Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 15:37

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы қан тапсырды

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабының мүшелері Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығында қан тапсырып, донор атанды.

Іс-шараға қатысқан штаб мүшелері 10 000 миллилитрге жуық қан тапсырды. Донорлық қан ауыр науқастарды емдеуде және шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде аса қажет. Трансфузиолог-мамандардың айтуынша, әр донордан 450 мл қан алынады. Бұл адам денсаулығына зиян тигізбейді, керісінше көп жағдайда пайдалы болмақ.

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор екендігін атап өтті.

«Бүгін біз штаб мүшелері «Өмір сүруге үміт сыйла!» деген ұранмен қан тапсыруға келдік. Жалпы, бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор деп білемін. Донор қаны адамның өмірін құтқара алады, қиын жағдайға тап болған жандардың денсаулығын сақтап қалудың кепілі бола алады. Біз үшін адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. Осындай игі істерде халықтың белсенділігі арта түссе екен дейміз. Өзгелерге көмек көрсетіп, дер кезінде қол ұшын созу бізді біріктіреді», - деді кандидат.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен жүздеседі.

Оқылды 319 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет