Сәрсенбі, 09 Қараша 2022 17:12

МҚҰ қарыз алушылардың проблемалық қарыздарын реттеуге қатысты

Өткен жылы проблемалық берешектің өсуін шектеу үшін кредиттер бойынша берешекті сотқа дейін реттеудің заңнамалық тәртібі енгізілді. Осыған байланысты, Агенттік жыл басында микроқаржы ұйымдарынан (бұдан әрі – МҚҰ) азаматтардың микрокредиттер бойынша проблемалық берешегінің деңгейін азайту жөніндегі жеке жоспарларды талап етті.

Жеке жоспарлар шеңберінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің негізгі көлемі тиесілі 30 МҚҰ-да 2022 жылдың соңына дейін 567 мың төлемге қабілетсіз қарыз алушының проблемалық берешегін реттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 432 мың қарыз алушының кредиттері бойынша 33,1 млрд теңге сомасындағы проблемалық берешекті қайта құрылымдау, кепілсіз микрокредиттер бойынша 107 мың қарыз алушының 800 млн теңге сомасындағы проблемалық берешегін ішінара есептен шығару және 28 мың қарыз алушының қарызы бойынша 600 млн теңге сомасындағы қарызды толық есептен шығару.

Бүгінгі таңда проблемалық берешекті қайта құрылымдау тәртібі заңнамада белгіленген. Қазір борыш жүктемесін азайту қарыз алушылардың өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте МҚҰ қарыз алушының  қаржылық жағдайын, оның кірісінің деңгейін, әлеуметтік мәртебесін және өмір сүру жағдайларын жеке талдау негізінде айқындайды. Бұдан басқа, МҚҰ проблемалық берешекті қарыз алушы үшін жақсартатын талаптармен біржақты тәртіппен дербес қайта құрылымдауға құқылы. Проблемалық берешек толық немесе ішінара есептен шығарылған жағдайда, МҚҰ ХҚЕС стандарттарына сәйкес, есептен шығарудан болған зиян өтелетін провизияларды қалыптастырады.

Қайта құрылымдауды жүргізу туралы ақпарат қарыз алушының кредиттік тарихында көрсетілетінін атап өткен жөн.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Оқылды 371 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет