Сенбі, 27 Тамыз 2022 14:41

Шекарада оқ атылды

Шекара шебінде шекарашыларға қарата оқ атылды. Оқиға 25 тамыз күні кешкі уақытта ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Рабат» шекара бөлімшесінің сол қанатындағы учаскесінде орын алды.

Сол күні «Рабат» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары аға лейтенант Әлішер Өтеп басқарған «Барлау-іздеу» атты шекара наряды   мемлекеттік шекараға 1,5 шақырым жердегі Батыс Кенсу шатқалында қызмет атқарып жатқан.  

Сағат тілі 16.55-ті көрсеткен кезде шекара наряды екі елдің арасын бөліп тұрған мемлекеттік шекара жақтан біздің елге қарай бет алған белгісіз адамды байқайды. Әлгі адамның қолында қару бар екені анық көрініп тұрады. Бұл да шекарашылардың күдігін қоюлата түседі. Өзінің қимыл-қозғалысына қарағанда, аң қарап жүрген шекара бұзушыға көбірек келеді. Шекарашылар қателеспеген еді. Батыс Кенсу шатқалында құрықталған азамат шынында да аңшы болып шықты. Тек, бұл туралы сәл кейінірек. Ал қазір белгісіз тұлғаны өздерінің қырағы назарларында ұстаған шекарашылар көзді ашып-жұмғанша аумақты қоршауға алып үлгерген болатын.

...Қарсы алдынан аяқ астынан пайда болған әскерилерді көрген шекара бұзушы сасқанынан өзінің келген жағына қарай тұра қашады. Жүгірісін жалғастырған күйі өзі шекара нарядына қарата оқ атады. Алайда қуғыннан құтылып кете алмайды, аға нарядшының: «Тоқта! Атамын!» деген қаһарлы бұйрығы қашқынды бір орнында шегелеп тастап еді...

Жателдікті тінту кезінде 20-шы калибрлі тегіс ұңғылы қарумен бірге 12 оқ-дәрі және дүрбі табылып тәркіленді.

Құрықтау операциясы өткен аумаққа жіті барлау жүргізген шекара наряды шекара бұзушының шатқал ішінде жалғыз екенін анықтады.  

Мемлекеттік шекара бұзушы «Рабат» шекара бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жұмыстары басталды.

Ал, «Барлау-із кесу» наряды өзінің ел шебіндегі қызметін қайта жалғастырды.  

 Тамара Дәулетбаева,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

Оқылды 470 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет