Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 10 Шілде 2020

10.07.2020ж.    №20 ҚАУЛЫ       Талдықорған қаласы       

 

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП облыстың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілерді қоспағанда, 2020 жылғы 11 және 12 шілдеде қоғамдық көліктің, сондай-ақ барлық объектілердің қызметін тоқтата тұруды қамтамасыз ету:
    • Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компанияларының (құрылыс салушалардың, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар).
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 29-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан стоматологиялық ұйымдар (орталықтар).
    • Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
    • Зертханалардың барлық түрлері.
    • Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
    • Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
    • Бұқаралық ақпарат құралдары.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 13-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл-шаруашылық жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.
    • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.
    • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 12-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтаумен әуежайлар, теміржол вокзалдары.
    • Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
    • Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.
    • Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.
    • Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері және басқа да жұмылдырылған органдар (ұйымдарға) қамтамасыз етсін:
    • Халық көп жиналатын жерлерді, оның ішінде азық-түлік және азық-түлік емес базарларды, қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын, азық-түлік супермаркеттері мен дүкендерді, әуежайларды, темір жол және автовокзалдарды, спорт снарядтарын, спорт алаңдарын, балалар алаңдарын, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің сүйеніштерін, саябақтардың (скверлердің) орындықтарды, көше банкоматтарын, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып өңдеу жүргізуді.
  3. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары кәсіпкерлік субъектілері мен облыс тұрғындарының назарына осы қаулыда қабылданған қатаң шектеу шаралары туралы телехабарлар, баспа басылымдары, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстар мен әлеуметтік желілерде қажетті ақпаратты орналастыру арқылы жеткізсін.
  4. Шаруашылық субъектілерінің (объектілердің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы қаулының талаптарын қатаң орындау.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы қаулы 2020 жылғы 11 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінін орынбасары  А.Чарапиев

Published in Санаты жоқ

Құрметті отандастар!

Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде.

Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр.

Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр.

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сол себепті, бірқатар елдерде  карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді.

Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ.

Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді.

Бұл аса қажетті шешім болды.

Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ.

Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты.

Бұл  – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт.

Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде.

Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз.

Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді.

Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын.

Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.

Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. 

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын.

Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді.

Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас.

Алайда, уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды.

Салмақты, сабырлы болайық!

Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады.

Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек.

Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда.

Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды.  

Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе. Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды.

Бұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады.

Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады.

Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады.

Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де  толығымен қамтамасыз етіледі. 

 

Дорогие казахстанцы!

Ситуация с коронавирусом остается серьезной. Но на фоне других государств в пропорциональном соотношении она если не лучше, то ничуть не хуже.

Тем не менее, мы, разумеется, не собираемся довольствоваться этим фактом, впереди большая работа, которую мы должны провести вместе, всем обществом.

Угрозу коронавируса недооценивать нельзя. Продолжать думать, что это обычный грипп, – ошибочно. Это гораздо более коварная и опасная болезнь. Количество заболевших в мире достигло почти 12 млн. человек,  растет число жертв.

Именно поэтому с самого начала пандемии мы сразу же приняли решительные и жесткие меры, чтобы ограничить ее распространение в нашей стране.

Это позволило нам спасти многие жизни. Но, к сожалению, из-за массового несоблюдения карантинных мерсистемных ошибок бывшего руководства Минздрава, нерасторопности акимов мы имеем дело фактически со второй волной коронавируса вкупе с резким ростом заболевания пневмонией.

Госкомиссией принято решение о введении двухнедельного карантина по всей стране.

Это правильное решение. В данный момент появились первые признаки стабилизации ситуации.

Но расслабляться, конечно, рано. Предстоящие недели станут решающими в нашей борьбе с пандемией.

Государство принимает все меры для стабилизации ситуации. Укрепляется первичная медицинская помощь.

Уже сформировано 400 универсальных мобильных бригад для оказания комплекса медицинских услуг населению на дому. До конца июля их количество будет доведено до 3,5 тысячи.

Начата работа по увеличению мест в больницах. С момента моего поручения количество коек для больных коронавирусом увеличено на 70% и доведено до 43 тысяч.

Активно вовлечены в эту работу и военные медики. Благодаря ресурсам вооруженных сил развернуто более 500 коек.

В места особых вспышек передислоцируются полевые госпитали. Идет привлечение и интенсивная переподготовка медиков в запасе.

Для повышения доступа к тестированию дооснащаются действующие лаборатории – дополнительно закупается 20 ПЦР-анализаторов. Создаются 8 мобильных центров для ПЦР- тестирования, в том числе и сельского населения.

Все это позволит увеличить количество тестов до 40 тысяч в сутки.

Отдельно хочу остановиться на улучшении лекарственного обеспечения.

В этих целях сокращены сроки и упрощены процедуры сертификации лекарственных препаратов.

Продлено действие специального порядка государственных закупок способом из одного источника для противоэпидемиологических нужд.

Упрощен порядок разового ввоза противовирусных лекарственных средств, не имеющих регистрации в Республике Казахстан. Такие заявки рассматриваются в течение суток.

Ускорена процедура регистрации новых препаратов отечественных товаропроизводителей для лечения КВИ.

Все эти меры позволяют быстрее и эффективнее доводить необходимые препараты до больниц и аптечных сетей.

Правительство и акимы в срочном порядке проводят работу по обеспечению населения всеми необходимыми препаратами. Для стационаров уже закуплены лекарства для лечения около 30 тыс. госпитализированных. Это на 70% выше текущей потребности (при наличии около 18 тыс. госпитализированных). Работа продолжается.

В розничную сеть уже поступают необходимые лекарства: доставлено 800 тыс. упаковок парацетамола, до конца недели ожидается поставка еще 900 тыс. упаковок150 тыс. упаковок антибиотиков уже отгружено в аптечную сеть.

В ближайшие дни проблема с лекарственным обеспечением будет решена.

Вновь обращаюсь с просьбой к гражданам не паниковать, не закупать лекарства впрок, создавая ажиотажный спрос на них.

В целом, на закуп лекарственных препаратов, аппаратов ИВЛ, стимулирование медработников и другие неотложные меры направляется не менее 150 млрд. тенге. Расходование средств будет на особом контроле.

Сейчас крайне важно не допускать панику в обществе.

Некоторые бессовестные дельцы пытаются воспользоваться непростой ситуацией и заработать на этом. Ими создается искусственный ажиотаж и намеренно завышаются цены на столь нужные медицинские препараты.

По моему поручению правоохранительные органы начали привлекать к ответственности лиц, занимающихся спекуляцией лекарствами.

Акиматам следует проводить общественные рейды и выявлять подобные факты.

Некоторые лица устраивают политические игрища, распускают слухи, подогревают ситуацию разного рода предположениями и призывами, пытаются разжечь рознь в обществе.

Такого рода манипуляции крайне опасны, поэтому им будет дана правовая оценка в соответствии с законодательством.

К сожалению, болезнь продолжает уносить жизни казахстанцев.

За официальными сводками лежат трагедии сотен семей. Кто-то потерял отца, мать, брата, сестру, сына и дочь.

Я выражаю свои соболезнования родным и близким умерших. Это общая трагедия для нас всех.

Поэтому мной принято решение объявить 13 июля Днем национального траура по казахстанцам, которые стали жертвами пандемии.

Уверен, что каждый из нас, где бы ни находился в этот день, почтит память ушедших.

Хочу призвать всех соотечественников проявить стойкость, спокойствие, ответственность перед испытаниями, выпавшими на долю нашего народа.

Мы продолжаем нашу борьбу с коронавирусом. Нет сомнений в том, что победа будет на нашей стороне. 

Мы не должны опускать руки, поддаваться депрессии, апатии. Сегодня, как никогда, нужно проявить наше единство.

Мы никого не оставим в беде и будем биться за жизнь и здоровье каждого казахстанца.

 

Құрметті отандастар!

Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз.

Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін.

Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар.

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз.

 «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік.

Әр азаматтың амандығы үшін күресейік!

Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!

akorda.kz 

Published in Санаты жоқ
Жұма, 10 Шілде 2020 15:38

Өткен күндер белгілері

Газеттің бергі тарихынан сөз бастасақ, мәңгі мызғымастай болып көрінген Кеңес Одағының іргесі шайқалып тұрған сексенінші жылдардың соңында «қайта құру», «жариялылық» деген саяси өзгерістер болып жатқан кезең еді. Ызғарлы желтоқсанның лебі басыла қоймаған кезең. Бірақ сол 1986 жылы қазақ жастарының бас көтеріп, кеңестік орталықтың шешіміне қарсы шығуы еліміздің тәуелсіздікке басқан ірі қадамы деп бағалауымыз керек. Бұл ықпалды қозғалыс ұлттық сана-сеніміміздің, дәстүр-салтымыздың жаңғырып, қайта оралуына жол салды. Сол сексенінші жылдар соңында жыл басы Наурыз мерекелене бастаған еді. Газет беттерінде осы көктемнің әдемі көріністері, ұлттық  нақышта тойланған жыл басы көптеп басылып, жастардың санасына сіңіріліп үлкен серпіліс тудырды. Ең қызықтысы, әлі де Кеңес Одағының құрамында тұрған Қазақ Республикасының Мәскеудегі тұрақты өкілеттігінің (бүгінгі елшілік) ұйымдастыруымен сол Мәскеудің ең үлкен Замоскворецкий мәдениет үйінде мыңдаған жерлестеріміз бен тұрақты тұрғындарының қатысуымен Наурыз мерекесі тойланғанын көзімізбен көріп, дастарханынан дәм тату бақыты бұйырған еді. Дәл сол наурыз айында сол бұрынғы кеңестік орталық – Мәскеуде біліктілік көтеру бір айлық курсында едім.

Сол курстың идеологиялық бағытын-дағы лекция-семинарларынан жасырын шығып кетіп, компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істеп жатқан ірі баспахананың жұмыс тәжірибесінен деректер алып едім. Кейіннен газетімізді компьютерлік терілімге алғашқылар қатарында көшіру мүмкіндігіне қолғабыс болды осы тәжірибе.

Ал тоқсаныншы жылдар тарихына оралатын болсақ, алдымен бұрынғы Кеңес Одағының, оның құрамындағы Қазақ Республикасының тарихына көз тастамай болмайды. Алдымен Балтық жағалауы   республикалары шықты Одақтан, кейіннен Кавказ аумағындағы елдер, Орталық Азия мемлекеттері, ең соңында біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Бұл бір қиындығы да, қызығы да мол «тоқсаныншы» деген ат алған жылдар еді. Қызығы еліміздің 86-дағы «ызғарлы» желтоқсанынан кейінгі Тәуелсіздіктің ыстық лебі ескен болашаққа деген үкілі үмітке, биік арманға толы жылдар десек те болады. Газетіміздің бір материалында бұрынғы райком, қазіргі әкимат ғимаратында кеңестің қызыл туы қалып қалғаны қатты сынға алынса, екінші бір суретте «Ура! Уроков не будет – учителя бастуют» деген сынып тақтасындағы бормен жазылған жазу өтпелі кезеңнің қиындығын меңзеп тұрғандай. Өйткені кеңестік рубль аймағынан шығып қолға өз валютамыз өмірге келмеген қиын шақ еді. Бұл сынақтан да еліміз аман өтіп, дербес мемлекеттік белгілер – шекара, валюта және рәміздерді бекітіп, «көк туды желбіреткен» заман туды. Рәміздер демекші 1992 жылдың жазында газетіміздің редакциясы археология институтының қолдауымен Есік обасынан табылған Алтын адамның реконструкция дейміз бе, реставрация дейміз алтын киімді сақ ханзадасының мүсінін Есікке жеткізіп, көрме ұйымдастыруға қол жеткізіп еді Бекен-аға Нұрмұханбетов археологтың, әйгілі ғалымдар Кемал Ақышевтің, Карл Байпақовтың көмегімен. Сол 1992-нің жазында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Есіктегі Алтын адам көрмесіне келіп, сақ ханзадасының бас киіміндегі қанатты аттардың алға ұмтылу символдық мағынасын Бекен археологтан сұрап түсінік алып, разылығын білдірген болатын.

Газеттің ұйымдастырушылық, насихат-таушылық қызметіне белсене араласып сол Алтын Адам көрмесі мен отандық тарих ғылымын алға бастыруға ақпараттық көмек көрсеткен сол кездегі қызметкерлері Игорь Тураниннің, Мұрат Нақатаевтың, Маржан Аспандиярованың еңбектерін ерекше атап өту керек. Қазақстанның Журналистер Одағы бұл еңбекті атап та өткен еді – осы жолдар авторына және Мұрат Тойғанбайұлына, Маржан Хасенқызына Одақ сыйлығының лауреаты атағын беру жолымен.

Тоқсан жылдық тарихы бар газетіміздің алғашқы санын 1930 жылы бүгінгі «Егемен Қазақстанның» ол кездегі «Еңбекші қазақ» республикалық газетінің қызметкері журналист-жазушы Аманғали Сегізбаев шығарып, кейін біраз уақыт басқарған. Өкініштісі майдангер А.Сегізбаев соғыстың соңында оққа ұшты. Сол бүгінгі «Егемен Қазақстанның» жүз жыл бұрынғы «Еңбекші қазақ» атымен ауданымыз абыроймен аталып келеді. Тоқсан жылдығы тап бүгінгі 10 шілдеге келіп отырғандықтан ақпарат ретінде оқырманға ұсынып отырмыз. Қазіргі ушығып тұрған коронавирус карантиніне байланысты редакциядағы кездесу, дөңгелек үстел, пікір алмасу сияқты көпшілікті қатыстырумен өткізілетін іс-шараларға тежеу қойып отырмыз. Бірақ online режімінде жұмыс жасау тоқтатылмайды. «Газет-тарихы» «аудан-тарихы» рубрикасымен материалдар жариялау да жалғаса бермек.

 

Хайролла Ахметжанов,

бас редактор

Published in Мақалалар
Жұма, 10 Шілде 2020 15:29

Аудан өмірінің айнасы

 

Есік пен Шелек – ұлы тау бөктеріне жайғасқан құтты мекеніміз. Сонау бір зұлмат жылдары бастары қиыншылыққа тап болған талай ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына басты, оларды құшағына алды. Олардың тірлігіне нәр, қуат берген саясына, жайлы қонысына айналды. Жүректер қауышты, тілектер тоғысты.

Аудандар біріккенге дейін Шелектің шежірелерін хаттаған «Еңбек туы» - «Эмгэк туғи» газеті де 1934 жылы шыққан «Колхоз еңбегі» деген басылымнан бастау алады. Ол алғашқы санынан-ақ парасат пен адамгершілікті насихаттады. Елді жақсылыққа, имандылыққа үндеді. Достықты, туыстықты, бірлікті жалау етті. Біз бүгін көз майын тауысып, осы газетке жетекшілік жасаған Х.Розиев, М.Абдуллин,М.Насыров, Ә.Арзиев, Ө.Идрисов, К.П.Чуканов, Ш.Қонақбаев, Ә.Бөпебаев, Ә.Ысқақбаев, Б.Өтелбаев, Ж.Нұрғожаев, А.Рақымбаев сынды жаны жайсаң, қаламы ұшқыр қаламгерлерді ризашылықпен еске аламыз.

Шежіресіз уақыт жоқ. Адамзат ықылым заманнан бері құпияларын, дәуір оқиғаларын қағаз бетіне түсіріп келген. Оның айқын дәлелі аудандық басылымдар десек те болады. «Еңбек туы» газетінің тілшісі болып қызмет жолын бастаған, қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесіне жеткен кешегі жас журналист Қуаныш Сұлтанов осыдан 56 жыл бұрын үш бірдей шопан баласын өлім аузынан, ажал тырнағынан құтқарып қалған дәрігер Николай Марковичтің шеберлігі мен біліктілігін дәріптеп жазыпты. Жақсы хабар тарих қойнауында осылай сақталып қалыпты. Осы күндері ақ халатты абзал жандардың қатерлі індетпен бетпе-бет келіп, онымен жан аямай күресіп жатқан ерлігі өткенмен үндесіп, жалғасын тауып тұрғандай. Дәрігерлер жайлы ақпарат құралдарында жазылып, айтылып жатқан мақала, хабарлар да – келер ұрпаққа қалдырылған эстафета аманатындай. Бұл да ұмытылмайды.

Аудандық газеттің шаңырағынан кімдер тәрбие алмады, кімдер түлеп ұшпады десеңізші! Бүгін олардың біреуі бар, біреулері мәңгілік сапарға аттанып кетті. Республикаға танымал болған Б.Әдетов, С.Садықбаев, С.Сариев, М.Әбдірахманов, Н.Мұрәділов, С.Бейісбаев, А.Байбатша, Б.Үсенбаев, М.Тоқашбаев, Б.Мәжитұлы, Ә.Батталғазиев, Е.Рақымбаев, И.Үмбеталиев, Б.Зәкіров, т.б. осылар сынды от ауызды, орақ тілді, ойы жүйрік журналистер – мақтанышымыз. Оларды біз ұмытпаймыз.

Газетті жасаушы журналистер болғанмен оның, шынайы иесі – халық. Жергілікті тілшілер тірегіміз, жанашырымыз болды. Олардың хат-хабары газет мазмұнын байытты. Кемшілікті сынға алды. Жақсылыққа үндеді. Толғақты мәселелерді қозғады. Тәуелсіздік алған мемлекетіміздің алғашқы қадамдарына қанат бітірді, талаптарына қолдау көрсетті. Оны көпшілікке ұғындырды. Оның бір айғағы – жаман әдет-ғұрыптардан сақтандырып, өнеге істерге бас-тамашы бола білді. Мәселен, Шелек ауданы ақсақалдар алқасының бастамасы, оның өнегелі істері облысқа, арысы республика жұртшылығына таратылды. «Қаламгер» шығармашылық бірлестігі, халық университеті секілді шығармашылық, өнерпаздық отаулары құрылып, «бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей жас таланттар мен дарын иелеріне қолдау көрсетілді.

Сөз – ұлы қару. Оны ғұлама хакім Абай айтқандай, «жүректен тербеп» қолдана, пайдалана білсек жетістікке жол ашары хақ. Газет – тәрбие мектебі, аудан айнасы, оның хатталған шежіресі. Қуаныш қуанышқа ұласып, той құтты болсын, құрметті оқырмандар, қадірлі әріптестер.

Әбілбек АЙТАҚЫНОВ,

Бұрынғы Шелек аудандық «Еңбек туы»-«Эмгэк туғи» газетінің бас

редакторы, журналистер одағының мүшесі, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарының «Құрметті азаматы»

Published in Мақалалар
Жұма, 10 Шілде 2020 09:34

Әйел – ана, әйел – жыр

Әйел мен еркек тең бе? Жаратылысынан тең емес. Оны бәріміз білеміз. Бірақ осы бір тақырып әлімсақтан бері сауалды мәселе болып келеді. Күні кешеге дейін төмен етекті саналған әйел заты бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуге, тіпті, елдік, ұлттық саясатқа  араласуға құқылы. Қазір әйелдің рөлі ерекше. Бұрын орны тек отбасы мен ошақ қасы саналып келген әйелдің бүгінгі бейнесі әмбебап механизмге құрылған дерлік. Себебі, қазіргі заман әйелі отбасы мен қоғам арасына әдемі байланыс орнатып, бәрінен гармониялық үйлесім тапқысы келеді. Астары айтпай-ақ түсінікті. Жабайы капиталистік идеяға негізделген қоғам соған үндейді. Біз білетін қазіргі әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел – саясаткер, әйел – көлік жүргізуші, әйел – бала тәрбиелеуші, әйел – үй күтуші, әйел – заңгер, әйел – экономист, әйел...

Тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады. Әрине, әйел, ең бастысы – ана. Бірақ соған қарамастан нәзік жанды әйел қоғам көшін алға сүйреуге белсенділік танытуда. Бұған соңғы он шақты жылдан бері гендерлік саясатты жолға қою мәселесі де себепші болды. Жалпақ тілмен айтқанда гендерлік саясат дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қатынасты айқындайтын  мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Елімізде демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық – бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.

Бұл саясат негізі әйелді атқа мінгізіп, төрге сүйреп, еркектің басын көрге сүйрейтін саясат емес. Әрине, түсінгенге! Бұрын «шашы ұзын, ақылы қысқа» болған әйелдің бейнесі қазір басқаша. Публицист, ойшыл Асқар Сүлейменов «ең ақылды деген әйелдің басында екі тауықтың миындай ми болады» дегені кезінде еріксіз езу тартқызған. Не десек те, «кез келген үйдің төрінде қамшы тұру керек, әйелді аптасына бір рет таяқпен ұрып тұру керектің» дәурені өтіп барады. Бәлкім, қыжылды пікір айтатындар осыны көксейтіндер болар.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізде жалғыз басты ерлерге қарағанда әйелдер 5 есе көп. Жұмыссыздықтың 60 пайызын әйелдер құрайды.

Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Оның дәлелі, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі. отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жыл-дарға арналған жалпы-ұлттық жоспар бекітілген болатын.

Гендерлік саясат әр елде әрқилы жүзеге асады. Ерлер мен әйел теңдігін қолдау біздің елімізде де бірінші орында.Осы саясат қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы.

Аталған саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мем-лекеттік кепілдіктері туралы» сонымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Бұл саясат алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, эконо-миканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді.    Жалпы әйел заты қазақ қоғамы үшін қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған.

Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процестеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал етеді.

Шариғат бойынша отбасының тізгіні еркекке жауапкершілік ретінде тапсырылған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы. Сол басқарушылықты дөрекілікке, қамқорлықты жалқаулыққа айналдырмаса дейсің.  Өйткені, елімізде әйел адамның бәрі бірдей өз құқығын біліп, қорғай бермейді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да сол себептен дейді мамандар.

Бес саусақ бірдей емес: біреуі ұзын, біреуі қысқа. Егер біз саусақтарымызды бірдей етіп теңестіреміз деп кесіп тастасақ, онда мүгедек болып қаламыз. Сол сияқты Алла еркек пен әйелді екі түрлі етіп жаратқан және дәрежелерін де әртүрлі еткен. Ендеше, Алланың жаратылысына қарсы шығып, қолдан жасау арқылы біз әйел мен еркекті теңестіре алмаймыз. Бұны өмір анық көрсетіп отыр.

Ведалық ілімде әйел мен еркек оң және теріс заряд сияқты деп түсіндіріледі. Еркектердің сол жақ жарты шардағы миы, ал әйелдердің оң жақ жарты шардағы миы жұмыс істейді екен. Еркектердің оң жақ жарты денесі, әйелдердің сол жақ жарты денесі күшті болып табылады.

Әйелдерде эмоция басым, еркектерде керісінше интеллектуалдық қуат күшті. Әйелдер кез келген істі сезімге сүйеніп жасаса, ер адамдар ақылмен жасауға талпынады. Еркектердің тағы бір ерекшелігі – бір шаруаны жасағанда зерде (разум) ажыратылып, сол шаруаға ол толайым беріліп кетеді. Ал әйелдерде қандай шаруа жасаса да, табиғи ахуал саналатын эмоция ажырамайды. Сондықтан әйелдер кез-келген істе сезімге бой алдырып, тіпті өзіне залал келтіретін шаруаларды да жасап жатады. Яғни, салқын қанды ақылмен іс жасай алмайды.

Әйел мен еркектің осындай физиологиялық және психикалық ерекшеліктеріне орай Алла олардың өмірдегі орындарын да соған сәйкестендіріп белгілеген сияқты. Ақылмен іс жасауға қабілетті еркектер отбасында да, қоғамда да басшылық рөлді атқарса, әйел олардың қорғауында болып, бала тауып, үй шаруасын жасап, үй ішінің ұйытқысы болмақ.

Қазір өкінішке қарай, бұл табиғи заңдылық бұзылды да, содан әйелдердің өздері үлкен залал тартуда. Олар өздерінің табиғатынан аулақтап, соның салдарынан әйелге тән қуаныш пен бақыттан қол үзе бастағаны байқалады.

Әйелдің табиғаты ана, жар болу. Ертеректе «Служебный роман» деген фильм болды. Оның басты кейіпкері лауазымды басшы қызмет атқаратын күйеуге тимеген әйел томаға тұйық және өзін қатал ұстайтын салқынқанды тірлік кешеді. Бір қарағанда үлкен қызмет атқаратын, материалдық жағынан қамтамасыз етілген «бақытты» әйел сияқты сезілгенмен, іштей ол қатты қиындық көріп жүргенін ер адаммен кездесуінде ашық мойындайды. Оның мінез-құлқы еркекпен кездескеннен кейін күрт өзгереді. Ол әйелге тән нәзіктік пен әлсіздікті сезінеді.

Ведалық ілімде әйел барлық жағдайда ер адамның қорғауында болу керектігі айтылады. Жас кезінде қыз баланы әкесі тәрбиелейді. Тұрмысқа шыққан соң күйеуінің қамқорлығында, ал күйеуі қайтыс болған соң ер балаларының бірінің қамқорлығында болады. Табиғатынан әлсіз, нәзік әйел әрдайым ер адамның қорғауында, қамқорлығында болғанда ғана көктемде бүршік жаратын гүл сияқты өзінің табиғатына сай барлық қасиеттері ашылып, қуаныш пен бақытты сезіне алмақ.

Қазір ер адамның қамқорлығынан сырт қалған әйелдер табиғаттарына қайшы келетін істермен айналысып, содан бақыт емес, керісінше азап пен тауқымет тартуда. Бүгінде суицид (өзін өзі өлтіру) жас қыздар мен әйелдер арасында өте көбейіп кеткен. Әйелдердің маскүнемдікке салынуы да белең алып барады. Өздерін қорғамақ болып қыз балалардың табиғатына жат шығыс жекпе-жегі, бокс сияқты тәнге салмақ түсіретін ауыр спорт түрлерімен айналысуы жиі кездеседі. Ондай қыздар әдетте тәні де, жан дүниесі де дөрекіленіп кетеді.

Табиғатынан аулақтаған әйелдер адал жар, сүйікті ана болу арқылы алатын мол қуаныш пен бақыттан құралақан қалады. Мұның қандай салдары барлығын соңғы кезде Қазақстандағы әйел мен еркектердің ажырасу деңгейінің 60 пайыздан асқан жағдайы анық көрсетеді. Мәселен, ведалық өркениетті саналарына сіңірген Индияда ажырасу көрсеткіші 2 пайыздай ғана екен. Батыс елдерінде ол 80 пайыздан асады. Ресейді 68 пайыз болып отыр.

Десек те, заман талабы, әйел заты үй-ошақпен шектеліп қалса да болмайды. Гендерлік саясатты дамыту, әйел мен еркектің теңдігі мәселелерін жолға қою ісі айналып келгенде әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп елірте беру емес. Бұлай түсіну қисынсыз.  Әрине, еркекше шылым шегіп, шарап ішіп, бұзылған, қиындыққа төзе алмаған әйелдер де бар. Бірақ гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы  тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс. Бұл стратегия сонау кеңес дәуірі жаңа орнай бастаған кездегі Бейімбет Майлиннің «Раушан коммунистін» еске салады. Қазір тек формасы басқаша. Бірақ сол саясаттың нақ өзі. Бүгінде елімізде биліктен, саясат әлемінен бой көрсетіп жүрген қазақ әйелдері жаңа заманның жаңа үлгісіндегі Раушандар. Демек, бізде тәуелсіз Қазақстанның жаңа образды Раушан «коммунистері» өсіп келеді.

Олай болса, қазақтың есті әйелінің бейнесі қашан да мынадай. Ол – «бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді».

Назерке ХУДАЙБЕРГЕНОВА,

Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің  11-сынып оқушысы

Published in Мақалалар
Жұма, 10 Шілде 2020 09:18

Майданға жіберілген байпақ

Газет редакциясына бас сұққан зейнеткер ұстаз Ғалия Тоқтабулетова Қызылорда облысының бір ауданында жарияланған естелік әңгімені ұсынған еді. Біздің аумақтан қашықтағы оқиға болса да, өмір-дің осындай көріністері бүкіл елімізге ол кезде тән еді.  

1942 жылдың қыс айы. Абай атындағы колхозда 1 сыныпта оқып жүргенмін. Сол қыста әкем аяғыма қара байпақ әкеліп берген-ді. Апам күнде жүн түтіп, ұршық иіріп, шұлық, қолғапты көп-көп етіп тоқи беретін. Сонда мен балалық қызығушылықпен анамнан:

– Неге күнде-күнде қолғап, шұлық тоқи бересің, – деп сұрағанымда ол:

– Ол керек, бәрі майданға ғой, майданға дейтін күрсініп.

Кісілер келген соң әкем маған қарап:

– Балам аяғыңдағы байпағыңды бере ғой, сен ауылда тоңбайсың ғой, тағы да алып беремін. Ал мынау майданға кетсін, – деп мені алдарқатты.

– Әке бұл солдаттың аяғына симайды ғой, оны не істейді? – дедім.

– Кейін түсінесің, балам. 

Бұл кезде шешем көптен бері тоқып жүрген оншақты қолғап, шұлықтарын келген кісілерге қара байпағыма қосып беріп жатты.

Анамыз іс тігіп отырып та, бір мұңлы әнді ыңылдап, соғысқа аттанған екі баласын күнде ойлап отыратын. Ақыр соңында «қарғыс атқыр Гитлер» деп жалын ата күрсініп ұзақ-ұзақ жылап алатын. Біз бетіне жалтақ-жалтақ қарағанымызды байқаған ол дереу көз жасын сүртіп, шаруасына кірісіп кететін. Әрине, ол кезде анамыздың кімді қарғап жүргенін біле алмай, кейде мұның мәнісін сұрайтынбыз. Сонда ол:

– Ол – нағыз жауыз адам. Сол жауыз соғыс ашпаса, Әлмен, Әлменбет, Шайқыслам, Дүржан, Есжан және басқалар ауылда, өз колхозымыздың жұмысын істеп, ойнап-күліп жүрмес пе еді? – деп, ауылдан соғысқа аттанғандардың аттарын атап күрсінетін.

Әлмен, Әлменбет майданға аттанған ағаларым еді. Әлмен соғысқа 1942 жылдың наурыз айында алынып, сол жылдың 22 желтоқсанында Ленинград шайқасында хабарсыз кетті. Ленинград майданында жүрген әкеме талай рет саусағым майысып хат жазғаным да есімде.

1945 жылдың 9 мамыр күні болатын. 3 сыныпта оқимын. Жайлауға қонған 30-40 шақты қараша үйдің ішіндегі үлкендеуі – біздің мектебіміз. Үзіліске шыққан кезіміз еді. Жайдақ атқа мінген бір кісі қолын бұлғай «Біз жеңдік, жеңіс, жеңіс!» дегенін естіген ауыл адамдары тайлы-тұяғы қалмай мектепке жиналды. Мектеп директоры митинг өткізді. Сондағы жаулықтары желпілдеп мектепке келе жатқан аналардың талай жығылып-тұрғаны, сөйте тұра, келген кісіден әрқайсысы өз ұлдарының қашан келетінін сұрағаны әлі күнге көз алдымда.

Содан бері талай жылдар өтіпті. Сөз соңында айтайын дегенім, әкеміздің баласының аяғындағы соңғы киімін майданға жақын жердегі балаларға жіберуі Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі ретінде елестейді де тұрады көз алдыма.

Қанымша НҰРМАШЕВА

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет