Бейсенбі, 09 Қараша 2023 11:20

Құсбегілер сайысы өтті

2-5 қараша күндері аралығында Төле би ауылының аумағындағы «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында Ұлттық спорт түрі құсбегіліктен

«СОНАР-2023» халықаралық турнирі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Республикалық «Құсбегілік» федерациясы, Алматы облысының әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған іс-шараға Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия мемлекетінен және еліміздің облыстары мен қалаларынан 10 команда, 100-ге жуық құсбегі қатысты.

Құсбегілер жарысын қорытындылауға ««Қыран» Федерациясы қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүпте-кеқызы,облыстық   дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досумбаев қатысып, жеңімпаздарға сыйлық табыстады.

Бүркіттер бәсекесінде Атырау облысынан  келген Арман Қошқаровтың   «Нарын» атты бүркіті I орынды иеленді. II орынды  жамбылдық  Серікболсын Жалғасұлының  «Жанқияр» атты қыраны еншілесе, III орын  Алматы облысынан Мақұтбек Қамбарбаевтың «Ақ балағы» мен Жандос  Сұлтанғазының «Мұзбалағына» бұйырды.

Қаршығалардың сайысында жамбылдық Берікболсын Бабажаның «Қоймас» атты қаршығасы I орынды иеленді. Түркістандық Төремырза Паңның «Шипок» атты қаршығысы II орын, Алматы облысының құсбегілері Абылай Жапардың «Көкжендеті» мен Айдар Бекмұханбеттің «Тұмар» атты қаршығасы III орын алды.

Ителгі сайысында астаналық Ерасыл Серікбектің «Қаракөз» атты ителгісі бас жүлдені қажығалады. Қарағандылық Таңат Оспанқұловтың «Бұл-Бұлы» II орынды иеленді. Таңат Оспанқұловтың тағы бір ителгісі «Тұмар» мен Түркістаннан келген  Дәурен Аршынбайдың «Қаракөз» атты ителгісіне III орын бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Қыран құстардың  самғауын, қанат қағуын, аң мен шырғаға  түсуін төрешілер қадағалап отырды. Саятшылық дәстүрді жалғаушы қариялар сын-ескертпелерін айтып, ақыл-кеңес-терін аямады. Ал елімізде саятшылықтың жаңғыруына елеулі үлес қосып келе жатқан Бағдат Мүптекеқызы жас құсбегілердің өсіп келе жатқанын  тіліне тиек етті.

– Биылығы  құсбегіліктен «СОНАР-2023» халықаралық турниріне 8  жастағы жас құсбегілер де қатысып жатыр. Демек өнері бөлек құсбегілік мәдениетіміз өз жалғасы тауып келе жатыр деген сөз. Қыран құс – қазақтың қымбаттысы. Сонымен қоса, қыран халқымыздың еркіндігінің симолы. Әлем бізді осындай дара мәдениетіміз арқылы бағалайды, – дейді «Қыран» Федерациясы қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.

«Сонар» құсбегілер бәсекесі алғаш рет Алматы облысында осыдан 25 жыл бұрын басталды. Кейін ауқымы кеңейіп, еліміздің басқа облыстарында өтетін болды. Көнеден келе жатқан көшпенді халықтың саятшылық өнеріне жастардың қызығушылығы арта түскен. Солардың бірі – Берікболсын Бабажан. Ол сегіз жасынан бері «Сонар» құсбегілер бәсекесіне қатысып келеді.

– Бұл жолы қаршығымның бағы мен бабы қатар шауып, сайыста топ жарды. Жеті жасымынан қаршыға баптап келемін. Қазір түз тағысын қолға үйретудің қыры мен сырын жақсы үйреніп келемін. Әлі талай мәрте саятшылардың сайсында топ жарамын деген сенімдемін,  – дейді жеткіншек құсбегі.                                                                             

 

  Е.АСЫЛ.

Оқылды 100 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет