Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 10 Наурыз 2020
Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 17:18

Еңбектері еленді

Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің акт залында 1 наурыз «Nur Otan» партиясының 21 жыл толуына және «Алғыс айту» күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға ауданымыздың беделді азаматтары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанаты, бөлім, мекеме басшылары, қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.С.Байғоджаев жетекші партияның тарихына тоқталып, қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билетін табыс етіп, партияның жұмысына етене араласып, елеулі еңбек еткен бірқатар партияластарды алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты шара соңы Қайназар ауылының мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

 

Б.Рахимов

Published in Мақалалар
Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 17:13

Ветеранам – низкий поклон

Приближается знаменательная дата – 75-й День Победы. Этот праздник никогда не потеряет значения для казахстанцев. Мало таких семей, где не провожали на фронт дедов и прадедов, из которых  более миллиона человек пали на полях сражений Великой Отечественной. Тем большее значение имеет возможность отдать долг уважения еще остающимся в живых фронтовикам. В районе их осталось всего семеро.

Коллектив районного отдела обороны во главе с полковником Владимиром Азноваряном взял себя шефские обязанности,  посещая ветеранов, оказывая им посильную помощь. Заместитель начальника ОДО Болат Смаилов, старшие специалисты отделений Нурсултан Тажибаев, Нурсерик Кабылбеков  на днях  навестили Михаила Федоровича Митрогана, проживающего в с.Байтерек. Они  поздравили Михила Федоровича и его супругу Анну Григорьевну с наступающим праздником, привезли ценные подарки, расспросили ветерана о бытовых нуждах, пообещали помочь привести в порядок подъезд к дому.

Обращаемся ко всем руководителям учреждений и организаций – спешите сделать доброе дело для наших самых уважаемых аксакалов, пока они среди нас, не медлите выразить им признательность за подаренную  потомкам мирную жизнь.

 

И.ВИКТОРОВ

Published in Мақалалар
Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 16:26

Шөпшек сүйген ардақты әже

Шелек ауылының тұрғыны Күншайым Солтанқұлова қос ғасырмен тең жасасып, жүзге толып отыр. Өз өмірінде алапат аштықты да, қанды репрессияны да, конфескілеуді де, зұлмат соғыс кезеңін де көрген әрі сол күндердің ауыртпалығын қайыспай көтеріп бүгінге жеткен кейуананың қайсар рухы мен асыл сүйегіне таң қалмай шараңыз жоқ.

Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, төрт құбыласы тең өскен бақытты ана. Ең қызығы, туылған күні де халықаралық әйелдер күніне сәйкес келетін 8 наурыз екен. Бүгінде шөпшек сүйіп отырған ардақты әжені мерекесімен әрі келе жатқан туылған күнімен арнайы құттықтауға Шелек ауылдық округінің әкімі Е.Есенханов, ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Айтақынов, әйелдер кеңесінің төрайымы С.Базылбекова т.б. азаматтар барып қайтты. Осы орайда ғасыр жасаған әжеміз келгендерге ақ батасын беріп, алғысын білдірді.

 

Н.ТІЛЕУҚАБЫЛ

Published in Мақалалар
Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 10:56

Коронавирустан қалай қорғанамыз?

 Коронавирус әлемнің 115 еліне таралды. Дәл қазіргі уақытта бұл вирусты жұқтырғандар саны – 114 571 адам болса, 4030 адам COVID-19-дың құрбаны болды.

Ең көп адам шығыны Қытайда тіркелсе – 3136 , дертке шалдыққандар мұнда – 80 761. Ал тізімді ары қарай Италия, Оңтүстік Корея мен Иран, Франция, Испания, Германия жалғап тұр. Бұл елдердің әрқайсысында ауруды жұқтырғандар саны 1200-ден асқан.

 

 

 

  

 

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет