Сәрсенбі, 31 Тамыз 2022 16:45

Жамбыл ауданында модульді мектеп ашылды

Білім күні қарсаңында Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Көкдала ауылында 110 оқушыға арналған жаңа форматтағы модульді мектеп пайдалануға берілді.

Мектепте «Алғашқы қоңырау» мерекесі өтті. Білім ордасының ашылуына Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ықылас Амалбек, аудандық мәслихаттың хатшысы Саят Жұрын, білім саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Модульді мектеп төрт айдың ішінде салынған. Мектептің жалпы аумағы 1561,09 шаршы метр. Бас мердігер — оқу орындарын салуда тәжірибесі бар «BI Globаl» компаниясы. Мектепте — 14 кабинет, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, коворкинг-аймақтар, ойын алаңдары және сапалы оқыту үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Химия және информатика, зертханалық сыныптары жаңа жабдықтармен толықтырылған. Ғимараттың ішкі дизайны елордалық BINOM мекемелеріне ұқсайды.

— Осыдан 6 ай бұрын ауылдарыңызға келгенде ескі бастауыш мектепті көріп, бұл ауылға шынында жаңа мектеп керектігін түсінген едік. Біз осы ауылдағы ата-апаларымызға керемет жаңа мектеп саламыз деп сөз бердік. Енді міне сол қуанышқа куә болып отырмыз. Мектептің басты ерекшелігі ол қысқа мерзімде құрылыс конструкцияларынан тұрғызылған. Мектеп жер сілкінісі мен түрлі апаттық жағдайларға төзімді. Мұндай жобалар ТМД-да көп емес. Қазақстанда екеу бар. Яғни еліміздегі алғашқы жаңа жобалардың бірі», - деді «BI Global» компаниясының директоры Ибрагим Жекеев.

Жергілікті тұрғындар үшін жалпы білім беру мекемесінің ашылуы көптен күткен қуанышты сәттің бірі болды. Өйткені Көкдала ауылында осыған дейін оқушылар бастауыш мектепті бітірген соң көршілес Ақсеңгір ауылына қатынап оқитын.

— Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Осы мектепті ауыл болып көптен бері күттік. Немерелерім ескі бастауыш мектепте оқитын еді. Енді мынадай жаңа мектепте білім алады», - деді ауыл ақсақалы Өмірбай Өмірзақов.

Айта кетерлігі Жамбыл ауданында 35 мыңға жуық оқушы бар. Жыл сайын 4000-нан астам бала мектеп табалдырығын аттайды. Аудандағы 62 мектептің 10-ы үш ауысымда білім беруде.

Оқылды 1574 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет