның оңай келмегенін түсіндіруге септігі зор. Өйткені аталған тұлғалар соғыс пен жоқшылықты бастан кешіп, небір қиын кезеңдерді қайыспай жеңіп шыққан рухы мықты азаматтар екені анық. Ал олардың ақылын тыңдап, барлығын өзіне өнеге тұтқан жеткіншектердің болашақта нағыз азамат болып қалыптасары анық.

Сонымен бірге, ағамыздың шақыруымен ҚР Парламент мәжілісінің депутаты болған Серік Әбдірахманов, ауған соғысының ардагерлері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл секілді азаматтардың жастармен кездесуі ұйымдастырылды. Олардан бөлек, ауған соғысының ардагері, генарал-лейтнант Р.Миратурдиев, генарал-майор С.Қазақбаев, Алматы қаласындағы «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Баймолдиновтармен де келелі кездесу, мәнді сұхбат өткізілді.

Әрине, бұл аталған жұмыстар айтуға ғана оңай екені анық. Ал осынша жұмыстарды атқару тек Әсет ағамыз секілді тәжірибелі де кәсіпқой ұйымдастырушылардың ғана қолынан келетіні анық.

Ағамыз тек қоғамдық жұмыстармен ғана емес, ұстаздық жолда да табысты еңбек етті. Соның арқасында Ш.Уәлиханов атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы, «ҚР Қарулы Күштеріне – 20 жыл», «Білім беру ісінің үздігі», «Еңбек үздігі» медальдарынан басқа да ондаған марапаттарға ие болған.

Бүгінде Әсет ағамыз жетпістің желкеніне мінсе де жас ұрпақ үшін аянбай еңбек етуде. Алда әлі талай жемісті жұмыс атқарып, халық пен мемлекет тарапынан марапаттарға қол жеткізетініне сенімдіміз. Тек осы бағытыңыздан айнымай, жас ұрпақтың тәрбиесі мен еліміздің ертеңі үшін еңбек етіңіз демекпіз.

 

Н.Тілеуқабыл

Published in Мақалалар
Дүйсенбі, 27 Шілде 2020 10:16

Бәрекелді, Бағлан!

Биылғы жыл талап басқа, алайда, тілек бір: жас буынды елін, жерін сүюге үндеу, бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету. Бұл мемлекеттің басты назарында. Осы ретте, дәстүрлі «Ұлт рухы» байқауы биыл онлайн форматта ұйымдастырылды. Қолдау білдірген – аудандық ішкі саясат бөлімі, ұйытқы болған – «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры мен аудандық жастар ресурстық орталығы.

Артықшылығы сол, былтырғы жылы аталмыш байқауға 11 жас қатысса, биыл қатысушылар саны 23-ке дейін өсті. Олар белгіленген ереже бойынша видеосын ұйымдастыру алқасына ұсынды. Нәтижесінде, жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Жарыс қорытындысында, жүлделі үшінші орынды Жаңашар ауылдық округінің қатысушысы Никита Герасименко және малыбайлық Бахтияр Сонуров иеленді. Ал Ават тұрғыны Тайржан Мансуров екінші орынға жайғасса, жүзден жүрік деп шелектік Бағлан Тынышпаев танылды.

 

Өз тілшіміз

Published in Мақалалар
Дүйсенбі, 27 Шілде 2020 10:05

Бірлік – береке негізі

 

Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінен тұратын елімізде – болашағы біртұтас ұлт құру кезеңі кеңінен насихатталып келеді. Онда Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құндылық жүйелерінің «Мәңгілік Ел» және ұлттық бренд болып табылатын «Ұлы Дала елі» атты жалпыұлттық патриоттық идеялар негізінде даму үдерістері қарастырылған. Мәдени, этностық, тілдік және діни тамырлардан нәр алатын жалпыұлттық құндылықтар қазақстандық біртектілік пен бірліктің іргетасы. Бұл дегеніміз – әрбір азаматтың өзінің шығу тегіне қарамастан, тағдырын Қазақстанмен байланыстыруы елді біріктіретін үлкен күш болып табылады.

2019 жылдың 1 мауысымын-дағы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда елімізде 18 млн 489,7 мың адам өмір сүреді. Тұрғындардың саны бойынша әлем елдерінің тізімінде біз 64-ші орында тұрмыз. Бүгінгі Қазақстанда саны 11,5 миллионға жуық қазақпен бірге 130-ға тарта басқа этностардың және этностық топтардың өкілдері өмір сүруде. Солардың ішіндегі ең көбі – 4 миллионнан астам – орыс ұлтының өкілдері. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамының 66,01%-ын қазақтар, 21,05%-ын орыстар құрайды. Бұдан басқа, украин, неміс, өзбек, әзербайжан, күрд, қырғыз, шешен, кәріс, ұйғыр, т.б. ірі диаспорлар бар. Олар әрқилы тарихи оқиғалар мен саяси жағдайларға байланысты қазақ жерінде қоныстанып қалған болатын.

Ал ауданымызда 54 ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүруде. Мәңгілік Ел тұжырымдамасының негізі бір мақсат, бір мүдде принциптеріне өзге ұлт өкілдерін күштеп көндіру емес, біртұтас тарихи және саяси өткенімізге байланысты, кемел келешекті бірге құру. Бір мүдде аясында ұйымдасу, ұйысу.

Жер ауып келген өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан бабаларымыздың дана да даңғыл жолы бұл.

Бүгінгі таңда Германия мен Ресейге және өзге де отандарына оралған қазақ жерінің тумалары, қазақ жеріне қайта келуге мүдделі екендіктерін жеткізуде. Мұны Youtube ғаламтор желісінен анық аңғаруға болады көзі қарақты оқырман. Себебі, қазақ даласында туылған неміс немесе орыс ұлтының өкілдері қазақтың еркін өмірімен ақ пейіл, адал ниеттерін аңсайтындығын жеткізуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз өзіміздің тұрақты-лық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқық теңдігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет» – деді. Әсіресе, Елбасы қазақтарға мемлекет құрушы ұлт ретінде айрықша жауап-кершілік жүктелетінін ерекше атап өткен еді. Қазақтар Жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барша ұлыстарды ұйыстырушы рөлге ие.

Бейбіт әрі берекелі қоғам, дамыған мемлекет құру үшін осы қағидаттар қатаң сақталуы тиіс. Бұл ұрпақ үшін, Мәңгілік ел болу үшін әрбір ел азаматына жүктелетін жауапкершілік болса керек.                   

Ә.МАНАСБЕК

Published in Мақалалар

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, ҚР Ғылым академиясының бұрынғы президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады" деп хабарлайды Ақорда.

«Кенжеғали Әбенұлы мемлекетімізді дамыту ісіне мол үлес қосты. ҚР Ғылым академиясына және Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне басшылық жасады. Парламент Мәжілісінің ІІІ және IV шақырылымдарының депутаты болып, отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты, ұзақ жылдар бойы ұстаз ретінде шәкірттер тәрбиеледі. Артында өшпес із, ұлағатты ұрпақ, ғылыми мұра қалдырды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», — делінген жеделхатта.

Айта кетейік, кеше 82 жасында академик, экономист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев өмірден өтті

Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Қоштасу шаралары 1 жылдан кейін, яғни 2021 жылдың 25 шілдесінде ұйымдастырылады. Бұл Кенжеғали Әбенұлының соңғы өсиеті болған.

Кенжеғали Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келген. 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Published in Санаты жоқ
Дүйсенбі, 27 Шілде 2020 09:56

Абайға абай болайық, ағайын

Egemen Qazaqstan газетінде Түркі Академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің «Абайға абай болайық, ағайын» атты мақаласы жарияланды. Толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Құндылықтарынан айырылған қоғам­ның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік.

Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шар­уасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз. Дархан ҚЫДЫРӘЛІ Байқап отырғаныңыздай, әңгімеміздің арқауы Зәуре Батаеваның «Абай жұмбағы: Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны» атты мақаласы туралы болмақ.

Мақалаға «блогердің» жеке пікірі ретінде қарап, назар аудармауға да болар еді, бірақ Абай жылын атап, Абай жырын жаттап жүргенде «қаржысын салып, күш-қуатын сарқып жазған ғылыми-зерттеу жұмысын» ағылшын және орыс тілдерінде жариялаған автор «ғылыми жаңалығын» талқылау үшін барша ғалымдарды жоғары деңгейдегі ғылыми пікірталасқа шақырған екен, біз де бір лепес пікір жазуды парыз деп білдік. Әуелі Зәуре Батаеваның пікірін бір сөзбен түйіндеп берсек, «өмірде Абай деген адам болмаған, оның өлеңдерін Әлихан Бөкейханов жазған, Алаш арыстары одан идеал жасаған, кеңес өкіметі де «орысқа жақын, қазаққа қас» ақынды Жамбыл сияқты дәріптеген». Зәуре ханымның мұндай қорытындыға баруына Абайдың қазақты «жалқау, надан» деп сынаған «зәрлі сөздері» себеп болған сыңайлы. Осылайша «қазақтардың көшпенді ата-бабаларына деген құрметтің жоғалуына жауапты болғандықтан», Абайдың ондай сөздерін мектеп бағдарламасынан алып тастау керек екен.

«Қызық» қисын. Мәселен, Абай да оқып өскен орыс классиктерінің бәрі Ресейді және оның мешеу халқын аяусыз сынаған, бірақ оларды сол үшін айыптап, тіпті «мектеп бағдарламасынан шығару керек» деген адамды көрген емеспіз. Автор қыза келе Абайдың сөзіне ғана емес, өзіне де күмән келтіреді. Тіпті оның «Ибраһим» деген атына күдікпен қарап, өмірде болғанына сенімсіздік білдіреді. Архив ақтармағандықтан, Құнанбайдың аға сұлтан болғанда толтырған құжатта баласының есімін «Ибраһим» деп көрсеткенін һәм қажының өзге балалары мен немерелеріне де діни сипатты ат бергенін ескермейді. «Дала уәлаятының газетінде» 1889 жылы шыққан «Жазды күн шілде болғанда» деп басталатын өлеңдегі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай» деген атты да көрмейді. Автор Мәшһүр Жүсіпке сілтеме жасайды, бірақ оның «Дала уәлаяты газетінің» 48-санында жарияланған Абайға қатысты пікірін байқамайды. Жалпы, Зәуре ханым айды аспанға шығарған жаңалығына ғылыми сипат беру үшін бірнеше сілтеме қолданған, бірақ олардың бәрі де жанама деректер. Мәселен, автор абайтанудың негізін қалаған, Абайдың ғылыми өмірбаянын төрт рет толықтырып жазған, Көкбай, Ділдә, Әйгерім, Нұрғаныммен, ақынның достарымен жеке-жеке кездескен,

1933 жылы Абайдың жинағын әзірлеуге белсене атсалысқан, үлкен мақала жариялап, оны монографиялық еңбекке айналдыраған Әуезовке сілтеме жасамайды. Абыз туралы айқайлатып мақала жазған Батаева Абайдың білімі мен жәдитшілдігіне күмән келтіреді. Айдалада киіз туырлықты ауыл­­­да жатып сонша білімді меңгергеніне күдікпен қарайды. Маржанидің шәкірттері білім берген Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыған Абай шағатайша жазылған ғаламның ғажап қиырларына бастайтын шығыстық, исламдық мол мұраны игерді. Ол Ғаспыралы шығарған «Тәржімән» газетін де үзбей оқып отырды. Зәуре ханым Науаи, Фузули, Сағди сынды ұлы шайырлардың кәусар дариясынан рухани ғарышқа қанат қаққан, діни танымы терең Абайдың иман тақырыбын талдаған «38-ші қара сөзді» жазғанына да күмән келтіреді. Автордың пікірінінше, бұл сөзді бір молда жазыпты. Бәлкім, Алаш арыстарының бірі діни трактат жазғанда, «Китаб тасдиқты» соған тели салуы ғажап емес еді.

Абайдың бүкіл шығармаларын «қыр баласы – Әлихан жазды» деген пікірді айта салғаны сияқты. Осындай тым ұшқары пікірді алға тарта отырып автор Әлиханның бірде-бір өлеңін мысалға келтіре алмайды. Ахмет, Міржақып яки Мағжан өңдеді десе, сәл қисынға келер ме еді, ал Алаштың серкесінен классик ақын жасау кімге қажет? Зәуре ханым айта беретіндей Абай шығармалары қанды қасап Сталинге керек болғаны үшін ғана 1933 жылы басылған жоқ, кеңес өкіметі ұлы ақынның 90 жылдығы мен қайтыс болғанына 30 жыл толуы қарсаңында ол жинақты шығаруға мәжбүр болды. Мұның астарынан фалсификация іздеудің реті жоқ. Абай – есесі кеткен еліне есті сөзін айтқан, отаршыл жүйе орға жығатын жерде қалың қазағын өрге бастаған, ақылдың азабын арқалай жүріп адамзаттық өреге көтерілген, ар ілімін асқақтатқан асыл абызымыз, ұлтқа бағыт болар темірқазығымыз! Сондықтан Абайға абай болайық, ағайын!

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет