Жұма, 03 Наурыз 2023 15:04

Берік ҚАЛДЫБАЙ, Балқаш аудандық Сот төрағасы: «СОТ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТЫ – АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК».

– Бүгінгі қоғамда сот саласының негізгі қағидаты ашықтық пен әділеттілік. Яғни, осы екеуі қоғамда салтанат құрғанда ғана Әділетті Жаңа Қазақстанның жемісін көретініміз анық. Осы бағытта не айтар едіңіз?

– Сұрағыңыз өте орынды. Ақиқатында да сот саласының негізгі қағидаты ол ашықтық пен әділеттілік болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Жаңа Қазақстанды құруды қолға алды. Бұл бағытта жұмыстар басталып та кетті. Алдағы жылдары сот саласында ашықтық пен әділеттілік салтанат құратынына сенімім мол.

Біздің саламызда ашықтық жаңа деңгейге көтерілуде. Сот процестері арнайы бейнебақылаулар арқылы бастан аяқ жазылып отырылады. Бұл дегеніміз кейбір күмәнді шешімдерге жол бермеуге көмектеседі. Бейнебақылауда жазылған дүниелер қайтадан сүзгіден өтіп, зерделенеді. Бұл да ашықтықтың бір көрінісі емес пе?

Ал әділеттілік туралы көп дүние айтуға болады. Ата-бабаларымыз қандайда жағдай болсын оның шешімін әділетті түрде шешкен. Төле, Әйтеке және Қазбек билер өз заманында даулы мәселелерде бірлесе отырып әділетті шешім қабылдаған. Қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қанатты сөз бекерден-бекер айтылмаған. Есте жоқ ескі заманнан келе жатқан осы мақал бүгінде өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше Жаңа Қазақстан қоғамында өз өзектілігімен құнды болып тұр.

– Сот жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жасалып жатыр. Ол өзгерістердің басты мақсаты азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға негізделгені белгілі. Осы бағытта әңгіме өрбітсеңіз?

– Дұрыс айтасыз, халықтың сотқа деген сенімін арттыру үшін кейінгі жылдары түрлі жобалар мен бастамалар қолға алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай кең өріс алады деп ойлаймын. Жалпылай айтсам адамның адамға деген сенімін арттыру үлкен құндылықтардың біріне айналып отыр. Ал сот ісінде кем дегенде екі тарап болатынын ескерсек, заңға сай бірі жеңіп, екіншісі жеңіледі. Сондықтан жеңілген тарап өзінің кемшілігін, қателіктерін, заңға қайшы әрекетін мойындап, бағамдаудың орнына көбінесе екінші тарапты, сотты кінәлап жатады. Сондықтан сотқа деген сенімді арттырудың бір тетігі ретінде татуластыруды, арттыруды ойлап отырмыз.

– Әңгімеңізге рахмет!  

Сұхбаттасқан Еркүміс ЖАРЫЛҚА, «Балқаш өңірі».

Оқылды 1064 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет