Сенбі, 04 Мамыр 2024 15:32

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда,

от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің

отбасына тірі оралуының өзі бір бақыт болатын. Қаншама боздақтар елін, жерін қорғау жолында қыршынынан қиылып, қаншама

отбасын ойран етті. Соғыстың алғашқы кезінен Жеңіс туын желбіреткен қуанышты күнге дейін  ажалдың «құрығынан» аман қалған қорамдық Қоқан Темірқұлов бейбіт өмір құру сапына да 40 жылын арнапты.

Қоқан Темірқұлов 1917 жылдың 7 қарашасында дүниеге келіп, отбасылық жағ-дайға байланысты 16 жасында еңбекке араласты. Тракторшы болып, ауыл шаруашылық жұмысына өзіндік үлес қосып жүргенде соғыс басталады.  Ол кезде Қоқан 24 жастағы тепсе темір үзетін жігіт шағы еді.Отан қорғауға шұғыл шақырылған Қоқан Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясына қабылданады. Бұл двизиядағы жауынгерлердің 70 пайызы қазақтар еді. Оның тұңғыш командирі И.В.Панфилов болды. Сондай-ақ қазақтың қаһарман сардары Бауыржан Момышұлы да осы дивизияда даңқы шыққан қолбасшы ретінде танылды.

Тракторшы мамандығын игерген оны бірден танк полкіне қабылдап, жүргізуші-механик болып Қоқан соғысқа аттанды. Гвардияшы жауынгер, әуелі,Мәскеу өңірінде, кейін Украин, Беларус, Польша және басқа да қалалар мен елдерді жаудан азат ету ұрыстарына белсене араласып, Берлинге дейінгі шайқастарға қатысады.  Оның ел қорғаудағы ерлігі еленіп, «Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Аласапыран соғыс жеңіспен аяқталып, ауылға аман-есен оралған Қ.Темірқұлов «соғыста жарақат алған мүгедекпін» деп міндетсінбей, өзінің қалап алған мамандығы бойынша трактор тізгінін тартып мініп, ауыл шаруашылығын жандандыру жұмысына араласады.

– Тынымсыз еңбек етіп, бірнеше медальдармен де марапатталған. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарын да алды. Анамыз Тұрсынқыз екеуі бес қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді. Қыздары мен ұлдарынан қазір 27 немере, 50-ге жуық шөбересі бар. Немерелерінің көбі ата жолын қуып, әскери қызметті таңдады, дәрігер, мұғалім болып, елге қызмет етуде. Әкеміз соғыста жарақаттанған бірнеше оқтың зардабынан небәрі 71 жасында ауыр науқастан 1988 жылы 25 мамырда өмірден өтті, – деп еске алады қызы Күлшаруан Темірқұлова.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 631 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет