Есік қаласындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жағымды жаңалықтарымен қуантты. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған қашықтықтан өткізілген «EXPO-2017» байқауына түрлі номинация бойынша қатысқан балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Алдияр Сейтжан қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, Арлан Ахметжан мен Асель Жанетханқызы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломды Іңкәр Сабыр, Саят Нұрғат, Дильмухамед Төлепберген жеңіп алды. Ал Айзере Қайнарқызы І дәрежелі дипломмен үздік шықты. Талантты балғындардың тәрбиешілері – Қымбат Дайыр, Даметкен Сактаганова, Нұрия Бердирахманова, Элмира Қасқырбаева, Айкен Масимгазиева алғыс хаттармен марапатталды.
Балақайларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қамажай ЕРКЕБАЕВА.