Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 11:52

Үмітті жоба аясында

Жуырда аудандық мәдениет үйінде ауданданымыздағы түрлі сала өкілдерінен құрылған фокус топ құрамымен кездесу өтті.

Жиынды өткізген облыстық талдау және болжау орталығы басшысының орынбасары Марлен Бурашев шараның мақсатымен таныстырды. Айтуынша, фокус топ жобасы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тікелей тапсырмасымен жүзеге асуда. Бұл жердегі басты мақсат – аудан көлеміндегі нақты проблемаларды ортаға салу. Еркін, ашық диалог құру. Облыстағы барлық өңірлерде өткізіліп жатқан аталған жобада қордаланған мәселелер сараланып, өзектілігіне қарай облыс әкімінің қадағалауымен шешімін табатын болады.

Жиынға қатысушылар Марлен Ануарұлына көкейде жүрген ауданымыздағы мәселелерді жеткізді. Өз кезегінде аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тілеулес Ұзақов медицина, білім, жол, су, газ, ауыл шаруашылығы сынды ауқымды салалардағы олқылықтарды ортаға салды. Сондай ақ, кәсіпкер Сулейман Максутов, ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Жәнібек Құрманбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Мәншүк Ташкенбай өз салаларындағы мәселелермен қоса, тозығы жеткен мектептер, уақтылы тазаланбайтын жолдар, газбен қамтылмаған ауылдар, балабақша жетіспеушілігі сынды басқа да жайттар жайлы сөз қозғады.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 310 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет