Сенбі, 27 Тамыз 2022 22:06

Жас мамандар ант қабылдады

Конституция күні аясында ұйымдастырылған шарада Алматы облысындағы 38 жас мемлекеттік қызметші ант қабылдады.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов сөз сөйлеп, биыл өткен референдум еліміз үшін елеулі оқиға екенін атап өтті.

«Сіздерді еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке - бұл жас мемлекеттік қызметшілер үшін салтанатты ант қабылдайтын ұмытылмас күн. «Бірлігі бекем ел мықты» деген сөз бар, біз ортақ мүдде және биік мақсаттармен бірге жаңа Қазақстанның дамуы мен құрылуына өзіміздің елеулі үлесімізді қосатынымызға сенімдімін", - деді ол.

Жалпы, өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда 2321 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

«Жыл басынан 108 жас қызметші мемлекеттік қызметке қайта қабылданған. Мемлекеттік қызметтегілердің 15 проценті жастар. Олар күн сайын халықтың игілігі үшін еңбек етіп, біліктіліктерін көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызметке қадам басқан жас мамандардың алдағы жұмысына табыстар тілеймін», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова.

Шарада мемлекеттік қызметке жаңадан аяқ басқан Әсел Қалмұханова да бұл қызметтің үлкен жауапкершілігін сезінетінін жеткізді.

«Алдымен баршаңызды алдағы Конституция күнімен құттықтаймын. Өйткені бұл мереке біз үшін үлкен мейрамдардың бірі. Бұл күн – мен үшін өте маңызды күндердің бірі. Себебі, бүгін мемлекеттік қызметшінің антын қабылдадым. Бұл тарихи сәт мен үшін үлкен мәртебе. Мемлекеттік қызметші мамандығын саналы түрде таңдадым. Алдағы уақытта, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосатынымызға сенемін», - деді Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсел Қалмұханова.

Айта кетерлігі Конституция күні қарсаңында облыста «Ата Заңым, асыл заңым-қуатым», «Конституция – еліміздің Ата Заңы», «Ата заң – мемлекеттің негізі» атты жиындар, «Конституция – Тәуелсіздік тұғыры», «Ата заң – болашағымыздың кепілі», Конституцию «Ел тірегі, ел бақыты - Ата Заң!», «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жастар акциясы өтеді.

Сондай-ақ, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымддастырылуда. Мерекелік шараларға жастар, ардагерлер, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар ат салыспақ.

Оқылды 397 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет