Бейсенбі, 25 Тамыз 2022 09:40

КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТЕН ГРАНТ ҰТЫП АЛЫП, ШАҒЫН ТІГІНХАНА АШТЫ

Талғар қаласында тұратын көпбалалы ана Жанерке Темірғалиеваның жаңа кәсіп ашуына мемлекет қолдау көрсетті. Ол «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 1 220 970 теңге грантқа қол жеткізді. Тиісті қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, жұмысынабелсене кірісті.

Кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдарға көпшілік дән риза. Ол тіккен көрпе-жастықтың тыстары, перделер, мектеп оқушыларының киімдері сапа жағынан ешкімненкем емес. Ісінің ілгері басуына тігін машиналарымол мүмкіндік беріп отыр.

Жанеркенің бұл салаға бет бұруына қыздары себеп болыпты. Гимнастикаға қатысатын Әмина мен Алуаға спорт киімдерін тігіп жүріп, осы өнерге машықтанған.

- Екі қызым да гимнастикамен айналысады. Жарысқа барғанда спорт киімдерін жалға аламыз. Оның бір күндік бағасы – 15000 теңге. Кейде спорт додасы 4-5 күнге созылады. Сондай кездерде қалтаң көтермейді. Осы киім-кешектерді неге өзім тігіп көрмеймін деген ой келді. Бастамамды қыздарым қуана құптады. Қолдан шыққан бұйымдар оларға бірден ұнады. Бірте-бірте біздегі жаңалықты айналамыздағы жұрт естіп, тапсырыстар түсе бастады, – дейді Жанерке Темірғалиева.

Көпбалалы ана тігін технологиясын меңгерген соң, кәсіп ашуды көздейді. Сол мақсатпен аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, «Бизнес бастау» жобасына қатысады. Комиссия тарапынан оның жұмыстары оң бағаланып, жоғарыда айтқан грантқа ие болады.

- Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын бизнесіме жол ашылды. Таяуда кәсіпкерлікке даярлау курсын толық тамамдаймын. Ол жерде көп нәрсеге қанықтым. Ары қарай бастаған істі өрістетіп, дамытуға күш саламын, – дейді Жанерке.

«Ізденген жетер мұратқа». Кәсіпкер келіншектің іскерлігіне  біз де тәнті болдық. Жаңадан жұмысын бастаған «Арафат» ательесінің үлкен тігін цехына айналатын күні де алыс емес деп ойлаймыз.

Болат МӘЖИТ

Талғар ауданы, Алматы облысы.

Оқылды 387 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет