Сейсенбі, 07 Наурыз 2023 11:11

Бүгінгі өмір іскер болуды талап етеді

Қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, бастаған істің аяқсыз қалмауын қадағалап, әр ісіне тыңғылықты қарап, кәсібін нәсіп етіп отырған кәсіпкер әйелдер біздің ауданда да жетерлік. Солардың бірі – Күлшат Ысқақова. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай талай иіглікті істерге ұйтқы бола білген  кәсіпкермен аз-кем сұхбаттасқан едік.

–  Күлшат Торғайбайқызы, әңгімеден бұрын сізді келе жатқан халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

– Рахмет! Мен де әрбір іскер әйелге көктемнің шуақты күнімен қатар келген мерекеде отбасылық бақыт, бизнесте бастаған қадамдары нық болып, талаптары табысты болсын деп тілек білдіремін.

Күлшат  ханым, бизнеске қалай келдіңіз? Алғашқы қиындықтарды қалай еңсере білдіңіз?

– Мен негізі қаржы саласының маманымын. 1988-1995 жылдар аралығында банк саласында қызмет атқардым. 1997 жылдан бастап Есік қаласында оқу-құралдары мен кеңсе тауаларын сататын дүкен аша бастадым. Ол кезде тауар тапшы еді. Тіпті, сонау Мәскеуден әкеліп сатқан кездеріміз болды. Әрине, қиындықтар көп болды, соның барлығын еңсеруге күш салдым. Ал 2001 жылдан жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Ия, өзіндік қиындықтары  бар болғанымен, қызық жұмыс. Күнде неше  түрлі адамдармен байланысқа түсесің. Бір қарасаң күлкілі, бірақ жылағың келетін кездер де болады. Енді бәрін түсіндіріп болсаң, бір сұрағын екінші рет қойып қайта сұрайтын кісілер болады.  Олардың бәрінің көңілін тауып, риза қылу да – үлкен өнер. Жалпы, бизнес мені тәрбиелеп келе жатқан үлкен мектеп деп айтсам болады. Міне солай, мүкіндігінше бизнеспен айналысып келемін. Қазір «Алина» сауда үйі мен «Ассы-ломбард» компаниясына иелік етемін. Бүгінде  13 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын.

– Қаншалықты өзіңізді жетілдірумен айналысасыз? Тұралап қалмау үшін үздіксіз шабытты қайдан алуға болады?

– Адамды адам еткен – еңбек дейді ғой. Қаржылық сауаттылықты арттыру туралы кітаптарды жиі оқимын. Ал, мотивация деген дүние біреуден не бірнәрседен алынбайды. Жәй ғана еңбек ету керек, еңбек ету керек. «Алма піс, аузыма түс» деп жатқаннан ештеңе өнбейтінін түсіну қажет. Мемлекеттік қызметте 8-10 сағат жұмыс істесең, өзіңнің ісіңде 16 сағаттан көп жұмыс істейсің. 24 сағат басың ойдан босамайды. Бұл формада жүруге үлкен көмек, үнемі  әрекет ете берген адам жалқаулануға ынтасы да болмай қалады. Қазіргі нарық заманы – отбасын да, мансап жолын да қатар алып жүретін іскер әйел болуды талап етеді.

– Түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларына қолұшын бересіз бе?

– Қайырымдылық жасау тек қаржылық мүмкіндіктерге ғана байланысты емес, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болу керек. Біз қашан да көмек сұраған жандарға қолұшын беріп келеміз. Жыл сайын дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында ондаған мектеп оқушысына тегін оқу құралдарын береміз.

– Әңгімеңізге рахмет! Мерекеңіз құтты болсын!

Сұхабаттасқан Е.АСЫЛ.

Оқылды 1025 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет