Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 10:27

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ: МЕМЛЕКЕТ МӘРТЕБЕСІ МЕГАПОЛИСТЕРМЕН ЕМЕС, АУЫЛДАРДЫҢ АХУАЛЫМЕН ӨЛШЕНЕДІ

4 қарашада Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Алматы қаласының іргесі Нұра ауылындағы сайлаушылармен кездесті. Алматыдан Жетіген ауылына қатынайтын №220 автобусқа отырып, халықпен бірге соңғы аялдамаға дейін барды. Жол бойы ауыл жайлы әңгіме өрбітті. Нұрада тұрғындармен кездесті. Елді мекеннің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауылға дейінгі жол сапасын көзімен көрді. Олардың ел өміріне қатысты пікірлерін тыңдады.

Нұра ауылы Алматы қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан елді мекен. Кеңес үкіметі кезінде италия технологиясымен салынған, 10 мың ірі қара бордақылайтын Қазақстандағы жалғыз мал бордақылау кешені, 3 500 бас сиыр сауылатын сүт фермасы бар, жоңыршқа, жүгері және басқа дақылдары жайқалған да миллионер ауыл болды. Бірақ бүгін мұның бәрі өткен шақта айтылады. Бүгінде бұл ауылды да Қазақстанның бүкіл елдімекеніне тән жұмыссыздық жайлаған. Тұрғындардың басым бөлігі күн сайын Алматы қаласына қатынап жұмыс істеуге, студент жастары қала іргесіндегі ауыл саналатындықтан жатақханадан орын берілмейтіндіктен қатынап оқуға мәжбүр. Алайда ауыл мен Алматы арасында автобус жүрмегеніне 4 жылдай уақыт болған. Ол мәселені шешуге биіктегі биліктің ешқайсы құлық танытпаған. «Автомобиль көлігі туралы»ҚР Заңыбойынша қала маңындағы елу шақырымға дейінгі елдімекен қалалық қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуі керек болса да, мәселесот шешімі шықса да орындалар емес.Алматы қаласының әкімдігі сот шешімін орындаудың орнына қарсы шағым жазып әлек. Аталған ауылды су, жарық, денсаулық сақтау, білім берумен қамту да тек Қазақстанға тән жүйе – қағаз бетінде  жүзеге асқан.

«Алматы мен Нұра ауылы арасындағы автобус қатынасының мәселесіне «Ауыл» партиясы араласып, сотта ауыл тұрғындарының пайдасына шешім шығарылғанын білесіздер. Десек те, ол әлі де орындалған жоқ. Қала маңындағы ауыл осындай күйде болғанда шалғай елдімекендердің жай-күйі жайлы не айтуға болады. Сондықтан да менің сайлауалды бағдарламамның басым бөлігі ауыл шаруашылығын, ауылды жерлерді дамытуды басты назарға алған. Әлемдік қауымдастық мемлекет мәртебесін мегаполистермен емес, алыстағы ауылдың ахуалымен өлшейді. Сондықтан да мен Қазақстанды аграрлы державаға айналдыруға бар күшімді саламын», – деді Жигули Дайрабаев.

Кездесуде кандидат бағдарламасына қызығушылық танытып, қызу қолдау білдірген ауыл тұрғындары оған саяси тартыста табыс тіледі. Өз мәселелерінің жақын арада шешімін табатынына сенім білдірді.

 «Ауыл» ХДПП баспасөз қызметі.

 

Оқылды 313 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет