Бейсенбі, 20 Қазан 2022 10:25

Президент Дінмұхамед Қонаев ескерткіші жанында облыс тұрғындарымен жүздесті

Мемлекет басшысы Алматы облысы жұртшылығымен кездесуден  кейін Дінмұхамед Қонаев ескерткіші жанындағы аллеяда қаланың қалыптасуына үлес қосқан еңбек ардагерлерімен, республикаға, облысқа танымал спортшылармен жүздесті.

Қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Александр Чжен қалаға Қонаевтың есімін бергені үшін Президентке алғыс айтты.

«Огни Алатау» газетінің бұрынғы журналисі, жазушы Владимир Таран Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қапшағай қаласы туралы өзі жазған «Солнечный город.  Страницы истории» кітабын сыйға тартты.

Сонымен қатар ұлттық спортты дәріптеуші Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы осы шегедей мықты болсын»  деген тілекпен темірден түйін түйіп, Президентке тарту етті.

Президент Алматы облысының орталығын Қонаев қаласына көшіру туралы шешімі өңірді өркендету үшін маңызды қадам болғанын атап өтіп, енді қала одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Президент аллея бойымен жүріп өтіп, балаларымен бірге серуендеп жүрген отбасылармен әңгімелесті.

Тұрғындар Қонаев қаласы Алматы облысының орталығына айналғалы бері шаһардың шырайы кіре бастағанын жеткізді.

 

Ақпарат дереккөзі: akorda.kz

Оқылды 576 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет