Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 13 Ақпан 2020
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 11:29

Біз – Жеңістің мұрагеріміз!

Дәл осы тақырыпта республика бойынша ұйымдастырылып жатқан тағзым эстафетасын осы аптаның басында ауданымыз салтанатты түрде қабылдады. Оған Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұқаметқали Сатов, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, орынбасарлары, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аты аңызға айналған Кеңес одағының батыры И.Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұзапар Шәріпов пен Солтанбай Жарықбасов, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Эстафетаның атрибуты ретінде 1941 жылы Алматыда құрылған 8 гвардиялық атқашытар дивизиясы жауын-герлік туының көшірмесі алынған. Кейін оған осы дивизияны құрған Кеңес одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың аты берілген. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдарында текі екі дивизия командирінің атымен аталған екен. Бірі Чапаев дивизиясы болса, екінші Панфиловшылар дивизиясы. Қалғандары нөмірмен немесе құрылған қала атымен аталған.

Ертеңгісін Есік қаласының орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішке аудан  басшылары мен қоғам өкілдері гүл шоқтарын қойып, елі үшін қан майданда қарша бораған оққа кеудесін тосқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым жасады.

Бағдарламаның екінші бөлімі Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында жалғасты. Аудандағы барлық күштік құрылымдар сап түзеген жиында сөз кезегін алған генерал-майор  Мұқаметқали Сатов тағзым эстафетасының мәні мен маңызын түсіндіріп өтті:

– Эстафетаның басты мақсаты – аға ұрпақтың ерлігін ұмытпай, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алып, рухына тағзым ету. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталады. Қазақстан халқы үшін бұл ұлы мереке. Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлы Жеңіс сарбаздарының қаһармандығы, майдан даласында көрсеткен ерлігі мәңгіліке қалады» – деген болатын. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалды» – деді. Біз бүгін Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты тағзым эстафетасы аясында сіздердің аудандарыңызға ат басын бұрдық. Майданға осы ауданнан 6 мыңға жуық адам аттанған. Оның жартысынан көбі оралмады. Майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін 15 еңбекшіқазақтық Кеңес одағының батыры атағын алған. Осы батырлардың ерлігі – мәңгілік ел есінде – дей келе әлемге әйгілі 28 панфиловшының бірі Мұсабек Сеңгірбаевтың шөбересі, подполковник Тимур Мұсабеков бүгін ұлттық ұлан сапында абыроймен қызмет атқарып жүргендігін айтып өтті.

– Сұрапыл соғыс жылдары ұзағанымен әлі де сол уақыттың суық ызғары сезіліп тұрады. Қасіретке толы 1418 күн мен түн бойы ел тағдыры, жер тағдыры таразы басына сын сағатта ауданымыздан 5881 азаматымыз Отан қорғауға аттанды. Тылда еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың төккен тері мен соғыста жан қиған ержүрек әкелеріміздің арқасында кең байтақ бейбіт елдің төрінде Жеңіс туы желбіреп, тыныштық орнағанына 75 жыл толды – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданнан шыққан 15 батырдың есімін атап, ерліктеріне тағзым жасады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов:

Ұрпақтарым, аман бол,

Білім, еңбек қуалап,

Әділетті адам бол,

Мен тілейін дара жол – деп өлең шумақтарымен өсиет айтып, ақ батасын берді. Генерал батырдың немересі Алуа Байқадамова атасымен бір сапта шайқасқан батырлардың есімдері ешқашан ұмытылмай, ұрпақ жадында сақталатындығын жеткізді.

6654 әскери бөлімге тағзым эстафетасының туы табысталып, күштік құрылымдар, әскери бөлім, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары мен жас сарбаздар салтанатты шеру жасады. Соңы мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламаға ұласты. Салтанатты шараның шымылдығы Ұлттық ұлан сарбаздарынан құрылған хордың «Ел қорғаны» әнімен түрілді. Ерқуат Оңашхан қаракемерлік қос батыр Рақымжан Тоқатаев пен Қашаған Жаманқараевқа арналған «Қос батыр» әнін орындады. Соғыс жылдарынан сахналандырылған қойылым көрсетіліп, аудан өнерпаздары соғыс жылдарының әндерін орындады.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Published in Мақалалар

2019 жыл... 12 ай... 365 күн... Тағатсыз сағат тілімен таласқан ауданымыздағы табанды тірліктер енді тарих қойнына тартты. Әлбетте, оны қайтару мүмкін емес. Тек есте қаларлық ілкімді істерді ой таразысына салып, екшеп-текшегеніміз болмаса. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай: «Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру – біздің мақсат». Ал рахатын көретіндей, елге пайда беретіндей қандай қам-қарекет болды? Бұл сұраққа өзінің қорытынды есебінде Бинәлі Ысқақ толыққанды жауап берді. Оған аудан тұрғындарымен қоса Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев та қатысты. Аудитория арасынан аудандық мәслихат хатсышы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары да табылды.

«Әкім бол – халқыңа жақын бол!». Ғасырлар мұғдарынан өткен бұл өрелі ойды бүгін жаңаша өрбіттік. Ел Президенті Қ.Тоқаев та «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуымызды күн тәртібіне көтерді. Айтылуы әрқилы болғанымен, тамыры синоним! Демек, өңіріміздегі жақындықты жат емес, тұрғындарымыз сезінуі тиіс. Осы мақсатта биылғы аудан әкімі Б.Ысқақтың халық алдындағы есебі де тыңнан түрен салды: әр ауылға барды, тұрғындарын қабыл алды, өзекті мәселелермен толтырып қайтты қорды. Ендігі шешім – осы жыл шеңберінде. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің акт залында өткен қорытынды есепте аудан басшысы атқарылған жұмыстарды таразылады.

– 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 120 миллиард теңгені құрады (өсім 17 млрд. тенге) Былтыр 103 миллиардтеңге болған. Мұндай жетістікке біз жаңа технологияларды ендіру, ғылыми ізденіс күшімен жеттік. Ең бастысы, бұл мемлекет тарапынан агроөндіріске жасалған қамқорлық жемісі. 2019 жылдың өзінде 3 млрд 109 млн теңге ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге субсидия берілді. Сол секілді 1660 тонна жеңілдетілген сұйық отын, 130 тонна минералды тыңайтқыштар таратылды. «Бастау бизнес» жобасы арқылы 87 кәсіп ашуға ниетті азаматтарға 317 млн теңгеге жеңілдетілген несие де берілді.

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары да жүйелі орындалды. Нәтижесінде 3000 басқа арналған 5 ірі мал бордақылау алаңдары ашылды.

2019 жылы ауданымызда 2 сүт-тауарлы фермасы («Марал» шаруа қожалығы – 50 басқа, «СпатайГрупп» ауыл шаруашылық кооперативі – 80 бас) ашылып, іске қосылды. Одан басқа, Саймасай ауылдық округінде «Айдарбаев» шаруа қожалығы – құны 1,2 миллиард теңге, 250 бас сауынды сиыр мен 300 бас танаға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосты, – деді.

Кеңестің «көзін» көрген суармалы су жүйелерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Бұл мақсатқа қазір республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, бау-бақша көлемі де ұлғайған. Айталық, былтырдың өзінде 728 гектарға алмабақ отырғызылған. Оның 206 гектары интенсивті бақтар. Биылдың өзінде мұндай бақтардың көлемі 800 гектарға ұлғайтылады деген жоспар бар. Бұл турасында кеңінен әңгімелеген Бинәлі Әбдіқапасұлы:

– Бақшаларды дамытумен қатар жеміс сақтайтын заманауи қоймалар да іске қосылуда. Мысалы, 2019 жылы «Алма матер филдс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тауқаратұрық және Кызылшарық ауылдарында әрқайсысының сыйымдылығы 3600 тонна ірі жеміс сақтайтын 2 қойманы іске қосты.

Жеміс-жидек сақтайтын осы қоймалардың барлығы қосымша шырын, пюре және басқа алма, жеміс өндіру қондырғыларымен жабдықталған. 

Ауданымызда осы жылы құрылысы басталатын мынадай ірі жобалар бар:

– Қорам ауылындағы сыйымдылығы 7,9 мың тонна «Феникс групп» трансұлттық компаниясының қоймасы;

– Қазақстан мен Орта Азияда теңдесі жоқ Ақши ауылдық округінде қуаттылғы 7 мың тонна «Frosco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұздату технологиясын қолданатын жеміс-көкөніс қоймасы;

– Тескенсу ауылындағы 5 мың тонналық «Арнау агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасы, – деді.

Өнеркәсіп өрісі де кеңейіп келеді. Айталық, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 40 млрд 536 млн теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 миллиард 222 мллн теңгеге  артық.

– Өткен жылы келесі ірі өнеркәсіп жобаларды іске асыру басталды, атап айтқанда:

– Қырбалтабай ауылдық округінде инвестициялық сомасы 1 миллиард 487 миллион теңгені құрайтын, 78 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, қуаттылығы 50 мың тоннаға дейін сояны өңдейтін «Жетысу Соя» ЖШС-нің зауытының құрылысы аяқталуыда.

– Саймасай ауылдық округінде жалпы инвестициялық соммасы 200 миллион теңгені құрайтын «ASSORTI Rancho» ЖШС-гі жылына 1000 тонна бөдене етін өңдеу цехін іске қосып, 22 жаңа жұмыс орнын құрды.

– Байтерек ауылдық округінда«Алматы жол құрылысы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қиыршық тас зауыты іске қосылды. Қуаттылығы – жылына 87 мың тонна қиыршық тас, 20 мың тонна асфальт-бетон қоспаларын өндіру, жоба құны 53,5 миллион теңге, 10 жұмыс орны ашылды.

Бұдан басқа, 2019 жылы біздің аудан үшін ең ірі жобаны іске асыру басталды, ол – вольфрам кенін өндіруге арналған «Жетісу вольфрамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұғыты тау-кен байыту комбинатының құрылысы.

Қуаттылығы – жылына 3,3 миллион тонна вольфрам кені, жоба құны – 95 миллиард теңге, 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, – деген аудан басшысы жасыл энергия көздерін пайдалану да ауданымызда қарқын алғанын айтты. Рас, бүгінде Түрген өзенінде бір, Есік өзенінде 3 ГЭС жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың еншісінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын тағы бір гидроэлектр станса іске қосылды. Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт болатын іргелі стансаның құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Бұл турасында аудан басшысы: – Желдің қуаттылығын пайдалану жұмыстары да қарқын алды. Масақ округінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын алғашқы жел электр станасы жұмысын жүргізуде. «Нұрлы ВЭС» ЖШС ықпалымен тағы да қуаттылығы 5МВт болатын станса құрылысы аяқталмақ. Аталған округте «Самрұқ Грин Энерджи» ЖШС тағы да 5 МВт-тық жел электр стансасын іске қосты. Бұдан бөлек «Энергия Семиречья» ЖШС 60 МВт-тық, «Жерұйық Компани» ЖШС 50 МВт-тық жел электр стансасының құрылысын жүргізуде. Бұларға тартылған инвестиция көлемі 49,5 млрд теңге, – дейді.

Сол секілді Көкпек жазығында қуаттылығы 200 МВт болатын күн электр стансасының құрылысы да басталмақ. «КЗА Констракшн» ЖШС бұған 80 млрд теңге инвестиция құймақ.

Биылға өндірілген энергия көздерін реттейтін 700 МВт-тық қосалқы станса құрылысы жүргізілмек. Бұл станса Сөгеті округі аумағына салынбақ. 

Шағын және орта бизнес субъектісінің де саны артуда. Деректерге сүйенсек, 2018 жылдан 528 бірлікке өсіп, бүгінде олардың саны 19138-ге жеткен. Ауқымды істердің нәтижесінде ауданға тартылған инвестиция көлемі артып,  былтыр 38 млрд 356 млн теңгеге жеткен.

Салық түсімдері де 18 млрд 104 млн теңгені құрады. Өсім 103,3 пайыз.

Биылға тағы бір айшықтап айтатын жаңалық «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыстарының жүргізілуі:

– Ауданда 7-20-25 бағдарламасы    бойынша екі құрылыс мекемесі («Альтаир» ӨК, «СилкСтройИнвест» ЖШС) Есік қаласында көп пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын бастайтын болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді реконструкциялауға 701 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. 304 миллион теңгеге 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Жеке тұрғын құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегінде 20 600 адам тұр. Бұл мәселені шешу үшін 6 ауылда инфрақұрылымдардың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудамыз. Атап айтар болсақ, Шелек ауылында 238 га, Ақши ауылында 90 га, Алға ауылында 30 га, Қайназар ауылында 24 га, Қазақстан ауылында 22 га, Қазатком ауылында 18 га Барлығы 422 га, немесе 5 000 жер телімі, – деді Б.Ысқақ.

Талай жыл қабырғаға батқан ауыз су мәселесі де биыл шешілмек.

– Осы жылы көптен күткен құны 4,5 миллиард теңгеге Есік топтық су құбырының екінші кезегінің құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде Есік қаласы мен оған жақын орналасқан 8 елді мекен мен 18 саяжай серіктестігінің (аталған жобамен қамтылған жалпы халық саны 100 мыңнан астам адамды құрайды) ауыз су мәселесін шешпек. Сол секілді аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары да ретімен шешімін табады. Осы жылы Ават, Кайназар, Азат, Бәйтерек, Жаңашар ауылдарына көгілдір отын тартылмақ. Қазір газды әр аулаға қосу тұрғындар қалтасын қағып отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында инвес-торлармен келіссөздер жүргізілуде, – деді.

Ауданымыздағы әлеуметтік осал топтарға да қолдау жүйеленген. Былтырдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекті ауданымызда 7811 отбасы алған. Демеушілер көмегімен аз қамтылған отбасыларға 200 тонна көмір, 39 млн теңгеге азық-түліктер таратылған. Көпбалалы 10 отбасына үйдің, 2 отбасына пәтердің кілті табысталған. – Биыл әрқайсысы 60 пәтерлік үш көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ. Екеуі Есікте, біреуі Шелекте. Бұл пәтерлер де көпбалалы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша 3342 адам жұмыспен қамтылды, 731 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, 773 азамат кәсіптік оқытуға жіберілді, 223 азаматқа жеке бизнесті ашу үшін жалпы соммасы 869 миллион теңгеге несие берілді, – деді аудан басшысы.

Өз баяндамасында үш ауысымды мектептер мәселесі күн тәртібінде тұрғандығын жеткізді. Бүгінде Рахат №1, В.Терешкова атындағы, Х.Абдуллин атындағы, Ж.Қайыпов атындағы білім ордалары үш ауысымда. Бұдан өзге алдағы екі-үш жылда Түргендегі, Бәйтеректегі және Достық ауылындағы мектептер де үш ауысымға көшпек. Осындай түйткілдердің түйінін тарқату мақсатында Есіктің төменгі бөлігіне 1000 орындық мектеп, жоғарыда аталған білім ордаларына әрқайсына 300 орындық жапсаржайлар салу жоспарда. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. – Түйткілді мәселені шешу үшін біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аталған елді мекендерде 600 орындық үш жеке мектеп салу туралы келісімге қол жеткіздік. Есік қаласында осындай бір мектеп ашылды. Ол – «Мейрімді періште». Бүгінде білім ошағына 250 бала қабылданды, балаларды қабылдау жалғасуда. 500 орындық тағы бір жекеменшік мектеп Бәйтерек ауылында салынды. Өз жұмысын жаңа оқу жылында бастайтын болады. Көктемде 800 орындық тағы бір жекеменшік мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен педагогтарға комфорттық жағдай туғызу үшін ескі мектептер мен типтік емес ғимараттардың орнына жаңа 17 мектеп салу (Төле би, Алмалы, Қазатком, Екпінді, Ақтоған, Қайнар, Базаркелді, Қайрат, Сарыбұлақ, Өрнек, Дихан, Баяндай, Таутүрген, Шалқар, Лавар, Қойшыбек, Азат ауылдары) және 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

Осы жылы 502 миллион теңгеге Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Ағымдағы жылы Шелек ауылындағы Абай атындағы және Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаражат бөлінді, – дейді аудан басшысы.

Денсаулық сақтау саласы да күн тәртібінде. Бұл ретте әңгімелеген Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Ауданның денсаулық сақтау саласы да оң көрсеткіштерді көрсетуде. 2019 жылы 1 582 000 медициналық қызмет көрсетілді, 2018 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.

Медициналық қызметтің сапасы жақсарды, жаңа стандарттар ойдағыдай енгізілді. Осының бәрі жүрек қан тамырлар, қатерлі ісік, туберкулез және басқа ауруларынан өлімді азайтуға септігін тигізді. Ана өліміне жол берілген жоқ.

Шелек ауылындағы аудандық аурухананы күрделі жөндеуге 484 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталуда, сондай-ақ 2020 жылы жаңа медициналық жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алуға 107 миллион теңге бөлінді. Қосымша ауқымды абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлуге сұраныс берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Корам мен Көктөбе ауылдарында әрқайсысының құны 329 миллион теңге болатын 50 орынға арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияларды салуды  жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін дәрігерлік амбулатория Қызылшарық ауылында да салынбақ, – деді.

Баяндамасының қорытындысында былтырғы тұрғындар тарапынан түскен 15 ұсыныстың бәрі де орындалғанын жеткізді.

Мінберге көтерілген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашев,  облыс аумағында атқарылған табысты жұмыстарды айтып, аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың есебіне қанағаттанатындығын жеткізді. Кездесу соңында Ләззат Тұрлашев және Бинәлі Ысқақ қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады. Жиынға қатысушылар аудан әкімінің бір жылдық жұмысына оң бағасын берді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 09:05

Төрт әйел туралы тәмсіл

Баяғыда төрт әйелі бар сұлтан өмір сүріпті. Әйелдерінің бәрі де бірінен-бірі өткен сұлу, ақылды болыпты. Десе де, сұлтан  ең мейірімді, ең жас, төртінші әйелін бәрінен де қатты жақсы көріпті. Сондықтан оған әрдайым қымбат көйлек кигізіп, баға жетпес әшекейлер сыйлап, көңілін таба біліпті.

 Сұлтан жер бетіндегі ең сұлу әйел – үшінші әйеліне де ессіз ғашық болыпты. Ол өзге елдерге сапарға шыққанда үшінші әйелінің әдемілігіне ел тамсансын деп, әрдайым оны жанына ертіп жүріпті. Десе де, «Сұлу әйелім күндердің бір күнінде менен кетіп қала ма?» деген ойдан қатты қорқыпты.

 Ақылы мен қулығы асқан сұлу – екінші әйелін де сұлтан құлай сүйіпті. Өйткені ол сондай ақылды, тартымды, әрі сабырлы екен. Сұлтан алдынан кесе көлденең шыққан кез келген мәселе бойынша екінші әйеліне ақыл сұрап, жүгінеді екен. Әйелі болса, барлық қиындықтан шығар жолды дұрыс көрсетіп, бар мәселенің шешімін тауып беріп отырыпты.

 Ал бірінші әйелі – өзгелерінің ішіндегі жасы ең үлкені. Ол сұлтанға ағасынан қалған мұра сияқты еді. Сұлтанға өте адал болыпты. Сондай-ақ сұлтанның байлығы мен мансабы артып, ел арасында танымал болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасапты. Алайда сұлтанның оған ешқандай да сезімі болмапты. Бірінші әйелі сұлтанды қатты сүйсе де, ол оған мүлде назарын аудармаған екен...

 Күндердің бір күнінде сұлтан қатты науқастанып қалыпты. Ақырғы күнінің жақындап қалғанын сезген ол өткен өміріне көз жүгіртіп, қалай өмір сүргенін ойлады. «Қазір төрт әйелім бар. Ал о дүниеде жападан жалғыз қаламын ғой» деп ойлаған сұлтан бірден төртінші әйелін шақырып:

 — Сен әркез менің ең сүйіктім болдың. Саған мен ең жақсымды беріп, әрдайым қамқор болдым. Қазір, өлім аузында жатқанымда сен де менің жанымнан табылып, қараңғылық патшалығына менімен бірге аттануға дайынсың ба? – деп сұрапты.

 — Бұл жайында тіпті армандама! – деп дүрсе қойған жас келіншек басқа ештеңе айтпастан, өз жөнімен кетіпті. Сүйіктісінің бұл сөздері науқастанып жатқан сұлтанның жүрегін одан ары ауыртыпты. Ашуланған сұлтан үшінші әйелін шақыртыпты. Сұлтан:

 — Өмір бойы мен сені ғана мақтан тұтып, сұлулығыңа тамсанып өттім. Қазір, өлім аузында жатқанымда сен де менің жанымнан табылып, қараңғылық патшалығына менімен бірге аттануға дайынсың ба? – деп сұрапты.

 — Әрине, жоқ! – деп жауап қайтқан сұлуы: Менің өмірім жалғасуда. Мүмкін, мен тағы тұрмысқа шығармын, – деген екен. Сұлу келіншегінен мұндай жауап естіген сұлтанның халі одан ары нашарлай түсіпті. Сонда ол екінші әйелін шақыртыпты.

 — Қиналған шағымда сенен әркез ақыл сұрадым. Сен менің ақылшым әрі ең мықты көмекшім болдың. Қазір, өлім аузында жатқанымда сен менің жанымнан табылып, қараңғылық патшалығына менімен бірге аттануға дайынсың ба? – деп сұрапты сұлтан.

 — Өкінішті, бірақ бұл жолы мен сенің жаныңда көмекшің бола алмаймын. Бар болғаны, сені бар жол-жоралғымен жерлеуге уәде бере аламын, – деген екен екінші әйелі. Сұлтан өмірден түңіліп, бәрінен көңілі әбден қалыпты. Сұлтан сол уақытта:

 — Мен сенімен қайда болса да, баруға дайынмын және әркез жаныңда боламын! – деген дауысты естиді. Басын көтеріп қараса, алдында бірінші әйелі тұр екен. Күйеуінің науқастанып, ауыр халде жатқанын уайымдаған әйел әбден азып-тозып кеткен екен. Таңғалған сұлтан:

 — Бойымда жаным барда басқаларға емес, саған көбірек көңіл бөлуім керек екенін енді ғана түсіндім! – депті.

Біздің барлығымызда төрт әйел бар. Төртіншісі – денеміз. Қанша жерден әдемі, жақсы көрінгіміз келгенімен, оның еш пайдасы жоқ. Өйткені ол сымбат бізбен бірге о дүниеге бармайды.

Үшінші әйел – қызмет, мансап және ақша. Біздің өмірімізден кейін олардың барлығы басқаларға қалады.

Екінші әйел – отбасы мен жақындарымыз. Олар өмір бойы бізге көмектесіп, қамқоршы болады, бірақ біз о дүниелік болғанда жақындарымыз бізді бейітке дейін ғана шығарып салады.

Ал соңғысы, яғни бірінші әйел – біздің жанымыз. Байлық, бақыт, ақша, мансап, рақатқа бөлену жолында жанымыздың жайын ұмытып, бәріне де барамыз.  Осыған қарамастан, тек жанымыз ғана әрдайым бізбен бірге болады. Сондықтан оны әркез бірінші орынға қойып, қорғап жүруді ұмытпаңыздар. Бұл өмірде бізге берілген ең үлкен сый – жанымыз. Оған көңіл бөліп, қамқор болайық.

Аударған: Құралай Мұратқызы

Published in Әдебиет

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып Жанат Болатұлы Ешмағамбетов тағайындалды.

Ешмағамбетов Жанат Болатұлы 1970 жылы туған, 1993 жылдан бері құқық қорғау саласында. Басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаменттерін басқарған. 2016 жыл мен 2019 жылдары аралығында Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарған. 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болды.

Дереккөз: polisia.kz

Published in Санаты жоқ
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 08:45

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік радио күні

2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы дәл осы күні БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосқан болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1915 жылы Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту.

1994 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев екі ел арасындағы демократиялық әріптестік туралы хартияға, ғылым мен техника, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпарат және ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан, АҚШ және Ресей арасындағы «Инмарсат-3» жасанды спутнигін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы үшжақты келісімге қол қойды, ядролық қаруды таратпау туралы шарт ратификацияланды.

2003 жылы Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.

2007 жылы Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі берілді.

К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра сыныбын бітірді. Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэма», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.

2013 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутник арнасы телевизия өндірісінің соңғы үрдістеріне жауап беретін жаңа графикалық әдістеумен хабар тарата бастады. Kazakh TV - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық-танымдық телеарна. Арна «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді.

2017 жылы қазақстандық альпинист және танымал саяхатшы Андрей Гундарев Косцюшко Қазақ географиялық қоғамының қолдауымен Австралияның ең биік нүктесі – Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орналасқан Косцюшко шыңына (2 228 метр) көтерілді.

Қазақ географиялық қоғамы жеті құрлықтың жеті шыңына Қазақстан Туын орнатып шығу миссиясын орындап жүрген болатын.

2018 жылы Дубайда өткен 6-шы Дүниежүзілік үкімет саммитінде Жаһандық бақыт коалициясы құрылып, оның құрамына алты ел – Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Коста-Рика, Мексика, Португалия және Словения кірді. Коалицияны құру туралы келісімге қол қою рәсіміне БАӘ-нің премьер-министрі және Дубай әмірі Мұхаммед бен Рәшид әл Мақтум қатысты. Құжатқа алты елдің министрлері қол қойды.

2018 жылы Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің шешімімен бірінші рет әдеби «ОСКАР» сыйлығы табыс етілді.

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Сауалнама нәтижесінде келесі азаматтар жеңімпаз атанды: Жылдың үздік баспасы - Мереке Құлкенов, Жылдың әдеби дебюті -Олег Червинский, Кiтап like (оқырмандар таңдауы) - Зира Наурызбаева, Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап - Ерлан Қарин, Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) - Бауыржан Оспанов.

2019 жылы Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты. Нью-Йоркте екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге БҰҰ жанындағы Қазақстанның және Маршалл аралдарының тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Аматлайн Элизабет Кабуа қол қойды.

2019 жылы Назарбаев Университетінде «National Laboratory Astana» ЖМ ғалымдары Қазақстанда тұңғыш жоғары өнімді биоинформатикалық есептеу платформасын іске қосты.

Дереккөз: inform.kz 

Published in Санаты жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Birgemiz» атты волонтерлар фронт-офисінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні.

Құрметті достар!

Бүгін бәріміз ерекше әрі тарихи оқиғаға байланысты елордамыздың төрінде жиналып отырмыз.

Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған маңызды іс-шара.

Сондықтан, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Биыл – Волонтер жылында көптеген ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе өте маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін.

Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылды.

Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек.

Себебі, біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет.

Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын асар дәстүрі бар.

Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз.

Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету.

Өздеріңізге тарихтан мәлім, кезінде Қазақстанға көптеген ұлт өкілдері жер аударылды.

Сол қиын-қыстау уақытта халқымыз оларды бауырына басып, бір үзім нанын бөлісті.

Шынайы жанашырлық көрсету – қазақ халқына тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек.

Бүгінде дүние жүзінде бұл үрдіс кең таралып, әлемдік қозғалысқа айналды.

Қазірдің өзінде жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам волонтерлікпен айналысады. Ал бізде – 16 мың. Бұл, әрине, аз. Бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады.

Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі.

Көптеген елде Ерікті болу қалыпты жағдай, үлкен құрмет саналады. Жұртшылық оларды сыйлайды.

Мысалы, Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған.

Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.

Біз де осындай деңгейге ұмтылуымыз керек.

Азаматтарымыз өзгеге көмек көрсетуден аянып қалмауы қажет.

Сол арқылы қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттырамыз.

Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі.

Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді.

Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Волонтерлік дегеніміз – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету.

Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы.

Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет.

Ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатты сөзі осындай игі істерге үндейді.

Сондықтан, біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел, тұтас ұлт болып атсалысуымыз қажет.

Волонтерство стало выражением высшей степени патриотизма, подкрепленного конкретными делами. Волонтеры, все, кто здесь находится, – патриоты нашего государства.

Любовь к Родине – это не громкие лозунги и пустые декларации, а ежедневный труд, добрые дела во благо нашего народа, по зову души. Можно сказать, волонтерство – это состояние души, обширные знания, высокая культура поведения, что вы демонстрируете своим поведением, своей культурой ежедневно. Я вас очень уважаю за это.

В то же время нужно понимать, что люди, которые позволяют себе врываться в чужие дома, заниматься мародерством и при этом выкрикивать псевдопатриотические лозунги, – это, конечно, не патриоты. Это люди, которые преступили закон, то есть преступники, криминальные элементы. Поэтому они должны отвечать перед обществом и государством по всей строгости закона.

Өзгелердің мүлкін тонап, олардың өміріне қауіп төндірген азаматтар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды. Мұндай адамдар – заңды өрескел бұзған қылмыскерлер. Олар заң алдында жауап беруі тиіс.

Патриотизм, служение обществу и созидательная деятельность – яркие проявления высокого уровня личностного и духовного развития человека.

Волонтерство является показателем развитости государства и общества в целом. Достижения и победы страны напрямую зависят от активных действий патриотично настроенных граждан, ежедневно совершающих полезные и важные дела. И таких граждан у нас немало. 16 тысяч человек – это только начальная цифра. Абсолютно уверен, что не менее 100 тысяч, а может быть и миллионы людей, в принципе, по зову своей души готовы заниматься волонтерством, добровольчеством.

Задача государства, исполнительных органов, а также депутатов Парламента – помочь вам включиться в волонтерское движение. И мы будем это делать.

Добрые устремления казахстанцев говорят о зрелости и успешности государства.

Волонтерская деятельность играет важную роль в модернизацию всего государства. Своей деятельностью волонтерство вносит конкретный вклад в релизацию очень важных реформ, без которых Казахстан, естественно, не сможет выдержать конкуренцию в современном мире и стать развитой страной, развитым обществом.

Через трудолюбие, открытость миру мы сможем построить новую экономику, которая будет базироваться на новейших технологиях и высокой производительности труда.

Активное продвижение идей волонтерства, несомненно, будет способствовать формированию новой парадигмы мышления казахстанцев, то есть за вами, молодыми людьми, будущее нашей страны. Вы должны быть носителями нового мышления, нового менталитета. Поэтому наши надежды на молодежь, в том числе и в первую очередь на волонтеров.

В нашей стране существуют многовековые традиции взаимовыручки и бескорыстной помощи ближнему. Эти традиции позволили нам сохранить себя как нацию в самые сложные периоды истории.

Бүгін де еліміздің азаматтары мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әрдайым дайын екенін көрсетіп келеді.

Арыс оқиғасы – соның айқын дәлелі.

Төтенше жағдай кезінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған волонтерлер зардап шеккендерге көмектесті. Қаланы қалпына келтіруге белсене атсалысты.

Біздің халқымыз өзгенің басына түскен жағдайға ешқашан бей-жай қарамаған. Бұған күнделікті өмірден көптеген мысалдар келтіруге болады.

За 10 лет своей деятельности Национальная волонтерская сеть объединила тысячи активистов, готовых прийти на помощь к тем, кто оказался в тяжелой жизненной ситуации.

Организация активно помогает развивать корпоративное волонтерство в крупных компаниях, обеспечивает методическую поддержку, готовит добровольцев для встречи туристов и гостей нашей страны.

Сондай-ақ, «Lider.kz» волонтерлік қозғалысының жұмысын ерекше атап өткен жөн.

Бұл ұйым төтенше жағдайда көмек көрсету үшін құрылған.

Оның мүшелері жоғалған азаматтарды іздестіруге белсене атсалысып келеді.

Қазір осы қозғалыстың қатарында бір жарым мыңнан астам ерікті бар.

Волонтерлікпен айналысып жүрген «Best for kids» қоғамдық қорының да жұмысы көпшілікке үлгі-өнеге.

Бұл ұйым өз қызметін осыдан он жыл бұрын Ақмола облысында бастаған.

Содан бері балалар үйіндегі жасөспірімдерге тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Қор жастарға жігер беретін түрлі дәрістер, тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар жетім балаларға көмектеседі.

Міне, осындай волонтерлік ұйымдарды көбейтуіміз керек.

Добровольцы столичного клуба «28 петель» занимаются вязанием одежды для перинатальных центров. Я только что ознакомился с их деятельностью. Сегодня проект стал международным и объединяет свыше 2 тысяч женщин из 9 стран мира. Сегодня мы видим, что в каждой области существуют клубы волонтеров. Я благодарен вам всем за эту работу.

Одним из самых узнаваемых волонтёрских брендов в стране стал «Клуб добряков», на попечении которого находятся свыше 500 казахстанских семей. Волонтеры помогают в трудоустройстве, социализации и подготовке детей к школе. Заслуживает похвалы и работа защите животных. Это очень важная работа. Недавно я получил письмо от известной киноактрисы Бриджит Бардо с просьбой помочь в защите собак и других животных. Я думаю, что это правильное обращение. Мы должно обратить на него внимание и показать себя милосердной нацией, и, конечно же, уделить внимание не только защите наших людей, включая детей, но и защите животных.

Можно привести тысячи подобных примеров. Мы видим, что волонтерство в Казахстане постепенно принимает общенациональный масштаб.

Уверен, этот процесс объединит еще больше наших граждан благодаря мероприятиям Года волонтера.

Добрые дела становятся неотъемлемой частью нашей культурной идентичности.

В стране уже действует более 200 волонтерских организаций, в которых участвует свыше 50 тысяч добровольцев.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы зор ондаған жалпыұлттық жоба қолға алынды.

Волонтер жылының басты ұраны – «Birgemiz». Сондықтан, биылғы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін.

Мен ұсынған «Әр алуан пікір – біртұтас ұлт» тұжырымы осындай шаралар арқылы жүзеге асуы керек.

Мемлекет Еріктілерге әрқашан қолдау көрсетеді.

В предстоящий период мы должны особое внимание уделить нескольким ключевым моментам.

ПЕРВОЕНа церемонии подведения итогов Года молодежи мной был назван ряд адресных проектов, призванных решать конкретные вопросы нашего общества.

В поддержке нуждаются молодежь села, воспитанники детских домов, ветераны и одинокие пенсионеры.

Особенно ценной станет помощь в адаптации и уходе за больными.

Усилия волонтеров позволят решить многие проблемы в сфере правовой грамотности, экологии, сохранения культурного наследия Казахстана, увековечивания памяти героев нашей страны.

Но и этим не стоит ограничиваться. Я вот здесь вижу в ваших рядах социального предпринимателя Эмина Аскерова, который проводит очень большую работу, сочетая предпринимательство с социальной помощью. Мы будем поддерживать это направление. По сути дела, это тоже является волонтерством.

Следует активно вовлекать граждан в международные волонтерские инициативы, решающие глобальные и региональные вопросы.

Казахстан готов присоединиться к всемирной экологической кампании «World Clean up Day», объединяющей свыше 20 миллионов человек из 116 стран.

Участие казахстанцев в добровольческих программах ООН, ЮНИСЕФ, AIESEC и других международных инициативах позволит познакомиться с опытом разных государств и привлечь в нашу страну лучшие волонтерские практики.

ЕКІНШІ. Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек.

Менің тапсырмам бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады.

Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептеледі.

Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етіледі.

Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі.

Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді.

Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ.

Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым.

Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.

ТРЕТЬЕНаши усилия будут направлены на создание благоприятной среды для активного развития волонтерского движения.

Стоит задача по формированию новой культуры взаимопомощи и широкого участия в этом процессе каждого ответственного гражданина страны.

Для этого мы формируем новую инфраструктуру волонтерства.

Сегодня открывается республиканский офис по координации и мониторингу волонтерских программ и проектов. Аналогичные центры созданы во всех регионах страны, свидетелями чего мы стали.

Любой желающий сможет обратиться сюда для реализации своей идеи или конкретного проекта.

Планируется создать волонтерские объединения в вузах, колледжах и школах Казахстана.

Кроме того, с нынешнего года был обновлен Единый волонтерский портал, где собрана вся информация о новых проектах и возможности участия в них.

Все это будет формировать устойчивую и эффективную инфраструктурную сеть волонтерского движения в стране.

ЧЕТВЕРТОЕВсе проекты необходимо реализовать в тесном взаимодействии с госорганами и бизнесом.

Считаю, что повестка этого года даст серьезный импульс развитию корпоративного волонтерства.

Призываю предпринимателей принять активное участие в реализации мероприятий Года волонтера.

Естественно, важную роль должны играть исполнительные органы, которым необходимо задавать тон в продвижении волонтерских инициатив и создавать все условия для активистов. Считайте, что я дал поручение руководителям всех исполнительных органов.

В первую очередь, госслужащим, работникам нацкомпаний и коммунальных предприятий следует показать пример в этом направлении. Несколько часов в рамках рабочей недели важно посвящать безвозмездной помощи обществу в разных сферах.

Волонтерская деятельность должна стать частью рабочей культуры государственных и частных компаний, а также открывать возможности для создания «социальных лифтов», что крайне важно.

БЕСІНШІ. Волонтерлер еліміздің рухани әлеуетін арттыруға үлес қосуы керек.

Мәдениетімізді дамытпай, өсіп-өркендеу мүмкін емес. Сондықтан, осы мәселеге ерекше мән беру қажет.

Қазіргі таңда мәдениет және өнер саласындағы жас таланттардың арқасында Қазақстан күллі әлемге танылып келеді.

Біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек, яғни ойы ұшқыр, дарынды азаматтарды барынша қолдау қажет. Сонда ғана төл мәдениетімізді жаңа белеске көтеретін буын қалыптасады.

Для этого я поручил создать Фонд культуры и поддержки творческих инициатив. Эта структура будет оказывать финансовую и иную помощь творческим союзам и перспективным проектам.

Қордың жұмысына волонтерлерді де тарту қажет. Олар музей, кітапхана және өнер мекемелерінде өздерінің жобаларын жүзеге асыра алады.

Осы шаралар еліміздің шығармашылық әлеуетін нығайтуға мол мүмкіндік береді.

* * *

Для реализации всех этих задач мы намерены совершенствовать законодательную базу волонтёрской деятельности.

Важной задачей является организация тренинговых программ для подготовки волонтеров. На постоянной основе будут проводиться обучающие семинары.

Традиционный молодежный лагерь «ZEREN» в текущем году также будет посвящен этой тематике.

Идеи волонтерства станут элементом образовательной программы в вузах.

Важно широко освещать добрые дела наших граждан в СМИ и социальных сетях.

Призываю представителей средств массовой информации активно продвигать идеи волонтерства в информационном пространстве.

Құрметті достар!

Сіздер күн сайын ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарып келесіздер.

Сол арқылы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосасыздар.

Мен еліміздің әр өңірінде волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін.

Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шаралар қабылдады.

Біз бұған зор мән береміз.

Алайда, Волонтер жылы – кезекті науқан емес.

Осыны халыққа түсіндіруіміз керек.

Еріктілік – ел үшін, қоғам үшін адал қызмет.

Волонтерлік халқымыздың өмір салтына айналуы керек.

Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қажет.

Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс.

Еліміздегі әр ауыл-аймақ осы маңызды жұмыстан тыс қалмайды деп сенемін.

Бұл – ең алдымен, өркениетті Елдің және зор жауапкершіліктің белгісі.

Ғұлама Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» баршамызға өсиет қалдырды.

Волонтер болу – жүректің ісіяғни шынайы ниеттің көрінісі.

Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі боларына күмәнім жоқ.

Мен волонтер жылында, ең алдымен, еліміздің жастарына зор сенім артамын.

Әрдайым абыройлы әрі табысты болыңыздар!

Бәріміз Бірге болайық!

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет