Сәрсенбі, 09 Қараша 2022 17:03

«Қымбат дәрі-дәрмек, жалақының аздығы және кадр тапшылығы». Қостанайда денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесуде не айтылды?

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан өңірлерін аралап, халықпен кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы ол Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесу өткізді.

Емхананы аралау барысында үміткер тек медицина қызметкерлерімен ғана емес, науқастармен де тілдесті. Науқастардың бірі дәрі-дәрмек бағасының қымбат екеніне шағымданды. Ол бір курс ем үшін тек инъекцияға 40 000 теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтты.

«Күн өткен сайын дәрі-дәрмек қымбаттап барады. Жақында маған инъекциялар тағайындалды: 10 рет бірден 3 уколдан алатын болдым. Бір ампуласы 1300 теңге тұрады. Менің еміме бірден 30-ы қажет болды, бұл - басқа препараттарды, шприцтерді және басқа да шығындарды есептемегенде шығатын сома», - дейді емханадағы пациенттердің бірі.

Тағы бір науқас ауруханаға қаралуға жазылудың өзі қиын екенін айтты. «Мысалы, мен көзімді тексерткім келеді.Терапевтке жазылуым керек, одан офтальмологқа бару керек. Тікелей көз дәрігеріне барып қарала алмайсың, бәрін терапевт арқылы жасау керек. Ал терапевтке де, көз дәрігеріне де ұзын-сонар кезек бар. Кабинеттер арасында жүгіріп жүріп, шаршайсың», - дейді ол.

Дәрігерлер де емдеу мекемелеріндегі түйткілді мәселелерді жеткізді. «Дәрігерлер, әсіресе, кәсіби мамандар тапшылығы бар. Жалақы өте аз. Біз пациенттердің жағымсыз қарым-қатынасын да үнемі басымыздан өткіземіз. Бізді басқа ауруханалар шақырады. Жеке клиникаларда жағдай әлдеқайда жақсы. Мемлекеттік емханалар мен ауруханалардағы әріптестеріміздің көбі тәжірибе жинап, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын жатқа оқып, жекеменшік мекемелерге жұмысқа кетіп жатыр. Бұл - дәрігерлер арасында жиі болатын қалыпты жағдай», - деп бөлісті дәрігерлердің бірі.

Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова мемлекет пен халық ынтымақтаса жұмыс істеу керектігін баса айтты. Үміткердің пайымынша, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне жақсылап еңбек жағдайын жасаукерек, өйткені азаматтарымыздың өмірі осы мамандарымызға тікелей байланысты: «Денсаулық сақтау жүйесінде, медицинаға қаржы бөлуде барлық жерде шешімін таппаған мәселелер көп. Бұл мәселелерді тез арада шешу қажет деп есептеймін. Өйткені, дәрігерлерге жақсы жұмыс жағдайлары жасалғанда, олар да науқастарға оң әсерін тигізеді. Мұның бәрі жүйенің қалай дұрыс құрылатынына байланысты», - дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Еске салайық, Қостанай облысы - кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат сапарларымен барған жетінші өңірі. Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Алматы, Шымкент қалаларында және Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарында болған.

Оқылды 335 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет