Жұма, 01 Желтоқсан 2017 15:38

6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлерінің күні

Аудан прокуроры Рашид Әміров:

Сүрінгенге сүйеу болу –

кәсіби міндетіміз ғана емес,

адамгершілік парызымыз

Тағдыр талайында әркімнің өз жолы бар. Ешкімге ұқсамай, салып өткен сара жолы бар, өзіндік көзқарас, ұдайы ізденіспен жүріп өткен дара жолы бар. Әркім мұны өзінше әрлер бәлкім, бірақ бұл менің пайымым. Сол секілді прокуратура саласы шындықты, әділдікті ғана талап етеді. Ізденіс, туралық, жауапкершілік... Бұл үш қасиет қадағалаушы орган қызметкерлеріне тән. Себебі, мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды, сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын негізгі орган – бұл. Ауданымыздағы осынау жауапкершілігі зор саланың тізгінін ұстағанына небәрі үш-төрт айдың жүзі болған Рашид Әміровпен кездесіп, сұхбаттасқан едік. Осы күнге дейін Талдықорған қаласының прокуроры қызметін атқарған Рашид Әмірұлы бірқатар түйткілді мәселелерді де тарқатып берді.

 

Құрметті Рашид Әмір-ұлы, ауданымызға жаңа тағайындалған демесеңіз, бұл саланың жілігін шаққан азаматсыз. Іргелі аудан болғандықтан жұмысыңызды неден бастадыңыз?

Әрине, Еңбекшіқазақ көлемі, халық саны жағынан да республикаға белгілі аудан. Сондықтан мұндағы заңдылықтарды қадағалау оңайға соқпасы ақиқат. «Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады» деген екен заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов. Сондықтан мен шын болған сынға шынайы қарағанды ұнатамын. Осы күнге дейін ауданда прокурор болған алдыңғы буын ағалардың өнегесін, өрелі істерін жалғастыра отырып, нақты жоспар құрумен, оны өзара ұжым боп ақылдаса талқылаумен жұмысымды бастадым. Айталық, қазіргі уақытта ауданда қандай мәселелер қордаланып тұр. Қадағалаудың қай саласы кенжелеп қалды деген секілді сауалдарға жауап іздедім. Сосын тұралап қалған тұстарды күшейтуге жұмылдық.

Сіздің барлауыңызда қай тұста ақсау бар?

Ең бірінші алимент өнді-ріп алу мәселесі. Себебі, бүгінгі таңда аудандық сот орындаушыларының қолында алимент төлеуден жалтарып жүрген 1500 борышкерлердің құжаттары бар. Жиынтық есеппен алғанда бұл 48 млн 424 мың 489 теңге. Қомақты қаражаттың ар жағында қаншама күйсіз жүрген балалардың тағдыры жатыр. Ең бірінші осыны жіті қолға алдық. ҚР Бас прокуратураның ықпалымен «Алимент. Төлемеу-шілерге қарсы 30 қадам» жобасы әзірленген еді. Оның мақсаты – алимент төлемегендерді жедел іздестіру, шара қолдану. Осы жоба аясында өз баласына алимент төлеуден жалтарғандарға берілетін жазаны күшейту көзделген. Мұндағы бар мақсат-межеміз балалар құқын қорғауға, оларды қолдауға бағытталған. Бірақ бұл күйге түсуінің астарында жұмыссыздық жатыр. Сол себепті, аудандық прокуратура құзырлы органдармен біріге отырып «Жұмыссыз борышкерлерге арналған жұмыс жәрмеңкесін» ұйымдастырдық. Бұл да өз жемісін беруде.

Бұл тұрғыда үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізілуде?

Иә, Еңбекшіқазақ аудан-дық прокуратурасы тарапынан алименттер бойынша сот актісін орындамағандарға қатысты көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы видеоматериал дайындалды. Дайын-далған видеоматериал қоғамдық орындарда орнатылған LED-экрандарда көпшіліктің назарына ұсынылды, сондай-ақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының, салық басқармасының және орталық емхананың күту залдарында орнатылған мониторларында көрсетілу ұйымдастырылды. Көрсетілген видеоролик қоғам тарыпынан оң бағаланып, аудандық прокуратураға жылы ойларын білдірді.

Басты қызметтеріңіз қадағалау. Оның ішінде өзіңіз атағандай қарызын өтеуден жалтарғандарды тезге салу жұмыстары нақты жүргізілген шығар?

Әрине, шығарылған сот актілерін атқару саласы бойынша маңызды мәселе мемлекет пайдасына қаражат өндіру. Бұл салада да жұмыстарды қарқынды жүргізіп жатырмыз.

Атап айтқанда соңғы 3 айдың ішінде ғана 11млн-нан астам теңге мемлекет кірісіне құйылды. Өз берешек қарыздарын өтемей жүрген борышкерлерді жаппай жауапкершілікке тарту мәселесін қолға алдық. Осы соңғы айдың ішінде сот актілерін орындамай жүрген 11 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыптылар жазасын алды.

Үстіміздегі жыл ішінде жүйелі қадағалау жүргізу нәтижесінде қылмыс едәуір азайғандығын байқап отырмыз. Айталық, аса ауыр қылмыс, 20,7 пайызға, ауыр қылмыс 14,5 пайызға және жеңіл қылмыс 29,7 пайызға азайған. Қылмыстың ашылуы да 12,6 пайызға өскен. Бұл жұмыстың уақыт өткен сайын жүйеге түсіп келе жатқандығын білдіреді.

«Кезекші прокурор» кабинеті дегенді көрнекі құралдардан оқып қалдық. Мұның мақсаты неде?

Бұл қадағалауды бұдан әрі күшейту мақсатында атқарылған істің бірі. Осыны жан-жақты тұрғындарға түсіндіру мақсатында көрнекі құралдарын шығарып, тұрғындар көп баратын аудан әкімдігінің кіре-берісіне, аудандық прокуратурадағы кезекші бөлім алдына қойдық. Онда заң шеңберінде аудандық прокуратураға қалай өтініш-арыз беру туралы жан-жақты түсініктеме берілген.

Бұдан өзге «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы да жүзеге асуда. Осы мақсатта аудандық әкімдік пен аудандық құқық қорғау органдарымен біріге отырып, «Алматы – Көкпек – Көктал» тас жолы бойына 1 мобильді пост орнаттық. Нәтижесінде, 135 көлікке тексеру жүргізіліп, Қазақстан округіне қарасты мал базарына еш құжатсыз 28 бас жылқыны әкеле жатқан 8 көлікке тоқтау қойылды. Сол мезетте 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд барысында бірқатар түйткілдердің де шеті көрінді. Оның ішінде тұрғындар ірі-қараларды көлікпен алып жүрудің талаптарын білмейді, ветеринарлық құжаттарын алу керектігі де ескертілмеген. Қысқасы, тұрғындардың заң талаптарын жетік білмегенінен осындай келеңсіздіктерге тап боламыз.

Қазір БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде «Же-тім балалар үйінсіз Жетісу», «Мүгедектерге жұмыс» жобалары қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаға ауданымыз да өз үлесін қосқан болар?

ҚР Бас прокуратурасы тарапынан прокурорлық қадағалауды күшейту мақсатында өзіңіз атаған әлеуметтік-экономикалық жобалар да ауданымызда жүйелі атқарылуда. Нәтижесінде, үстіміздегі жыл ішінде 2 жетім бала ата-ананың қамқорлығын сезінді. Қазір аудан бойынша көбіне осындай патронатты отбасылар балаларды асырауға ниетті екенін ескеріп, тағы да осындай жанұяларға қосымша қаржы қарастырылсын деген өз тарапымыздан ұсыныс білдірдік. Бұны Алматы облыстық білім басқармасы негізге ала отырып, балалар үйіндегі 13 бүлдіршінді асырауға ниет еткен патронат отбасыларына 4 млн 140 мың 973 теңге бөлді. Осылай біз де жетім балаларымыз жыламаса екен деген ниетімізге жетіп отырмыз.

Ал «Мүгедектерге жұмыс» жобасы да оң жолға қойылған. Аудан әкімдігімен тығыз қарым-қатынас орнату нәтижесінде 50-ге жуық мүгедектер мемле-кеттік мекемелерде, жеке кәсіпорындарда жұмыс істеуде. Олардың зейнетақы қорына ай сайын тұрақты қаржының түсіп отыруын да бақылауда ұстаудамыз.

Басқа да мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында арнайы сауалнама жүргіздік. Айталық, «Аты-жөніңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз, біліміңіз, мамандығыңыз, жұмыс істегіңіз келе ме?» деген секілді сұрақтар қойдық. Алайда, 86 пайызы денсаулығына байланысты жұмыс істей алмаймыз деп жауап берді. Ал 15 пайызы жұмысымыз бар десе, 4 пайызы жұмыс істегіміз келеді деді. Осы жоба аясында аудан бойынша 76 мүгедек жұмысқа орналасты.

Игерілмей жатқан жер-лерді мемлекет қарамағы-на қайтару тұрғысындағы жұмыстарыңыз төңірегінде айтарыңыз бар шығар?

Игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне өткізу мақсатында жұмыстар да қызу жүргізілуде. Нәтижесінде, жалпы көлемі 7815 гектар болатын жер мемлекетке қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жалғастыратын боламыз.

Кәсіби мереке қарсаңын-дағы әріптестеріңізге жылы лебізіңіз...

Әріптестерге тілек біреу ғана: өз қызметіне адал болу. Себебі, бізге, құқығы тапталып, жапа шеккендер бізден пана іздеп келеді. Оларға көмек көрсету – кәсіби міндетіміз ғана емес, адамгершілік парызымыз. Әрдайым елімізде тыныштық, береке болғай.

Әңгімеңізге рахмет. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Әңгімелескен Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Оқылды 2678 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет