Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні сағат 17.00-де Үндістан Республикасы Нью-Дели қаласында Үндістан Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет» көрмесін ашады.

Көрме Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыз - 19 сәуір аралығында өтеді.

Көрменің басты жәдігері «Алтын адам» - ел рәміздерінің ажырамас бөлігіне айналған Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық сенсация. «Алтын адам» 1969 жылы Алматының маңайындағы Есік қорғанында археолог Кемал Ақышевтың жетекшілігімен жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде табылды. Қорғаннан арасында киімдерді безендіретін детальдар, сол сияқты әшекейлер мен тұрмыстық заттар бар төрт мыңнан астам алтын бұйымдар табылды. Зерттеушілердің қорымдағы заттардың топографиясын тер төгіп зерттеулері нәтижесінде, көрмеге ұсынылып отырған сақ жауынгерінің келбетін жаңадан жасап шығу мүмкін болды.

Үндістан Ұлттық музейіне ұсынылған көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.

Есік Алтын Адамы - халықаралық көрме жобасының аясында әлемнің 12 музейінде ұсынылған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің басты жәдігері. Көрме Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Солтүстік Македония, Түркия, Малайзия және Грецияда үлкен жетістікпен өтті.

Бастапқы сиқырлы мәнінен айрылған жануарлардың сәндік бейнелері зергерлік бұйымдарда, миниатюра кітаптарда, ағаш, тас және сүйек нақыштарында, сәулет сынды ортағасырлық өнерде әлдеқайда жинақталыңқыраған түрде, стильденген ою, зер элементтерінің пішінін қабылдап қолданыста қала берді. Бұл үрдістер экспозицияға қойылған XV ғасырға тән деп даталанған Сайрам көмбесінен табылған зергерлік өнер бұйымдарынан айқын байқалады.

Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілетін болады.




Есік қорғанынан табылған заттар арасында ежелгі жазба ескерткіштерінің бірі руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның экспозициядан алар орны ерекше.

Сонымен қатар, көрмеге Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының археологиялық отряды 2012 жылдың сәуірінде қазба жұмыстары кезінде табылған «Тақсай ханшайымы» ұсынылады. Тақсай қорымында ғалымдар 35-40 жастағы әйелінің қоғанын зерттеді. Оның қасында ыдыстар, сәнді бас киімнің әшекейлері және көптеген алтын бұйымдар табылды. Ғалымдар шайқастардың көріністерін бейнелейтін ағаш тарағы ерекше артефакт деп санайды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 292 зат ұсынылады.

Көрменің ресми ашылуының алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Үндістан Ұлттық музейі өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Дереккөз: inform.kz

Published in Мақалалар

Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне күндігіне жүздеген адамдар жүгінеді. Сансыз кезектер, сырғып жатқан сағаттар мұның барлығы бір ғана анықтаманы алуға кеткен уақыт өлшемі. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты.

«eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы арқылы есепсіз қағаздарды әп сәтте қолға түсіре аласыз.

Еріктілер жылы аясында облыстың жастары «eGov mobile» жүйесін насихаттау, оның қолданушыларының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру үстінде. Алматы облысы, жастарға қызмет көрсету орталығы ХҚО қызметкерлерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Дәлірек айтсақ, аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын арнайы мамандармен семинар-тренинг өткізіледі. Халықты ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жастарға қызмет көрсету орталығында «Egov-сынып» ашылған. Мұндағы мақсат - Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.

Бүгінгі таңда ХҚО-да 634 мемлекеттік қызметтің түрі алынса, электрондық цифрлы қолтаңба арқылы 534, TelegramBot-тан 25, «eGov mobile» ұялы телефон қосымшасынан 68 қажетті қызмет түрін алуға болады.

Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметке көшуі мүмкін. Сондықтан осы бастан жүйені дұрыс пайдаланып, тиімділігін өз пайдалрыңызға жарату абзал.

Қазіргі кезде қала бойынша «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасына тіркелгендердің саны 6100 құрап отыр. Олар электронды қызметті тұтынуды 60 пайызға үйренген.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Мандатұлының сөзіне құлақ түрсек, Талдықорған қаласынан 200-ге тарта адамға осы қосымшаны қолдануды үйрету жоспарланған. Бұл көрсеткішті облыс көлемінде алып қараса 1000-ға жуық тұрғын қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жүйені жетік меңгереді деп күтілуде.

Мобильді үкіметке тіркелу қиындық тудыртпайды. Қосымшаны ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялау арқылы кәдеңізге жатаруға мүмкіндік мол. «eGov mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market, AppStore-дан жүктеу қолжетімді.

Мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырмай-ақ қажетті құжатыңызды алуға болатын «eGov mobile» -дің пайдасы көл-көсір.

 

Анар САБЫРОВА

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 10:02

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік мұсылман мәдениеті, бейбітшілік, диалог және кино күні

Жыл сайын атап өтіледі. 2010 жылы Калифорнияның жазушысы және продюсері Джаведо Мохаммед бастамашылығымен бекітілген.

Мұсылман мәдениеті күнінің міндеті - ислам халықтары мәдениеті, олардың бірегейлігі мен көп мағыналылығы туралы ақпаратты тарату, сондай-ақ басқа дін өкілдерімен диалог және өзара түсіністік үшін мадениет арасында көпір құруға арналған өнердің түрлі нысандарын пайдалану.

Терроризм құрбандарын жалпыеуропалық еске алу күні

Еуропарламент 11 наурыз күнін 2004 жылы 11 наурызда жасалған Мадридтегі лаңкестік салдарынан қазақ тапқан 200 адамды, 2005 жылы Лондонда бомба жарылып, соның құрбанына айналған 50-ден астам адамды еске алу күні етіп таңдады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1937 жылы КСРО Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамдық одағының құрамындағы республикалық ұйым ретінде Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамы құрылды. 2002 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай қоғамы болып атауы өзгертілді.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Жарлыққа сәйкес, Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауылшаруашылығы ғылымдарының академиясы және Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі - Ғылым министрлігі - Қазақстанның Ғылым академиясы орталық атқарушы органның құрамында біріктірілді. 2003 жылдың қазанынан бастап академия президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов.

2007 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Катар мемлекетінің «Тәуелсіздік» ордені табыс етілді. Бұл шетелдік мемлекеттер басшыларына берілетін ең жоғары награда.

2011 жылы Орталықазиялық-қазақстандық ұсақ шоқылардың бірегей экологиялық жүйесін сақтау мақсатында «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды.

Саябақ Ақмола облысының Ерейментау ауданының аумағында 60 814 гектар және Қарағанды облысының Осакаров ауданында 28 154 гектар жерді алып жатыр.

2014 жылы ғарыш орбитасынан оралған ұшқыштар Олег Котов, Сергей Рязанский және америкалық Майкл Хопкинс Қарағанды қаласының 80 жылдығына орай қала елтаңбасына қол қойды. Бұл елтаңба облыстық өлкетану музейінде сақталады.

2014 жылы Берлинде қазақстандық стенд әлемдегі ең ірі халықаралық туристік көрмеде (Internationale Tourismus-Börse Berlin 2014) үздік үштікке енді. Қазақстан Республикасы «Азия, Тынық мұхит аймағы және Австралия» санатында ITB-те үшінші орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Оңтүстік

Корея қанжығасына байлады, екінші орында – Малайзия.

2016 жылы Түркияда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Түркияда Қазақстан елшілігін ұйымдастырған кезінде Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы мен Анкара қаласы Етимесгут ауданының әкімшілігі 200 и приезд Лоссерталесмажыл мерейтой құрметіне «Тәттімбет атындағы саябақты» ашты.

2018 жылы Хельсинки қаласында бокстан GeeBee 37-халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар бес алтын және бір күміс медальға ие болды. Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Бек Нұрмағанбет – «алтын», Олжас Байниязов – «күміс» иеленді. Осылайша, қазақстандықтар турнирде жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.

2018 жылы жас әнші Данэлия Төлешова «болашаққа көзқарас» номинациясы бойынша бірінші халықаралық «BraVo» кәсіби музыка сыйлығының иегері атанды. Данэлия сыйлығын француз әншісі Zaz қолынан алды. Екеуі бірлесіп «Je veux» хитін орындады.

2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Smart City» мамандарды даярлаудың қосдипломды инновациялық бағдарламасын ашты. Жетекші қазақстандық университет «Smart City» жоғары оқу орындарының халықаралық консорциумының мүшесі бола отырып, Еуропалық одақтың жоғары оқу орындарымен бірлесе «ERASMUS+» жобасы бойынша «Ақылды қалаға арналған ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеуге кірісті.

Дереккөз: inform.kz 

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:57

Әйел – әлем

Әйел жайлы аңыз көп қасиетті,

Ғасырлардан аңыздар асып өтті.

Шексіз түйсік, махаббат, сұлулықты,

Әйелдерге тәңірім нәсіп етті.

Қаламасын биікке шыққанды кім?

Тәуелді сол әйелге күш, тағдырың.

Әйел – үміт үзілмес, дегенменен,

Афродитадай жеңе алмас құштарлығын.

Бар әлемді келеді өрге сүйреп,

Әйел – қайсар өшпейтін кеудесінде от.

Әйел – қамқор жебейтін отбасыны,

Қасиетті Ұмайдың бейнесі боп.

Әйел – пәктік шығарған адал атын,

Әйел – тірек демейтін азаматын.

Әйел – өмір дәні ғой тіршіліктің,

Барша адамзат Хауадан таралатын.

Үйлесімі секілді заңдылықтың,

Әйелсіз ер болады мәңгі міскін.

Әйел – батыр Тұмардай топтан озған,

Әйел – тағдыр символы мәңгіліктің.

Талас-тартыс, береке, басқаның да,

Біле білсең әйел тұр бастауында.

Әйел – жұлдыз жол сілтер болашаққа,

Жарқыраған Шолпан боп аспаныңда.

Бағыты көп өмірдің тарауында,

Әйел болар жол сілтер жалауың да.

Еркек үшін өкшесі Ахилестің,

Ұжымақтың кілті де табанында.

Әйел жайлы аңыз көп, рас бәрі,

Таусылмайды, бітпейді – ұласпалы.

Әйел – бақыт, әйел – бақ, әйел – дәулет,

Кез келгенге жолықпас бірақ тағы.

 

  Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Published in Әдебиет
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:34

Әйелдер әскер қатарында

Бүгінде қызметтің ауыр не жеңіліне қарамастан, әйелдер қауымы еркектермен қатар әр салада еңбек етіп жүр. Нәзік жандылар білім, медицина, сауда-саттық саласымен бірге қарулы күштер қатарында да қызмет етуде. Өзге салалар түсінікті ғой, ал әскери сала әйел заты үшін қиындық туғызбай ма? Темірдей тәртіп, бұлжытпай орындалуы тиіс бұйрық, қатал басшы және тағы да басқа қиыншылықтар әйел үшін, әрине, қиын. Әйелдер мерекесіне орай Қаракемер кенті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөліміне арнайы бардық. Ондағы ерлермен қатар әскери қызмет қиындығын мойымай көтеріп жүрген нәзік жандылар туралы жаздуы жөн санадық.

Кейіпкеріміз – 6654 әскери бөлімінің саптық бөлімінде аға маман, жауапты орындаушы қызметіндегі кіші сержант – Іңкәрова Салтанат Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Саналы түрде әскери қызметті таңдаған Салтанат небәрі 23 жасында 2007 жылы қарулы күштер қатарына қабылданған. Петропавл қаласынан басталған әскери қызмет жолы оны жары – 6654 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Көлбаевпен табыстырды. Салтанаттың айтуын-ша, олар Қазақстанның тек Батыс және Шығыс өңірлерінде ғана болмаған. Ал өзге өңірлерді әскери жанұя түгелдей аралаған.  Гүлдана, Айзере есімді қыздары бар. Қаракемер ауылындағы Қ.Орынбетов атындағы орта мектебінде бірі мектепалды даярлық сыныбында, бірі – 2 сынып оқушысы.

Қызмет қиын ба? – деген сұраққа: – Қиындығы бар, әрине. Алдымен, балаларға көңіл бөлу, үйдің жұмысы, әскери қызметтен бөлек уақыт талап ететіні аян. Бұл жағынан алғанда әскери қатаң тәртіп түсіністікпен қарап, әйелдерге деген жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, туған-туыс, көрші-қолаң да қол ұшын созып, жәрдемдесуге даяр, – дейді Салтанат.

Сондай-ақ, жарыңның мәртебесі жоғары лауазым иесі болғаны да қиын. Оның ары мен абройына нұқсан келтірмеу үшін жұмысты уақытылы әрі тындырымды орындауға тырысасың, – дейді.

Бүгінде әскери қызметке әйелдер қауымы да көптеп бет бұруда. Себебі, ел үшін, жер үшін жанқиярлық әрекеттер тек еркектерге емес, әйелдер қауымына да тән түсініктер екендігін дәлелдегендей. «Алып анадан туады» – дейтін тәмсіл де дәл осы түсінікті айғақтап тұр.

 

Әділет САРЫБАЙ

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:17

Қыз қырық жанды

Әлеуметтік инфрақұрылымда қызмет атқаратын әйел адамдардың саны күн санап артып келеді. Әсіресе, білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау ұйымдарындағы қыз-келіншектердің үлес салмағы ерлерден әлдеқайда артық екенін еш статистикасыз анық білеміз.

Қоғамдық тамақтану орындары, ірілі-ұсақты кәсіпорындар, сауда-саттық, банктер, мемлекеттік қызмет, құқықтық мекемелерде де әйелдердің көп екенін күнделікті көріп жүрміз. Яғни қыз-келіншектер ерлермен қатар еңбек етуде. Тіпті кей мекемелерде арулардың үлес салмағы ер азаматтардан әлдеқайда артық. Бұл, әрине, бір жағынан, елімізде гендерлік саясатты жүзеге асырудың айқын көрінісі болар. Ал енді бір жағынан, бұл – халықтың жақсы өмір сүруге деген талпынысы дер едім. Немесе күнкөріс қамы.

Күн көріс қамымен жұмысқа араласып қана қоймай, керемет жетістікпен еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қаншама. Сөзіміздің дәлелі – қазіргі уақытта тек бала бағып, үйде отыратын аналар аз. Есесіне, техниканың тілін меңгеріп, трактормен жер жыртып, поезбен ұзақ сапарға шығып, ұшақтың штурвалын еркін басқарып жүрген қыз-келіншектер жетерлік. Мысалы, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 2018 жылы әскери «Л-39» ұшағын жалғыз өзі басқарған 23 жастағы Ардана Ботай туралы жаңалықтардан естіген боларсыздар.

Бала күнгі арманына қол жеткізіп, Азаматтық авиация академиясын бітірген бойжеткен, бүгінде білікті ұшқыш – Ардана Ботай: «Менің ойымша, ұшақта білімді, тәжірибелі маман отырса болғаны. Оны жынысына қарай бөлуге болмайды», – деген еді. Сол сияқты жынысына, ұлтына қарамастан, біліктілігі мен жігеріне тәнті болған қытай халқы 23 жастағы қазақ қызы Жадыра Қабылға Қытай теңіз армиясының ең үлкен әскери кемесінің «тізгінін» ұстатқаны есімізде. 2018 жылы 22 сәуір күні Қытайда Тынық мұхитының батыс аймағында ҚХР Азаттық армиясының құрылғанына 69 жыл толуына орай өткен әскери жаттығуда қазақтың қаршадай қызы әскери ұшақ тасығыш «Лияу Ниң» маркалы кемені жүргізгенін Қытай БАҚ-тары жарыса жазды.

Қарулы Күштердің қатарында да нәзік жандылар аз еместігін алдыңғы мысалымыздан-ақ байқап отырмыз. Ресми мәліметке сәйкес, әртүрлі әскери гарнизондарда 10 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарып жүр екен. Олардың ішінде барлаушы, десантшы, ұшқыш, теңізші, парашютші, оператор, сарбаздардан бөлек, офицерлік әскери шен алғандар да баршылық. Тіпті бүкіл бір әскери құрылымды басқарып отырған подполковник Гаухар Сырлыбаеваны мысалға келтіруімізге болады. Ол – 2016 жылдан бері Алматы қаласының Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы. Әскерде әйел-еркек болып бөлінбейтінін, тек әскери қызметші барын, талап бәріне бірдей екенін ескерсек, бұл қызметтің күрделілігіне көз жеткіземіз. Әдемі көйлектерін камуфляжға алмастырып, полигон мен ату жаттығулары сияқты шараларға еш жүрексінбей қатысатын қыздар қырық жанды екендерін дәлелдеп-ақ жүр.

Сондай-ақ бүгінгі күннің батырлары деп спортшыларды айтсақ, сол спортта да қыз-келіншектердің көп екенін ескере кеткеніміз абзал. Жеңіл атлетикадан бастап, қысқы спорт түрлерімен,  күрес, бокспен де айналысып, әлем ареналарында еліміздің байрағын аспандатып, әнұранымызды әуелетіп жүрген жеңімпаз қыздарымыздың ерлігі ерен.

Былтыр ғана триатлоншы Әнел Сытдықова Францияның солтүстігі мен Британ аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазын бағындырып, Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіреткені әлемдік деңгейдегі сенсация болды. Бұғаз суының 15-16 градус салқындықта болатынын ескерсек, 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюмсіз жүзіп өтуін мамандар ерлікпен пара-пар деп бағалап отыр.

Сонымен қатар былтыр мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева тарихи жетістікке қол жеткізіп, күміс медаль жеңіп алды. Еркін бағдарламада қазақ қызы бүкіл әлемді таң қалдырды. Нақтырақ айтқанда, Salchow элементін төрт айналып орындап, тарихқа есімін жазды. Бұған дейін аталған элементті әйелдер арасында ешкім орындай алмаған. Бұл да болса, қазақ қызының қайсарлығы емес пе?!

Қарап отырсақ, қазақ қызы қолға алмаған кәсіптің саласы сирек. Баласын да бағып, отбасындағы міндеттерін ойдағыдай атқарып қана қоймай, табыс тауып, қоғамға да өз пайдасын тигізіп отырған қыз-келіншектер көп-ақ. Әрине, әйелдің ең бірінші міндеті – дүниеге ұрпақ әкеліп, отбасының ұйытқысын сақтау. Десе де, отбасы мен қоғамдағы қызметін қатар алып жүрген жандарға тек қолдау ғана қажет. Арқа сүйер азаматы болса, арулардың қолынан келер іс көп.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:12

Құқық қорғау сапындағы ару

Отан. Абырой. Міндет. Осы үш құндылықты өмірлік ұстаным етіп, қауіпсіздік сапында жүрген азаматтарымыздың қатарында бүгінде нәзік жандылардың да саны артуда. Ер азаматтардың табиғатына тән темірдей тәртіпті сақтап, бұлжымас бұйрықты орындап жүрген полиция капитаны Омарханова Мадина Кенжетайқызы бүгінде аудандық полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы болып қызмет етеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жанды полиция қызметкерімен аз-кем тілдескен едік.

– Мадина Кенжетайқызы, құқық қорғау саласын қыз-келіншектер таңдай бермейді. Сіз полиция қызметіне қалай келдіңіз?

– Оныңыз рас, полиция қызметіне екінің бірі келе бермейді. Менің бұл мамандықты таңдауымның өзі бір қызық. Мен бала күнімде көп қыздар секілді дәрігер болуды армандайтынмын. Ал менен кіші сіңілім құқық қорғау саласында қызмет еткісі келетін. Арман қуып жүріп, мектеп бітіргенде отбасымызда бір заңгер болсын деген ниетпен анам заң факультетіне оқуға түсуіме кеңес берді. Мен де көп ойланбастан, Алматыдағы Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң университетіне құжаттарымды тапсырып, студент атандым. Қызығы, менің сіңілім мен армандаған мамандыққа барып, медицина саласының маманы атанды. Бүгінде аудандық емханада акушер-гинеколог дәрігері.

Оқуды бітірген соң, қандай жұмысқа баратынымды әлі шешпеген болатынмын. Бірақ, ішкі істер саласында тергеуші болуды қаладым. Іс-қағаздарды зерттеп, қылмысты ашқан ұнайтын өзіме. Алайда, тергеуші бойынша жұмыс табылмай, 2014 жылы Талғар аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобына қызметке орналастым. Еңбекшіқазақ ауданына 2019 жылдың наурыз айында ауыстым.

– Ер азаматтардың ортасында темірдей тәртіппен жүріп-тұру сізге қиындық туғызбай ма?

– Даңқты қолбасшы Б.Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» – деген екен. Тәртіп – ол қыз бала, ер азамат деп бөлмейді, баршамызға ортақ. Өзім осы саланы таңдап келген соң, ыстығы мен суығына шыдап, темірдей төзімді болу – менің міндетім. Десек те, қыз баласына үнемі төрден орын берген халықтың ұрпағымыз ғой. Әріптестерім де көмек қолын созып, білмеген жерімде тура жол нұсқайды.

– Үнемі қызметте болған соң, отбасына көп көңіл бөле алмайтын шығарсыз.

– Әйел адам болған соң бәріне үлгеруге тырысамыз. Отбасымда анам және ұлым бар. Балам 4 жаста, балабақшаға барады. Күйбең тіршілікте жұмысқа да, отбасы, бала тәрбиесіне де жеткілікті көңіл бөлемін. Шын мәнінде, адам өзі қаласа барлық нәрсеге үлгереді және соны жасайды.

– Олар сіздің полиция болуыңызға қарсы емес пе?

– Әрине, қарсы емес. Керісінше, әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қарайды. Жасыратыны жоқ, бізде нақты жұмыс уақыты белгіленбеген. Сондықтан, түрлі арыздар түскенде түн жарымына дейін жұмыс істейміз. Жасөспірімдердің құқығын қорғап, солардың тәрбие-сімен айналысқан соң, түн мезгілі болсын, таңға жуық та ата-аналар телефон арқылы хабарласып, түрлі жағдайлармен шағымданып жатады. Біз үйде жүрсек те, жұмыста болсақ та жұмыс істеп жүреміз. Ал отбасым әрдайым қолдау көрсетіп отырады.

– Жасөспірім шақ – адамның құбылып, мінез-құлқы өзгеріп, алып-ұшып тұратын кезі. Осындай балалармен жұмыс жасау қиын емес пе?

– Оңай десем, артық айтқандық болар. Балалар әртүрлі болады және түрлі жағдайдағы отбасында тәрбиеленеді. Ювеналдық полиция тобы негізінен, бұзақылық жасап, басқа да қылмыстарға барған балалармен тығыз қарым-қатынаста болып, профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жалпы айтқанда, біз қылмыс жасаған балалармен емес, сол қылмыстың себебімен күресеміз. Психолог, мектеп басшылығы болып жасөспірімдердің не үшін бұрыс жолда жүргендігін анықтап, түзу жолға түсуіне қолұшын береміз.

– Бүгінгі жасөспірімдер арасында қандай қылмыс фактілері өршіп тұр?

– Қазіргі уақытта аудандағы жасөспірімдер арасында ең көп тіркелген қылмыс – ұрлық. Қозғалған қылмыстық істердің басым бөлігі осы факті бойынша.

Балалар бұл қылмысқа еріккеннен бармайды ғой. Негізінен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін балалар ұрлыққа жақын болады. Сондай-ақ, отбасындағы тәрбие де үлкен рөл ойнайды бала өмірінде.

– Мереке қарсаңында қыз-келіншектерге айтар тілегіңіз болса...

– Көктем – ең алдымен, Жер Ананың бусанып, табиғаттың гүлденетін мезгілі. Сонымен қатар, сол көктемдей жайнаған арулардың төл мерекесі. Бұл күнде нәзік жандыларымызға отбасының амандығын тілеймін. Әрқашан гүлдей жайнап, құлпырып жүре беріңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет. Мерекеңіз құтты болсын!

 

Тілдескен

Сардарбек НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:08

Деловая среда – для женщин

Совет деловых женщин при Президиуме Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» создан с целью продвижения комплекса мер,     необходимых для развития женского предпринимательства в Республике Казахстан, координации взаимодействия государственных и общественных структур по вопросам развития женского предпринимательства.

С момента создания Совета деловых женщин Енбекшиказахского  района  осенью 2018 года его возглавляет Шолпан КАСЫМБАЕВА, заместитель председателя совета предпринимателей Енбекшиказахского района, директор областного филиала  «Ассоциации поддержки и развития фармацевтической деятельности Республики Казахстан», член рабочей группы при Министерстве здравоохранения РК, эксперт Рабочей группы Мажилиса Парламента РК по проекту Кодекса « О здоровье народа и системе здравоохранения», делегат бизнес-форума деловых женщин Объединенных Арабских Эмиратов и Казахстана.

Накануне  8 Марта мы попросили Шолпан Булетаевну рассказать о предназначении  Совета, о   предпринимательницах, входящих в  его «ядро», поделиться планами  на ближайший период. – Шолпан Булетаевна, что является главной целью Совета деловых женщин, с кем он сотрудничает, на что ориентируется в своей деятельности?         

– Основной миссией Совета является объединение женщин для повышения их активности в деловой среде. Совместно с неправительственными  организациями и местными исполнительными органами, НПП «Атамекен»,  члены Совета ведут работу по внедрению госпрограмм  здравоохранения, образования, и воспитания, культурного развития детей и молодежи,  по обеспечению благоприятного правового, финансового и делового климата для женщин в сельских регионах, по доступности для них финансовых, общественных, образовательных  институтов. Мы добиваемся повышения социального статуса женщин в традиционном обществе, организуем обучающие семинары, курсы для сельских женщин, привлекая госучреждения, банки, НПО,  крупные компании.  Важно устранить барьеры для женского предпринимательства,  способного внести существенный вклад в социально-экономическое развитие страны.

–       Какие примеры  деятельности Совета Вы можете привести?

– Начиная с 2018 года Совет   деловых женщин района  регулярно оказывает  консультативную помощь женщинам- предпринимателям по вопросам развития бизнеса, участвует  в реализации  программ «Бизнес бастау», «Бизнес советник», «Жас кәсіпкер», которые проводит директор районной НПП «Атамекен» Бахытгуль Дуйсебекова.  В  прошлом  году Совет  организовал 3 обучающих тренинга для женщин в рамках программы «Соса-соla белестерi». В июле 2019 года на базе нашего района совместно с региональным филиалом НПП «Атамекен» и районным акиматом был проведен масштабный  республиканский семинар-совещание по развитию женского предпринимательства в сельских регионах.

Члены СДЖ также нередко   возглавляют НПО и профессиональные объединения.

Вот лишь несколько примеров. В феврале 2019 года в районе   учрежден филиал Казахстанской ассоциации дошкольного образования (КАДО) директором филиала избрана Галия  Жаманкулова, директор яслей-сада «Дана» с.Саймасай. В  августе 2019 года под моим руководством  открыт Алматинский филиал «Ассоциации поддержки и развития фармацевтической деятельности Республики Казахстан», который  активно участвует в разработке и обсуждении законодательной базы фармацевтического рынка. В ноябре 2019 года директор частных детских садов и гимназии Жазира Отарбаева и  директор Фонда местных сообществ Енбекшиказахского района, лидер  устойчивого развития среди сельских женщин  Бахыт Ельчибаева приняли участие во II Республиканском форуме сельских женщин. Президент Альянса «Одақ Евросоюз» Асиям Медведюк (Шелекский регион)  способствует укреплению производственно-сбытовых цепочек  фермеров (соя,кукуруза, яблоки, овощи, молоко) по проекту Евросоюза «Одақ».

 Весомую лепту в работу Совета вносят председатель ОФ «Союз женщин района» Роза Исатаева, директор ТОО «Шелек-Тулпар»  Адалят Газиева, директор музея беркутчи «Жеті қазына» в с.Нура Динара Серикбаева, собственник детсада «Дилана» в с.Ават   Жанна  Нокабаева, директор  кризисного центра «Интизар» Уркыз Илиева, директор Фонда местных сообществ Бахыткуль Ельчибаева. Сформировано молодежное крыло СДЖ, его лидеры –  выпускницы программы «Жас кәсіпкер», предпринимательницы  Гульжан Амиркулова и Асем Тынайбекова. 

– Неотъемлемая черта «женского» бизнеса – благотворительность.  Много ли у нас таких предпринимательниц?

 – Вы правы, сердечное участие и отзывчивость свойственны многим деловым женщинам. Материальную помощь учащимся, юным спортсменам  постоянно оказывает директор частных детских садов и гимназии Жазира Отарбаева. Предпринимательница Жанна Нокабаева раздала 640 новогодних подарков, в течение учебного года за  счет собственных средств  ИП «Ж.Нокабаева» ежедневно получают горячее питание около ста детей в школах имени В.Терешковой, имени Абылайхана, имени Р.Токатаева, имени Аль-Фараби.  Детсад  «Дана» Галии Жаманкуловой  в с.Саймасай  бесплатно посещают 10 детей из малообеспеченных семей. ИП «Шабалдина Н.Р.»  оказало материальную помощь детям в школе имени Абылайхана, обеспечивает бесплатное горячее питание для десяти  учеников. Директор Есикского частного профессионально-технического колледжа Карашаш Есенова провела акцию  «Килограмм счастья» по подержке многодетных семей продуктами, в  ходе акции «Твори добро»  привезла новогодние игрушки, сладости в детдом г.Талгара «Нұр». С 2017 года колледж по госпрограмме занятости и массового предпринимательства обучает студентов из малоимущих, малообеспеченных, многодетных семей, детей-сирот, детей-инвалидов, ежегодно на краткосрочных курсах обучает и трудоустраивает около 80 безработных граждан района. С 2019 года студенты-волонтеры колледжа помогают подшефным семьям в решении бытовых проблем. Поддержку  таким семьям также оказывает директор музея «Жеті қазына» Динара Серикбаева. Ветеран движения НПО, директор кризисного центра «Интизар»  Уркыз Илиева в с. Енбек  построила приют для женщин и детей, пострадавших от бытового насилия. За прошлый год она организовала два «круглых стола», приняла участие в 4 международных конференциях  по защите прав женщин и детей. Уркыз Злаудуновна удостоена звания почетного члена Совета деловых женщин области.

– Что включают мероприятия Совета  по обучению, социальной и благотворительной помощи  на 2020-й год?

– В План работы Совета деловых женщин района 2020 года заверстаны  мероприятия по десяткам  направлений. Будут организованы мастер-классы для начинающих с участием успешных и опытных женщин-предпринимателей района; деловые встречи с руководителями  государственных структур по применению нормативно-правовых актов, регламентирующих предпринимательскую деятельность. Разработан проект, направленный на развитие  системной  подготовки  молодежных кадров на предприятиях района. Будем добиваться   включения представителя СДЖ района в районную комиссию по противодействию коррупции. В общественной сфере намечено провести  творческий вечер, посвящённый наследию Абая Кунанбаева;   музыкальный конкурс одарённых  детей, в том числе с ограниченными возможностями;  конкурс актуальных бизнес-идей среди молодых бизнес-вумэн. Будет оказываться   благотворительная помощь  уязвимым слоям населения, многодетным матерям, одиноким  людям преклонного возраста, состоится акция «Караван добра». Совет также примет участие в поощрении волонтерских инициатив среди молодежи.

– О чем Вы  мечтаете больше всего?               

 – Рассказать о каждой женщине-предпринимательнице:  о том,  какой груз ответственности они несут, оставаясь при этом хрупкими, нежными, заботливыми женами и матерями.

 От всей души поздравляю наших прекрасных женщин-предпринимателей  с наступающим праздником 8 Марта!

Примите мои самые искренние поздравления с праздником весны – праздником красоты, жизни, обновления, радости и веры в собственные силы! 

В канун этого светлого дня желаю, чтобы теплые и чистые лучи весеннего солнца подчеркивали вашу красоту, индивидуальность и женственность.

Желаю вам счастья и любви, здоровья и дальнейшего процветания вам и вашим близким!

 С уважением,  Шолпан  Касымбаева 

Подготовил И.Туранин

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 08:45

Абай әндері әуеледі

Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай елімізде өткізіліп жатқан игі істердің әралуандығы қуантады. Сондай ерекше іс-шараның бірі – «Шапағат» бөбекжай-балабақшасында өтті.

Балабақша тәрбиешілері мен онда оқу тәжірибесінен өтіп жүрген Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері жұптасып, ән байқауында бақ сынасты. Яғни музыкалық білім алып жатқан шәкірттер мен кәсіби музыкадан алыс тәрбиешілер Абай әндерін қосылып шырқады.

Әрине, үлкен сахнаға         дайындалып жүрген болашақ әншілер үшін бұл – үлкен тәжірибе. Олай дейтініміз, байқауға қатысқан үміткерлерге қойылған басты шарт – жеке өзін көрсету емес, жұбымен бірге жеңіске жету. Яғни, күнделікті қызметтегі сегіз сағат уақытын тек бала тәрбиесіне арнайтын балабақша қызметкерлерінің әншілік мүмкіндіктерін ашып, әнге қызығушылықтарын арттыру. Осыны ескерген үміткер әншілер өздерінің музыкалық мүмкіндіктерін көрсетуге емес, жанындағы жұбына икемделіп, оның сахнадағы рөліне басымдық берді. Екі кезеңнен тұрған байқауға 6 жұп қатысты. Сондай-ақ ЕГЭК студенттері шағын концерт қойып, көрерменнің көңілін көтерді.

Байқау соңында ұпай санымен алға шыққан – Сымбат Бақыт пен Балауса Мекебаеваға бірінші орын бұйырса, өзге қатысушылар да арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Кеш соңында сөз алған балабақша меңгерушісі – Күнсая Умарова осындай тамаша байқаудың ұйымдастырушысы – ЕГЭК музыка пәнінің оқытушысы Тамара  Хуанышқызы мен қаты-сушыларға алғысын айтты.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 08:40

Кемшіліктерді түзету тапсырылды

Осы аптада аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетісу – адалдық алаңы», жобалық кеңсесі және «Сапалы жол» жобалары аясында бекітілген іс-шаралар жос-парына сәйкес Есік қаласындағы Қ.Орымбетов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг жасалды.

Орташа жөндеу жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталған болатын. Жобаға сәйкес, 3 шақырым жерге асфальт төселіп, жол белгілері қойылып, арықтар жөнге келтірілу керек. Оған бюджеттен 140 млн теңге бөлінген.

Шара барысында техникалық бақылау жүргізуші «Доринжпроект» ЖШС-нің инженері Роман Ример жөндеу барысында кеткен қателіктерді тізіп, белгіленген уақытқа дейін, яғни, мамыр айына дейін олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Айтуынша, бүгінде жолдың кейбір жерлерінде асфальт жабындылары бұзылып жатыр, кәріз, ауыз су құдығының қақпақтары асфальттан төмен түсіп кеткен. Жоба мерзімі аяқталғанға дейін жол жиегін тазалап, құрылыс қалдықтарын шығару да тапсырылды мердігер мекемеге.

– Қар жауып, қыс мезгілі түскендіктен былтыр құрылыс жұмыстарын тоқтатып қойдық. Тіпті, қазіргі ауа-райының өзі асфальт төсеуге мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта басқа жұмыстарды атқарып жатырмыз. Күн жылынғанда асфальт төсеп, кеткен кемшіліктерді жоямыз. Сонымен қатар, атқарған жұмысымызға 2 жыл кепілдік береміз – дейді қосалқы мердігер «АБЗ карьер ДРСУ» ЖШС-нің қызметкері Ермек Абуханов.

Жалпы жобаға 140 млн теңге бөлінгендігін жеткізген бөлім басшысы Бейбіт Искаков әлі жол қабылданбағанын, қабылдау актісіне қол қойылмағандығын атап өтті. Сонымен қатар, техникалық бақылау мекемесі қойған талаптар орындалмағанша, қалған 58 млн теңге мердігер «РСУ-1» ЖШС-не берілмейтіндігін айтты.

 

С.НҰРАДИН

Published in Мақалалар
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет