Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:02

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің  кеңесшісі  Мәлік Отарбаев іссапармен ауданымызға келіп, әуелі Шелек өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді. П.Вихрев атындағы мектепте өткен жиынға Мәлік Нұржанұлын аудан әкімі Талғат  Байеділов бастап келді.

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал сәлем береді» демекші, маңызы зор бұл келелі кездесуді асыға күткен өңір ақсақалдары қонақты қуана қарсы ал-ды. Мәлік Нұржанұлы кездесуде Президентіміздің елдегі ішкі және сыртқы саясаты туралы ауқымды ақпарат берді.

Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиеті жайында тереңнен толғана сөйледі. Еліміздің бас-ты байлығы – тәуелсіздіктің тұғыры мықты болу үшін баянды бірлік, татулық, іскерліктің маңызы зор екенін баса айтты. Бүгінгі әлем елдерінде болып жатқан қақтығыс, түрлі апаттар жайлы айта келе, жаһандық осындай құбылыстардың құрығынан құтылу мақсатында Мемлекет басшысы тарапынан жасалып жатқан батыл да нық қадамдарға тоқталды. Елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы халқымыздың жағдайының жақсаруына, мемлекеттің дамуына,  қоғамдағы азаматтық белсенділіктің  қалыптасуына, жалпы жайлы өмір сүруіне бағытталғанын тілге тиек етті. Алда әлі де жасалатын жұмыстың көп екенін айта келе, Президентімізге қолдау көрсетуге, алып-қашты қаңқу сөздерге ермеуге шақырды. Президент кеңесшісі осылай салмақты мәселелер туралы толыққанды әңгіме өрбітті.

Одан кейін сөз кезегі ақсақалдарға берілді. Елеусіз Сұлтанғазиевбұл кездесу-дің салмағы да, маңызы да зор екенін айта келе, ауыл шаруашылығындағы ақсап, алға баса алмай келе жатқан мәселелерге тоқталып, Шелектегі Кеңес үкіметі кезінде іске асқан астық қабылдау комби-натының қазір қаңырап бос қалғанын, осындай өндіріс орындарын салуды қолға алса деген пікірін білдірді.

Масақ ауылдық округінің ақсақалы Рыскелді Жақабаев Шелек ауданының бұрынғы мәртебесін қайтарса деген орынды ұсыныс айтса, сары-бұлақтық ақсақал ауыл мек-тебінің әбден тозғанын айтып, жаңа ғимарат салсынса деген ұсынысын білдірді. Ал Достық ауылының белсендісі Ашимжан Садиров жайылымға жер жетпейтінін, ауыл шаруашылық өнімдерін ел өткізе алмай қынжылатынын, былтыр жұрттың бәрі жүгері егіп, шығынға батқанын айтты. Өндіріс орнын, сондай-ақ, бұрынғы Кеңес кезіндегідей жылына жиырма пәтер үй салу сияқты жобалар жасап, құрылысты жандандырса, ауыл жастары қалаға ағылмай,жермен айналысуға мүмкіндік туатынын жеткізді.

Мәлік Нұржанұлы Шелекке аудан мәртебесін беру туралы ұсынысты Президентке жеткізетінін, басқа да айтылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта ел жағдайы жақсаратынына сендірді. Бұдан басқа да бірнеше ақсақал сөз сөйлеп, Президент кеңесшісінің келуі қуанышқа кенелткендерін  жасырмай, алғыстарын айтып, баталарын берді.

Келесі кездесу Шелек ауылдық модельді кітапхана-сында жалғасып, Президент кеңесшісі ауыл имандарымен кездесті. Мәлік Нұржанұлы «Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз-дың ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық біре-гейлігін танытатын басты құндылықтардың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және керітарт-палыққа қарсы тұра аламыз» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлтық құрылтайда айтқан сөзін бас-шылыққа алып, Президенті-міздің Меккеге қажылыққа барып, ел амандығын тілеп, дұға жасағанын, қасиетті Құран кітабын қорлауға, өртеуге қарсы екенін әлем еліне арнап айтқан бірегей басшы екенін мысалға келтірді. Кеңесші, абайтанушы Омар Жәлелдің  Еуропа елінде діннен гөрі имандылық басым, ал Азия елдерінде дін басым болғанымен имандылықтың таяздап бара жатқан сөзін мысалға келтіріп, жастарға уа-ғыз айтқанда Абай, Шәкәрім, әл-Фараби бабаларымыздың ұлағатты сөздеріне басым-дық беріп, көркем мінезділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбие-леуге бет бұру керектігін айтты. Имамдар жалақы, мешіттердің құжаттарын заңдастыру сияқты мәселелерді көтерді. Кеңесші сұрақтарға жауап беріп, орындалу ережелерін түсіндірді.

Кездесу Шелек политехникалық колледжінің ұжымы мен студенттерімен жалғасты. Мәлік Нұржанұлы қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ  болып қалыптасып, қоғамдық сананы дамыту үшін жастарды кітап, газеттерді көп оқуға шақырды. Әлеуметтік желідегі  теріс пиғылды сөздерге еріп кетпей, ата-ананың ақылын тыңдап, алға үлкен мақсат қойып, ізденгенде ғана арманға жететіндігін мысалдармен айтып, түсіндірді. Өзінің де қолы босай қалса, газет, кітап оқитынын, шет еледерде жұмыс істеп, олардың жақсы жағын үйреніп, ізденістің арқасында биік белесті  бағындырғанын мысалға келтірді. Өзі де көп-теген кітаптар жазып, шетел тіліндегі көптеген кітаптарды қазақ тіліне аударғанын тілге тиек етті. Президентіміздің бес тілде сөйлейтін, саяси сауатты, беделді әрі қарапайым адам екенін, ол кісінің қолға алған жаңа бастамалары алдағы уақытта жаңа белестерге көтеретінін нақты мысалдармен қызықты әңгімелеп берді. Заман талабына сай жастарға білімдерін шыңдауға, ақпараттық сауаттылықты арт-тыруға кеңес берді.

Жастар жағынан кеңесшінің өмір ұстанымы, бос уақытты қалай өткізетіні, бастан кешкен қиыншылығы, өмірбаяны туралы сұрақтар қойылды. Жиынға «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, «Алатау арайы» облыстық газетінің бас редакторы болған, қазір «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Кәдірбек Құныпиянұлы қатысып, Мәлік Отарбаевтың жақсы қасиетін, жазушылық қасиетін, көптеген кітаптардың авторы екенін жастарға әңгімелеп берді.

Президент кеңесшісі сөз соңында Қасым-Жомарт Кемелұлының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасын басты тақырып етіп, жастарды жақсы қасиеттерге ие болып, табысқа адал жолмен жетуді басты мақсат етіп қою – әрбір азаматтың борышы екеніне назар аударды. Өзі адалдық жолында, ұлтқа жанашыр, елге танымал, халықтың құрметіне бөленген жазушы, марқұм Шерхан Мұртазаны ұстаз санайтынын айтып, жастарға елдің ұлы деген атқа лайықты болатындарына сенім білдірді.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 90 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет