Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 15:44

Кандидат Мейрам Қажыкен Жаңаөзен қаласына барды

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу үшін Жаңаөзен қаласында болды.

Үгін-насихат жұмыстарын жүргізу үшін арнайы Жаңаөзен «Білім-Инновация» лицей-интернатына табан тіреді. Онда алғашында өзінің саяси бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, сөз барысында педагогтердің маңыздылығын және олардың алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

«Әлемнің кез келген еліндегі мұғалім – әрқашан құрметті және мәртебесі биік мамандық. Өйткені ол балаларға, яғни болашаққа білім беретін адам. Мен өзім мұғалім, профессормын. Сондықтан  бұл жұмыстың қаншалықты қиын да қызықты болатынын білемін», деді М.Қажыкен.

Мұғалімдер үміткермен білім берудегі жалақыны көтермей жүктемені ұлғайту, сыбайлас жемқорлық, тұрғын үй алу сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Мейрам Қажыкен өз бағдарламасының әлеуметтік бөлімінде мұқтаж жас мамандарға, тұрғын үй сатып алуға қаражаты жеткіліксіз отбасыларға және халықтың басқа да топтарына тұрғын үй беру жоспары жазылғанын айтты.

«Менің ұстанымым мынада:жергілікті органдар көппәтерлі үй салу үшін мердігер компанияға жер учаскесін береді. Сондықтан құрылыс салушы тұрғын үйдің 15%-на дейін мемлекетке бөлуі керек. Яғни, әкімдіктер тұрғын-үйден пәтерлер алады. Оны кезекте тұрғандарға береді», деді ол.

«Сіз айтып отырған жұмысқа орналасу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа келетін болсақ, мен бұл өзекті мәселемен заңды түрде және қатаң күресу керек деп санаймын. Істі тіпті құқық қорғау органдарына дейін жеткізу керек», деп атап өтті кандидат.

Анықтама үшін:

Лицей-интернат 2015 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында ашылды. Оқу орны «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорының құрамына кіреді.

Балалар емтиханнан өткеннен кейін 7 сыныптан бастап лицейге түсе алады. Оқыту 4 тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізіледі. Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Түрік тілі оқу жоспарының вариативті бөлігінде екінші шет тілі ретінде зерттеледі.

Оқылды 285 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет