Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:05

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа ұйыстырып, бір мүдде жолында біріктірген елімізде халықтар достастығы бәрінен биік тұрады. Тіліміз бөлек болса да тілегіміз бір, түсіміз бөлек болса да жүрегіміз бір. «Отан отбасынан басталады» демекші, татулықпен дамуға принципін ұстанған Қазақстанның кішкентай нұсқасы Есік қаласында орналасқан. Жуырда бірнеше ұлттың балаларын бауырына басып, тағылымды тәрбие беріп отырған Есеновтар отбасына арнайы бардық.

Отбасылық типтегі балалар үйінде бүгінде 10 бала тәрбиеленеді. Отанасы Роза Есенованың айтуынша, отбасы осы күнге дейін  54 баланы асырап, бауырына басқан. 1 айлығында асырап алған егіз ұлдар бүгінде шаңырақ құрып, өмірден өз жолдарын тапқан. Үлкен қызы Анастасия 3 баланың анасы, ол да патронаттық тәрбиемен айналысады.

Жалпы ауданы 660 шаршы метр болатын 3 қабатты зәулім үйде балаларға барлық жағдай жасалған. Отағасы Норем Есенов аулада киіз үй тігіп, балалардың бойына қазақы құндылықтарды сіңіруде.

– Отбасымызда қазақ, шешен, неміс, кәріс, татар, орыс, ұйғыр, қырғыз ұлтының балалары тәрбиеленді. Біз балаларымыздың бетінен қақпаймыз, әр баланы өзінің қызығушылығына қарай баулып, өнерін шыңдауға тырысамыз. Біреуі жылқы өсіргісі келеді, бірі итке қызықса, енді бірі гүл өсіріп, бау-бақша баптағанды жақсы көреді. Қолдан келгенше барлығының қалауын орындаймыз – дейді Роза Есенова.

Иә, бірнеше ұлттың балалары тәрбиеленетін отбасында қазақылықтың иісі аңқып тұр. Қонақ келсе өнерін көрсеткісі келетін балдырғандар бұл жолы да қонақтарды тәнті етті. Орыс баласының домбырада «Ерке сылқымды» ойнап, «Мен қазақтың ұлымын» деп шырқаған әнін естігенде көпшілік таңқалысын жасыра алмады. Бүлдіршіндер өлең оқып, би биледі.

Адамгершілік – ардың ісі. Осылай деген Роза Есенова балаларды ең бірінші адамгершілікке, еңбекке және жауапкершілікке тәрбеиелейтінін айтты.

– Балаларым бір-біріне қамқор, бауырмал, үнемі көмектесіп жүре-ді. Адамзаттың асыл қазынасы – адамгершілік тәрбиені әр баланың бойына сіңіруге тырысамыз. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, – дейді отанасы.

Балаларға саналы тәрбиемен қатар сапалы білім беру де бірінші кезекте. Роза Есенованың айтуынша, 8 бала жоғары білім алып, қызмет етуде. 1 ұлы хирург-офтальмолог. Мемлекет тарапынан да үлкен көмек көрсетілуде. Ондаған жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 13 бала пәтер кілтін алған.

Шаңырағына арнайы барғанда қонақтарға құрмет көрсетіп, мәз-мейрам болған балаларды, өз алдына отау тігіп кетсе де немерелері мен келіндерін әкеліп, ата-анасына қолғабыс етіп жүрген ұлдарды, ойларын ашық жеткізіп, өнерлерін ортаға салған, бір-біріне қамқор болып, үлкенді сыйлай білетін бүлдіршіндерді көріп жанымыз жадырап қалды. «Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұлттар» деген қанатты тіркес Есеновтар отбасына қарата айтылғандай көрінді.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 275 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет