Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 11:40

Көпшілік қалауы – Малай батыр

Шелек ауылы жылдан-жылға қанатын кеңге жайып, көркейіп, көптеген игі істер атқарылып келеді. Орталық саябақ қайта жаңғырып, көпқабатты үйлер салынып, ауызсу, кәріз жүйелері жүргізіліп, жаңа мектеп, басқа да  нысандар бой көтеріліп не күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Осындай жақсы жаңалықтың бірі – «Роща» саябағынан дене шынықтыру-сауықтыру орталығы салынуда.

«Келісіп пішкен тон келте болмайды» демекші, өткен аптада Шелек мәдениет үйінде осы ғимараттқа атау беруге байланысты жиын өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» идеясымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жергілікті  тұрғындармен ақылдаса отырып, жаңа салынған дене шынықтыру-сауықтыру орталығына атау беру мәселесі қаралды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабековтің қатысуымен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ертай Нұрмаханов жиынды ашып, көпшілікке мәселенің мәнісін түсіндірді. Жиынға қатысушылардың бірі күрестен олимпиада чемпионы Жақсылық  Үшкемпіровтің, бірі еркін күрестен Қазақстан Республикасының жаттықтырушысы болған, жерлес спорт ардагері Мәлік Надірбековтің, енді бірі Албаннан тарайтын Әлжан бабаның, кейбірі жоңғар-қазақ соғысында Жетісуды жаудан азат етуге қатысқан Малай батыр Қарабасұлының атымен атауды ұсынды.

Жиында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін осы жаңа орталыққа біріктірсе, оны басқаратын кадрды жер-гілікті жерден тағайындаса деген  ұсыныстар да түсті. Бұл ұсыныстарға Ерболат Сарабеков жауап беріп, барлық балаларды бір жерге жинауға болмайтынын, тұрғыны көп Шелек үшін, керісінше басқа да спорт нысандарын салу керектігін айтты.

Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Ертай Сұлтанәліұлы қорытындылап, басым дауыс алған, көпшіліктің қалауы – Малай батырдың атын беру хаттамасы толтырылып, ол облыстық ономастика жиынында талқыланып, республикаға жіберілетінін айтты.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 309 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Музей- өңір тарихы, өмір өткелдері Үмітті жоба аясында »

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет