Жұма, 03 Қараша 2023 10:26

Алматы облысында 6 елді мекенге көгілдір отын берілді

2019 жылы «Алматы – Талдықорған» магистралды газ желісінен көгілдір отын тарту арқылы «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, ауданға жоғары қысымды құбырлар жүргізіле бастаған. Станса құрылысы аяқталған уақытта газ тарату желілерінің болмауына байланысты көгілдір отынның берілуі кейінге шегерілген.


 
Бүгінде халықтың көптен күткен арманы орындалып, 16 320 тұрғыны бар 6 ауылда (Бақанас, Миялы, Бояулы, Ақдала, Бақбақты, Бірлік) газ беріле бастады. Бақанастың өзінде 52 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауылда 1300-ден аса үй болса, қазірдің өзінде оның 510-ы табиғи газға қосылып үлгерді. Осыған байланысты ауданда салтанатты шара өтті.
 
Шараға арнайы қатысқан өңір басшысының орынбасары Нұржан Құдайбергенов пен облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Балқаш тұрғындары үшін мерейлі күн екенін, көптен күткен газбен қамту мәселесі шешілгенін айтты.
 
«Облыста 384 елді мекеннің 294-і газдандыруға жатады, қазіргі уақытта 149 елді мекен газдандырылды, 1 миллионнан аса адам газға қол жеткізді. Газ тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды жылытуға ыңғайлы, аймақта шағын және орта бизнестің дамуына өзінің оң ықпалын тигізетіні анық», – дейді Нұржан Құдайбергенов.
 
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Жол картасына сай 2027 жылға дейін өңірдің газдандыру деңгейі 70 пайызға жетпек.
 
«Ауданда жүзеге асырылуы тиіс мәсе­лелерді тұрғындармен бірге талқылап, ұсыныс-тілектерін жинағанбыз. Солардың бірі, елді мекендерді газбен қамту мәселесі болатын. Биыл Балқаш ауданында қараша айына дейін газ беріледі деп уәде берілген еді. Бүгін сол сәт туып, қуаныштарыңызға ортақтасып отырмыз. Табиғи газбен қамтамасыз ету мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа да ауылдарға газ құбыры тартылып, облыстың газдандыру көрсеткіші 70% өседі», – деді Аслан Кубентаев.
 
Айта кету керек, биыл 18 ауыл бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген. 

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 16 мың тұрғыны бар 6 ауылға газ құбыры тартылып, іске қосылды.

Оқылды 335 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Еселі еңбектері – еліне Құсбегілер сайысы өтті »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет