Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 15:02

Тоқаевтың жақтастары Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кандидаттың экологияны жақсартуға арналған басымдықтарын талқылады

 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Орал қаласында РҚШ мүшелері облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірге кандидат ұсынған отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шараларды талқылады. Кездесуде еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған басымдықтарға да мән берілді. Бұл Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында белгіленген міндеттердің бірі.

«Батыс қазақстандықтарды алаңдатып отырған маңызды проблемалардың бірі – Жайық өзенінің тартылуы. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының қатарында. Соған байланысты су ресуртарын тиімді пайдалану, қорғау және тазалау үлкен мәнге ие. Бұл бағытта қоғамның белсенді ұстанымы аса маңызды», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Штаб мүшелері «Жайық жылу қуат» АҚ алаңында өңірдегі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесіп, батыс қазақстандықтарға Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Нақты айтқанда, кездесуде энергетикалық қуатты жаңғыртуға, инженерлік желілерді салуға және жөндеуге арналған басымдықтар сөз болды.

РҚШ мүшелері «Зенит» зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға арналған саясатына тоқталды. Бұл өндіріс орны қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының құрылымына енеді.

Сонымен қатар Штаб делегациясы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде өңірдегі жас агрономдармен және инженерлермен жүздесті. Ашық пікірталас барысында қатысушылар сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген білім мен ғылымға қатысты басымдықтарға назар аударды. Олар жол құрылысын жақсарту, ауылшаруашылығын жаңғырту және басқа да мәселелерді шешу жұмыстарына ғалымдарды жұмылдыру сияқты нақты бағытты қамтиды.

Өңірге келген РҚШ мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен де кездесіп, этносаралық келісімді нығайту мәселесін талқылады.

Оқылды 308 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет