Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 17 Шілде 2020

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сайтында Металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің  абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.

Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    

Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!

Published in Санаты жоқ
Жұма, 17 Шілде 2020 11:20

Ерлік елеусіз қалған жоқ

Төтеннен келген қауіпті індеттің әлемді әурелеген шағында, карантинге байланысты күнделікті табысынан айырылған әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тасыған аудан еріктілері шынымен де ерен ерлік жасады.

Олардың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Жақында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Қасымханұлы "Biz Birgemiz" республикалық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға белсенді көмек көрсеткен еріктілерді құттықтап, алғыс хат табыстады. Алғыс хаттарға еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған. Карантин кезеңінде ұйымшылдық танытып, көмектерін аямаған еріктілер еңбектерінің елеусіз қалмағанына дән риза. Олар қоғам игілігі үшін әрқашан қызмет етуге дайын екендерін жеткізсе, Айбек Ілебаев игілікті іс жолында бірге болуға шақырды.

Мәди БЕРДІБАЕАВ,

аудандық жастар ресурстық

орталығының маманы

Published in Мақалалар

«Хабар» арнасы «Мен Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты байқау жариялады.

Шынайы оқиғаға негізделген байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жоба ясында қатысушылар алдағы уақытта белгілі бір телехикаяға негіз болатын өздерінің шынайы оқиғаларын жібере алады.

«Бұл - қазақстандықтарға бүгінгі күннің батырларын таныстыратын жоба. Байқау шарттары бойынша оған Қазақстанның қай түпкірінде болмасын тұрып жатқан қазақстандықтар қатыса алады. Сіз Отаныңыз туралы немесе өзіңізге ой салатын, шабыт беретін адам туралы әңгімелесеңіз болады. Оқиға мен оның қаһарманы шынайы болуы керек» делінген хабарламада.

Жоба жайлы толық ақпарат lovewe.kz сайтында жарияланған.

Published in Мақалалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді.

Президент Twitter-дегі парақшасында «Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз» деп жазды.

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет