Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020
Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020 16:56

Таза су ішкіңіз келсе...

Соңғы кездері аудан орталығы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары «Есік Су» мекемесіне қарасты ауыз су құбырларынан лас су ағып жатқандығын айтып шағымданған болатын. Жақында су мәселесі бойынша шағым түсірген Есік қаласы тұрғындарының үйін аралаған қала әкімі Бауыржан Бименов, «Есік Су» мекемесінің басшысы Марат Бердалиев сапасыз су көзінің себебін анықтады.

2012 жылы қалада жаңа су құбыры жүргізіліп, 2013 жылы іске қосылған болатын. Азаматтардың басым бөлігі жаңа құбырға қосылған. Сәйкесінше, ескі құбыр тұтынушылары азайып, жиналған су бұзыла бастаған. Мысалға, бұрындары ескі су құбыры аудан орталығына 1 000 текше метр су жіберсе, жаңа құбырға ауысқандардың салдарынан қазір бұл көрсеткіш 60-70 пайызға дейін төмендеген. Осыдан жиналған судың сапасы нашарлай бастаған. Ал, тұтынушылары артқан жаңа су құбырында ешқандай балдырсыз, құртсыз таза су ағуда. Мұны арнайы жұмыс тобы шағымданушылардың құбырын тексеруге барғанда анықтады. Есіктегі арызданған 3 тұрғын да ескі құбырдан тіршілік нәрін алуда. Оларға жаңа құбырға ауысуға кеңес беріліп, түсіндірілді. Бұл алдағы уақытта ескі құбыр тұтынушыларына сапасыз су жеткізіле береді деген сөз емес. Жақын арада аудан орталығы бойынша бір күнге ауыз су тоқтатылып, құбырлар мен су жиналатын орындар толықтай тазаланады.

– Бүгінде қала тұрғында-рының жартысынан астамы жаңа су жүйесіне қосылған. Ескі құбыр тұтынушылары да бар. Алдағы уақытта ескі құбырмен су беру тоқтатылады. Сондықтан, қала тұрғындарына жаңа су құбыруына ауысуға кеңес береміз. Лас су мәселесі де сол кезде шешімін табады, – дейді қала әкімі Бауыржан Бименов.

Айта кетейік, ауданымызда лас су мәселесі көтерілгеннен кейін, аудан әкімдігі, прокуратура, тауарлар мен қызметтер көрсетудің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен комиссия құрылған еді. Комиссия су сынамаларын алып, сараптамаға жіберген. Қала басшысының сөзінше, сараптама оң қорытындысы көрсеткен. Тіршілік нәрінен келер қауіп жоқ.

С.НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020 16:00

Рейд жүргізілді

13 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы жастар ресурстық орталығының мамандары, жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобы инспекторлары және полицияға қолдау көрсететін «Жалын» жасақшылары бірлесе түнгі рейд өткізді. Есік қаласындағы кафелер мен дүкендер, компьютерлік клубтар мен букмекерлік кеңселер тексерілді. Ойын-сауық орталықтарының қожайындарына түнгі сағат оннан кейін кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізуге болмайтындығы жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай рейдті ұйымдастырудағы басты мақсат – қоғамдық тәртіпті бұзушылармен кездесіп, олардың құқықтық сауатын ашу, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.
 
 
Арайлым Бақберген,
аудандық жастар ресурстық орталығының маманы
Published in Жастар

Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. 

Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. 

Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.

Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.

Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді.

Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. 

Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады.

Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады.

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады.

Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды.

Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін.

Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз.

Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз, бірақ азық-түлік дүкендері және базарлар өз жұмысын жалғастыра береді.

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады.

Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

Сондай-ақ, азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн деп санаймын.

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады.

Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді.

Ауруханаларда орын жеткілікті.

Осы шаралардың барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын.

Сақтанғанды Құдай сақтайды.

     Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді.

Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. 

Бұл – уақытша дүрбелең.

Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек!

Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.

Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін.

Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. 

Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет.

Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады.

Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз.

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды.

Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар.

Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді.

Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді.

Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз.

Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек.

Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет.

Татулық пен тұтастықтың арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады.

Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет.

Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!

 

Уважаемые казахстанцы!

Как вам известно, министерство здравоохранения официально заявило, что на сегодняшний день у девяти казахстанцев диагностированы признаки коронавируса. Есть опасность распространения.

Вирус завезен извне. Зараженные граждане находятся под наблюдением врачей.

Люди, с которыми они контактировали, установлены и тоже находятся под медицинским контролем.

Казахстан раньше многих стран создал специальный экспертный штаб и межведомственную комиссию на уровне Правительства, принял план по противодействию распространению вируса.

Объявленная Всемирной организацией здравоохранения пандемия коронавируса приобрела угрожающий масштаб.

Поэтому в соответствии с казахстанским законодательством мной подписан Указ о введении чрезвычайного положения на территории нашей страны.

Режим чрезвычайного положения действует с 8 часов утра 16 марта 2020 года и продлится 30 суток. В случае необходимости действие режима может быть продлено.

Указом предусмотрены необходимые превентивные и профилактические действия.

Усиливается охрана общественного порядка.

Введен запрет на проведение массовых мероприятий.

Многие казахстанцы строили планы на предстоящие праздники, кто-то хотел посетить концерты, кто-то спортивные соревнования.

К сожалению, ради нашего всеобщего здоровья от этого придется воздержаться.

В то же время вводится ограничение функционирования крупных объектов торговли, но продуктовые и другие магазины, где продаются товары первой необходимости, в том числе находящиеся внутри торгово-развлекательных центров, конечно, продолжат работу.

Режим функционирования рынков определит государственная комиссия на основе предложений местных исполнительных органов.

Временно закрываются развлекательные центры, кинотеатры, театры, выставки и другие объекты с массовым скоплением людей.

Школьники отправлены на ранние каникулы, студенты вузов и колледжей переводятся на онлайн-обучение. Это внесет коррективы в учебный процесс, но здоровье детей – наш приоритет.

Гражданам надлежит отказаться от проведения массовых собраний, связанных с семейными и памятными торжествами.

Вводятся ограничения на въезд и выезд с территории Республики Казахстан. Прошу отнестись к этому с пониманием.

Но вышеуказанные меры не распространяются на грузовые перевозки.

В пунктах пропуска на госгранице, на вокзалах и в аэропортах усилен санитарно-эпидемиологический режим.

По моему поручению из резерва Правительства выделены средства для приобретения лекарственных средств, тест-систем, лабораторного оборудования. В больницах страны имеется достаточный коечный фонд.

Хочу особо отметить, что государственными органами разработаны планы по организации санитарно-профилактических и противоэпидемических мероприятий.

Призываю граждан Казахстана оказывать необходимое содействие уполномоченным службам.

Всем нам в данной ситуации нужно проявить ответственность и дисциплину.

При первых признаках недомогания необходимо незамедлительно обращаться в медицинские службы по месту проживания.

Уклонение от прохождения медицинского обследования и нарушение карантинного режима будут наказываться.

При этом нужно помнить о простых способах заботы о себе и о своих близких: регулярно мыть руки, соблюдать санитарную гигиену, стараться избегать мест массового скопления людей.

В эти дни большая нагрузка ложится на работников системы здравоохранения.

Многое зависит от их профессионализма и человеческого участия. Этот непростой этап в жизни страны наши медики должны пройти с честью и сделать все необходимое для сохранения здоровья казахстанцев.

Дорогие соотечественники!

Мы стали свидетелями крайне отрицательного влияния коронавируса на глобальную экономику.

По сути дела, речь идет о переформатировании всей мировой экономической системы.

Казахстан ощущает на себе последствия этого колоссального кризиса.

Но, несмотря на экономические катаклизмы, мы примем все необходимые меры, чтобы не допустить роста социальной напряженности, безработицы.

Благодаря дальновидной политике Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева международные резервы нашей страны достигли около 90 миллиардов долларов.

Это серьезная гарантия сохранения стабильности нашей экономики и выполнения социальных обязательств государства.

Мы переориентируем бюджетные расходы на те направления, которые дадут максимальный эффект для обеспечения занятости и бизнеса.

На поддержание отечественных предпринимателей и создание новых рабочих мест будет выделено не менее 300 миллиардов тенге.

Нельзя допустить снижения уровня кредитования бизнеса. Для наполнения внутреннего рынка и стимулирования производства будет увеличено финансирование программы «Экономика простых вещей».

На волне ажиотажа спекулятивное завышение цен недопустимо.

По моему поручению Правительство и акимы всех уровней возьмут этот вопрос на жесткий контроль.

Я также подписал Указ «О мерах по обеспечению стабильности функционирования государства».

Этот документ позволит повысить эффективность государственных органов, укрепить вертикаль власти и оперативно принимать все необходимые решения в условиях кризиса, в том числе в налоговой сфере, если это понадобится.

Указ дает право проводить необходимые закупки медикаментов и других средств в упрощенном порядке, в основном у отечественных производителей.

Таким образом, мы сэкономим драгоценное время и средства, что очень важно в сложившихся чрезвычайных обстоятельствах.

Убежден, что мудрость и высокая гражданская ответственность нашего народа, слаженные действия общества и государства позволят нам преодолеть все трудности.

Те, кто распространяют провокационную информацию и пытаются посеять панику, понесут наказание согласно закону.

Призываю всех граждан Казахстана сохранять спокойствие, помогать друг другу, беречь себя и близких.

Сила духа нашего народа, свойственный нам оптимизм и позитивное отношение к жизни сегодня особенно важны.

 

Құрметті отандастар!

Біз – тарихымызда небір қиындықты бастан өткерген халықпыз.

Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік.

Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын.

Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін!

Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Біз біргеміз!

Published in Санаты жоқ

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында коронавирусқа байланысты білім саласының алдында тұрған бірқатар мәселеге назар аудартты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттегенін білесіздер. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда. Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді», - деп жазды министр.

Сонымен қатар министр бірқатар мәселеге назар аудартты.

1. Мектепке дейінгі білім мекемелері штаттық режімде жұмыс істеуде. Балабақшаға балаларды апару немесе апармау мәселесі ата-аналарының қалауына байланысты. Келмегені үшін балабақшадан шығарылмайды. Яғни, балаңызды балабақшаға апармасаңыз, орны сақталады. Сондықтан, ата-аналарға мүмкіндігінше бүлдіршіндерді үйде қалдыруға кеңес беріледі.

2. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беретін ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Оған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және т.б. жатады. ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті қазіргі жағдайды ескере отырып, ата-аналарға балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауға кеңес береді.

3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтан жұмыс істейді. Әріптестеріміз әдістемелік және сабаққа дайындық жұмыстарын үйде отырып орындай аады. Ал мектеп директорлары педагогтердің қашықтан жұмыс істеуі және каникул кезінде атқарылатын жұмыс көлеміне сай айлықты толық төлеу туралы актілерді қабылдайды.

Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтан оқыту үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ ақпараттық жүйені контентпен қамтамасыз ету, педагогтерді үйрету, сервистерді тестілеу және басқа бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Ұйымдастыру жұмыстарын 5 сәуірге дейін аяқтауымыз қажет. Бізде бірнеше электронды платформа бар, қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

4. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде. Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіледі.

5. Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «DDaryn.online» сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ «Coursera» өз курстарын тегін ұсынды және «ZOOM» оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.

«Айта кетейін, жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқыту жүйесі жаңашылдық емес. ҚР БҒМ бұйрыққа қол қойған сәттен бастап, арнайы технологияларды пайдаланып жүрген кейбір ЖОО онлайн-форматта оқытуды бастап кетті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқытудың шамалы күрделі жақтары бар. Дегенмен де колледждердің басым бөлігі тиісті жүйе бойынша жұмыс істеп көрген. Қалғандары қатарға қосылуда. Қазіргі уақытта арнайы жүйелерге контент жүктеу, ОӘК енгізу, СБР бойынша үлкен жұмыс атқарылуда», - дейді министр.

Колледждер мен жоғары оқу орындары педагогтерінің де қашықтан жұмыс істеуіне жағдай жасалауы керек. ЖОО мен колледж басшыларына осыған қатысты тиісті тапсырма берілген.

6. Жатақханаларға қатысты сауалдар жеткілікті. Билет немесе қаржы тапшылығы сынды әртүрлі жағдайларға байланысты қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмесінде болуы тиіс.

7. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн-форматта өткізіледі. Кейбір курстардың өткізу мерзімі биылғы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы мен ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімі кейінге шегерілді.

9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс- шараларға қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ бұқаралық іс- шаралар өткізуге болмайды.

10. Білім ұйымдарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі ҚР БҒМ әдістемелік ұсыныстары берілді. Қажет болған жағдайда олар жаңартылып отырады.

«Пандемия кезеңінде кем дегенде 15 мемлекет мектептерді уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. Тағы 14 елдің белгілі бір өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Осылайша, мектептерді уақытша жабу мәселесі Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және АҚШ сияқты мемлекеттерді айналып өтпеді. Осыған байланысты балалар мен студенттерге білім беру және оқу процесінің үздіксіз жалғасуын қадағалау басты назарға алынып отыр. Бұл - біздің елдегі білім беру жүйесі үшін үлкен сын әрі маңызды міндет. Алға қойған тапсырмаларды біздің педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттеріміздің белсенді атсалысуы арқылы бірге орындаймыз деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Published in Санаты жоқ

Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08.00-ден бастап 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізілді. Осыған байланысты Сыртқы істер министрі қандай жағдайларда мемлекеттік шекара арқылы кіріп-шығуға болатынын мәлім етті.

1. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізілетін болады. Төмендегі жағдайлардан басқа:

бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары; 

денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;

еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері; 

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал; 

шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер; 

Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар); 

Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары). 

2. Тараптар азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатыла тұрсын. 

Трансшекаралық құрылыстар – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін темір жолдар, автомобиль жолдары, құбырлар, электр беру желілері, кабельдер, көпірлер, бөгеттер, шлюздер, су арналарының құрылыстары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ Тараптардың бірінің шекара маңындағы аумақ (шекара аймағы) шегінде, екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы объектілері.

 

Published in Санаты жоқ

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.

***

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін.

2. Төтенше жағдайдың кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктер берілсін.

3. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын;

3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрсын;

4) карантин енгізсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырсын;

5) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын;

6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.

4. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін;

2) медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 15 наурыз

№ 285

Published in Санаты жоқ
Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020 08:55

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1932 жылы Б.Майлиннің «Келін мен шешей», К.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен Жамбыл аудандық театры өз шымылдығын ашты. Театрдың алғашқы труппасы құрамында С.Атамқұлов, Ж.Абызбаев, С.Абызбаева, Ш.Сәкиев, М.Табанов, т.б. актерлер өнер көрсетті, ал режиссерлік жұмысты Р.Әбдірахманов, Ж.Арғынбаев атқарды. Аудандық театр 1940 жылы облыстық қазақ драма театры болып құрылды. 1945 жылы Абай есімі берілді.

1944 жылы Көкшетау облысы құрылды. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы. Оның аумағы сол кезде батыстан шығысқа 600 шақырымға жуық, солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымнан астам жерді алып жатты. Облыс 1997 жылы мамырдың 3-інде Солтүстік Қазақстан облысына қосылуына байланысты таратылды. 1999 жылы оның үш ауданы және Көкшетау қаласы Ақмола облысының құрамына енді.

1944 жылы Талдықорған облысы құрылды. Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы. Облыс 1997 жылы Алматы облысына қосылуына байланысты таратылды.

1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары ғылыми-зерттеу институтының атауы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы болып өзгертілді.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы наградасы - Заид орденімен марапатталды. Заид ордені Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайянның құрметіне бекітілген марапат. Ол екiжақты қатынастардың дамуына ерекше үлес қосқан шет мемлекеттерiнің басшыларына табыс етіледі.

2009 жылы Алматыда «Алашорда» деректі фильмі таныстырылды.

Фильмнің режиссері - қазақстандық танымал кинематографист Қалила Омаров. Фильм Қазақстан Республикасының ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырмасымен «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналып түсірілген. 52 минуттық фильмнің сценарийін жазған - Болат Мүрсәлім, композиторы - Ақан Мұсақұлов.

2012 жылы Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы «Азалы кітаптың» 9-басылымын шығарды. «Азалы кі­таптың» бұл шығарылымы қызыл террор кезеңінде Алматы қаласы маңындағы «Жаңалық» қорымында жатқан жазық­сыз құрбандардың есімдерін жаң­ғыртуға арналды.

Кітапта 1937-1946 жылдар аралығында атылып, Жаңалық ауылы маңындағы қорымға көмілген 4 121 адам туралы қысқаша мәліметтер берілді.

2012 жылы Нью-Йорк университеті жанындағы Ежелгі әлемді зерттеу жөніндегі институт ғимаратында «Көшпенділер және олардың байланыстары: Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениеті» («Nomads and Networks: The Ancient art and Culture of Kazakhstan») деген атаумен бірегей көрме ашылды.

2016 жылы халықаралық жеке құқықтар бойынша Гаага конференциясының жалпы істер және саясат кеңесінің отырысында Нидерланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне Қазақстан Республикасының Гаага конференциясына қосылуға ниет білдірген хаты тапсырылды.

2018 жылы Қазақстан астанасында Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінде кепіл елдердің сыртқы істер министрлері кездесті. Иран, Ресей, Түркия СІМ басшыларының кездесуі жақын болашақтағы үшжақты өзара ықпалдастықты айқындап, Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі ынтымақтастықтың алғашқы жылында қол жеткізілген нәтижелерді талқылау мүмкіндігін берді.

2018 жылы Қазақстандық «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальдің «Өмір жетістіктері» аталымында «Үздік көркем фильм» наградасын жеңіп алды. Кинофестиваль «Киноматографтағы әйелдер» тақырыбындағы форум аясында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық киноматографистер қатысты.

2019 жылы Норвегияда өткен Әлем кубогында қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко трамплиннен шаңғымен секіруден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Елдің ең жоғары жетістігі енді 199,5 метрді құрап отыр.

Дереккөз: inform.kz 

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет