Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 11 Ақпан 2020

«Будь, стань человеком!»

Абай.

Сегодня весь мир находится в поиске  образовательных программ по развитию общечеловеческих ценностей.

Кто как не учитель, имеющий возможность влияния на воспитание ребенка, должен уделить этой проблеме важнейшую роль в своей деятельности? Нравственность – это духовные качества, которыми должен руководствоваться человек с раннего возраста, этические нормы, правила поведения, определяемые этими качествами. Цель педагога –  знакомить ребенка с принципами морали и этики, формировать его нравственные представления и понятия.

Каждый народ имеет духовные и нравственные истоки. Одной из таких фундаментальных опор в сознании казахского народа является творческое наследие выдающегося просветителя Абая Кунанбайулы. Абай – один из величайших гуманистов человечества. В его произведениях максимально отражены традиции народного творчества и осмысление проблем общества. Воздействовать на умы и чувства людей, обновлять общество средством поэтического слова, вселять глубокое уважение к достоинству человека – вот что характерно для Абая-воспитателя.

Актуальны сегодня мысли Абая о формировании нравственных принципов и духовных ценностей в процессе самой жизни в противовес религиозному учению о «божественной предопределённости» морали. По мнению Абая, человек не рождается с какими-то готовыми качествами личности. Все понятия о добродетели, все правила поведения приобретаются в процессе его жизни. Высшая цель воспитания, по мнению Абая, — сделать из ребёнка  труженика и патриота, а цель обучения — познание вселенной, приобретение знаний, получение образования и профессии.

Таким образом Абай формулирует в своих поэтических и прозаических произведениях нравственные принципы для достижения  высшего этического идеала: «Адам бол!»: во-первых –  трудолюбие, во-вторых –  стремление к знанию, разумности, в-третьих  –  умеренность, в-четвёртых –  совестливость, в-пятых –  самоконтроль, самовоспитание, самодисциплина.

Главными средствами нравственного воспитания Абай считает труд и просвещение. У него нет почти ни одного произведения, где  не говорилось бы о значении труда. Абай воспевает труд как жизненную потребность человека и основу его нравственности. Человек труда  есть истинный носитель добродетели. Что касается науки, просвещения, то их Абай считает универсальными средствами для разрешения всех нравственных проблем, говорит о необходимости воспитания в молодом человеке стремления к знаниям и разумности.

Хочу напомнить  слова Абая:  «Качества духовные –  вот что главное в человеческой жизни. Живая душа и отзывчивое сердце должны вести человека, тогда и труд его, и достаток обретают смысл».

 

Е.ШИРЛИНГ,

учитель начальных классов СШ имени Аль-Фараби

Published in Мақалалар
Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 15:11

Өмірі өнегемен өрнектелген

Жақында Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінде «Тәуелсіз Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты Жексембеков Абыхан Аманбайұлын еске алуға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

1 ақпан дәл осы Түрген ауылындағы алғашқы қазақ мектебінің ашылуына тікелей мұрындық болған тұлға Абыхан Аманбайұлының туған күні. Осыған орай, аталған конференция Абыхан Жексембеков турасында кеңінен әңгімелеу және есімі берілген мектеп оқушыларының және ұстаздар қауымының бүгінгі жетістіктерін саралау мақсатында ұйымдастырылды.  Оған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов қатысып сөз сөйлесе, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Бекетаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов құрметті қонақтар қатарында төрден орын алды, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан арнайы келген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шәркүл Таубаева, Алматы облысы бойынша педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының директоры Толқын Әуелғазина, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 мектеп-гимназиясының директоры Жеңіскүл Нүсіпжан баяндамалар оқып конференция ажарын аша түсті. Абыхан Аманбайұлының еңбегі мен өмір жолы турасында естелікер айтылумен қатар «Мұғалімнің инновациялық мәдениеті», «Өмірі өнегемен өрнектелген өр тұлға» тақырып-тарында оқылған баяндамалар ұстаздар мен мектеп оқушылары және қонақтар үшін тың ізденістер ұсынды. «Қала мен ауыл мектебінің тәжірибе алмасуы» тақырыбында оқылған баяндама аясында А.Жексембеков атындағы мектеп директоры Гүлбақыт Қасымжанова және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 мектеп-гимназиясының  директоры Жеңіскүл Нүсіпжан өзара ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары ұсынған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әке жайындағы әсерлі естеліктерімен бөліскен Абыхан Жексембековтың қыздары Венера және Мәншүк Жексембековалар мектептің бүгінгі таңда еліміздің ең алдыңғы мектептері қатарына енуі үшін жан-жақты қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Атап өтсек, мектеп қабырғасында 600-ге тарта оқушы білім алса, оларға 58 мұғалім дәріс беруде.  Барлығы да ЖОО-ны тәмамдаған білікті мамандар. Сонымен қатар, әр жылы дәстүрлі түрде ақпан айының 1-жұлдызында Абыхан Аманбайұлын еске алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жыл бойына мектеп ұжымымен атқарылған істерге сараптау, талдау жұмыстары жүргізіліп отырады.

 

Әділет САРЫБАЙ

Published in Мақалалар
Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 14:39

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

БҰҰ шешімімен 2016 жылдың 11 ақпанынан бастап Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні (International Day of Women and Girls in Science) атап өтіліп келеді. Басты мақсаты – ғылым мен білім саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Дүниежүзілік науқастар күні

Алғаш рет 1993 жылы атап өтілді. Бұл ерекше күнді белгілеу бастамасы Рим папасы Иоанн Павел Екіншіге тиесілі.

Халықаралық Қауіпсіз интернет күні

Жылдың екінші айының екінші аптасының екінші күні аталып өтеді. Мереке 2004 жылы Еуропа комиссиясының «Қауіпсіз интернет» бағдарламасы аясында бекітілді. Оның мақсаты – онлайн технологияларды, барлық әлемде, әсіресе балалар мен жастар арасында қауіпсіз әрі сауатты қолдануды насихаттау.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1976 жылы Петропавлда №5 орта мектепте Совет Одағының батыры, Қазақстанда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының командирі Иван Васильевич Панфилов мұражайы құрылды.

Экспонаттардың бір бөлігі тікелей генерал Панфиловқа арналса, бір бөлігі 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық) мен Мәскеу түбіндегі панфиловшылар әскерінің ерлігіне арналған. Дивизия Қазақстанда жасақталған, негізінен Алматы және Фрунзе (қазіргі Бішкек) тұрғындарынан құрылған.

Экспонаттар арасында – панфиловшылар дивизиясында соғысқан солтүстікқазақстандық жерлестердің ардагерлік куәліктері, сол жылдардағы газет қиындылары, майданнан келген үшбу хаттар, азық-түлік карточкалары бар.

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталар алмасу рәсімі өтті.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Кеңес Одағының Маршалы И.С Конев атындағы Алматыдағы жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери академиясы болып өзгертілді.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінде академик Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. М.Қозыбаев (1931-2002) - сан ғасырлық мұрағат құжаттарын көп зерттеп, Кеңес заманында бұрмаланып келген қазақ тарихын дамытуға елеулі үлес қосқан ғалым. Ол саяси қуғын-сүргін кезінде құрбан болған қазақ зиялыларын ақтау туралы бірінші болып мәселе көтеріп, Парламенттегі ақтау комиссиясын басқарды. Көрнекті ғалымның мыңнан астам зерттеу еңбектерінің біразы Қытай, АҚШ, Түркия, Корея, Иран елдерінде аударылып, кітап болып шықты. ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі бірқатар білім ордаларына ғалымның есімі берілді.

2009 жылы «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында республикалық бюджет есебінен медициналық техникаларды сатып алуды ұйымдастыратын «СҚ-Фармация» компаниясы құрылды.

2011 жылы қазақстандық БАҚ саласында Үйлестіру кеңесі құрылды. Ол қоғамдық қатынастар мен БАҚ заңнамасын жетілдірумен айналысады, БАҚ үшін сараптамалық-ұсынымдық ұсыныстар мен тұжырымдар әзірлейді, ұлттық ақпараттық кеңістіктің жай-күйін зерттейді.

2015 жылы Алматыда бастапқы медициналық-саниттарлық көмек бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемдегі алғашқы кеңсесі салтанатты түрде ашылды.

2016 жылы Қазақстанда баланың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру және БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қатысушы ретінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты құрылды. Оның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

2016 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығатын «Орталықазиялық өнертану журналының» алғашқы нөмірі жарыққа шықты. Басылым Қазақстанға ғана емес, ТМД және шет елдерге таралады.

Журналдың негізгі мақсаты – өнер саласындағы қазақстандық ғалымдарды еуропалық деңгейге шығару, олардың жұмыстарына сілтеме санын көбейтіп, рейтингтерін арттыру.

2017 жылы Қазақстанда «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығы тағайындалды. «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі еліміздің ең сапалы және өзекті өнімін анықтау арқылы қазақстандық сапалы телевидениені дамыту, ілгері жылжыту, телевизиялық өнім жасаушы талантты кәсіби мамандарды қолдау мақсатында бекіткен еді.

Дереккөз: inform.kz

Published in Санаты жоқ
Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 14:36

Байқау жеңімпазы

«Эмир» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі – Ахметжан Арлан Ерланұлы «Ақын-халықтың жүрегінде» атты республикалық шығармашылық және өнер байқауына қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды.

Алар асуың биік болсын, балақай!

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет