Бейсенбі, 18 Қаңтар 2024 14:16

Апат айтып келмейді

Құбылмалы ауа райы тосын мінез көрсетіп, биылғы қыс жылы әрі жаңбырлы болуда. Қыстыгүні ауа температурасының жоғарылауынан түрлі табиғи апаттар болуы бек мүмкін. Осы орайда төтенше жағдайға дайындықты пысықтау мақсатында ауданымызға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев келіп, төтенше жағдай қаупі жоғары аймақтарды аралады.

Тауды жағалай қоныстанған Өрікті ауы-лындағы 15 баспананы сел басу қаупі бар. Сондықтан жол бойындағы арықтар мен құбырлар толықтай күл-қоқыстан тазартылып, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары толығымен жүргізілген. Осылай деген аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмахановқа облыс басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Марат Елеусізұлы Есік өзенінің арнасын тұрақтандыру құрылысының жобасымен танысты. «Қазселденқорғау» Іле-Алатау аумақтық техникалық басқармасының басшысы Ғалымжан Баймахановтың айтуынша,  көктем-жаз мезгіліндегі су мен сел тасқынының алдын алу үшін өзен арнасын тұрақтандыру мақсатындағы реконструкция жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асады. Марат Сұлтанғазиев сапар барысында жиі қар көшкіні орын алатын Түрген шатқалындағы жағдаймен танысып, Есік-Батан тас жолындағы қауіпті аймақтарға бөгеттер салуды тапсырды.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 622 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет