Жексенбі, 02 Шілде 2023 14:23

Амангелдінің арманы

Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп өнерді жоғары бағалаған ғой. Ұлы ақын халқымыздың құндылығы саналған өнер туралы тағы бірде:

«Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй» – деп үндейді. Хакім Абай өнерді үйренуге арқаланған жанды «Аңсаған шөлде су тапса, бас қоймай ма бастауға?» – деп таланттың талпынса тасты да жарып шығатынына күмән келтірмеген. Сондай жас талаптың бірі – Шелек ауылындағы балалар өнер мектебі домбыра аспабының 3-сынып оқушысы Амангелді Қожабек.

Қазақтың ұлттық аспабын ұлықтап жүрген Амангелдінің соңғы жетістігі – жақында халықаралық «International Вorovoeqrand royal festival – 2023» атты Германия және Ресей мемлекеттерінің ұйымдастыруымен Бурабай қаласында өткен байқау. Кіл таланттар қатысқан өнер сайысында Амангелді бас жүлдені иеленуі. Бұған дейін бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанған Амангелді Қожабектің жетістігін ауыз толтырып айтуға болады. Атап айтсақ, халықаралық «Шабыт» атты көпжанрлы өнер байқауының бас жүлдегері атанды. Сондай-ақ, халықаралық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауының, халықаралық «Mega konkurs» көпжанрлы балалар өнер байқауының, «Жас жұлдыз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен байқаудың, «Көктем шуағы» атты республикалық байқаудың, республикалық «Әз Наурызым – жаңа жылым» атты шығармашылық өнер байқауының, республикалық балалар мен жасөспірімдер  арасындағы «Жарқыра жұлдыз» өнер байқауының, халықаралық «Oner fest – 2023» балалар өнер байқауының бірінші орын және «Международного многожанрового конкурса День защиты детей» атты балалар өнер байқауының Гран-При иегері атанған.

Амангелдінің алғашқы ұстазы Думан Иманбаев домбыра аспабының қыр-сырын үйретіп, үш жылда көптеген күйді құлақ құрышын қандыра тартатын кәсіби деңгейге жеткізді. Қазіргі таңда Айдар Айтжанов ұстаздық етеді. Амангелдінің ендігі арманы, алға қойған мақсаты – Құрманғазы атасына ұқсаған керемет домбырашы болу. Сондай-ақ, келешекте өзі де ұстаз болып, балаларды қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайтын  өнерге баулу.

Амангелді Елмұратұлы 2008 жылы 13 қыркүйекте Шелек ауылында дүниеге келген. Амангелдінің өнері нағашы атасынан дарыған екен. Нағашы атасы домбыраның сүйемелдеуімен кез келген әнді нақышына келтіріп айта беретін көрінеді. Қазір ол Шелектегі балалар өнер мектебінің 4-сыныбына өтті. Жалпы орта білімді Ақтоған мектебінде алып жүр. 9-сынып оқушысы әрі сол ауылда тұрады.

Сөз соңында Амангелдіге Абай атасы айтқандай:

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар, қалан!» – демекпіз.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 1163 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет