Бейсенбі, 25 Тамыз 2022 09:46

Кәсіпкер келіншек: "Сүйікті ісіңмен айналыссаң, ешқашан шаршамайсың"

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді аталы сөзге тоқтай білген қазақ. Бүгінде істің қиюын келтіріп, нәпақасын кәсібінен тауып жүрген жандарды көргенде іштей қуанасың. Ауыз толтырып айтуға оңай болғанымен кәсіп ашып, оны одан әрі дөңгелетіп әкету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, қандай да бір істі бастағанда кедергілер мен қиындықтарға тап болатының рас.

Фото - Мейірхат ТОЛҚЫНОВ

Сондықтан оған да үлкен еңбек, сабырлылық пен ептілік және терең ізденіс қажет. Сонда ғана ойлаған биікке көтеріліп, арман-мақсаттарға жетуге мол мүмкіндік туады. Қазір көптеген кәсіпкер мемлекет қолдауының арқасында ісін бастап, кәсіптерін кеңейтуде. Мұндай іскерлерді аймағымыздың кез келген түкпірінен кездестіруге болады.

Солардың бірі – Бақыт Қаржаубаева. Кәсіпкер келіншекпен әңгімелесіп, «Береке» жеке кәсіпкерлігінің жұмысын көру үшін арнайы іздеп бардық. Қонаев қаласындағы шағын ғимараттың бір бөлмесін жалға алып, сән салонын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер қыз-келіншектердің бет-әлпетін сұлуландырып, кірпік, қас жасаумен айналысады. Тырнақ бояп, ретке келтіреді және шугаринг жасайды.

Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған Бақыт Қаржаубайқызы кәсібі жайында әңгімелеп, атқаратын қызметімен таныстырды. Айтуынша, мамандығы – бағдарламашы. Бірақ, ол сауда саласында жұмыс істеген.

Кейіннен кәсіппен айналысуды ойға алып, Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына барып, «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша тың идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік грант алуға жүгінген. Осылайша кәсіпкер келіншек өткен жылы 583 400 теңге көлеміндегі грантқа қол жеткізеді. Бұл қаражат сән салонын ашуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

– Кез келген іскер келіншек өз ісінде биіктен көрініп, жетістікке жетуді қалайды. Ал оған қалай қол жеткізуге болады? Әрине, оған алдымен үлкен еңбек керек. Кәсіп бастар алдында арнайы оқудан өттім. Қазіргі ісім өзіме ұнайды. Таңертең жұмысқа асығып барамын. Себебі, сүйікті ісіңмен айналысу ешқашан шаршатпайды. Жастарға айтарым, еш нәрседен қорықпау керек. Тек, еңбектену керек, – дейді кәсіпкер келіншек.

Қазір оның тұрақты тұтынушылары да бар. Бұл жерге әдемілену үшін күніне орта есеппен 5-6 қыз-келіншек келеді. Бақыт Қаржаубайқызы Үкімет тарапынан көмек беріліп жатса, соны пайдаланып, келешекте ісін кеңейтуді қалайды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,

Алматы облысы.

Оқылды 484 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…
Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет