Бейсенбі, 02 Қараша 2023 15:16

Еселі еңбектері – еліне

«Өнер – мінсең ат, ұшсаң – қанат,  кисең – жанат, ішсең – тамақ»  демекші, жұмыс  қылып,  бой түзеп, өнер қуып, ой түзеп, еліне еңбегімен еленіп жүрген азаматтар баршылық. Сондай өнерлі азаматтардың бірі – жетпіс жасқа желіп келген шелектік Кәмшат Киізбаев.

Бұрынғы Шелек аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған вокалды-аспапты «Жігер» ансамблінің 45 жылдығы және осы ансамбльдің негізін қалаушы, Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институттың түлегі,  2012 жылы өткен «Қазақтың 100 әні» байқауы-ның тұңғыш жеңімпазы, 2014 жылы еліміздің қазақ мәнениеті мен өнерінің дамуына қосқан еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» және халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің шешімімен «Мәдениет майталманы» медальдарының иегері Кәмшат Киіз-баевтың 70 жасқа толуына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Осыдан 45 жыл бұрын құрылған ансамбль құра-мында көп ұлт өкілдері мен түрлі маман иелері болды. «Жігер» ансамблі 1988 жылы Көкшетау қаласында өткен бүкілодақтық «Поляк әндері» конкурсының лауреаты, келер жылы сол кездегі Целиноград қаласында өткен «Совет әндері» байқауының жүлдегері атанды.  1990 жылы Қазақ КСР мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитетінің шешімімен «Халықтық» деген атақ  берілді «Жігер» вокалды-аспаптар ансамбліне.

Елі сағынып, асыға күткен бұл мәдени шараға Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жылжымалы көрме ұйымдастырды. Концертке келушілер халық мұрасынан қалған ескі жәдігерлерді қызыға тамашалады.

«Жігер» ансамблінің шығармашылық концертін тамашалауға келген халықтан залда ине шаншар жер қалмады. Мерекелік шара алдында шағын бейнеролик көрсетіліп, «Жігер» ансамблінің қалай құрылғаны туралы сол кезде Шелек аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы болған Алмагүл Абиірқызы, ардагерлер алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов, сол кездегі мәдениет үйінің директоры болған Рахымбек Қағазбековтің естеліктері тыңдалды.

Кәмшат ансамбль мүшелерімен республика күні мерекесіне тарту жасап, өз репертуарындағы әндерді кезек-кезек орындап, зор қошеметке бөленді.  Концерт соңында арнайы келген қонақтар Алматы облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы, Алматы облыстық  халық шығармашылығы орталығының директоры Ануар Мұхтарханұлы, аудан әкімі Алтай Досумбаев және ауданның мәдениет басшылары мерейтой иесін құттықтап, сөз сөйледі. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көптік етпейді» демекші, мәдени мұраға қосқан үлесі, өнер саласындағы ерен еңбегі ескеріліп, Кәмшат Киізбаевқа «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын аудан әкімі Алтай Машикұлы өз қолымен салтанатты түрде табыс етті.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 372 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет