Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 15:29

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ ШТАБЫ: «ІС-ШАРАЛАРДЫҢ 70% ӨТКІЗІЛДІ»

12 қарашада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды. Іс-шараға партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері қатысты.

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны атап өтілді. Олар барлық 88 қалада және 166 ауылдық жерде үгіт-насихат шараларын ұйымдастырады. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70%-ы өткізілді. Штабтар сайлау күні үшін сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.

Үгіт-насихат науқаны әлеуметтік желілерде де, БАҚ-да да белсенді жүргізілуде. «Ауыл» партиясының парақшасында сайлау алдындағы үгітті өткізу барысы туралы 343 жарияланым шықты. БАҚ-да 3000-нан астам материал, оның ішінде кандидаттың «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газетіне берген сұхбаты жарық көрді. Жалпы, «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың қызметін жариялау бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

Бүгінде Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай облысының, сонымен қатар Астан, Алматы, Шымкент қаласының сайлаушылармен кездесті. Ал кандидаттың сенімді өкілдері – «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасарлары Қайрат Айтуганов пен Николай Арсютин Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесуде. Жигули Дайрабаев агроөнеркәсіптің өндірістік орталықтарына барып, олардың қызметімен танысты, жұмысшы ұжымдарымен сұхбаттасты. Сонымен қатар, ол әр аймақтың тұрғындарымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Кандидат алдағы уақытта Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесуді жоспарлап отыр.

 

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі.

Оқылды 361 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет