Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 10:20

Салтанат Тұрсынбекова Алматыда Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды.

Ол желтоқсаншылардың ерлігінің арқасында бүгінде барша қазақстандықтардың ұлттық қадір-қасиеті мен құндылықтарын сақтай отырып, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына 31 жыл болды. Ол үшін талай қиындықты басынан өткерген халқымыз үшін Тәуелсіздік – ең асыл қазына.  Тәуелсіздік – біздің орындалған арманымыз, бұл ең алдымен қазақ халқының азаттыққа ұмтылған ерлігінің жемісі», – деді кандидат.

«Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы 18 қыркүйекте Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу мақсатында ашылған.  Жобаның сәулетшісі әрі дизайнері – Тимур Сүлейменов. Ескерткіш ұлттық сананың өсуін және азаттықтың салтанат құруын бейнелейтін екі тіреуіштен тұрады.  Композицияның ортасында тұрған қыз еркіндік символын білдіреді.  Оң қолындағы орамал – адамдарды татулыққа шақыратын символ, сол қолында – бейбітшілік пен татулықтың символы, еркіндікке деген ұмтылысты бейнелейтін көгершін орнатылған.

Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекова Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтармен, зияткерлік меншікті қорғау тақырыбын қозғап қалалық құқық қорғаушылармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, сондай-ақ “Родник” дағдарыс орталығының басшысымен түрлі кездесулер өткізді.

Алматы – кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат сапарымен барған алтыншы өңірі.  Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында болған.

Құрметпен, 

Салтанат Тұрсынбекова штабының баспасөз-хатшылығы.

Оқылды 212 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет